Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 11:45, курсовая работа

Краткое описание

Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті - студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді болдырмауға үйрету.

Содержание

КІРІСПЕ

1. Стилистика және оның проблемасы
1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.
1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
2.1. Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
2.2. Метонимияны аударудың ерекшеліктері
2.3. Иронияны аударудың қиындықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

стилистика курсовая.docx

— 64.32 Кб (Скачать документ)

‘When we were little,’ the Mock Turtle went on at last, more calmly, ‘we went to school in the sea. The master was an old Turtle – we used to call him Tortoise.’

 «Таңғажайып Әлеміндегі  Алиса» ертегісінен алынған бұл  мысалда тас бақа атауы ер  бейнесін «сэр», «ол», «мұғалім»  деген сөздер арқылы берілген. Аударма жасау барысында аудармашы  ер бейнесін анық көрсету үшін  «атай» сөзін контекстке сай  қосады:

Кейін Тас бақа сәл тынышталып, терең демалып, сөйлей жөнелді: «Кішкене кезімізде біздер теңіз астындағы  мектепке баратынбыз. Бізге теңіз  тас бақасы сабақ берді. Біз оны  Спрут атай деп атайтынбыз».

«Жануарларға» қатысты метафораларды  аударудағы келесі мәселе метафоралық  жағынан эмоционалды-бағалау бейнесімен байланысты болып келеді. Тағы бір  ерекшелік – метафоралық мағынаны бейнелеуші синонимдік сөздердің бар  болуы немесе болмауымен байланысты. Мәселен, қазақ тілінде метафоралық  жағынан «шошқа» сөзін қолданғанда, ол екі мағынада беріле алады: біріншіден, «кір, лас, арам», екіншіден, «семіз, майлы». Бұл бағалаулар сәйкес келмейтіндіктен  қазақ тілінде ол контестке сай  түсіндірілсе, ал ағылшын тілінде  олар әртүрлі метафоралық бірліктерді  талап етеді. «Ол нағыз шошқа» сөйлемін аударуда сөйлемді екі түрлі  беруге болады:

  1. He is a pig.

Ол шошқадай семіз.

  1. He is a swine.

Ол шошқадай арам.

Бұл жерде ағылшын тілінде  балағаттау сөзінің қазақ тілінен  айрықша келетіндігін байқауға болады. Ағылшынның баласын Piggy деп семіздігіне қарай лақап атпен атауы Шошқа деп қазақ тіліне жағымсыз жақта аударылады. Дегенмен, ағылшын мәдениетінде бұл ат тек бейнелік-метафоралық, келемеждеу атауын білдіреді. Сонымен, бұл метафораның түрі қосымша категория ішілік түр өзгерісін талап етеді.  Мысалы, бұл сөзді аударма барысында Торай деп беруге болады. Егерде, Қой атауы болса, Қошақан деуге болады.

Көп жағдайда ашық метафора бастапқы мәтіндегі сөздермен бірге  грамматикалық жағынан да өзгерісті  талап ететін құрылымдық өзгерісті  талап етеді. Мәселен:

           I woke early to see the kiss of the sunrise summoning a rosy flush to the western cliffs, which sight never fails to raise my spirits.

Мен ертерек тұрып мені айнымастан шабыттандырушы көрініс  – таң атқанда күн сәулесінен батыстағы жартастың алаулай  жөнелгенін көрдім.

Мұндағы бастапқы стилистикалық  бірліктің құрылымдық өзгерісі ағылшын  және қазақ тіліндегі грамматикалық  суреттеу мәдениетіндегі ерекшелікке  байланысты. Егерде берілген құрылымды  сөзбе сөз аударса, аударма жасанды  кейіпте болады: «шыққан күннің сүйгенін батыс жартастарында қызғылт  алауды көру, ешқашан көңіл-күйімді  түсірмейтін көрініс».

  Құрылымдық жағынан кедергілер ағылшын тілінде кеңінен қолданылатын метафоралық эпитетті аударуда туындайды. Мұндай жағдайда әдетте бастапқы метафораны қайта құру немесе қосу/түсіру тәсілдері қолданылады. Мәселен:

        On the opposite bank an emerald ribbon of fields and foliage bordered the river; beyond laу the desert, the Red Land of the ancient texts.

Қарама – қарсы өзен  жағалауын ағаштар мен даланың көгілдір түсі көмкерді; олардан әрі ежелгі хаттарда Қызыл Жер деп аталатын шөл дала созылып жатыр.  

Кейбір жағдайда метафораларды  аударуда мәдени түсініктердегі айырмашылықтарға байланысты болады. Мысалы, көптеген жағдайда ағылшынның “black” эпитеті метафоралық  мағынада қолданыла отырып, сөзбе  сөз аударылуы мүмкін. Өйткені, бастапқы сөз қазақ мәдениетіне сай  келеді.

             Black day – қара күн, қаралы күн

             Black deed – қара іс, т.б. 

          Дегенмен, кейбір жағдайда ағылшын  және қазақ тілдеріндегі эпитеттің  метафоралық қызметі сәйкес келмей  қалады. Мұндай жағдайда бейнелік  ауыстыруды қолдану талап етіледі: 

           Black sheep – нашар қой

           Black frost – шытынаған аяз, т.б.

Жарнамалық мәтінде кездесетін метафоралық бірліктерге келсек, мысал ретінде мына сөзді алып қаралық: Sparkler – қонақ үй атауы sparkle етістігінің жарқырау, жалтырау мағынасынан  алынған. Дегенмен, шын мәнінде қонақ үй атауы Sparkler – «алмаc, гауһар тас» мағынасындағы ауызекі тілде қолданылатын мағынасынан алынған.

SPARKLER. Honeymoons, family outings, golf and tennis holidays… sparklingly spectacular! Discover the Sparkler, favourite of discerning vacationers of America and Europe. All’s 5-star sparkling, from beach, accommodations, dining, sports to service, service, service. Sparkler! Light up your life!

Мұндай жағдайда аудармашы  метафоралық негізді салыстырмалы атаумен атаған жөн: Sparkler – Гауһар тас. Бұл кезде қазақ тіліндегі  жарнама былай болады:

СПАРКЛЕР – Гауһар тас. Мұнда барлығы жоғары сынамалы гауһардай  жарқырап көздің жауын алады: бал  айы, жанұялық демалыс, спорт үшін таптырмас  орын... Спарклерден өз гауһарынызды табыңыз – оны әлдеқашан Америка  мен Еуропаның тапқыштары тауып  қойған. Бес жұлдыздың жарқылы  барлық жерде: жағажай, ресторан, спорт  алаңдарынан бастап сервис, сервис, сервиске дейін... Спарклер – жарқыраған гауһар тас. Өміріңізді гауһардай жарқыратыңыз!

Метафоралық бірліктерді  аударудағы қиындық – бастапқы және аударма тілінде құрылуы жағынан  өзгеше метафоралық бірліктерді  аудару барысында туындайды. Мұндай жағдайларда өзгеше құру маңызды  болып келеді. Әсіресе, ол бірліктің  стилистикалық жағдайын ауыстырумен  бірге жүреді. Мәселен, бастапқы метафораның  орнына аударма тілінде салыстыру  немесе метафоралық эпитет, не болмаса  өзге троп пайда болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын тіліндегі a dream of a dress, a beast of a car, a barrel of a man, an angel of a girl сынды метафоралық  құрылымдар қазақ тілінде өздерінің  стилистикалық құрамын өзгертеді. Бір кезде салыстыруға (көйлек емес, арман ғой; машина емес, айуан ғой; адам емес, бөшке ғой), бірде эпитетке (бөшке сынды семіз; періштедей қыз), бірде ұқсатуға (нағыз періште  қыз, арманымдағы көйлек) айналады.

 

2.2. Метонимияны  аударудың ерекшеліктері

Метонимиялық сөз қолданыстарын  аударудағы басты назар аударатын  мәселе – метонимияны жасау әдістері мен бастапқы және аударма тілдерінде олардың таралу деңгейлерінің арасындағы айырмашылықтар болып табылады. Бұл айырмашылықтар әдетте бастапқы және аударма мәдениеттерінде метонимияны жеткізу дәстүрінің әртүрлілігімен түсініріледі.

         Метонимия (гректің metonomadzo сөзі, қайта атау деген мағынаны білдіреді) деп – объектілерді салыстыра отырып атауларын алмастырумен байланысты болатын бір заттың атауын екінші затқа ауыстыру немесе өзге атпен атауды айтамыз.

       Объектілерді  бір бірімен салыстыра үйлестіру  мақсатына негізделген метафорамен  салыстырғанда, метонимияны қай  тілде болмасын қолдану – объектінің  басты бір қасиетін анықтап  даралау және оны басқа атпен  атау арқылы басты орынға шығаруға  бағытталады. Метонимияға тән  қасиет – оның салыстырмалы  түрде эпитетке оңай айналуы.               Two men, one with thin black hair and the other with luxurious red mop, stood side by side like day and night. The red was smiling ready to see the funny side of danger, the black with his wry face and triangle eyebrows, was the embodiment of despair

 Бірі сирек  қара шашты, келесісі сәнді  таралған жирен шашты екі кісі  бір біріне күн мен түндей  іргелес тұрды. Жирені қауіптен қызықты бірнәрсе тапқандай қиялданып күлсе, қарасы көңілсіз тұнжыраушылық және қайғылы қаспен торығудың бейнесіндей көрінді.

  Берілген мысалда бастапқы метонимияны аудару қиынға соқпайды, өйткені құрылымық және мазмұндық жағынан оны аудару тәсілдері қазақ және ағылшын тілдерінде ұқсас келеді.

Метонимияны аударудағы басты  қиындықтардың бірі – ассоциацияға негізделген метонимияларды аудару:

а) зат пен оның бір белгісі арасында – метонимиялық эпитет,

ә) бүтін зат пен оның бөлшегі арасында – синекдоха,

б) жалпы мағыналы – белгілік негізге ие жалқы және жалпы есімдер арасындағы – антономасия.

Енді осы тәсілдерге қысқаша  шолу жасалық. Метонимияның метафорадан  айырмашылығы – оның салыстыруға  мүлде келмейтіндігінде. Дегенмен, метонимия зат пен оның белгілі  бір қасиеті немесе белгісінің арасындағы ассоциацияға негізделген метонимиялық эпитеттерді құруға қабілетті. Мысалы, «Түймедей қыз оның бар ауыр жұмысын жасады» сөйлемінде заттың белгісі адамға анықтама беріп тұр. Мұндай эпитеттерді екі жағдайға байланысты аудару қиынға соғады: анықтауыш сөз тіркестерінің құрылымын қайта құру мен метонимиялық сөз қолданысын қайта құру. Мәселен, қазақ тіліндегі бұл сөйлемді ағылшын тіліне аударуда метонимиялық сипат сақталмайды: «A button girl did his all dirty work for him». «A button girl» тіркесі ағылшын тілінде мүлде қолданылмайды, өйткені button объектінің өзіндік белгісі жоқ. Осы орайда, бұл жерде қолдануға қолайлы тәсіл тек белгіні объектіге өзгерту, яғни бастапқы бірлікті қайта категориялау. Бірақ, мұнда метонимия арқылы берілген бастапқы мәтіндегі эмоционалдық-бағалау хабарының бөлігі, «түймедей» белгісінің даралығы жоғалады. [11, 24]

 Синекдоха (грекше synecdoche – жобалап түсіндіру, ара қатынасын белгілеу) әдетте бүтінді бөлшектеп, жалпыны жекелеп немесе керісінше атау барысында қолданылады. Түрлі тілде «бөлшек – бүтін» категориясының айтылу әдістері мен шектеулері әртүрлі болғандықтан оларды аудару қиынға соғады. Ағылшын тілінде синекдоха белгілі бір сөзде синтаксистік қызметте, кейде ең көркем құралды басқа стилистикалық тіркеспен ауыстыру үшін қолданылады. Мәселен, «These wheels will drive you at your pleasure» сөйлеміндегі «these wheels» тіркесі «this car» тіркесінің орнына синекдоха ретінде қолданылып тұр. Бұл сөйлемді қазақ тіліне «Бұл дөңгелектерді рахатыңызға жүргізесіз» деп аудару арқылы біз жарнамалық айтылымның стилистикалық сарынын жоғалтамыз. Өйткені, мұнда дөңгелек емес, машина жарнамаланып, дөңгелек машинаны астыртын білдіріп тұр. Бұл жерде парафразаны қолданған жөн: «Сіз дөңгелекті серігіңізді рахатыңызға жүргізесіз».

Аудармада антономасияны  қолдану бастапқы нұсқаның өзгерісіне әкеліп соқтырады. Антономасияны аударуда белгілі бір аударма тәсілін  қолдану тілдік және мәдени айырмашылықтарға негізделеді. «The guards now change at Buckingham Palace to a Lennon and Mc. Cartney» метонимиялық фразасын аударуда есімдерді аудару жеткіліксіз, мұнда метонимиялық тасымал негізін қайта құру керек («tune» және «music»). Өйткені, қазақ тілінің мәдени дәстүрінде метонимияның бұл түрі кең қолданылмайды және бұл есімдерге байланысты өзгеше қабылданады: «Букингем сарайының күзетшілері қазіргі кезде Леннон мен Маккартнидің әуенімен ауысады».   Басқа жағдайда осы метонимияны мәдени дәстүрде салыстыра отырып өзгеріссіз жеткізуге болады. «Күзетшілердің» орнына «біздің әкелеріміз, алпысыншы жылғы әнсүйерлер Леннон мен Маккартнидің әуеніне балқиды».

Метонимияның бұл түрі фирма басшысының атымен аталатын сауда  өнімдерінің атауларында кеңінен  қолданылады. «To buy some Kellogg’s» тіркесі негізгі сөзді қайта құру арқылы (Kellogg’s фирмасының жүгері үлпектерін сатып алу) немесе метонимиялық құрамды бөліксіз (жүгері үлпектерін сатып алу) қазақ тіліне аударуға болады. Бастапқы мәдениетке кең танымал,                                                                                      бірақ аударма мәдениетінде мүлде жоқ немесе мағынасыз есімдерді білдіретін есімді метонимияларды аудару қиынға соғады. Қазақ публицистикасында әдетте дәстүрлі түрде әдеби-тарихи кейіпкерлер есімдері жалпы есімдер ретінде белгілі бір қоғамдық тип үшін қолданылады. Мәселен, «Бұл бос мақалалар мен мақала сымақтарды біресе француз Маниловтары, біресе американ Чичиковтары жазды» фразасын аударуда мұнда берілген есімдер ағылшын оқырманына мәлім бе, осы мәселені ескеруі керек. Осы ретте, ең қолайлы аударма нұсқасы – метонимиялық есіммен белгіленген сапаның мәнін ашу. Оның нәтижесінде метонимия жойылады:

Some of these idle, shallow writings belong to fuzzy French dreamers, some of pushing American wheeler-dealers.

 

2.3. Иронияны аударудың  қиындықтары

Ирония дегеніміз – бір заттың сыртқы оң кейпіне қарама-қарсы нәрсені ойша топшылау. Кейде ирониялар аудармада қиындық тудыратын тілдік бірліктер арқылы беріледі. Дегенмен, қиын жағдай әдетте әртүрлі мәдениетте дәстүрлі түрде иронияның берілу тәсілдерінің сәйкессіздігімен байланысты болады.

Ирония, сықақты айту формасы, мазмұны және атқаратын қызметі  түрлі тілдер мен сөйлеу дәстүрінде әртүрлі тәсілдер арқылы жасалады.

Иронияны ағылшын және қазақ тілдерінде жеткізудің ең оңай тәсілі – «тырнақшаларды» қою.

When I left my public school I had an extensive knowledge of Latin and Greek literature, knew a certain amount of Greek and Latin history and French grammar, and had “done” a little mathematics.                                                                    

 Мен орта  мектепті бітіргенде ежелгі әдебиеттен  білімім мол, ежелгі тарих пен  француз тілінен хабардар болдым  және де математика пәні бойынша  «әліпті таяқ» деп білмедім.

Иронияның күрделі түрі –  екі сапаны немесе бір тұйық контекстте бірін–бірі жоққа шығаратын мүмкіндіктерді қарама-қарсы қою. Мұндай контексттерді  аударудағы қиындық бастапқы мәтінде  екі бірдей ұқсас элементтерді аударма  тілінде өзгерту қажетболған  жағдайда және өзгертілген күйінде  мәтінге толық ирониялық айқындықты бермеген жағдайда туындайды.

I went to Balliol University a good classic and a complete ignoramus.

Бұл сөйлемді аудару classic сөзін өзгерту қажеттілігімен байланысты және оның нәтижесінде туындаған балама толық түрде ирониялық сипатты (классикалық филология жөнінде маман, классикалық филология саласында білімдар және т.б.) тудыруға жеткіліксіз болады. Мұндай кезде аудармашыға ирониялық контекстте қарама-қарсы мәліметтерді біріктіруге жағдай жасайтын қосу тәсілінің көмегі тиеді.

Мен Баллиол университетіне классикалық филология саласындағы білімдар және басқа салаларда мүлде сауатсыз маман ретінде аттандым.

 Келесі бір айырмашылыққа негізделген иронияны аударудағы қиындық антонимдік өзгеріс қажет болған жағдайда, өз кезегінде айырмашылықтың өзіндік құрылымын өзгертуді талап ету барысында кездеседі.

I knew vaguely that the first chapter of Genesis was not quite true, but I did not know why.

  Қазақ тіліне бұл контекстті аудару барысында оның бірінші бөлігі өзгереді және ол екінші бөліктің өзгерісіне әкеп соқтырады.

Мен «Болмыс туралы кітаптың»  басы шындықтан ауытқитынын күңгірт  ұқсам да, бірақ қалайша екенін түсіне алмадым.

      Күрделі  өзгерістер сөйлемнен тысқары  шығатын толық ирониялық контекстте, иронияның кілттік элементтері  керек кезде қолданылады.

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер