Айналым қорлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 12:21, дипломная работа

Краткое описание

Жеткізушілерге тәуелді болмау үшін және өз дүкендеріндегі тауар сапасына жүз пайызға жауап беру үшін, «РубиКОМ» ЖШС жеке жемдер өндірілуімен айналысады. 2004 жылы кәсіпорын өзі үші жаңа өндіріс саласын - егін шаруашылығын ашады. Бүгінгі күні «РубиКОМ» ЖШС жердің 20 мың гектарын өндіріп, Қазақстандағы егін шаруашылығы саласындағы новаторлардың бірі болып табылады. Біз арпа («Целинный 91» сұрпы) мен бидайды («Саратовская» сұрпы) жемшөп үшін өсіреміз.
Жер үлесін тиімді пайдаланудың бірегей, ғылыми айқындалған стратегиясы өңделіп шығарылды. Негізінен, канадтылықтардың «нөлдік технология» деп аталатын революциялық технологиясы Қазақстан егіншілерінің қолына түскелі біраз ғана уақыт болды. Бірақ «РубиКОМ» ЖШС мамандары тәжірибешілікті үйреніп қана қоймай, жоғары егінге қол жеткізуге әкелген жер өңдеу технологиясын жетілдірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гульмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Менімен және менің орынбасарларыммен азаматтарды қабылдау жүргізіледі. 2009 жылдың ішінде азаматтардан 1854 өтініш түсті, соның ішінде 150 заңды тұлғалардан. Оңды шешілгендері - 926, түсіндірулер берілгені - 888, бас тартылғаны - 4.

Былтырғы жылдың есепті кездесуінде 2 ұсыныс түсті – олар Бастаушы ауылында балабақша ашу және Белое ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда дүкенін ашу. Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектептің ішінде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін шағын орталық ашылды. Балабақшаны жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Бұл мәселе ауылдың даму перспективасын есепке ала отырып, аудандық білім беру бөлімімен шешілетін болады.

Екінші мәселе бойынша  – дүкеннің ғимараты жөнделді, қазір  өртке қарсы және мемлекеттік  санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау қызметтерімен келісулер жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату «Самар-Астық» ЖШС қоймасында жүргізіледі. Белое селолық округінің әкіміне кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп осы жұмысты аяқтау қажет.

Аудан әкімінің аппаратында  электрондық құжатайналым және азаматтардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасы енгізілді, электронды түрде өтініштерді есепке алу жүргізіледі, аудан әкімінің виртуальді қабылдауы жұмыс істейді, мұнда 41 өтініш түсіп, оның барлығына жауап қайтарылды. 

2008 жылдың маусым айынан  бастап қазақ және орыс тіліндегі  Көкпекті ауданы әкімінің ресми  сайты жұмыс істейді. 

Ауданның тұрғындарының  Интернет желісіне тегін қол жетімділігі  үшін бес қоғамдық қатынау пункеттері жұмыс істейді. 

Аудан әкімінің аппараты халықаралық сапа стандартын енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде, оның қызметі ИСО 9001:2000 стандартына сәйкестігі тексеріліп, танылды. 


Информация о работе Айналым қорлары