Нарық жағдайында өндірісті ұйымдық-экономикалық дайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 21:59, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының басты мақсаты болып: «Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау» болып көрсетілген.[1] Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1.0 Негізгі бөлім
1.1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс және өндірістік
құрылым түсінігі....................................................................................................7
1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен құрылымы..............................................14
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметіне қысқаша сипаттама....18
1.4 Өндірістік үрдіс - кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі............................... 23

Қорытынды..............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................32
Қосымша А Өндірістік цикл құрылымы ...............................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР-2.doc

— 329.00 Кб (Скачать документ)

Нарық жағдайында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау

 

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................4

 

1.0  Негізгі бөлім

1.1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс және өндірістік

      құрылым түсінігі....................................................................................................7

1.2 Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен құрылымы..............................................14

1.3 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметіне қысқаша сипаттама....18

1.4 Өндірістік үрдіс - кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі............................... 23

 

Қорытынды..............................................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................32

Қосымша А Өндірістік цикл құрылымы ...............................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының басты  мақсаты болып: «Шикiзат бағытынан  қол үзуге ықпал ететiн экономика  салаларын әртараптандыру жолымен  елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ   мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау» болып көрсетілген.[1] Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. 
     Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы  бiрқатар проблемаларға тап болып  отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды  жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия  аясында алға қойылған мақсаттар  мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн  Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

«Болашақты бірге құрайық» - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылы халыққа жолдауында «Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей отандық және шетелдік инвестициялар болуы тиіс» деген[2].

Қазақстан Республкасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділігінің өсуін, өндіріс тиімділігінің барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. Дегенмен, осындай жағдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін айқындау маңызды болып табылады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арртырудың негізгі  бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. «Өндірістің экономикалық тиімділігі» ұғымына  әлеуметтік тиімділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с.)

Анықталған көлемі мен сапасы бар  белгілі бір өнімді белгіленген  мерзімде шығару кез келген өнеркәсіп  орнының іс-әрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың қажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысының сапасын, ең алдымен, өндіріліген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.

Нарыққа өтумен байланысты Қазақстандағы  экономикалық қатынастардың өзгерсі  өндіріс тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздерін нақтылап алуды  талап етеді. Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу өндіріс тиімділігінің мәніне гөрі шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайындағы тәжірибесін қайта бағалаудың қажеттілігіне алып келіп отыр.

Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе  өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

  • инфляция мәселелері
  • ресурстардың болашақтағы бағалырының белгісіздігі
  • төлеу қабілеті бар сұраныс
  • ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы
  • инвестициялық саясатты қалыптастыру, тәжірибесінің нашарлығы
  • инвестициялық бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі
  • қаржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.

Осы жағдайда кәсіпорынның ұзақ мұқият мерзімді болашаққа арналған, терең ойластырылған және мұқият өңделген, өндірістік-шаруашылық саясатын қалыптастыру ерекше маңызға ие болып отыр. Кәсіпорынның саясаты керісінше емес, болашақтан қазіргі уақытқа қарай құрылуы қажет. Айтылған кәсіпорын бірінші кезекте белгілі мерзімнен кейін жеткізгісі келетін даму деңгейін және оны қалайша жасауға әрекеттенетін анықтайды деп түсіну қажет.

Экономикалық реформаны  өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның тиімділігінің артуы, алдыңғы  асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы  өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады.

Өндіріс тиімділігі жалпы  өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты санаттарының біріне жатады.

Нарықтық экономика  жағдайында әр кәсіпорын өндіріс  процесінің тиімділігі өндірісті ұйымдық  – экономикалық дайындау, оның тиімді ұйымдастыруына тікелей байланысты. Соңдықтан, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, жұмысының тиімділігі өндіріс процесін толық материалдық, еңбек және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Осыдан, кәсіпорында өндіріс процесін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстармен толық және тиімді мөлшерде қамтамасыз ету, оны дұрыс ұйымдастыру  нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуі шартты жағдайы болып табылады.Сондық осы дипломдық жұмыста қарастырылатын, өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау, ұтымды ұйымдастыру, қолын бар материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі зор екенділігіне көз жеткілікті.

Курстық жұмыстың мақсаттары мыналар:

  • өндіріс және өндірістік құрылым түсінігін, өндірісті ұйымдастырудың түрлері мен құрылымын, ұйымдастыру принциптерін ашып көрсету;
  • кәсіпорынның экономикалық ресурстарын ұйымдастыру, басқару және тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін көрсету;
  • кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы талқылау, баға беру және жетілдіру жолдарын көрсету;
  • кәсіпорында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау үрдісін
  • жетілдіру бағыттары

Курстық жұмыстың мақсаттарына жету үшін төмендегі міндеттерді орындаумыз керек:

  • өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдарын көрсету;
  • өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары анықтау және оған кәсіпорын қызметін бағыттау;
  • кәсіпорында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау үрдісін

жетілдіру бағыттарын көрсету;

  • кәсіпорынның бас жоспары - өндірісті ұйымдық – экономикалық

        дайындаудың негізі ретінде көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Автопарк» ЖШС-гі, осы кәсіпорында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау тәжірибесін зерттеу баға беру және зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша шараларды дайындап оны іске асыру.

Курстық жұмыстың пәні болып дипломдық жұмыс тақырыбымен айқындалып, нарық жағдайында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау іс-әрекеті болып табылады.

Курстық жұмысты орындау барысында қоғамның экономикалық жүйесін талқылаудың бір неше әдістер мен тәсілдері қолданылды, соның ішінде талдау, синтез, экономикалық-математикалық үлгілеу, болжам жасау, баланс жасау және т.б.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылығы болып автор нарық жағдайында өндірісті ұйымдық – экономикалық дайындау жұмысын, өндіріс процесін тиімді ұйымдастыруды жетілдіру бағытында нақты шараларды үсынып, оларды жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.

 

1.0 Негізгі бөлім

1.1 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы. Өндіріс және

     өндірістік құрылым түсінігі

Өндіріс – бұл қоғамның дамуына және тршілік етуі үшін қажетті материалдық игіліктердің  жасалуы. өндірістің мазмұнына сәйкес еңбек ету жағдайын келесі түрде анықтайды:

- орынды жұмыс немесе  еңбектің өзі

- еңбек заты, яғни адам  еңбектің өзі

- еңбек құралдары (машиналар,  қондырғылар, құрал-саймандарды адам еңбек затының көмегімен жасап шығарады.

Материалдық өндірістің нәтижесі соңғы өнімнің берілген тұтынушылық қасиетке ие болуы болып  табылады.

Қазіргі өндіріс ғылыми-техникалық революцияның өркендеу жағдайларын  қолдану, соның ішінде өндірісті автоматтандыру арқылы дамып келеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорын  өндірістің бөлімшелерінен, яғни кәсіпорын  жұмысшыларының және жанұя мүшелерінің  ықыласын қанағаттандыратын – цехтардан, учаскелерден, сонымен қатар қызмет көрсететін шаруашылықтардан, басқару органдарынан, ұйым және мекемелерден тұрады.

Өндіріс бөлімшелер жиынтығы, кәсіпорынның ұйымдастыруы бойынша  басқаруы мен жұмысшылардың саны, өзара қарым-қатынастарын кәсіпорынның, фирманың жалпы құрылымын көрсетеді.

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері –цехтар, учаскелер, қызмет кқрсететін шаруашылықтар және қызметтер бірігіп кәсіпорынның  өндірістік құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік тиімді құрылымын құрастыру келесі тәртіппен іске асырылады:

  • кәсіпорындағы учаскелер, цехтар санын белгілеу, олардың өлшемдерінің қуаттылығы, шығаруға берілген өнімдерді қамтамасыз ету
  • кәсіпорынның бас жоспарында әр цехтан және қоймаларының орналасу орны есептелінеді, орналасу жері анықталады
  • кәсіпорынның барлық ішкі транспорттық байланыстары, қаетт сыртқы коммуникациялары жоспарланды
  • өндірістік процестің қозғалысына еңбек затының ең қысқа бағыттарын белгілеу

Өндірістік бөлемшелерге өнім өндіретін цехтар, учаскелер, зертханалар, кәсіпорындағы өндіріліп жатқан негізгі өнімді сынақтан өткізу және тексеру жұмыстары, құрама өнімдер, материалдар және жартылай өнім, эксплуатация процесінде өнімді күтіп ұстау, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және т.б. кіреді.

Жұмысшыларға қызмет көрсету бөлімшелеріне мыналар  кіреді: коммуналдық-тұрмыстық орындар, зауыт-фабрикалар, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар, санаториялер, пансионарттар, демалыс үйлері, профилакторийлер, ерікті спорттық қауымдастықтар, жұмысшылардың, мамандар мен басқарушылардың өндірістік білітілігін көтеру, техникалық оқыту бөлімдері және оқу орындары.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі (кәсіпорынның цехсыз басқару құрылымын айтпағанда) – цехтық әкімшілік жағынан ерекшеленген, өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқратын буын.

Кәсіпорындарда цехтарды – негізгі, көмекші, қосымша деп  үш топқа бөлуге болады.

Негізгі цехтарда сату үшін әзірленген дайын өнімдер операциялары орындалады. Негізгі цехтар дайындау, өңдеу және құрастыру жұмыстарын істейді. Дайындаушы цехына – темірді  құю, үлгі бойынша соғу, престеу, кейбір уақыттарда конструкцияны дәнекерлеу цехтары жатады.

Ал өңдеу цехына –  механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздырып өңдеу, галвандық өңдеу, қосымша  бөлшектерді және байланыстырғыш орталықтарды сырлау цехтары жатады.

Құрастыру цехына – бұйымдарды  құрастыру цехы, оларды сырлау қосымша  бөлшектер мен жинақтау цехтары жатады.

Көмекші немесе қызмет көрсететігн  цехтарға: құрал-жабдықтар, стандартты емес қондырғылар, модельдік жөндеу жұмыстары, энергетикалық, транспорттық цехтар жатады.

Қосалқы цехтарға – қалдықтарды  қайта өңдеу және пайдалану, өнімдерді  орау үшін ыдыстарды  дайындау жұмыстары жатады. Сонымен бірге әр зауыттың ішінде мынадай цехтар болуына тиіс: қызмет және бөлімдер, өнеркәсіптік-шаруашылық емес қызмет көрсетулер.

Информация о работе Нарық жағдайында өндірісті ұйымдық-экономикалық дайындау