Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 23:19, курсовая работа

Краткое описание

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістің белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар;
-Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар.
-Жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаражат шығындары;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................
3

I Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны.................................…........

1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері................................
4
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны............... ...................................................
8
1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары..................................
13

II Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру.....................................

2.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы...........................................
15
2.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы және оның бөлінуі…........................
17

III «АКА» ЖШС қаржылық нәтижесін талдау.............................................

3.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы.........................................
20
3.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері ......................................................
24
3.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру.............
31
Қорытынды...........................................................................................................
34
Пайдаланылған әдебиеттер................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері (2).docx

— 88.36 Кб (Скачать документ)

 

Кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның өндірісті ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерін пайдаланатындығын көрсетіп тұр. Яғни өндірістің шығындарын жабуда өзінің қаражаттары 2007 жылы жалпы жалпы  соманың 246965,47 мың теңгесін немесе 93,62 %-ын құрады, ал 2008 жылы 292972,36 мың теңге  немесе 87,47 %-ын құрады. Осыған орай 2008 жылы 2007 жылға қарағанда жалпы өндірісті  қаржыландырудағы ақша сомасында өзінөзі  қаржыландырудың үлесінің азайғанын  байқаймыз.

Кәсіпорын өнірісті қаржыландырудың  сырқы көздеріне Банктерден алынған  кредиттерді пайдаланбағаны кестеде  көрсетілген. Сыртқы қаржыландыру көздеріне  басқа ЗТ алынған қарыздар ғана жатады. Олардың жалпы өндірісті қаржыландырудағы үлесі 2007 жылы 6,38 %-ға, 2008 жылы 12,53 %-ға тең.

2008 жылы 2007 жылға қарағанда жалпы  өндірісті қаржыландыру 71152,96 мың  теңгеге немесе 39,67 %-ға артқан. Оның  ішінде кәсіпорынның  өзін өзі  қаржыландыру 2008 жылы 2007 жылға қарағанда  46006,89 мың теңгеге, басқаша сөзбен  айтқанда 30,49 %-ға арқан. Ал Заңды  тұлғалардан алған қарыз көздерінен  құралған қаржыландыру сомасы 25146,07 теңгеге, басқаша сөзбен айтқанда 174,45 %- ға өскен. 

Кәсіпорын  банктерден несие алуға  мұқтаж емес. Өндірісін жүргізу үшін өзінің ақша қаражаты толықтай жеткілікті. Оны келтірілген кестеде байқай алдық. Сонымен  қатар өскен жылдардағы статистика мәліметтері осыған дәлел  болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН  БАҒА БЕРУ

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау ушін келесі әдістер пайдаланылады:

кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі  заманға сай және объективті түрде  бақылау. Яғни кәсіпорынның  осал тұстарын қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал тұстарды жою жолдары.

қаржылық жағдайды жақасрту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның  төлем  қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.

қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше  болжау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы мәліметтер ткөзі бухгелтерлік баланс болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәісіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  оның комерциялық және қаржылық қызіметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылқ жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді  талдаудан басталады.

 

 

Кесте 10 - Есепті кезеңдегі баланс мәліметтерінің өзгерісі

 

көрсеткіштер

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс(+,-)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

баланстағы үлесі (%)

сомасы мың.тг

өзгеру қарқыны(%)

I

Айналымдағы активтер

269640,16

42,61

218837,53

30,52

-50802,6

-18,84

II

Айналымнан тыс активтер

363226,58

57,39

498270,61

69,48

135044

37,18

*

Активтердің балансы:

632866,7

100

717108,1

100

84241,4

13,31

I

Қыс. мерзімді міндеттемелер

112095,46

17,72

122489,94

17,08

10394,48

9,27

II

Ұз.мерзімді міндщеттемелер

96209,83

15,20

179888,65

25,09

83678,82

86,97

III

Жарғылық, резервтік кап-л.

424561,45

67,08

414729,55

57,83

-9831,9

-2,32

*

Пассивтердің балансы:

632866,7

100

717108,1

100

84241,4

13,31


 

Жинақталған бухгалтерлік балансты  сараптау кеінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда  жалпы активтер 71152,96 мың теңгеге  немесе 39,67 %-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда айналымнан тыс активтердің 1350440,3 мың теңгеге немесе 37,18 %-ға артқан. Ал айналымдақы қысқа мерзімді активтер 50802,63 мың теңгегн немесе 18,84 %-ға кеміген.

Жыл ссоңында  жыл басымен салыстырғанда  пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 57,83 %-ды құрайды. Ол жыл басымен  салыстырғанды 9831,9 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің  пассивтегі үлесі жыл басымен  салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, ол 17,8 %-ды құрап тұр. Бірақ жыл  басымен салыстырғанда ол 9,27 %-ға, яғни 10394,48 мың теңгеге артқан. Пассивте ұзақ мерзімді активтер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, жыл басымен салыстырғанда ол 86,97 %-ға  артып, 83678,82 мың теңгеге артқан.

Қорыта келгенд Кәсіпорынның есепті жылғы балансының  динамикасында өткен жылмен салыстырғанда артулар мен кемулер бар. Кемулер Айналымды активтерде және жарғылық, резервік капиталдардың сомаларында орын алған. Артуларға тоқталатын болсақ Ұзақ мерзімді активтер және қысқа, ұзақ мерзімді міндеттемелерде орын алған.

Жарғалық, резервтік капитал  міндеттемелердің 57,83 %- құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. Жыл басымен салыстырғанда  жарғалық, резервтік капиталдың жалпы  міндеттемелрдегі үлесінің 67,08 %-дан    57,83 %-ға азайуы динамика қаржылық тұрақтылықтың  кемуін білдіреді, бірақ пайызды санға айналдырып қарасақ жыл соңындағы  жарғалық, резервтік капитал жыл басына қарағанда небәрі 9831,9 мың теңгеге кеміген. ( Қосымша 5)

Төлем қабітеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін уақытылы жауып отыру болып табылады.

Төлемқабілеттілікті талдауғ кіреді:

баланстың ликвидтілігін талдау

ликвиттілік коэфиценттерін талдау.

Баланстың ликвидтілігі оның міндеттемелерін  активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

Активтердің ликидтілігі – активтердің  ақша қаражатына айалу  уқытымен, мөлшері  анықталады.

А1 – ликвидті активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық салымдар)-1248 мың тг

А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа  мерзімді дебиторлық қарыздар)

-  қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар – 36231,7

А 3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ҚҚС, ұзақ мерзімді деьиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы активтер)

запастар –173873,2

басқа да айналымдағы активтер – 1640 мың тг.

ҚҚС – 5844,6

А4 – қиын өтімді активтер ( ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері ) - 498270,6

П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер ( кредиторлық қарыздар)

кредиторлық қарыздар – 115669,2

П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа  мерзімді кредиттертер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа  да қысқа мер. активтер )

басқа да қысқа мер. активтер – 5468,1

міндетті және ерікті төлемдер – 1352,7

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы  табыс)

ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар – 179888,6

П4 – тұрақты пассвтер (кпитал, резервтер)

жарғылқ қор – 103 мың тг.

Резервті қор – 63366,2 мың тг.

Бөлінбеген табыс – 351260,3 мың  тг.

Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс ликвидті болып табылады:

А 1 ³ П 1; А 2 ³ П 2; А 3 ³ П 3; А 4 £ П 4.

Теңсіздіктерге оралатын болсақ:

А 1 ³ П 1  теңсіздігі бойынша ликвидті активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен немесе тең болуы керек. Бұл теңсіздік орындалып тұр. А1, яғни ликвидті активтер П1 қысқа мерзімді мінднттемелерден 2,5 есе, яғни нақтырақ айтсақ 334642,8 мың теңгеге асып тұр. Бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді.

 А 2 ³ П 2 теңсіздігі орындалып тұр, яғни жылдам өтімді акивтер А2, қысқа мерзімді пассивтерден П2 үлкен. А2=36231,7 > П2= 6820,8 А2 улкен П2 29410,9 мың теңгеге артық болып тұр.

А 3 ³ П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелрден П3, өтімділігі төмен активтер А3 1469,2 мың теңгеге артық болғандықтан үшінші теңсіздік орындалып тұр.

А 4 £ П 4.    П4 = 414729,5  >  А4 = 302378,6. Төртінші теңсіздік бойынша қиын өтімді активтер тұрақты пассивтердерден 112350,9 мың теңгеге кем .

Қорыта келгенде жүргізілген зерттеулердің  нәтижелеріне сүйене отырып  Серіктестіктің қаржылық жағдайына  берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының ликвидтілігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген  қаржылық талдаулардың нәтижесінде  кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Серіктестік  несие және төлем қабілетті. Озіне  алынған міндеттемелерді уақытында  жауып отыруға мүмкіншілігі бар.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Өндіріс шығыны  — бұл кәсіпорынның өндіруге  және өнімді сатуға кеткен  барлық шығындардың сомасы, яғни  өнімді ѳндіруге кеткен еңбек  шығындарының (нақты еңбек, өткендегі  еңбек) жиынтығы

       Кәсіпорынның  қызметін айқындайтын экономикалық  көрсеткіштердің жиынтыгы өнімнің  өзіндік құны болып табылады. Бұл оның пайдаланылған

өндіріс құралдарының шығынын және еңбекке ақы төлеуді қоса есептегендегі  оның ақшага айналдырылған құнының  бір бөлігі.

       Өнімнің өзіндік  құны белгілі бір ѳнім өлшемін  өндірудің және сатудың кәсіпорынға  қаншаға түсетінін көрсетеді.

       Өндірілген ѳнімді  сатудан түскен қаржының есебінен  өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер  шығынының орны толтырылады,  ал қалған қаржының бір бөлігі  ұлғаймалы ѳндірісті дамытуға  жұмсалады.

       Өндіріс тәсілінің  негізгі экономикалық санатының  бірі бола отырып, өнімнің өзіндік  құны кәсіпорынның экономикалық  тиімділігін анықтайтын неғұрлым  толыңқ көрсеткіш болып саналады.

       Өзіндік құнға  жолдама жасағанда оған кеткен  шығындарға мұқият талдау жасау,  өндірісті дұрыс ұйымдастыру,  техниканы және технологияны, материалдар  мен шикізаттарды және т.б.  материалдық ресурстардың барлық  резервтерін табу, сөйтіп, өнімсіз  еңбек шығындарын анықтау және  алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың  өзіндік құнын  азайту жөніндегі  тәжірибелерін үйрену қажет.

              Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші  пайда түсімі болып табылады, яғни өндірістің және айналымның  қаржы қорытындысын білдіретін  кәсіпорын жұмысының нәтижелі  кѳрсеткіші. Сонымен, пайда дегеніміз  — ѳнім сатудан және қызмет  көрсетуден түскен ақшалай кіріс  пен оны өндіруге және сатуға  жұмсалынған шығындардың

айырмасы.

       Пайда ѳндіріс  және таза табысты бѳлу, экономикалық, ынталандыру қорын жасау және  пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын  ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің  арасында, сонымен бірге мемлекеттік  кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар  арасында қалыптасатын экономикалық  қатынастардың белгілі бағытын  білдіреді.

       Өндірісті басқарудың  жаңа жағдайында ішкі шаруашылықтың  күрделі қаржыны қаржыландырып,  негізгі табыстарды құру және  ѳзіндік айналмалы құралдарды  толықтыру ісінде бюджеттік қаржы  емес, кәсіпорынның ѳз табысы  негізгі қаржылық көзге айналады.

       Жоспарлы пайданың  жалпы мѳлшерін кәсіпорындардың  ѳздері белгілейді. Кәсіпорындар  пайдасының жалпы мөлшеріне мыналар  жатады: олардың ѳнімдерін сатудан  түскен пайда, көмекші қайта  ѳңдейтін ѳндірістен және олардың  салаларынан,

қызмет кѳрсетуден алынатын кіріс, сатуға жатпайтын кірістер.

       Кәсіпорындардың  жэне олардың бөлімшелерінің  белгілі бір мерзімінде атқарған  жұмысының тиімділігі өндірістің  пайдалылығымен айқындалады. Пайдалылық дегеніміз — кәсіпорынның пайдамен және табыспен жұмыс істеуі. Экономикалық категория

ретінде пайдалылық кәсіпорынның тек  қана ағымдағы ѳндірістік шығындарды ѳнімдер са-

тумен қызметі үшін аңшалай өндіріп  алынған қаржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге өндірісті  ұлғайтуға және дамытуға, еңбекшілердің  мәдени-тұрмыс дәрежесін арттыруға  қажетті пайда ала алатындығын  да кѳрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиттер

    1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика  предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
    2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. .  Экономика  предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
    3. Жалпы  экономикалық  теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы  ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
    4. Калдыбаев О., Темирбаев А.  Экономика  предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
    5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие  успеха/ В помощъ  предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
    6. Сабырбаев Б. Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995

Информация о работе Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері