Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 11:45, курсовая работа

Краткое описание

Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті - студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді болдырмауға үйрету.

Содержание

КІРІСПЕ

1. Стилистика және оның проблемасы
1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.
1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
2.1. Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
2.2. Метонимияны аударудың ерекшеліктері
2.3. Иронияны аударудың қиындықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

стилистика курсовая.docx

— 64.32 Кб (Скачать документ)

Thinking up titles is an art in itself, but we, legions of would-be authors, face another literary crisis: title depletion. Headless of the future, successful authors the world over keep consuming a precious resource – book titles – as if there were no tomorrow, and that puts the rest of us off. And they have creamed off the best. Maybe I would have written The Brothers Karamazov, but some older guy got it first. We’re left with odds and ends, like The Second Cousins Karamazov.

Бұл мәтінді аударуда thinking up titles ирониялық ұғымы бүкіл мәтін бойы контекстке сай түрін өзгертеді. Ирониялық контекст үшін негіздің бірлігін үздіксіз өзгерістер жағдайында ұстап тұруы керек болады. Мұнда ең басты орында ирониялық тіркестің бейнелік негізін өзгерту тұрады:

Атауларды ойлап  табудың өзі өнер болып табылады. Бірақ, біз, болашақ жазушылар легиондары атаулар қайнар көзінің сарқылуы сынды әдеби дағдарыспен соқтығысамыз. Болашақты ойламастан, әлемдегі барлық өз дегеніне жеткен жазушылар бағалы қор – кітап атауларының кен орнын ертеңге деген сенімсіздікпен пайдаланып, сол арқылы бізді барымыздан айырып келеді. Ал өздері бар жақсының бетке шығарын таңдап алады. Мен өз романымды «Ағайынды Карамазовтар» деп атауым мүмкін еді, бірақ менің алдымды бір аға орап кетті. Міне, сондықтан бізге «Інілі Карамазовтар» сияқты қалдықтар қалады.

Келтірілген аудармада өзіндік  жалпы бейнеқолданылған: қайнар көздің сарқылуы – кен орнын пайдалану – қалдықтар.

Ағылшын тілінен қазақ  тіліне ирониялық контексттерді  аудару барысында біздер әдетте белгілі  цитаталар мен олардың күрделірек нұсқасы – аллюзияларды ирониялық  жағынан ұтымды пайдаланған жағдайларға  кезігеміз. Цитаталарды ирониялық  бейне үшін бейнелік негіз есебінде қолдану аударманы күрделі етуі мүмкін. Мәселен, контекстке қажет лексико-грамматикалық  өзгерістердің нәтижесінде цитата өзінің бастапқы өзіндік формасын жоғалтып, цитата болудан қалады. Мұндай жағдайда аудармашы абай болуы керек. Өзгерген түрдегі цитатаны  аударма мәтінінде  табу оңай болуы керек, өйткені басқаша  жағдайда ол цитата кейпінен айрылып, ақпараттың жоғалуына әкеп соқтырады. Мысалы, Оскар Уайльдтың аллюзия  негізінде құрылған to be or not to be? цитатасын  аударуда осы мәселелер кездеседі:

To read or not to read? All books can be divided into three groups: books to read, books to re-read, and books not to read at all.

     Егерде бұл  мәтіннің басы құрылымдық аллюзияны  «Оқу керек пе, әлде оқымау  керек пе?» деп қайта құрса,  онда оның соңғы жағы (оқуға  арналған кітаптар, қайта оқуға  арналған кітаптар, оқуға тұрмайтын  кітаптар) аудармада түсініксіз  болып, бастапқы цитата өз кейпінен  айрылады. Бұл мәселені шешудің  жолы – тырнақшамен бірге қолданылатын  және бастапқы ақпараттың логикалық  бірізділігін сақтайтын қосымша бейне болады:

  Барлық кітаптарды жапсырма қағазды жапсыру арқылы үш топқа бөлуге болады: «оқу», «қайта оқу» және «оқымау».

Ирониялық контекстте аударма  мәдениетіне бейтаныс құрамды бөліктің болуы өзгеріске әкеледі. [12, 43]

Нева даңғылынан кейде жұмысқа асыққан, өзінің тазалығымен танымал Екатерининский каналының өзі жуып тазалай алмайтындай болып бүлінген етікті ер адамдар өтеді.

Бұл сөйлемде асты сызылған сөздер иронияның негіздері болып  табылады, яғни ол қарама-қарсы мағынаны білдіреді: Екатерининский каналы өзінің ластығымен танымал. Бірақ, Санкт-Петербург көлдері мен каналдары туралы хабары жоқ оқырман үшін бұл ирония өзгеше аударылады: “the Ekaterininsky Canal well-known with its pure waters”. Ағылшын тілді оқырман үшін Гогольдің ирониясын жеткізу үшін  антонимдік қайта құруды қолдануға болады (“…boots so mud-stained that they could surpass even the Ekaterininsky Canal, a notoriously muddy stream”). Осындай жағдайда аударма мәтінінде иронияның негізі «surpass» сөзі болады. Ал, оқырманға бейтаныс Екатерининский канал аудармасы тура мағынада «лас» деп беріледі. Мұндай өзгерістер жағдайында бастапқы ақпараттың бөлігі жоғалады. Бірақ, ирония тәсілі бейнені сипаттау тәсілі ретінде сақталады.

Келесі қолданылатын нұсқа  – түсіндірме тәсілі, бастапқы құрылымын  сақтауға және аударма оқырманын  қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Мәселен, жоғарыдағы иронияға мынадай  түсіндірме беруге болады:

        The Ekaterininsky Canal is notorious with its muddy waters among the rivers and canals of St. Petersburg.

Дегенмен, толықтай мәдени ассоциацияларға  негізделген, бастапқы мәдениеттен  тысқары шықпаған және ұзақ түсіндірмені талап ететін ирониялық контексттер  де кездеседі. Ирония  бастапқы мәтіннің маңызды бөлігін құраған жағдайда аудармашының не істеуі керек? А. П. Чеховтың «Шағала» пьесасында әртіс шешесі баласына ұрысып жатып «Киев мещаны!» деп айқайлайды. Бұл ілікпе сөз ирониясы көптеген Чехов шығармаларындағы ирониялар сынды төменгі  тапқа жатқызып, тұспалдауды білдіреді.

Бұл ілікпе сөзді ағылшын  тіліне “Kievan dweller!” (сөзбе сөз Киев тұрғыны) деп аударған. Әрине, бұл  айтылым ағылшын мәтініне ешқандай ирония белгісін енгізбейді. Және сол  арқылы жекелеген тәсілді ғана емес, сонымен қатар Чеховтың мәтінінің  стилистикалық негізін бұрмалайды. Ирониялық ассоциацияларды түсіндірме арқылы берілген жағдайда беру орынсыз  болады, өйткені мәтін сахналық қойылым  үшін арналған. Осы орайда, бұл жағдайдан  шығудың ең тиімді жолы – мәдени-жағдаяттық ауыстыру тәсілі болып табылады. Ол арқылы берілген иронияны “Your father was not a gentleman!” деп аударма мәдениетіне  таныс сөздермен ауыстыру арқылы аударып, бастапқы мағынаны сақтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Лексикалық бірліктердің қатарында фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық қызметі, олардың әдеби тілдік стильдік тармақтарға бөлінуі, лексикографиялық деректер негізінде жіктелуі, фразеологиялық деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, түрлі жағдайдағы қолданыс аясы, фразеологиялық бірліктердің қолданылуының коммуникативтік заңдылықтары, олардың бейнелік және метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары және т.б. байланысты қарастырылады. Фразеологизмдер бір-бірінен экспрессияға негізделген стильдік реңк, бояу құрамында қолданылу аясына қарай ерекшеленіп тұрады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көтеріңкі, ренжу, қиналу, жақындық мәндегі, дөрекілік, кекесін, мысқыл мәнде т.б. стильдік реңктерді таңбалайтын экспрессивтік тұлғаларда (бірліктерде) денотативті әрі коннотативті сөз семантикасы сақталып отырады. Олар затты, құбылысты екінші номинация ретінде атап, бағалайды.

Экспрессивті  стилистикалық тұрғыдан тілдегі  ең негізгі өнімді жұмсалатын бірліктер  – фразеологизмдердің куммулятивті қызметі айрықша. А.Ф.Лосев фразеологизмдердің ерекше күш-қуатқа ие болып келетін  болмысына, әсерлілігіне ерекше назар  аударады. Ол сөздің энергиясын, күш-қуатын эйдос деп атайды, ал жандүниенің  ішкі мәні сөздің әлеуетін белгілейді  деп көрсетеді. Тілдегі синоним  фразеологизмдер бір-бірінен стильдік қолданылуы мен экспрессивті әсері  жағынан ерекшеленеді. Бұларды стильдік синонимдер деп атауға болады. Фразеологиялық синонимдер – қандай стильдік сатыда қолданылса да, экспрессивтілігі жағынан  сатыланатын тұрақты тіркестер. Фразеологизмдердің синонимдік қасиеті  олардың кез келген контексте  бір-бірінің орнына еркін қолданыла  беруінен байқалады. Фразеологиялық синонимдерді бір-бірінің орнына ауыстырып қолданудың өзіндік шарттары бар. Синоним фразеологизмдердің сыңарлары логикалық реттілік пен заңдылық арқылы байланысқан белгілі бір жүйе  құрайды. Фразеологиялық синонимдер ұғымы жағынан бірі мен бірі сатылап  байланысып, экспрессивті қызметі өсіп, күшейіп отырады.

Тілдің көріктеу құралдары  шешендіктану мен стилистиканың  негізгі зерттеу нысаны болып  табылады. Көріктеу құралдары аясында  айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр. Дегенмен, қай тілдің экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттесек те, бүгінде айқын екі маңызды мәселенің бары байқалады. Олар: 1) аталған троп пен фигураның түрлерін барынша саны жағынан топтау. Аталған троп пен фигураның түрлері бізге антикалық дәуірден белгілі және ол қазіргі тілді зерттеу үшін қаншалықты маңызды екенін ашып алу. Немесе аталған мәселені стилистика мен риторика үшін маңызы тұрғысынан ара жігін ажырату бұл мәселені жеңілдетеді;  2) аталған троп пен фигураның түрлерін сыртқы формасына, нақты белгілеріне қарай жүйелеу. Жоғарыда берілген троп пен фигураның түрлерінің әртүрлі топтастырылуы оны белгілі бір қасиет-сапаларына, белгілеріне қарай жүйелеудің жетіспей жатқанына байланысты болса керек.

Метафора, теңеу, метонимия, антономазия, синекдоха, кейіптеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі. Сонымен бірге эпитеттердің де экспрессивтік стилистикалық мүмкіншілігі де кең болып келеді.

Эпитеттердің қызметіне  қарай түрлерінің экспрессивтілікті  жеткізудегі рөлі ерекше. Бейнелеуіш эпитеттер сөздегі бейнені жеткізуде, ал лирикалық эпитеттер сөздегі  эмоцияны неғұрлым дәл суреттеуде ұтымды қолданылады. Эпитеттің аталған  екі қызметінің екеуі де адамның  экспрессивті-эмоционалды ішкі сезімдерін бейнелеуде сәтті жұмсалады. Бейнелеуіш және лирикалық эпитеттер ретінде  тұрақты және тұрақсыз эпитеттер  белсенді жұмсалады.

Сөз таптарының экспрессивтік  стилистикалық ерекшелігін зерттеуде  олардың түрлі стильдердегі қолданысы  басты назарда тұрады да, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеу сөздердің т.б. лексика-грамматикалық  категориялардың стилистикалық  белсенділігі мен мүмкіншілігін  анықтау көзделеді.

Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық  ерекшелігін зерттеудің тағы бір  маңызды тұсы – сөз таптары  мен түрлі морфологиялық формалардың  экспрессивтік қызметін талдау. Грамматиканың  көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиет-сапасы мен мүмкіндіктерін, олардың көркем, публицистикалық шығармалардағы шығармашылық тұрғыдан игерілу тетіктерін анықтау  экспрессивтік стилистиканың міндеті  болып табылады. 

Сөз таптарының стилистикасы сөз таптарын және сөз семантикасын зерттеу аясында  да кеңінен дамыды. Ш.Сарыбаев еліктеуіш  сөздердің лексика-грамматикалық  сипатын талдай келе, оның стилистикалық  мүмкіншілігі жоғары екенін айтады. Ә.Болғанбаев, Б.Сағындықұлы, Ф.Оразбаеваның зерттеулерінде сын есімдердің стилистикалық вариациясы мен синонимиясы зерттелді.

Сөз таптарының ішінде функционалдық  және экспрессивтік тұрғыдан өзгермелі, қолданылу белсенділігімен танылатын  сөздердің бір тобын зат есімдер  мен етістіктер құрайды. Ғылыми зерттеулерде айтылып жүргендей, зат есімдердің стилистикалық қасиеті әсіресе  кітаби стильдерде ерекше көрінеді, тек  публицистиканың кейбір жанрларында  және ресми іс-қағаздар стилінде ғана зат есімге қарағанда етістіктер көп қолданылып жатады. Сөз таптарының стилистикалық тұрғыдан кітаби тілдерде қолданысын анықтау арнайы статистикалық  талдаулар жүргізіп, терең зерттеуді  қажет ететін мәселе.  Алдыңғы  бөлімдерде жүргізілген талдаулардан байқалғандай, зат есімдер метафора, метонимия, антономазия, синекдоха, теңеу  болу мүмкіндігі өте жоғары сөз табы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әлкебаева Д. Стилистика  және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ  тілі мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.

2. Балақаев М., Жанпейісов  Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ  тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.

3. Васильева А. Н. Практическая  стилистика русского языка.-М.,1989.

4. Кейбір стилистикалық  ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8.

5. Мұсабекова Ф. Қазақ  тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.

6. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.  – Алматы: Атамұра, 2003. – 208-б.

7. Тураева З.Я.   Лингвистика текста.  –  Москва:   Просвещение,   1986.  –107 с.

8. Болотнова Н.С. Основы теории текста.  – Томск: Издательство Томского университета, 1999.  – 205 с.

9. Бабенко Л.Г., Васильева И.Е., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. – Екатеринбург:  Деловая книга,  2000. – 345 с.

10. Сыздық Р. Абай  және  қазақтың ұлттық әдеби тілі. –  Алматы:  Арыс, 2004. –  613-б.

11. Мұстафина С.С. Текстообразующие средства казахского языка. Автореф.  канд.  филол.  наук.  –  Алматы:   Институт   Языкознания   имени А. Байтурсынова, 1986.  –  24 с.

12. Құнанбаева С.С.   Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореф. дисс. докт. фил. наук. – Алматы: Институт   Языкознания   имени А. Байтурсынова, 1991. –  43 с.

13. Шалабай Б.   Көркем проза тілі. – Алматы:  Білім, 1994. – 124-б.

14. Лосева Л.М.  Как   строится текст. –  Москва:   Просвещение, 1980.  –   94 с.

 

 


Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер