Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 11:45, курсовая работа

Краткое описание

Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті - студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре отырып, стильдік қателерді болдырмауға үйрету.

Содержание

КІРІСПЕ

1. Стилистика және оның проблемасы
1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.
1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер
2.1. Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
2.2. Метонимияны аударудың ерекшеліктері
2.3. Иронияны аударудың қиындықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

стилистика курсовая.docx

— 64.32 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

 

КІРІСПЕ

 

1. Стилистика және  оның проблемасы

1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.

1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

 

2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер

2.1. Метафоралық  бірліктерді аудару тәсілдері

2.2. Метонимияны  аударудың ерекшеліктері

2.3. Иронияны аударудың  қиындықтары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

 

Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде  оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық  та маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану  заңдылықтарымен таныстыру.

Бұл пән студенттер мен  оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында  филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті - студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық  нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі  және тілді қолдану жағдайына  байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар  беру; тілдік құралдарды пайдалану  контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы жөнінде түсіндіре  отырып, стильдік қателерді болдырмауға  үйрету.

Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын  сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң  лепірме патетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді. Мұндай қателер тілдік құралдардың  стилистикалық «реңктерін» білмеуден  туады.

Сондықтан оқушыларда стилистикалық  дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор.

Тілдік пән ретіндегі  стилистиканың предметі (пәні), міндеттері, сипаты, көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стилдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отыратыны да түсінікті.

      Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Сөйлеудегі  «жанды тілдің» өзіне тән болмысы  мен табиғатын зерттеудің өзектілігі  мен қажеттілігі күн санап  артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады. «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» [1, 10 б.]. Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында жинақталған. Мәтін – сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет. Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени, мәтінді оқытуға қатысты зерттеулерге тірек болатыны анық. 

     Мәтін лингвистикасында  зерттеуді аса қажет ететін  маңызды мәселелердің бірі –  әңгімелеу мәтінінің тілдік және  стилистикалық ерекшелігін таныту. Әңгімелеу – тұтасым, байласым  және мағыналық аяқталғандық, ақпарат  беру категорияларына ие композициялық-сөйлеу  формаларының бірі. Шығарма мазмұнын  құраушы бірлік ретінде әңгімелеу  мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-семантикалық, психолингвистикалық,  құрылымдық-композициялық қасиет-сапаларды  жинақтаған категория. Әңгімелеу  мәтінінің өзіне тән табиғаты  жалпы мәтін мәселелері аясында  айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу  нысанына айнала қойған жоқ.  Осы орайда зерттеу жұмысының   қажеттілігі және өзектілігі  көрінеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, сонымен қатар, әңгімелеу мәтінінің  көркем прозалық шығармалардағы  қолданысын, стилистикасын зерттеуге  бағытталуымен ерекшеленеді. Әңгімелеу  мәтінінің сөйлеу композициясы  тұтастығындағы қызметі мен жүзеге асу тетіктерін анықтауымен өзекті болып табылады. Аталған мәселелер қазақ мәтін теориясының толыға түсуіне үлес қосады.

     Зерттеудің  мақсаты көркем мәтін мазмұнын  құраушы мүшелердің бірі ретінде  әңгімелеу мәтінінің құрылымдық-стилистикалық  ерекшелігін анықтау болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысы  өз алдына  мынадай міндеттерді  шешуді көздеді: 

- әңгімелеу мәтінін зерттеуге  тірек болатын теориялық тұғырларды  анықтау; 

  • мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге ала отырып,  әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;

        - әңгімелеу  мәтінінің көркем шығармадағы  ақпараттық-мазмұндық, композициялық  және стилистикалық тұрғыдан  ұйымдасу ерекшелігін  анықтау;

        - әңгімелеу  мәтінінің көркем шығармадағы  мағыналық-тақырыптық  түрлерін  анықтап, олардың лексика-семантикалық  сипатын айқындау;

        -  әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық  ерекшелігін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Стилистика және  оның проблемасы

1.1. Стилистика және оның негізгі мәселелері.

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен  өзгешелік белгілері  осы уақытқа дейін  айтылып келеді. Осы  басты белгілер отандық  тіл ғылымы мен  орыс тіл ғылымының  ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде  қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының  басқа салаларына да қатысты деп  айтуға болады. Бұның  басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің  табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б. Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі  кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен  компьютерлік жүйенің  дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында  стильдердің әр саласының  атқаратын қызметі  күннен күнге күрделеніп отыр. Қазақ тіл  ғылымында функционалды стильдерді былайша  топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық  стиль; 5) көркем әдебиет  стилі. Бүгінгі таңда  стилистика ғылымының  негізгі теориялық  әрі практикалық  мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны  белгілі, сондықтан  тілдің стильдік табиғатты  жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын  міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай  түйіндейді: 1) Әдеби  тілдің бір түрі; демек сол тілде  сөйлейтін баршаға  түсінікті сөздер мен конструкциялар; 2) Стиль - тарихи категория; 3) Стиль- қоғамдық қызметтің  бір саласында  жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай  болса тіркескен  тобы емес, шартты тұйықталған  тобы. Бұл тұжырым  стиль жөнінде  айтылған "белгілі  бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің  қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі  стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі  қасиетін танудан  туған деп айтуға болады. Стилистиканың  зерттейтін саласы —  стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік  мәртебесін алған  тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің  әр дәуірде біреуінің  ерте, біреуінің кеш  даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу  стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады. Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды. Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті. Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі. Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.

 

1.2. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы.

 

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.

Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі  кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары  игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі  күннен күнге күрделеніп отыр.

Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып  жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық  стиль; 5) көркем әдебиет стилі.

Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық  әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны  белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі  қасиетін былай түйіндейді:

1) Әдеби тілдің бір  түрі; демек сол тілде сөйлейтін  баршаға түсінікті сөздер мен  конструкциялар;

2) Стиль - тарихи категория;

3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың  қалай болса тіркескен тобы  емес, шартты тұйықталған тобы. [1, 41]

Бұл тұжырым стиль жөнінде  айтылған "белгілі бір тілдегі  лексикалық, грамматикалық және фонетикалық  тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.

Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.

Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. [6, 208]

Жаңа сөздердің енуі, сөз  мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің  мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан  шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін  жете саралап қарайтын уақыт жетті.

Публицистикалық стильде  сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік  себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында  және ресми ортада сөйлеудің қажетті  болмауынан (тоқырау кезінде казақ  тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді  қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.

Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам  өмірі үшін маңызды мәселелерді  талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық  стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың  өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері  сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа  жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стиль –  қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің  бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең  таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық  стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада  – қоғамдық-саяси терминдер мен  сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем  беруші), экспрессивтік бояуы бар  сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын  – көмір, мұнай; екінші тың – қой  шаруашылығы, көгілдір тың – құс  шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте  – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық  орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық  стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. [7, 107]

Публицистикалық стильді  шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде  бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық  стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық  стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық  стиль; 4)  ақпараттық-экспрессивтік  публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық  стиль директивалық публицистикалық  стиль; 7) салтанатты-декларативтік  публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық  стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық  стиль; 10) репортаж публицистикалық  стилі; 11) фельетон публицистикалық  стилі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер

2.1. Метафоралық  бірліктерді аудару тәсілдері

Аудармашы бір қарағанда  бастапқы мәтінде аз көрінетін көркем сөздермен жиі кездесіп, оларды аударуы  қажет болуы мүмкін. Іс жүзінде  әрбір мәтін стилистикалық жағынан  тілдік бірліктердің ерекше қызметін атқаратын көркем сөзді жеткізуші  троптар, басқа да тіл құралдарынан тұрады. Бір тілден екінші тілге  әртүрлі стилистикалық қызметті атқарушы құралдарды аудару бастапқы эмоционалды-эстетикалық ақпаратты  сақтауға немесе қайта құруға көмегі тиетін ерекше түр өзгерісін талап  етеді.

Аударма барысында көп  кездесетін стилистикалық бірлік метафора болып табылады. Бағзы заманнан адамзат  әлемнің бар кереметін бейнелеуде сөзді қолданған. Көптеген тілдерде қоршаған ортаны ұғындыратын ежелгі антропоморфты формалар кездеседі. Мәселен, барлық заттарды белгілеріне  сәйкес ер немесе әйел заты деп бөлу еді. Қазақ тілінде заттарды мужской, женский және средний род деп  ағылшын, неміс немесе орыс тіліндегідей бөлмейді. Бұрынғыны бейнелеу тәсілі мәдени жағынан ақпарат басқа  болса да, оны түрлі тілде әртүрлі  етіп жеткізеді. Қазіргі кезде бұл  жағдайлар тілдік бірліктердің үйлесімділігіне  сәйкес келмегендіктен өзгеше, яғни метафоралық  бірлік ретінде қарастырылады.

Мәселен, ағылшын тілінің  ескі түрінен енген «жануарларға»  қатысты метафораларға өзгеше белгілер тән. Жануарлар мен құстар атауларының  көптеген бөлігі ағылшынның мәдени-тілдік ұғымдарында «һе», яғни мужской родтағы  бейнені бейнелеу ұғымымен байланысты болады. Қазіргі таңда ол грамматикалық  жүйе бойынша «іt», яғни средний родқа  жатады. «Не» метафоралық негізі әдетте ағылшын тілінде Frog, Fish, Caterpillar, Tortoise сөздеріне тән болса, салыстырмалы түрде бұл атаулар орыс тілінде  әйел затын білдіріп, грамматикалық  жағынан женский родқа жатады. Стилистикалық тәсілдермен мәтіндегі  сөздердің морфологиялық белгілерін функционалдық ауыстыру арқылы ауыстырғанда мәтін мазмұны өзгермейді. Мысалы:

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі стилистикалық ерекшеліктер