Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 06:33, курсовая работа
Осы курстық жұмыста аталған екі ұғым қарастырылады. Оларға толық әрі нақты анықтамалар беріліп, баяндалады. Курстық жұмыс негізінен кіріспе бөлімнен, үш негізгі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы мағлұмат беріліп, жұмыс сипаттамасы көрсетіледі. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында қаржылық жүйенің ұғымы, оның мазмұны, жасалуы көрсетіледі. Екінші тарауда сыртқы экономика, оның қажеттілігі мен маңызы, сондай-ақ негізгі тараулары баяндалады. Үшінші тарауда аталған сұрақтардың Қазақстандағы дамуы мен олардың рөлі көрсетіледі. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың қорытынды тұжырымдамалары шығарылады, соңғы ой айтылады.
Кіріспе ................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі................................................5
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, ұйымдастыру маңызы
1.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржы мазмұны және оны ұйымдастыру ......................................................................................................8
1.3. Мемлекеттік кірістердің мәні мен сыныптамасы ....................................12
ІІ. Қаржының мақсатты жұмсалуы ..................................................................19
2.1. Әлеуметтік мәдени шараларға және халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар ......................................................................................19
2.2. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру ......................................22
2.3. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы ........................................................................................................23
Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................29
Кірістер
құрамы мен құрылымы нақты
әлеуметтік-экономикалық және
Дағдыдағыдай,
кірістердің көзі салықтар неме
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен, яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуден сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады. Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша мемлекеттік шарушылық жүргізуші субьектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады. Бюджеттің шығыстар бөлігі фунционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекттік борыштық қызмет ету жөніндегі шығыстар «борышқа қызмет ету» функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерінің - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министірлігін бөле отырып жүргізеді. Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте – функционалдық топ болып табылатын несиелендіруді көрсетіледі. Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жылпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі. Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар :
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министірлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасымен тұрады. Бірыңғай бюжеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомствалардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді, жеке сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік
сыныптама мынадай бөліктерді
қамтыды: бөлім, параграф, бап,
тарау. Алайда ұзақ уақыт
Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомствалық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады. Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар бес бөлімге бөлінеді: функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталған деңгейлердің ұштастырылуы шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды. Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, кредит беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі ішкі және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылай түседі, мысалы : ағымдағы шығыстарда, тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар – жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы – жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.
Бюджеттің атқарылуы
кезінде екі сыныптаманың негізгі
бөлімшілердің қамтитын тоғыспалы
сыныптама түріндегі
Бюджеттік жоспарлау – мемлекетің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен оларды атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының мемлекеттік бағдарламасының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасайды. Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді :
Қазақстан
Республикасының экономикасы
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін крістердің көлемі. Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды :
1) республикалық бюджеттің
крістерін, олар мыналардан
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдеріне.
ә) салыққа жатпайтын түсімдерден республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім; Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сыйақылар; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына түсетін дивиденттер; мемлекеттік лотореядан алынатын кірістер; жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер; республикалық бюджеттен кредиттер берілу үшін алынған сыйақылар; республикалық меншікті мүлікті жалға беруден алынатын түсімдер; тәркіленген мүлікті, белгілегеннен кейін тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер, соның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режімінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдары; Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке күәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға үәкілетті тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілетін қызметтердің құнын өндіріп алудан алынатын сомалардың түсімдері; өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппұл сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп белгіленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен алынған кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да салыққа жатпайтын түсімдер.
б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден : мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден;
2) мына төменгілердің алынған ресми трансферттерді (гранттарды): заңды және жеке тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден; бюджеттік алынымдардан;
3) республикалық бюджеттен
бұрын берілген кредиттер
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады :
Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Млн. теңге |
% | |
Түсімдер |
821153,1 |
100,0 |
І. Кірістер |
807845,4 |
98,4 |
Салықтық түсімдер |
750777,0 |
92,9 |
Салыққа жатпайтын түсімдер |
47574,4 |
5,9 |
Капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын крістер |
9494,0 |
1,2 |
ІІ. Алынған ресми трансферттер (гранттар) |
-- |
-- |
ІІІ. Бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу |
13307,0 |
1,6 |
Кестеден
көрініп тұрғандай,