Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 06:33, курсовая работа
Осы курстық жұмыста аталған екі ұғым қарастырылады. Оларға толық әрі нақты анықтамалар беріліп, баяндалады. Курстық жұмыс негізінен кіріспе бөлімнен, үш негізгі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы мағлұмат беріліп, жұмыс сипаттамасы көрсетіледі. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында қаржылық жүйенің ұғымы, оның мазмұны, жасалуы көрсетіледі. Екінші тарауда сыртқы экономика, оның қажеттілігі мен маңызы, сондай-ақ негізгі тараулары баяндалады. Үшінші тарауда аталған сұрақтардың Қазақстандағы дамуы мен олардың рөлі көрсетіледі. Қорытынды бөлімде осы жұмыстың қорытынды тұжырымдамалары шығарылады, соңғы ой айтылады.
Кіріспе ................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі................................................5
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні, ұйымдастыру маңызы
1.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржы мазмұны және оны ұйымдастыру ......................................................................................................8
1.3. Мемлекеттік кірістердің мәні мен сыныптамасы ....................................12
ІІ. Қаржының мақсатты жұмсалуы ..................................................................19
2.1. Әлеуметтік мәдени шараларға және халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар ......................................................................................19
2.2. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру ......................................22
2.3. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы ........................................................................................................23
Қорытынды .........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ....................................................................29
1.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің
қаржы мазмұны және оны ұйымдастыру
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Kipic түcipy негізгі мақсаты
болып табылмайтын және
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-И КРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық басқа да мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардынң құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіктерді қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң кепілін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз қатысушылардың игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметтің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативті қоры, діни бipлecтiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметін мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың
қаржысы деп материалдық емес
игіліктер мен кызметтерді
Коммерциялық емес ұйымдардың каржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына қажетті мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметі сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Коммерциялық шаруашылық
Коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы қаржы
Коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы деп
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырьш, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық;
меншіктің барлық нысандарының тендігі;
қаржы резервтерінің болуы.
1. Коммерциялық (шаруашылык) есеп — кәсіпорыңдар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылык қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есеп шоттары кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қамтитын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын тандауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға жөне азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің
айқындаушы қағидаттары өзін-өзі
өтеушілік пен өзін-өзі
Өзін-өзі өтеушілік — шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жүмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жолындағы бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі — залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық тендігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету — кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы кодтауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жүмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражатгарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайда-ланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жүмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика
мен жекешелендіру
Бюджеттік жөне салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қодданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын оз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартьыатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудьщ, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетін орындамағаны үшін заннамада
белгіленген қаржы
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және көсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің
әр түрлі түрлеріне негізделген
сан алуан ұйымдық-қүқықтық нысандар
көсіпорындардың қалыптасуын
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік — бір процестің — шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны - кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы керінеді.
2. Жоспарлылық қағидаты
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға — бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар
өзге де қызмет үшін пайдаланады.
Кәсіпорындардың қаржысын үйымдастырудың
қажетті қағидаты — басқарудың барлық
деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің
(резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы.
Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен
өндірістік және әлеуметтік қорлардың
мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан
тұрақты нормативтер бойынша аударымдар
арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві
уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын
жоюға және шаруашылықтардың
қызметіне қажет қалыпты жағдайларды
қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы
жоспарында қаралмайтын өндірістік және
өлеуметтік дамумен байланысты шығындарды
(ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруга
арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бүл процестер салалық қүрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
1.3. Мемлекеттік кірістердің мәні мен сыныптамасы
Мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын
қалыптастырумен және