Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:45, курсовая работа
МАЗМҰНЫ
Дипломдық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – «Интергаз Орталық Азия» АҚ мысалында кәсіпорын қаржысы.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның қаржысын басқару.
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары................. 1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орындамағаны үшін заңнамада
белгіленген қаржы
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы кәсіпкерлік
Нарықтық экономика
және меншіктің әр түрлі түрлеріне
негізделген сан алуан ұйымдық-
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтау мен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік − бір процестің − шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның − экономиканың негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2. Жоспарлық қағидаты
кәсіпорынның қаржылық қызметі
өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне,
оларға жетудің белгіленген
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға − бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3. Кәсіпорындар мен
ұйымдар меншігінің барлық
4. Кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастырудың қажетті
Нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда.Әріптес-
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттарын. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.
«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.
2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді. /4, 223 б/
Қаржы мен қаржы ресурстары – бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар.
Олар шаруашылық жүргізуші
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: “c”, “v”, “m”, болып табылады ( 2 сурет), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, “C” элементін көбейту үшін қосымша ресурстар тарту керек. “V” элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). “M” элементі табыс (пайда), өнімдер мен қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
жалпы ішкі өнім;
ұлттық байлық;
тартылған (қарыз) ресурстары;
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
меншікті қаржы ресурстарының
көздері: өнім өткізуден түскен табыс
(кәсіпорын ресурстарын
субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);
Жалпы қоғамдық өнім | |||||||
c |
V |
m | |||||
Материалдық шығындар |
Қажетті өнім |
Қосамша өнім | |||||
ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР) | |||||||
Амортизациялық аударымдар |
Айналымдағы қаражаттар |
Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер |
Ұлттық табыс | ||||
әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық) |
Таза табыс (пайда) | ||||||
Халықтан алыгатын салықтар Қарыздар мен лотереялар Ерікті жарналар |
Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары) | ||||||
Роялти, бонустар Табиғи ресурстар үшін төлемдер Баждар, лицензиялар үшін төлемдер Тіркеу алымдары Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер |
Сыртқы экономикалық қызметтен | ||||||
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер | |||||||
Сыртқы көздерден түсетін |
Сурет 2. Қаржы ресурстары
шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы – қызметкерлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);