Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:45, курсовая работа

Краткое описание

МАЗМҰНЫ
Дипломдық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – «Интергаз Орталық Азия» АҚ мысалында кәсіпорын қаржысы.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның қаржысын басқару.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары................. 1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

қаржылық әдістер;

қаржы құралдары (тетіктер);

нормативтік қамтамасыз ету;

құқықтық қамтамасыз ету;

ақпараттық қамтамасыз ету.

Басқарудың кешенді жүйесі ретінде қаржылық механизмнің құрамы келесі суретте көрсетілген ( сурет 3):

Қаржылық механизм құрамында  құралдар мен әдістердің өзара қатынасында  қазіргі кездегі тәжірибеде тауарлық және қор нарығының дамуына байланысты белгілі өзгерістер туындады. Сонымен, қор нарығында қаржылық құралдарға екі контрагент арасында кез келген келісімшарт жатады, оның нәтижесінде бір серіктесте қаржылық актив пайда болса, екіншісінде үлестік және қарыздық сипаттағы қаржылық міндеттеме пайда болады. Мұнда қаржылық құралдар бірінші және екінші деңгейлі болып сипатталады. Олардың біріншісіне несиелер мен қарыздар, акциялар мен корпоративтік облигациялар, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және т.б. жатады. Екінші деңгейлі қаржылық құралдарға келесілер жатады: қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактілер, пайыздық және валюталық своптер және т.б. Екінші деңгейлі қаржылық құрал (дериватив) екі негізгі «туынды» сипатына ие:

оның негізіне белгілі бір базисті актив енгізілген (тауар, акция, облигация, вексель, валюта, қор индексі және т.б.);

оның бағасы базистік активтің құны негізінде анықталады.

Көптеген қаржылық құралдар мен операциялардың негізіне бағалы қағаздар (мемлекеттік және корпоративтік  акциялар мен облигациялар) жатқызылған. Бұдан басқа, бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) болып бөлінеді. Олар ҚР Қаржы министрлігінің реттеу мен бақылау объектісі болып табылады.

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық механизмнің бірлік жүйесінен  жеке элементтерінің жойылуын болдырмау  маңызды. Бұл шартты ескермеу шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық теңдігін жоғалтуға әкеледі.

Кәсіпорындар мен корпорацияның, шаруашылық және қаржылық қызметін талдауда, бағалауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне келесі коэффициенттер жатады:

-       қаржылық тұрақтылық;

  • төлемқабілеттілік;
  • өтімділік;
  • үлестік активтілігі (активтердің айналымдылығы және өзіндік капиталдың);

активтер мен өзіндік  капиталдың рентабельділігі (табыстылық).

Үш маңызды звенолардың  бірігуі қаржылық саясаттың мазмұнын анықтайды, олардың стратегиялық мақсаттары мыналар:

  • экономикалық өсудің көзі ретінде түсімді максимизациялау;
  • капиталдың құны мен құрылымын оңтайландыру;
  • қаржылық тұрақтылықты, іскерлі және нарықтық белсенділікті қамтамасыз ету;
  • меншік иелеріне, акционерлерге немесе құрылтайшылрға, инвесторларға, несие берушілерге және басқа контрагенттер үшін қаржылық ашықтылыққа жету;
  • корпоративтік бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржылық жалға беру (лизинг), қаржыландыру жобасы арқылы нарықтық әдістерді қолданып капитал тарту;
  • стратегиялық мақсаттарды құру есебімен қаржылық жағдайды және болжамдауды диагностикалау негізінде қаржыны басқарудағы тиімді басқаруды зерттеу;

Кезеңнің ұзақтығына және мақсаттың шешілу мінезіне қарап, қаржылық саясатты қаржылық стратегияға  және қаржылық тактикаға топтастыруға болады. /8, 78 б/

Қаржылық стратегия  − бұл шешуші мақсаттармен және оларға жетудің негізгі әдістерінің  жиынтығы. Стратегияны қалаулы мақсаттарды  қарапайым анықтау деп және оларды жүзеге асыру әдістерінің мүмкіндігі деп есептеуге болмайды. Стратегия  кәсіпорынның (корпорация) басқармасының қалауын емес, олардың қалауды дамытудың шынайы мүмкіндігін бейнелеу керек. Сондықтан стратегия кәсіпорын (корпорация) қызметінің ішкі және сыртқы шарттардың әділдігіне реакциясын білдіреді.

 

 

Сурет 3. Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы қаржылық әдістер

Қаржылық стратегия  − перспективаға және үлкен масштабты  міндеттерді дамытуды, шешуді болжамдауға  есептелген қаржылық саясаттың ұзақмерзімді бағамы. 

Оны зерттеу процесінде қаржылық қызметтің дамуының негізгі беталысын болжайды, ресурстік потенциялдың қалыптасу және қолдану концепциясын қалыптастырады, мемлекетпен (салық және т.б. саясат) және контрагенттермен (жеткізушілер, сатып алушылар, инвесторлар, несие берушілер, сақтандырушылар, және т.б.) қаржылық қатынастар принципін жоспарлайды.

Стратегия кәсіпорынның (корпорация) дамуының балама жолдарын таңдауын ұйғарады. Осы жағдайда алға қойылған мақсаттарға жету үшін болжамдар, мамандардың (менеджер) тәжіриебесі  мен сезгіштігі, қаржылық ресурстарды  жинақтау үшін аналитиктер мен сарапшылар қолданылады. Стратегия орнынан өндірістік және қаржылық  қызметтің нақты мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады және ағымдық басқарушылық шешімдер қабылдайды.

Қаржылық стратегияны  зерттеудің маңызды бағыттарына  келесілерді жатқызады:

  • қаржылық-экономикалық жағдайды талдау мен бағалау;
  • есептеу мен салық саясатын дамыту;
  • салық саясатын өндіру;
  • қаржылық жоспарлау;
  • негізгі капиталды басқару;
  • амортизациялық саясат;
  • несиелік борышты және айналым капиталын басқару;
  • қарыз қаражаттарын басқару;
  • ағымдық (операциялық) ұстап қалуларды, өнімді өндіруді, табыстар мен түсімдерді басқару;
  • қаржылық логистиканы (сатып алуды басқару);
  • баға саясаты;
  • дивиденттік және инвестициялық саясатты таңдау;
  • кәсіпорынның (корпорация) жетістіктерімен және оның нарықтық құнын бағалау;

Стратегияны таңдау болжанған нәтижені (табысты) алуға кепілдік бермейді оның себебі, сыртқы факторлардың әсері, соның ішінде қаржылық нарықтың, салықтың, бюджеттің, кедендік және мемлекеттің ақша-несие саясатының әсер етуінен.

Қаржылық стратегияның құрылымдық бөлімі кәсіпорынның (корпорация) қызметінің негізгі параметрлеріне бағытталған перспективті қаржылық жоспарлау болып табылады, оған: сатудың көлемі мен ұстанымдары, кіріс пен рентабельділік, қаржылық тұрақтылық, төлемқабілеттілік және т.б.

Қаржылық тактика қаржылық байланысты ұйымдастыру әдістерін  уақытылы өзгерту жолы арқылы, кәсіпорынның (корпорация) дамуындағы нақты кезеңдегі  жеке мақсаттарды шешуге, ақша ресурстарын  құрылымдық бөлімдермен және шығыстардың  түрлері арасында қайта бөлуге бағытталған. Тұрақты қаржылық стратегияға қатысты жағдайда, нарықтық конъюктура (ресурстарға ұсыныс пен сұраныс, тауарлар, қызмет көрсету және капитал) өзгерісімен болатын, қаржылық тактика өзінің майысуымен ерекшеленуі тиіс. Стратегия мен тактика кәсіпорынның (корпорация) қаржылық саясатының құрылымдық бөлігі болып табылады. Қаржылық саясат ауданында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық талдауда қолданылатын, фирмаішілік жоспарлаудың және болжаудың көрсеткіштерін анықтауда мәліметтердің басты көзі болып қызмет ететін, бухгалтерлік және сатистикалық есеп берулерде келтірілген жедел және басқарушылық есеп жүргізудегі ақпараттар қолданылады.

Фирмаішілік қаржылық жоспарлау  келесі жедел құжаттарды (айға, квартал, жыл) зерттеумен мінезделеді:

  • кәсіпорынның (корпорация) жалпы және оның құрылымдық бөлімдері бойынша табыстар және шығыстар бюджеті;
  • қызмет көрсету түрі және қаржылық есептке алу орталығы бойынша ақша қаражат қозғаласының бюджеті;
  • баланс парағы маңызды баптар бойынша баланс активін және пассивін болжау бойынша бюджет;
  • капиталдық (инвестициялық) бюджет;

Қаржылық талдау өзіне  келесі звеноларды қосады:

  • стратегиялық мақсаттарды анықтау үшін қаржылық мүмкіндіктерді (қаржылық потенциялды) бағалау;
  • өндірістік сату стратегиясынан шығып, қызмет көрсету түрлері (ағымдық, инвестициялық, қаржылық) бойынша ақша ағымдарының қозғалысының тиімділігін бөлу және бағалау.
  • қаржылық ресурстар және олардың түсу арығына (банктік несие, меншікті акциялары мен облигацияларын эмиссиялау, лизинг, коммерциялық несие және басқа) қосымша қажеттілікті анықтау.
  • ақша ресурстарының есеп беруде бейнеленетін кәсіпорынның (корпорация) қаржылық мүмкіндіктерін көрсететін формаға ауысуы;
  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, табыстылық, төлемқабілеттілік, мемлекет ішінде және шетелде іскерлік және нарықтық белсенділігі арқылы қабылданған қаржылық және инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау;

Қаржылық қызметтің  күнделікті тәжіриебесінде әрқашан  қайшылық мақсат тұрады: күнделікті өтімділікті  ұстап тұру және меншік иесінің мүддесінен түсім алу. Бір жағынан − меншік иесінің (немесе акционердің) әл- ауқатын қамтамасыз ету үшін ақшалай ақша қаражаттары болуы қажет. Басқа жағынан − жарамды кіріс алу үшін, акция иелеріне дивиденттер төленеді, оны сол ақшаларды немесе басқа өтімді активтерді айналымға бағыттау қажет. Кәсіпорынның (корпорация) қаржылық менеджерінің қызметінің басты мақсаты осы қайшылықты шешуде.   

      

 

 

 

2 Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау

 

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі  кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануға  талдау жүргізуге арналған: «Интергаз Орталық Азия» АҚ -ның қаржылық тұрақтылығын талдау, капиталды қолдануын талдау, өзін - өзі қаржыландыру деңгейін талдау жүргізілген.

 

 

 

 

 

2.1 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау

 

Рентабельділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасына барлық өндірістік-шаруашылық факторлардың жиынтығы әсер етеді: басқару және өндірісті  ұйымдастырудың деңгейі; капитал және оның көздерінің құрылымы; өндірістік ресурстарды қолдану дәрежесі; өнім көлемі, сапасы және құрылымы; өнімдердің өндірісіне шығындар және өзіндік құны; қызмет түрлері бойынша пайда. /13, 145 б/

Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау әдістемесі көрсеткішті  есептеудің бастапқы формуласын өндіріс  белсенділігі мен шаруашылық қызмет тиімділігін жоғарылатудың сапалы және сандық сипаттамасын бөлуді қарастырады.

Мысалы, жалпы рентабельділікті (өндірістік қорлар рентабельділік) талдау үшін үш немесе бес факторлық модельді қолдануға болады.

Барлық қолданылатын модельдер негізінде келесі қатынас жатыр:

 

,                       (11)

мұндағы - өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;

- өнімнің материал сыйымдылығы;

- өнімнің амортизациялық сыйымдылығы;

- негізгі өндірістік қорлар  бойынша өнімнің қор сыйымдылығы;

- айналым қаражаттары бойынша  өнімнің қор сыйымдылығы (айналым  қаражаттарының бекіту коэффициенті);

P – баланстық пайда;

F – негізгі қорлар жылдық орташа құны;

Е – материалдық айналым  қаражаттарының орташа қалдықтары;

R - өнім рентабельділігі;

- толық өзіндік құн бойынша  1 теңге өнімге шығындар.

Өнім табыстылығы қаншалықты жоғары; негізгі қорлардың қор  қайтарымдылығы және айналым қаражаттар айналымының жылдамдығы қаншалықты жоғары болса; 1 теңге өнімге шығындар және экономикалық элементтер (еңбек құралдары, материалдар, еңбек) бойынша шығындар қаншалықты төмен болса, қорлар рентабельділігі соншалықты жоғары болады. Рентабельділік деңгейіне жеке факторлардың әсер етуіне сандық баға беру тізбекті қойылым әдісі немесе факторлық әсер етуге баға берудің интегралдық әдісі бойынша анықталады.

Рентабельділікті факторлық  талдау 15 кестеде берілген.

Рентабельділікті  анықтаудың үш факторлық моделі

 

,                                           (12)

мұндағы λР - өнім табыстылғы

;

λF - өнімнің қор сыйымдылығы

;

λE – айналым қаражаттарының айналымдылығы

.

 

Рентабельділікті талдау «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жүргіземіз. «Интергаз Орталық Азия»  АҚ  капиталының рентабельділігін факторлы талдау үшін қажет көрсеткіштерді келесі 23 кестеден көреміз.

 

Кесте 23.

«Интергаз Орталық Азия»  АҚ  капиталының рентабельділігін факторлы талдау үшін қажет көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Шартты белгілеу

2005 ж.

2006 ж.

Ауытқулар

абсолютті

салыстырм.

1.Өнімді өткізуден түскен табыс,  мың теңге

N

55580993

83429143

+27848150

+1,501

2.Негізгі өндірістік қорлар, мыңтеңге

F

65512440

98368855

+32856415

+1,501

3.Айналым капиталы, мыңтеңге

E

33766273

3959660

+5830327

+1,173

4.Өзіндік құн, мың етңге

C

25956945

39166982

+13210037

+1,509

5.Жалпы табыс, мың теңге

P=N-C

29624048

44262161

+14638113

+1,494

6.Капитал рентабельділігі,бірліктер

R=P/(F=E)

0,29839

0,32082

+0,02243

1,075

Үш факторлы модель көрсеткіштері

1.Өнім табыстылығы, бірліктер

P/N

0,53299

0,53054

-0,00245

0,995

2.Өнімнің қорсыйымдылығы, бірл.

F/N

1,17868

1,17907

+0,00039

+1,000

3.Айналым капиталының айналымы, бірл.

E/N

0,60751

0,47461

-0,1329

-0,7812

Информация о работе Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан