Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 23:19, курсовая работа

Краткое описание

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістің белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар;
-Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар.
-Жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаражат шығындары;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................
3

I Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны.................................…........

1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері................................
4
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны............... ...................................................
8
1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары..................................
13

II Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру.....................................

2.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы...........................................
15
2.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы және оның бөлінуі…........................
17

III «АКА» ЖШС қаржылық нәтижесін талдау.............................................

3.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы.........................................
20
3.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері ......................................................
24
3.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру.............
31
Қорытынды...........................................................................................................
34
Пайдаланылған әдебиеттер................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері (2).docx

— 88.36 Кб (Скачать документ)

 

                                                           

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:«Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері».

 

 

 

 

Орындаған: Найманхан Г.С.

Тексерген: Муратова Р.Н.                                   

 

                                        

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ...................................................................................................................

3

 

I Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны.................................…........

 

1.1 Кәсіпорындардың шығындары және  олардың түрлері................................

4

1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік  құны............... ...................................................

8

1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің  негізгі бағыттары..................................

13

 

II Кәсіпорынның қаржы  нәтижесін қалыптастыру.....................................

 

2.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні  мен маңызы...........................................

15

2.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы  және оның бөлінуі…........................

17

   

III «АКА» ЖШС қаржылық нәтижесін талдау.............................................

 

3.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару  құрылымы.........................................

20

3.2 Кәсіпорын қаржысының құралу  көздері ......................................................

24

3.3  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдау және оған баға беру.............

31

Қорытынды...........................................................................................................

34

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

36


 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       Кәсіпорынның  шығаратын тауарларының мөлшерін  нарыққа ұсынуы, оны өндіруге  кететін шығындарына және сол  тауарлардың нарықта сатылатын  бағаларына тікелей байланысты  болады. Бұдан шығатын қорытынды,  тауарларды өндіру және оны  сатуға кететін шығындарды білу  кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі  тиімділігінің басты жағының  бірі болып саналады.

       Шығындар  – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін  және коммерциялық қызметін іске  асыру үшін өндіріс факторларының  ақшалай түріндегі шығындары.  Өндіріс процесіндегі айқын шек  қоятын шығындар және олардың  маңызы мен практикалық қызметіндегі  анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістің  белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

-Өзіндік құн құрайтын  өнімдерді өндіру және сатуға  кететін шығындар;

-Өндірісті ұлғайтуға  және жаңартуға кететін шығындар.

-Жаңа немесе жаңғыратын  өнімге жұмсалатын бір жолғы  ірі күрделі қаражат шығындары;

       Өндірістің  әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық  қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды  пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немес өзінен өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. бұл топтағы  шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада  болады. Олар кәсіпорын иелерінің  қарамағындағы ресурстарды өндірісте  пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ  ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

 

    1.  КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты   шығындар.

    Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

Жалпы  шығындар (ТС) –  бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

                                             ТС = ҒС + VС

Тұрақты  шығындар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

Айнымалы  шығындар (VС) –  бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

Өндірістік  шығындарды  талдағанда  жалпы  шығындармен  қатар  орташа  және  шекті  шығындарды  талдаймыз. Өндірістің  орташа  жалпы шығындары (АТС) өнімнің  бір  данасын  шығаруға  кеткен  жалпы  шығындарды  көрсетеді.  Бұл  шығын  өнеркәіпте басқаруға  көмектеседі.  Бұл  шығын  арқылы  бір  өнім  өндіргенде  келеін  пайданы  табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q

Орташа  жалпы  шығындарды (АТС) 2 түрге  бөлуге  болады (АҒС).

а)  орташа  тұрақты  шығындар: АҒС=ҒС/ Q

          б)  орташа  айнымалы  шығындар: АVС=VС/ Q

Өндірістің  шекті  шығыны (МС)  жалпы  шығындардың  өзгеруіне  өнім  көлемінің  өзгеру  қатынасына  тең  болады  және  өнімнің  қосымша  данасын  шығарғандағы  кететін  қосымша шығындарды  көрсетеді.

МС= ТС/ Q

Өнім  шығару  көлемі  өскен  кезде  тұрақты  шығындар  (ҒС) өзгермейді. Сондықтан  жалпы  шығындардың  (ТС) өсуі  айнымалы  шығындардың  (VС) өсуіне  тең  болады.

МС= VС/ Q

Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты  шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады.  

Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен  болатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің  тоқтау  уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның  көлемі  аз. Бұл жағдайда  фирмада  жұмысшы  күшін  жалдау мен  ғимараттарды  жалға  беру  туралы  түрлі  шарттар  мен  келісімдерден  құтылу  мүмкіндіктері  пайда  болады.

Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.    

Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады.

Кәсіпорын  табысы  2  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:  өнім  бағасы  және  оның  өндірісіне  шығындар.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағ-

дайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматтты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар-өндіріс  шығындары  басқаша  түрде  болады.  Олар  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

    • ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;
    • табиғи шикізаттарды  қолдану;
    • өндірісті дайындау  және  үйрену;
    • өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);
    • рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;
    • өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,  санитарлы-гигие-

 налық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

    • қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;
    • өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін, іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б.
    • кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;
    • мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) фирманың, кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа  да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

 

 

 

Өндірістік шығындардың жіктелуі

 

Сыныптау белгілері

Шығындардың бөлшектенуі

Экономикалық элементтер

Өзіндік құнның статьялары

Технологиялық процесстерге қатыстылығы

Құрамы

Өнімнің өзіндік құнына қатысудың  тәсілі

Өндірістік процестегі рөлі

Мақсатқа сәйкес жұмсау

Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

Өнімнің көлеміне қатысы

Шығу мерзімділігі

Дайын өнімге қатысы

Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнның калькуляция  статьялары

Негізгі, қосымша

Бірэлементтілік, кешенділік

Тікелей, жанама

Өндірістік, өндірістен тыс

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

Күнделікті, біржолғы

Аяқталмаған өнімге кететін  шығындар, дайын өнімнің шығындары


 

       Практикалық маңызы  болатын ең тұрақты және ауыспалы  шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар  осы кезеңдегі уақыт ішіндегі  сомасы өнімді өндіру және  оны сатудың мөлшеріне, құрылымына  тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты  шығындарға жататындар: міндетті  заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың  амортизациясы, сақтандыру жарналары  және т.б.

       Ауыспалы шығындар  – бұл осы кезеңдегі уақытта  өнімді өндірудің мөлшеріне және  сатылуына тәуелді болмайтын  шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары,  шикізаттар, отын, энергия, көлік  қызметі, және т.б. Тұрақты және  ауыспалы шығындардың арасындағы  айырмашылықтың елеулі маңызы  бар. Тұрақты шығындар керек  десе, жалпы алғанда өндірілмеген  өнімге де төленуге тиісті , ал  ауыспалы шығындармен  кәсіпкер  өндіріс көлемін өзгерту жолымен  басқаруы мүмкін.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

 

       Кәсіпорынның  іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің  бірі – өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны  сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін  шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы  өндірістік тиімділігін анықтайды.

       Өзіндік құнның  экономикалық мазмұны – жұмсалған  шығындардың орнын толтыру және  соның есебінен өндірілетін барлық  элементтердегі жай ұдайы өндірісті,  өндірістік қорларды және жұмыс  күштерін қамтамасыз ету. Осы  арада, кәсіпорынның өзіндік құнының  маңызды элементтері: амортизация,  жұмсалған материалдық ресурстардың  құны, еңбекақы – бұл шығындардың  басты статьялары.

       Сонымен қатар,  кәсіпорын бір уақытта басқа  да шығындарды іске асырады:  өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу,  әлеуметтік объектілерді ұстау,  бюджеттен тыс өорларға аударым  жарналарын жасау – бұл шығындар  кәсіпорынның қосымша шығындарын  құрайды.

       Өзіндік құн  тиімділіктің мынадай маңызды  көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының  деңгейі мен серпінін анықтайды.  Өзіндік құнның маңызы оның  орындалу функцияларымен анықталады.

       Өзіндік құн  өнім құнының кең бөлігі болып  табылады. Мұның мәнісі, өнімнің  өзіндік құны арқылы өндіріс  қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз  етеді

       Өзіндік құн  көтерме сауда бағасын қалыптастырудың  негізі болып табылады. Өзіндік  құнның негізінде пайданы, кейбір  бұйымдардың пайдалылығын, яғни  оларды шығарудың мақсатқа сай  екендігін есептеу

Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы  табысы және пайдасы

 

 

Жалпы табыс

Материалдық шығындар

Еңбекақы

Пайда

Өндірістің шығындары (өзіндік құн)

Таза табыс

Ө т к і з у    к ө  л е м і


 

       Бұл айтылғандардан  өнімнің өзіндік құнына деген  көзқарасты төмендетуге болмайтындығын  көруге болмайды. Өзіндік құнның  деңгейіне кәсіпорынға қатысы  бар және қатысы жоқ факторлар  ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға  табиғи жағдайлар, оның ішінде  шикізат көздерін  және өнім  тұтынушыларда территориялық қашықтығы,  шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және  көлік тарифтері және т.б.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету  резервтерінің сыныптамасы

      Өнімнің өзіндік  құнын құрайтын шығындар екі  негізгі белгілермен топтастырылады:

• шығындардың бастапқы элементтерімен;

• пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.

 

       Экономикалық  элементтердің шығыстарын топтастыру  ѳндіріс шыгындар сметасын дайьтдағанда  қолданылады. Бұл топтастырудың  мәні 一 әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен,  мына тѳмендегі шығын элементтері бөлінеді:

- материалдьқ шығындар (қайтарылма  қалдықтар құрамынан шегеру);

- еңбекақыға жұмсалған шығындар;

- әлеуметтік сақтандыруға аударым;

- зейнетақы қорына аударым;

- жұмыспен қамтылу қорына аударым;

- амортизация;

- басқа да шығындар

 

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды  және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын  да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар  төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру  көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса  немесе  кәсіпорын қолында қалатын  табыс есебінен  іске асырылады  немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі  факторға  байланысты болады: бағаның  өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып  табылады.

Өнімнің  өзіндік  құны –синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста  сипаттайтын жалпылама көрсеткіш  болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі  мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының  ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен  де анықталады:

1) Өзіндік  құнда өндірістің  қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі  шоғырланады. Сондықтан да өнімнің  өзіндік  құны  арқылы өндіріс  құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз  етіледі.

2) Өзіндік құн көтерме бағаны  қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

3) Өзіндік құн негізінде табыс,  жеке бұйымдардың рентабельділігі  , яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  2  түрлі  негізгі  белгілер  бойынша  жіктеледі:

Шығындардың  алғашқы  элементтері  бойынша.

Пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндірі шығындары  сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл  жіктеу негізі  шығындардың әрбір  элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен  қатар шығындардың келесідей  элементтері ерекшеленеді: еңбекке  төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға  аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа  шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары  қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға  мүмкіндік береді. Шығындардың бұл  тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға  пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей  шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері 

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат  және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі  өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін  іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың  түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған  қаржының мөлшерін анықтау.

Информация о работе Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері