« АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 14:15, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еңбекақының экономикалық табиғаты туралы теориялық және методологиялық аспектілерді жалпылау негізінде жұмыскерлердің еңбек ақысын басқару ерекшеліктерін зерттеу және «Адал» кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау және ҚР-ғы еңбек ақыны жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1.1 Еңбекақы төлеудің функциялары мен қағидалары..................................................................................................6
1.2 Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері......................................................................................................11
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің құқықтық аспектілері...................................................................................................22
2 «АДАЛ» АҚ-ДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбекақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау...........................................................................................................29
2.2 « АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................36
2.3 «АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру.................................................................................................43
3 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбекақы төлеудің шет ел тәжірибесі және оны Қазақстандық кәсіпорындарда қолдану......................................................49
3.2«АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеуді жақсарту.........................................58
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................67
ҚОЛДАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТКӨЗДЕРІ......................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«АДАЛ»-АҚ-ДА-ЕҢБЕКАҚЫ-ТӨЛЕУ.doc

— 516.00 Кб (Скачать документ)

"Адал" Акционерлік қоғамының  технико-экономикалық көрсеткіштері 8-кестеде ұсынылған.

 

 

 

 

8-кесте.  "Адал"     Акционерлік    қоғамының    техника    экономикалық

көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004 ж

2005 ж

Ауытқуы

 

 

 

 

 

+,-

%

1

2

3

4

5

6

7

1

Өткізілген        өнім көлемі

мың тг.

251907

307690

55783

122

2

Өткізілген   өнімнің өзіндік құны

мың тг.

168818

193264

30446

118

3

Жалпы табыс

мың тг.

89089

114426

25337

128

4

Кезең шығындары

мың тг.

74003

93769

19766

126

5

Негізгі    қызметтен түскен табыс

мың тг.

15086

20657

5571

136

6

Негізгі              емес қызметтен    түскен табыс

мың тг.

9706

13070

3364

134

7

Салық   сальшғанға дейінгі табыс

мың тг.

24792

33727

8935

136

8

Таза табыс

мың тг.

17354

23609

6255

136

9

Жұмыскерлер саны

    адам

  109

122

13

111

10

Жұмысшылар саны

   адам

   89

106

17

119

11

Жылдық   еңбекақы қоры

мың тг.

18712

22258

3546

118

12

Негізгі     өндірістік қорлардың жылдық орташа құны

мың тг.

84767

91760

6993

108

13

Қор қайтарымдылығы

тг

2,97

3,35

0,38

112

14

Қор сиымдылығы

тг

0,33

0,29

-0,04

87

15

1теңгеге өткізілген өнімге шаққандағы  шығын

тг

0,94

0,93

0,01

98

16

Өнім рентабельділігі

%

7,3

8,2

0,9

-

17

Өндіріс рентабельділігі

%

8,6

9,4

0,8

-

18

Сату рентабельділігі

%

6,8

7,6

0,8

-


8-кестедегі көрсеткіштерді талдау  барысы:

Жоғарыда көрсетлігендей өткізілген өнім көлемі 2005 жылы 55783 мың теңге 1,2есе артып отыр. Бұл кәсіпорынның дайын өнімінің өткізудегі алған жылжуын көрсетеді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 30446 мың теңгеге өскенін көреміз. Бұл негізінен өндірілген өнім көлемі және жалпы шикізат бағалары сондай-ақ еліміздегі инфляцияның деңгейінен болуы мүмкін.

 

 

Жалпы табыс сәйкесінше есепті жылы 28%-ға яғни 25337 мың теңгеге өскен.

Кезең шығындары көптеген кәсіпорындарда кезең шығындарының төмен болуын қадағалап, бақылап отыру қазіргі кезең талабы. Осыған сәйкес қарастырып отырған кәсіпорынымызда бұл шығын түрі 26%-ға өскенін аңғарамыз. Алдағы кезеңдерде кәсіпорын басшылығы кезең шығындарын төмендетуге көңіл бөлуі мүмкін.

Есепті жылы 5571 мың теңгеге өсіп, 136%-ді кұрады. Яғни негізгі қызметінің табысы 1,3 есеге өскен.

Сүт өнімдерін өндіріп, оны өткізуден басқа да қызметтен түскен табыс 3364 мың теңгені көрсетті. Уақытша бос ғимараттар мен транспорттық құралдарын жалға беру есебінен де біршама кірістер алып отыр. Олар есепті жылы 34%-ға өсіп, 13007,0 мың теңге болған.

Кәсіпорынның таза табысы, салыққа дейінгі табыстан коорпоративті табыс салығын алғаннан кейін шығады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 23609 мың теңге, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 6255 мың теңгеге артқан. Бұл кәсіпорын тиімді жұмыс жасау барысын көрсетеді.

Таза табыс базалық жылы 17354 мың теңгені құраса, есепті жылы 23609 мың теңгені қүраған. Яғни есепті жылы 36%-ға өскен.

2003 жылы жұмыскерлер саны 109, ал  жұмысшылар саны 89 болса, есепті  жылы жұмыскерлер саны 122, ал жұмысшылар  саны 106-ға өскен. Осымен қатар  жылдық еңбекақы қоры базалық  жылға қарағанда есепті жылы 18%-ға  өскен.

Компания негізгі өндірістік қорларына көңіл аударудың негізінде, оларды тиімді пайдалануды жолға қойған. Соның нәтижесінде реконструкция жасалынған. 2004 жылы негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны 91760 мың теңгені құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 6993 мың теңгеге артқан.

Негізгі өндірістік қордың 1 теңгесіне өнімнің 2003 жылы 2,97 теңгеден, ал 2004 жылы 3,35 теңгеге жоғарылаған. Яғни 12%-ға өскенін көреміз.

Қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш -0,04 теңгеге төмендеген (87%), бұл кәсіпорынның көрсеткішінің оң бағытта екенін көрсетеді.

2003 жылы 1 теңгеге 94 тиын болса, 2004 жылы 93 тиынды құрап, 1 тиынға төмендеген (98%). Шығындарды басқару бойынша  бұл көрсеткіштің төмендегені  нәтижеге оң әсер береді.

Кәсіпорын өндірген өнімдерінің қаншалықты табысты екенін анықтау үшін - өнім рентабельділігін табамыз. Аталған кәсіпорын бойынша өнім рентабельділігі 0,9 өскен. Негізгі өндірістің табыстылығын таза табысты негізгі және айналым қорларының қатынасы арқылы табамыз. "Адал" АҚ-ның негізгі өндірісінің табыстылығы 0,8-ге өскен.

Барынша сатылған өнімдерінің табыстылығында 0,8-ге ауытқу байқалған. Яғни өскенін байқап отырмыз.

 

2.3. "Адал" АҚ-да еңбекақы төлеуді  ұйымдастыру

 

Кәсіпорынның деректері бойынша 2003 жылы барлық жұмыскерлер саны 109 адамнан 2004 жылы 122 адамға, яғни 13 адамға артқан. Кәсіпорынның еңбек ресурстары жоспарға сәйкес қажеттілік көлемімен анықталады. 9-кестеде кәсіпорынның 2003-2004 жылдардағы еңбек ресурстарымен қамтылғанын қөреміз.

9 кесте - "Адал" АҚ-да еңбек  ресурстарымен қамтылуын талдау.

Жұмыскерлер категориясы

2003 ж

2004 ж

Пайыз

қатынасында

өзгеруі

1

Жұмыскерлер саны

109

122

111

1.1

Жұмысшылар саны

89

106

119

 

-негізгі жұмысшылар

36

42

116

 

-көмекші жұмысшылар

53

64

120

1.2

Қызметкерлер

14

11

78

1.3

Әкімшілік персонал

6

5

83


9- кестеден жұмысшылар саны 2004 жылы 119%-ға өскен. Соның ішінде негізгі жұмысшылар   116%-ға   өссе,   көмекші   жұмысшылар   120%-ға   өскен.   Бұл кәсіпорынның өндірістік қажеттіліктерінің жұмысшылардың қажет болғанын соның нәтижесінде өндірілген өнім көлемі өскенін көреміз. Еңбекақы төлеуді талдаудың негізгі мақсаты: еңбекақы жүйесі мен формаларын қолданудың негіздемесі; жұмыскерлердің категориясы мен кәсібіне қарай орташа жалақының динамикасы мен көлемін анықтау; еңбекақы қорындағы және жұмыскерлердің санындағы орташа жалақының ауытқуын анықтау; сыйақы жүйесінің тиімді жолдарын; жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуіндегі арақатынасы болып табылады.

10-кесте. "Адал" АҚ-да жұмыскерлердің  категориясы бойынша еңбекақы  қаражаттарын талдау.

Жұмыскерлер категориялары

Еңбекақы қоры, мың теңге

Тізімдік саны, адам

Орташа айлық жалақы, тг.

 

 

2003ж

2004ж

2003ж

2004ж

2003ж

2004ж

1

Жұмысшылар

11377

16004

89

106

10652

12581

2

Қызметкерлер

4566

3852

14

11

27184

29187

3

Әкімшілік персонал

2769

2402

6

5

38461

40037

4

Барлығы

18712

22258

109

122

14305

15203


 

10-кестеден еңбекақы қоры 2004 жылы 118%-ға өскен, ал орташа айлық  жалақы   15203   теңге,  яғни   106%-ді  құрады.  Бұл  жұмыскерлердің  тізімдік санының 13 адамға өсуімен көрінеді. Орташа айлық жалақы жұмыскерлер категориясы бойынша 2004 жылы:

-   жұмысшыларда 1929 теңгеге немесе 118%;

-    қызметкерлерде 2003 теңгеге  немесе 107%;

- әкімшілік персоналдарда 1576 теңгеге немесе 104% өсіп отыр. Жұмыскерлердің еңбекақы қоры келесі төлем түрлерін қамтиды:

1. ақшалай түрдегі жалақы:

-    орындаған жұмысы үшін  есептелген жалақы (тарифтік ставка, кесімді бағалау немесе кесімді  жалақы, сондай-ақ оклад есебінде);

-    тарифтік  ставка мен  окладқа қосымшалар  мен үстемелер,  мысалы кәсіптік шеберлігі, мамандану дәрежесі;

-    еңбек өтімі, еңбек ету  ұзақтығына сыйақылар;

-    түнгі уақытта жұмыс  істегіні үшін қосымшалар;

-    демалыс және мейрам  күндеріне төлемдер;

-    демалысқа    жіберуге    байланысты    күндерді    пайдаланбағаны   үшін өтемақылар;

-    уақытша жұмыс орнында болмаған  адамның міндетін және кәсібін қосып атқарғаны үшін қосымша ақылар;

-    уақытша еңбекке жарамсыздығына  байланысты үстемақы және т.б.

2. заттай түрдегі жалақы:

-   жұмысшыларға теміржол  транспорттарында жүруге жеңілдіктер  құны;

-   арнайы жұмыс киімдерін  төмен бағада алудағы жеңілдіктер  құны;

-   медициналық   тексеру, денсаулық   сақтау   ұйымдарымен   келісілген  медициналық қызметтерді төлеу  шығындары;

-   жоғары және арнайы орта  оқу мекемелерінде окуға төленетін  демалыс ақылары;

-   басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған төлемдер жатады;

 Заттай түрдегі еңбекақы  мен әлеуметтік төлемдер - еңбек  бойынша есеп беруде, есептеу  кезінде сол аймақтағы нарықтық  бағаларынан қарастырылады. Төмендетілген бағадағы тауарды ұсынғанда оның толық құны мен жұмыскердің төлеген сомасының айырмасы көрсетіледі.

Еңбекақы қаражаттарын пайдалану бойынша кәсіпорынның есеп шоты арқылы оның дұрыс берілгендігін банк мекемелері де іске асырады. Жұмыскерлерге есептелінген және төленген сомалар сондай-ақ салық органдары жеге қадағалап отырады. Олар бюджетке аударылуға тиісті жеке табыс салығының уақытында және дұрыс аударылуын бақылайды. Әлеуметтік қорлар әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдары қадағалайды.

11-кесте. "Адал" АҚ-ның еңбекақы -қорының құрамы

Көрсеткіштер атауы

2003 ж

2004 ж

 

мың тг.

үлесі, %

Мың тг.

үлесі, %

Еңбекақы қоры

18712

100

22258

100

Соның ішінде

- тарифтік және оклад

бойынша жалақы

14015

74,9

17695

79,5

- ынталандыру сипатындағы төлемдер

4229

22,6

4118

18,5

- еңбек өтіміне байланысты үстеме ақылар

131

0,7

111

0,5

- өтемақы сипатындағы төлемдер

93

0,5

44

0,2

- жұмыс істемеген уақытына байланысты  төлемдер

19

0,1

44

0,2

- демалыс күндері төлемдері

187

1,0

178

0,8

-материалдық көмек

38

0,2

67

0,3

Информация о работе « АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы