Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 23:19, курсовая работа

Краткое описание

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістің белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар;
-Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар.
-Жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаражат шығындары;

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................
3

I Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны.................................…........

1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері................................
4
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны............... ...................................................
8
1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары..................................
13

II Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру.....................................

2.1 Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы...........................................
15
2.2 Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы және оның бөлінуі…........................
17

III «АКА» ЖШС қаржылық нәтижесін талдау.............................................

3.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы.........................................
20
3.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері ......................................................
24
3.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру.............
31
Қорытынды...........................................................................................................
34
Пайдаланылған әдебиеттер................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері (2).docx

— 88.36 Кб (Скачать документ)

       Практикада пайдалылық  мѳлшерін өлшеу екі нұсқада  пайдаланылады. Бұл пайданың ағындағы  шығындарымен қатынасы  (кәсіпорын  шығындары, өзіндік құн) немесе  аванстық жұмсау (негізгі өндірістік  қорлар және айналымқаражаты). Бұл  екі өлшеуші аванстық жұмсау  айналымы жиынтығының кѳрсеткішіне  ѳзара байланысты.

       Кәсіпорынның  пайдалылық мѳлшерін мына тѳмендегі  формуламен есептеуге болады:

            Пн = Ө ( Б - Қ ) / Нқ + Ақ                                      

Мұнда: Ө – өнім көлемі

              Б – өнім өлшемінің бағасы

              Қ – өзіндік құн

              Нқ – негізгі өндірістік қорлардың құны

              Ақ  - айналмалы қаражаттың көлемі

       Практикада кәсіпорын  қызметінің бірнеше пайдалылық  көрсеткіштері қолданылады.

1 . Өнімнің пайдалылығын барлық  сатылған өнімнің және оның  жеке түрлерін есептегенде ғана  мүмкін болады. Бірінші жағдайда  ол өнімді сатқандағы пайданың  және оны ѳндіруге және сатуға  кеткен шығындардың қатынасын  анықтайды. Барлық сатылған өнімнің  пайдалылығын тауарлы ѳнімді  сатудан алынған пайданың ѳткізуден  алынған түсімнің қатынасына  есептеп шығарады; баланстың пайда  жөнінде - өнімді сатудан алынған  түсім; таза пайда жѳнінде —  ѳнімді сатудан алынған түсім.  Барлық ѳнімді сатудағы пайдалылық  көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы  шығындарының тиімділігі  және  ѳнімді сату табысы жѳнінде  түсінік білдіреді.                

2. Өндіріс қорларының пайдалылығы  баланстық пайданың негізгі өндірістік  қорлардың және айналым қорларының  жылдың орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда  арқылы да есептеуге болады.

3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы  оның қарауындагы мүліктердің  құны арқылы есептелінеді. Есептегенде  баланстың және таза пайданың  көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы  таза пайданың баланс арқылы есептелінетін  оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

       Пайданы қалыптастыруға  ықпал ететін несие бойынша  процент мөлшерлемесі:

• басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

• құнды қағаздардан түскен табыстар;

• алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

       Шығынның белгілі  бір мөлшерін мейлінше тиімдету  — шаруашылықты жүргізудің әр  түрлі мәселелерін шешуге келгенде  басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің  гана емес,оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын кѳбейтуге,өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

       Егер кәсіпорын  ішкі шаруашылық резервтерін  тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын  қорытындылауға талпыныс жасалса,  онда оларды үш топқа бөлуге  болады.

       Ѳндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік  қорлардың пайдаланылуын жақсартудың,  екіншіден, айналмалы ѳндірістік  қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың  және үшіншіден, қазіргі еңбек  шығындарының нәтижелілігін жақсартудың  есебінен арттырылады.          

       Кәсіпорын қызметінің  экономикалың тиімділігін молайтудың  басты шарты - еңбек өнімділігін  барынша арттыру және өзіндік  құнды арзандату. Басқа да біркелкі  жағдайларда өнімнің өзіндік  ңұны неғұрлым арзан болған  сайын тиімділік соғұрлым жоғары  болатыны белгілі. Кәсіпорынның  тиімділігіне сонымен ңатар, өнімнің  немесе шығаратын тауарлардың  сапасы да едәуір ықпал етеді,  өйткені жоғары сапалы ѳндірілетін  тауарларды көтеріңкі бағамен  сата алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. «АКА» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

3.1 КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ,  БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

   Қазақстан Республикасы, Ақмола  облысы, Целиноград ауданының Луговое  ауылында орналасқан  “ АКА  ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988 жылдың  қараша айының бесінші  жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999 жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі  шектеулі серіктестіктің  орналасқан  жерінің ерекшелігі бар. Ол  Республикалық маңызы бар “  Алматы-Екатеринбург ” тас жолының  бойында  орналасқан. Сонымен  қатар Темір жолдың бойындағы  “ Тастақ ” станциясына жақын  орналасқан.

   “Жеке кәсіпкерлік туралы”  заңға сәйкес  қалыптасқан күннен  бастап  жауапкершілігі шектеулі  серіктестік заңды тұлға болып  табылады. Заңды тұлғанын құрылтайшысы  Ахмедин Қуанышбек Ахмединұлы  серіктестікті анықталмаған мерзімге  аша отырып, 103  мың  теңге   көлемінде  ақша  сомасымен  жарғылық қорын құрастырған.

        1999 жылы кәсіпорын  ең алғаш қызметін көктемгі  егін егу науқанына дайындықпен,  сонымен қатар тоқтап тұрған  өніріс орындарын жандандырумен  бастады. Серіктестікте егінді  егу мен оны жинап алуға  жететін техника мен оны өңдеуді  жүзеге асыратын мүмкіншілігі  бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы  савхозды жекешелендіруден кейінгі  қалған мүлкі мен техникасы,  сонымен қатар құрылтайшысының  өзі қосқан (интелектуалды салымдары  қоспағанда) мүлкі мен серіктестік  қызметін ұйымдастыру үшін ақша  қаражаты болып табылады.

Осы жылдың көктемінде алғашқы рет  жер өңдеп егін егілді. Алғашқы  жылда атқарылған айтарлықтай жұмыстар:

        Серіктестікте бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын, тазартатын, сұрыптайтын  екі диірмені жұмыс істеуге дайын тұрды;

Ауылшаруашылық техниканын  жанар-жағар  маймен қамтамасыз ететін АЗС жұмысы қалыпты;

       Көлік техникаларын жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын жүйелендіру;

       Құрылыс заттарын жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына келтірлді. Жаңа қалыптасып отырған  серіктестік үшін оның маңызы зор еді. Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға деген  өндірісті ұлғайту жоспарлары қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге асты;

Егін шаруашылығымен қоса серіктестік  мал шаруашылығын да қоса дамытуды алдына мақсат қойды;

     Сонымен қатар нан өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін, пісіріп сататын нан пісіретін уйдің құрылысы осы алғашқы жылдарда атқарылған айтарлықтаз қызметтерінің қатарында болатын;

       2000 жылы кәсіпорын қызыметін бастағаннан кейінгі екінші жыл болып табылады, бұл кәсіпорынның бірінші жылғы атқарылған қызметтінің алғаш жемісін кору деген сөз болып табылады.

        Екінші жылдағы ең манызды шара. Ол шара жаңа, екінші жанар-жағар маймен қамтамасыз ету станциясының құрылысымен байланысты. Жаңа станцияның бұрынғыға қарағандағы ерекшелігі оның орналасқан жерінде! Яғни Республикалық  маңызы бар “Алмата – Екатеринбург ” тас жолының бойында орналасуы. Осының арқасында жанар-жағар май сатудан түсетін пайда тұракқты және  өте жоғары болды.

        2001 жылы Луговое ауылында Кеңсе құрылысын бастады. Кеңсе құрылысы  6 айға созылды. Жаңа евро-ремонт стандартына сәйкестендірілген кеңсе екі қабаттан тұрады. Біінші қабатында Луговое ауылды мекенінің әкімшілігі толықтай кошірілді. Екінші қабатта жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кеңсесі орналасты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Атқарушы орган – директорының жұмыс орны осы кеңседе орналасқан. Екінші қабатта сонымен қатар есеп айырысу кассасы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің экономикалық бөлімі, соның ішінді бухгалтериясы орналасқан.

       2002 жылдан бастап кәсіпорын льготты салық түрін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және оларды өңдеу қызметінде пайдалануды бастады.

       2004-2006 ж.ж аралығын егіннен түсетін пайдамен байланысты. Осы жылдар аралығында серіктестіктің экономикалық бөлімі бидайдан және бидай өнімдерін сатудан түскен пайда максималды болды деген тұжырымға келген. Ол темір жол арқылы экспортқа байланысты болатын.

       2000 – 2003 ж.ж аралығында серіктестк егін шаруашылығы саласында дәнді дақылдардан тек қана  бидай өсіріп келсе. Және де бидайдың “ Астана ” деп аталатын бір сорты ғана. 2004 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің егетін дақылдарының қатарына күнбағыс қосылды. Жоспар бойынша 2004 жылы “Май сығу” шағын зауыты жұмыс істеуге дайын болатын. Күнбағыс егумен қатар бидайдың жаңа сорты “ Светланка ” өсіру қолға алынды. Бидайдың бұл сорты жоғары сапалы болып табылады.

2006 жылы “Тас үгіту” зауытының  құрылысы аяқталды. Жол құрылысымен  айналысатын фирмаларға  жол құрылысына  арналған майда тас  сату  қызыметі жүзеге асырылды. Осы  жылы Тас зауытымен қатар Астана  қаласында орналасқан құрылыс  нысанының жұмыс аяқталды. Бұл  нысан бірнеше қызмет түрлерін  атқаруға мүмкіншілік берді. Ол  мүмкіншілікті “Қонақ үй” қызметін  жүргізу мен кеңсені жалға  беруге пайдаланды. Сол жерде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас кеңсесі орналасқан. Бас кеңсе серіктестіктің  генерелды директоры, бас бухгалтері, бас экнономисінің жұмыс орны.

       Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.

       “ АКА ” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық ұйым. Кез-келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның  мақсаты озінің капиталының рентабелділігі, яғни пайда табу. Серіктестік өзінің пайда табу масатында алуан түрлі шаруашылық қызмет түрлерін жүргізеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  алуан түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:

-негізгі шаруашылық түрлері;

-негізгі емес шаруашлық түрлері;

       Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болатын. Уақыт өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті. Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері

○ егін шаруашылығы:

○  бидайды өндіру, оны өңдеу;

○   күнбағысты өндіру, оны өңдеу;

мал шаруашылығы:

○  Мал басын кобейту мен  бордақылау;

○  Ет өнімін сату;

       Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналысатын қосымша қызмет түрлері:

-құрылыс қызметі;

-құрылыс материелдарын өндіру;

-құрылыс материалдарын сату-сатып алу;

-жол құрылыс материалдарын шығару;

-жанар-жағар май саудасы;

-қонақ үй, мейрамхана, кеңселерді жалға бепру қызмет көрсету саласы;

-техникалық қызмет станциясы (СТО);

-автоколік, техниканың қосалқы бөлшектерін өндіру, сату, атып алу,

кен орындарын жетілдіру, пайдалы  қазбаларды іздеу және барлау т.б  б.т

Кәсіпорын өндірісін жүзеге асыруды  және дамытуды тек қана ішкі қаржыландыру көзімен ғана жүзеге асырып отырған. Өнім  өндіру мен қызмет көрсету  серіктестік үшін пайда көзі болып  табылады. Пайдаға жету үшін серіктестік  қызыметінің заңдылықпен тиым салынбаған келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

-құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін -дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс жұмыстары,

-ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы, құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және сату;

       Ұн тартатын өндірістік, ауыл шаруашылық өнімділігінің оның ішіндегі дән және дән өнімділігін  және мал шаруашылығының барлық түрлерін жасау, өндіру және сату, дән, ұн тартатын  және нан пісіретін өндірістік, мал және мал шаруашылығының өндіру өңдеу және сату, ауыл шаруашылық техниканы, минералды тыңайтқыштар мен химикаттарды сатып алу және сату, нан-бөлкелік, кондитерлік пен макарондық өнімдерін жасап сату, жер аумақтарын жалға беру;

       Халық тұтыну тауарлары,тамақ өнімдерің жасау,сатып алу,жеткізу және сату, осы мақсатымен дүкендер,дәмханалар,мейрамханалар,бар  қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын ашу,халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу;

       Әрлендіру,жарнамалық,кеңес беру жән делдалдық қызмет,басып шығару қызметі,полиграфиялық қызмет,ақпараттық  материалдарды көрсету,инвестициялық,сауда және делдалдық қызметке қатысу, маркетинтік, қаожылық және басқа қызметтерді мекемелерге, ұйымдарға,көрсету,заңгерлік қызметтерді көрсету;

       Мекемелер,азаматтарға автокөлік қызметтерін  көрсету, теміржол тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып  алу және сату, ТҚС, ЖҚС, автотұрақтар және көлік жуу нүктелерін ашу;

      Халыққа тұрмыстық,әлеуметтік,тұрған және медициналық қызметтер көрсету,осы  мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді, сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер, моншалар, сауаналар және демалыс аймақтарын ашу;

-қағаз массасы  қағаз және қатты қағазды шығару, сатып алу және сату қағаздан жасалған  бұйымдарды, тұрмыстық химия құралдарын  және парфюмерия-сәндер бұйымдарын шығару;  

жиһаз, техникалық құрал-жабдық, өнеркәсіптік және құрылыс материалдарды, ағаш,м  еталл,п ластик, пенополистеролды өндеуге  арналған бұйымдарды, басқа да әрлеу  және әрлендіру материлдарды шығару, сатып алу және сату, инновацияларды жетілдіру және ендіру, жоғары технологиялы өнімді шығару және сату;

сыртқы экономикалық қызмет, экспорт, импорт ғылыми зерттеу және мәдени ағартушылық қызметтерді дайындау және қайта дайындау, осы мақсатта курстар және оқу орындарды ашу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті  сатып алу, сату, жалға беру пайдалану  жылжымайтын мүлікті тіркеу;

Информация о работе Ұйымның шығындары және оның қаржылық нәтижелері