Нарық жағдайында өндірісті ұйымдық-экономикалық дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 21:59, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының басты мақсаты болып: «Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау» болып көрсетілген.[1] Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1.0 Негізгі бөлім
1.1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс және өндірістік
құрылым түсінігі....................................................................................................7
1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен құрылымы..............................................14
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметіне қысқаша сипаттама....18
1.4 Өндірістік үрдіс - кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі............................... 23

Қорытынды..............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................32
Қосымша А Өндірістік цикл құрылымы ...............................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР-2.doc

— 329.00 Кб (Скачать документ)

Зауыттық құрылымның анықталған орнымен қоймалық шаруашылық тазалау қондырғылары  және коммуникациялар мен электр торабы, газ және ауа жүретін түтіктер, жылу жүйелері,  ауа тартқыш, рельстік және рельсіз жолдар транспортының жақсы жабдықталуы және т.б. айналысады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымында конструкторлық және технологиялық бөлімшелер маңызды рол атқарады. Оларда жаңа бұйымдар, ал осы бұйымдарды ал үшін технологиялық процестер және эксперименттік, тәжірибелк, конструкторлық жұмыстарды жүргізу жасалып отырады.

Цех құрамына негізгі  және көмекші өндірістік учаскелер  кіреді.

Негізгі өндірістік учаскелер технологиялық немесе халық принциптен құралады. Ұйымдастырылған учаскелерде технологиялық мамандандырылған принцип бойынша технологиялық операциялардың анықталған түрлері орындалды. Мысалы, учаскелер келесі технологиялық бағытпен ұйымдастырылуы мүмкін: жерлерді дайындау, құйма фораларын дайындау, құйылған формаларды өңдеу және т.б.

Көмекші цехтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары және қондырғыларға  қызмет көрсету бойынша учсакелер, көлік қызметі және т.б. кіреді. Кәсіпорынның көмекші учаскелерінде, цехтарында орталықтандырылған жүйеге ағымдағы жөндеу жұмыстары және ұйымдарға қызмет көрсету жүргізілмейді.

Көмекші цехтар және учаскелер, негізгі өндірістік цехтың және оның учаскелеріің белгілерімен ұйымдастырылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бізге белгілі: заттық, технологиялық және аралас.

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, олардың учаскелері, белгілі бір өнімді немесе оның бір  немесе бірнеше бөлшектерін дайындау нышандары негізінде құралады. Көбінесе бұл құрылым жалпы өндіріс ірі сериялық зауыт цехтарында қолданылады. Мысалы, автмобиль цехы, негізгі зауыттың заттық құрылымына двигатель, кузовтар, тасымалдағыш қораптар дайындайтын цехтар қызмет етеді.

Заттық құрылымның көптеген артықшылығы бар. Ол өндірістік формалардың цехтар арасындағы байланыстарын еңілдетеді және шектейді, цехаралық және цехтық транспорттарды арзандатады, өндіріс циклін сақтайды. Цехтың заттық құрылымы қондырғыштарды технологиялық процесс бойынша орналастыруға, жоғары өндірістік станоктарды, құрал-саймандарды, мөртаңбаларды лайыктап қолдануға ықпал жасайды.  Бұның барлығы шығарылған өнімдердің ұлғаюын, еңбек өнімділігіің жоғарылауын және өнімнің өзіндік құннығң төмендеуін қатамасыз етеді.

Технологиялық құрылым  нақты технологиялық жекеленуді алдын ала анықтап отырады. Мысалы, темірді құятын, оны өңдейтін, механикалық құрастыру цехтарының болуы.

Өндірістік құрылымның бұл түрі цехтық басқаруды жеңілдетеді, өндірістің бір номенклатуралы өнім шығаруынан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктерге – цехтар арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғары өнімді құрал-жабдықтар мен қралдарды қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы кіреді. Бұлардың барлығы еңбек өнімділігінің және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әсерін тигізеді.

Өндірістік құрылымның аралас түрі – заттық құрылым және технологиялық құрылымнан тұрады. Мысалы, машинаны жаппай жасайтын кәсіпорындардағы дайындау цехтары әдетте, технологиялық  принцип бойынша, ал механикалық  құрастыру цехтары – заттық езектегі принцип бойынша  ұйымдастырылады.

Мұндай түрдегі құрылымы бар өндірісте цех ішіндегі тасымалдау көлемінің азаюы, өнім өндірудің  өндірістік циклінің қысқартылуы, еңбек  жағдайын жақсарту, еңбек өнімділігін  арттыру, өндірістік шығындарды азайту кіреді.

Өндірістік процесс  – дегеніміз өзара әрекет ету  нәтижесінде шикізат пен материалдар  дайын өнімге немесе белгілі бір  қызмет түрлеріне айналатын еңбек  және табиғи процестердің жиынтығы.

Технологиялық процесс  – өндірістік процестің негізгі  және маңызды бөлігі, мұнда еңбек заттары мөлшерін, геометриялық формасын немесе физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертеді.

Технологиялық операция – өндірістік   процестің қарапайым  бөлігі. Ол бір жұмыс орнында жабдықтарды  қайта ауыстырмай-ақ бір немесе бірнеше  жұмысшымен бір немесе бірнеше бұйымды дайындауда орын алады.

Өндірістік процестің  экономикалық мәні қосымша құнның қалыптасуында  көрінеді.

Өндірістік процесті маңызды белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • Өндіріс нысанының сипаты бойынша: қарапайым және күрделі. Қарапайым процесс кезектесіп орындалатын операциялардан тұрады. Күрделі процесс уақытта үйлестірілген қарапайым процестердің жиынтығы.
  • Уақытта өтуіне байланысты: үздіксіз және дискретті. Үздікісіз процесс тұрақты өндірістік циклымен, үздіксіз қызмет көрсетумен, үзілістердің болмауымен, ырғақты қайталануымен сипатталады. Дискретті процесс өнім дифференциациясымен, топтық техникаға арналған жабдықтармен, сериялық немесе бірлік өндіріспен сипатталады.
  • Еңбек қатынасы бойынша: еңбек және табиғи процесс. Еңбек процесі адамның қатысумен орындалады. Табиғи процес адамның қатысуынсыз орындалады.
  • Өндірістегі бағыты бойынша: негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші процестер. Негізгі өндірістік процестер бұл кәсіпорын жоспарына сәйкес еңбек заттарының формасын, қасиетін, ішкі құрылымын өзгертіп, дайын өнімге айналуы. Көмекші өндірістік процесс нәтижесі негізгі процесте пайдаланылатын немесе оның қалыпты өтуін қамтамасыз ететін процесс. Қызмет көрсетуші өндірістік процесс негізгі және көмекші процестердің үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін процесс.
  • Орындалатын техникалық операциялардың сатылығы бойынша: дайындаушы саты, өңдеуші саты, жинау сатысы. Дайындаушы саты – бұл механикалық, термиялық, электрлік, физикалық-химиялық өңдеу жолымен дайындамалардан (заготовка) дайын детальдарды алу процесі. Жинау сатысы – бұл жиналмалы бірліктерді, дайын детальдарды алу, сондай-ақ оларды сынақтан өткізу, орамалау процесі[3].

Өндірістік процестерді  дұрыс және рационалды ұйымдастырудан кәсіпорынның өндірістік-шарушылық қызметінің нәтижелеріне, өнімнің өзіндік құнына, пайда мен өндіріс рентабельділігіне, аяқталмаған өндіріс көлеміне тәуелді болады.

Өндірістік процесті уақытта және кеңістікте ұйымдастыра  отырып, бірқатар принциптерді ескеру қажет. Оларды дұрыс пайдалану кәсіпорын  жұмысының тиімділігін, жұмсалатын ресурстардың рационалды деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл принциптерге мыналар жатады: дифференциация, шоғырлану және интеграция, мамандану, пропорционалдылық, тікелей дәлдік, үздіксіздік, параллельділік, ырғақтылық, икемділік.

  1. Дифференциация принципі өндірістік процестердің жекелеген техникалық прцестерге, операцияларға, тәсілдерге, қозғалыстарға бөлінуін білдіреді. Мұнда әрбір элементтің ерекшелігін талдау, оны жүзеге асыру үшін ең жақсы жағдайды таңдауға мүмкіндік береді;
  2. Қазіргі заманғы өнімділігі жоғары жабдықтарды пайдалану кезінде дифференциация принципі операциялардың шоғырлану принципіне ауысады. Шоғырлану принципі бір жұмыс орнында бірнеше операциялардың орындалуын білдіреді. Интеграция принципі негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші процестердің бірігуінен тұрады.
  3. Мамандану принципі өнімнің спецификалық жабдыққа, техникаға, шикізатқа, кадрға негізделген өндірістік процестің цехтағы, участоктағы, жұмыс орнындағы бөлінуін білдіреді.
  4. Пропорционалдылық принципі негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші процестерді орындайтын барлық өндірістік бөлімшелердің бірдей өткізу қабілетін сипаттайды.
  5. Тікелей дәлдік принципінде өндірістік процесс өндіріске жіберілгеннен дайын өнім шыққанға дейін детальдар қозғалысының қысқа жолын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады. Материалдар тасқыны қысқа, кездеспейтіндей және қайта орындалмайтындай қозғалыста болуы керек. Мұндай тәртіпті сақтау үшін жабдықтар техникалық процесс барысы бойынша орналастырылады.
  6. Үздіксіздік принципі өндіріс процесіндегі үзілістерді мүмкіндігінше қысқартуды жорамалдайды. Бұл принцип бұйымды дайындау циклының қысқаруын қамтамасыз етеді және осылайша өндіріс интенсификациясының жоғарылауына ықпал етеді.
  7. Параллельділік принципі әртүрлі жұмыс орнында өндірістік процестің бір мезгілде орындалуын білдіреді. Бұл принцип өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартады және жұмыс уақытын үнемдейді.
  8. Ырғақтылық принципінде бірдей уақыт кезеңінде бірдей өнім көлемі шығарылады. Ырғақтылық принципі кәсіпорынның және бөлімшенің өндірістік қуатын неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік береді.
  9. Икемділік принципі жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, жаңа өнім шығаруды тез арада игеруге мүмкіндік береді[4].

Өндірістік цикл дегеніміз  – процестің басынан аяғына дейін  детальдарды дайындаудың календарлық уақыт интервалы. Өндірістік циклдағы техниклық операциялардың орындалу уақыты техникалық циклды (Тц) құрайды. Бір операцияның орындалу уақыты операциялық цикл деп аталады. Өндірістік циклдың негізгі сипаттамалары оның ұзақтығы мен құрылымы болып табылады.

Өндірістік циклдың  ұзақтығы дегеніміз – шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың дайын өнімге айналу уақытының календарлық  кезеңі.

Қарапайым процестің  өндірістік циклы өндіріске дайындаманы  немесе материалды жіберуден басталып, дайын детальды соңғы операциядан шығарумен аяқталады. Күрделі процестің өндірістік циклы қарапайым процестердің жиынтығынан тұрады.

Өндірістік цикл ұзақтығы келесі формуламен есептеледі:

 

 

Мұндағы: Тц - өндірістік цикл ұзақтығы, тәулік немесе сағат.

  • техникалық операциялар уақытының қосындысы;
  • табиғи процестер уақытының қосындысы;
  • тасымалдау операциялары уақытының қосындысы;
  • бақылаушы операциялар уақытының қосындысы;
  • өңдеуді күтіп жатқан детальдар уақытының қосындысы.

 

Өндірістік цикл ұзақтығы кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне тікелей әсер етеді. Өндірістік цикл неғұрлым қысқа болса, аяқталмаған өндіріс көлемі мен айналым құралдарына деген қажеттілік соғұрлым азаяды.

Өндірістік цикл тек  уақытпен емес сонымен бірге құрылымымен  де сипатталады. Өндірістік цикл құрылымын А қосымшадан көруге болады.

 

Ескертпе-автормен зерттеу негізінде  құрастырылған

 

Сурет 1. Өндірістік цикл құрылымы

 

Өндірістік цикл ұзақтығын  нормалауда еңбек заттарын өңдеу  процесінде олардың қозғалысының түрін дұрыс таңдау маңызды рольге ие. Қозғалыстың үш түрі бар: кезектескен, параллельді және параллельді-кезектескен[5].

Кезектескен қозғалыс түрінде әрбір  келесі операция алдыңғы операциядағы барлық детальдар партиясын дайындау уақыты аяқталған соң ғана басталады.

Кезектескен қозғалыс түрінде өндірістік цикл мына формуламен анықталады:

Мұндағы: һ – партиядағы детальдар  саны, дана;

                    – і-ші операциядағы 1 детальді өңдеу уақыты, мин;

                   m – операциялар саны.

Өндірістік циклды қысқарту үшін параллельді кезектескен қозғалыс түрі қолданылады. Мұнда өңделетін  партия тасымалданатын партияларға  бөлінеді. Тасымалданатын партия әрбір  операцияда үздіксіз өңделеді.Оны келесі операцияға басқа партияның жұмысның аяқталуын күтпей-ақ беруге болады:

 

  неғұрлым ұзақ операция уақыты;

аралас ұзақ және қысқа операциялардың ұзаөтығы.

 

 

Өндірістік циклды параллельдік қозғалыс түрін пайдалану арқылы одан әрі қысқартуға болады. Мұнда  детальдар бір операциядан екіншісіне өңдеу аяқталған соң бірден беріледі және барлық операциялар бойынша  детальдарды өңдеу үздіксіз іске асырылады.

 

Тц (пар) = 60+20(4-1)=120 мин.

 

Өндірістік циклды қысқартудың  негізгі жолдары мыналар:

  • Негізгі техникалық операциялара еңбек шығындарын төмедету. Бұған конструкция мен техниканы жетілдіру есебінен қол жеткізуге болады.
  • Тасымалдау, қойма және бақылау операцияларына уақыт шығындарын қысқарту, яғни оларды уақыт бойынша өңдеу және жинау процестерімен үйлестіру керек.
  • Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру. Бұл үшін орындалатын жұмыстардың параллельдік дәрежесін арттыру қажет[6].

 

 

1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен құрылымы

Өндірісті ұйымдастыру түрі - өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері және техникалық деңгейіне жалпы сипаттама беруді түсіндіреді. Өндірісті ұйымдастыру түріне мынадай факторлар әсер етеді: мамандандыру деңгейі; өндріс көлемі; нарықтық экономика жағдайындағы шығарылатын өнім номенклатурасының тұрақтылығы.

Өндірістің негізгі  үш түрі бар: жеке өндіріс, сериялық өндіріс, жаппай өндіріс.

Жеке өндіріс түрі - әр түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп өндіруді қарастырады.

Бұл өндіріс түрінің  қажетті ерекшеліктері:

  • әр кезде қайталанбайтын, көптеген номенклатуралы өнімдердің шығарылуы
  • жұмыс орнын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру
  • универсалды қондырғыларды және технологиялық жабдықтарды қолдану
  • өндірістік процесте жұмыс істейтін жоғары білікті мамандардың көп болуы
  • өндірістік циклдің маңызды ұзақтылығы
  • аяқталмаған өндірістің едәуір ұлғаюы
  • оперативті өндірістік жоспарлауды және өндірістік басқаруды салыстырмалы түрдегі қалдығы жүйесінің жоғары болуы
  • еңбек ететін адамдардың салыстырмалы түрде шығынының жоғары болуы
  • қолмен жиналатын және ұқсас операциялардың көлемінің көп болуы

Жеке өндіріс –  дара өндірістің бір түрі болып табылады, мысалы, космостық объектілердің  дайындау.

Информация о работе Нарық жағдайында өндірісті ұйымдық-экономикалық дайындау