Айналым қорлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 12:21, дипломная работа

Краткое описание

Жеткізушілерге тәуелді болмау үшін және өз дүкендеріндегі тауар сапасына жүз пайызға жауап беру үшін, «РубиКОМ» ЖШС жеке жемдер өндірілуімен айналысады. 2004 жылы кәсіпорын өзі үші жаңа өндіріс саласын - егін шаруашылығын ашады. Бүгінгі күні «РубиКОМ» ЖШС жердің 20 мың гектарын өндіріп, Қазақстандағы егін шаруашылығы саласындағы новаторлардың бірі болып табылады. Біз арпа («Целинный 91» сұрпы) мен бидайды («Саратовская» сұрпы) жемшөп үшін өсіреміз.
Жер үлесін тиімді пайдаланудың бірегей, ғылыми айқындалған стратегиясы өңделіп шығарылды. Негізінен, канадтылықтардың «нөлдік технология» деп аталатын революциялық технологиясы Қазақстан егіншілерінің қолына түскелі біраз ғана уақыт болды. Бірақ «РубиКОМ» ЖШС мамандары тәжірибешілікті үйреніп қана қоймай, жоғары егінге қол жеткізуге әкелген жер өңдеу технологиясын жетілдірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гульмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Жергілікті маңызы бар  жолдарды күтіп ұстауға және қардан тазалау үшін 31 млн. 690 мың теңге игерілді.

Новотимофеевка –  Самар – Көкпекті, Самар –  Мариногорка –Жұмба бағыттары бойынша  Көкжыра, Бастаушы ауылдарына кірумен  аудан ішіндегі рейстер ашылды, ол үшін 280 мың теңге бөлінді.

Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге 400 мың теңге бөлініп, 22  жол белгілері сатып алынды және орнатылды.

 

Инфрақұрылым.

Көкпекті АЭС - мен  электр тасмалдау желілеріне және олардың  пайдалану қызметіне жөңдеу жұмыстары  жүргізілді. Жаңа – База учаскесінде  тұрғын үйлерге қосылатын электр тасымалдау желілері құрылды. 15 жыл ішінде алғаш рет желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көкпекті және Самар  ауылдарында Мегалайн байланысы  орнатылған. Тассай мен Көкжайық ауылдарында  санды АТС орнатылды. Шұғылбай мен  Теректі ауылдарында ескірген АТС  санды WLL -ға ауыстырылды. Көкпекті және Биғаш ауылдары арасында спутниктік байланыс орнатылды. Қосымша 699 нөмір қосылды, Қалбатау – Көкпекті  талшықты оптикалық байланыс желісін салу басталды.

Ауданның коммуналдық  кәсіпорындары халықты сумен  қамтамасыз ету және көрсетілетін қызмет саласын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізді.

«Жол картасы» бағдарламасының  шеңберінде Көкпекті ауылындағы су құбыры желілерін және суды қысыммен ағызатын  мұнараны ағымды жөндеуге 24 млн. теңге  бөлінді. Нысан аяқталып, пайдалануға  енгізілді.

Жергілікті бюджет есебінен көпсалалы мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындардың жарғылық капиталы кеңейтілді, бұл 2 арнайы техника, тазартқыш  машина, экскаватор, 2 самосвал автокөлігі, 2 трактор және дәнекерлеу аппаратын  алуға мүмкіндік берді, олардың  жұмыс істеуі 354 мың теңге сомасында кіріс әкелді.

 

Құрылыс.

Тұрғын үйді енгізудің  жалпы көлемі 809 шаршы метрді құрады. Үш үй 1 млн. 315 мың теңгеге жөнделді. Азаматтардың жеке санаттарына 5 млн. 898 мың теңгеге тұрғын үй сатып алынды.

Әлеуметтік сала нысандарына мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысымен 7 жоба алынды.

Самар ауылында тазарту  имараттары мен су құбыры пайдалануға  қабылданды.

Құрылыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыс сапасының төмендігі, нысандардың құрылысы барысына бақылаудың болмауы байқалады. Жыл ағымында мердігер М.К. Құмаров Көкпекті орта мектебі бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды жойған жоқ. «АзияТемірKZ» ЖШС Көкпекті ауылында кәріз желілері мен тазарту имараттарының құрылысын жүргізді. Қолда бар қаражатқа қарамастан мердігер Егораев С.Н. қосымша мердігер ұйымдарды тартпады, конкурстың талаптарын орындамады, жұмыстың кестесін, техникалық нормалар мен талаптардың ережесін бұзды, осының барлығы қаражаттың игерілмеуіне және жұмыстардың тоқтауына әкеліп соқты. 

 

Халықты әлеуметтік қорғау.

Ауданда 1246 мүгедек бар, соның ішінде 137 бала, 4727 зейнеткер, олардың 170-і жалғызбасты, 43 соғысқа  қатысушылар, 1171 тыл еңбеккерлері.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жазған 841 адамның  ішінен 370 адам жұмысқа жіберілді, 600 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 516 жұмыс орны құрылды. Кәсіби оқыту мен қайта даярлауға 41 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам, жастар практикасына 9 адам жіберілді.

Әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемде төлеу қамтамасыз етілді. Жыл бойы 40 млн. 927 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, 29 млн. 895 мың мемлекеттік балалар жәрдемақысы, 8 млн. 926 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар  үшін 445 мың теңгеге  облыстық газет  басылымдарына тегін жазылу ұйымдастырылды. 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне 1 млн. 700 мың теңге сомасында материалдық көмек бөлінді.

Былтырғы жылы 27 жас  маманға 2 млн. 566 мың 560 теңге сомасына көтерме ақылар төленді.

 

«Арнайы - әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес былтырғы жылдың қараша айында «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» құрылды. Ауданда мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға көмек пен қолдау көрсетіледі. 2009 жылы 13 мүгедектік арба берілді, мүгедек балаларды емдеу үшін 250 мың теңге бөлінді, үйде оқытылатын мүгедек балалар үшін 3 млн. 798 мың теңге төленді.

Қайырымдылық айлығының  барысында 4530 күнкөрісі төмен азаматтарға 3 млн. 370 мың теңгеге материалдық  көмек көрсетілді.

Семей сынақ полигонынан зардап шеккендер үшін біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылды. Төлегені 5 млн. 492 мың 180 теңге, төленбеген сома 2 млн. 392 мың. 800 теңгені құрайды.

Ауданда 232 оралман отбасылары тұрады, жалпы саны 1137 адамды құрайды. 18 қарашада аудандық «Атамекен» форумы өтті, онда 2 отбасына Ажа мен Көкжайық ауылдарындағы пәтердің кілті ұсынылды.

«Нұрлы көш» бағдарламасын  іске асыру мақсатында Курчатов қаласына 4 отбасы көшуге дайын, олар тұрғын үй комиссиясынан  өтіп, «Ертіс» АӨК арқылы келісімшарт  жасады.

«Жол картасы» шеңберінде 14 салалы жобалар құрылды, бүгінгі күнге 13 жоба аяқталды. 272 жұмыс орны, 75 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, «Жастар практикасына» 53 адам жіберілді. Кәсіби оқу мен қайта даярлаудан 149 адам өтті. Бүгінгі таңда 109 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Білім беру.

Ауданда 49 мектеп жұмыс  істейді. Мектепке дейінгі тәрбие беру екі балалар бақшасында, үш «Мектеп-балабақша» кешендерінде, 54 мектепалды дайындық сыныптарында және 53 шағын орталықтарда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1443 бала қамтылды, бұл 60,3 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы «Шуақты  Шұғыла» балалар бақшасына күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді, кәріз  желілері жаңғыртылды, сумен қамтамасыз ету жүйесі жөнделді.

2010 жылы Көкпекті ауылындағы  балабақшада 60 орынға арналған 2 қосымша топтар, Самар балабақшасында 30 орынға арналған 1 топ ашылады. Тассай ауылындағы шағын орталықта бір топ балалардың балабақшада толық күн болу тобына қайта құрылады. Осы мақсаттарға 13 млн. 252 мың теңге қарастырылған. «Дәншік» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

1-4 сынып оқушылары  үшін тегін тамақтану қамтамасыз  етілді. 2009/2010 оқу жылының басына  асханалар үшін 2 млн. 140 мың теңге  сомасына жаңа құрал-жабдық алынды.

Жүргізілген оңтайландырудың  негізгі мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру, бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану, материалдық – техникалық базаны нығайту. Нәтижесінде бір негізгі мектеп және 7 бастауыш мектеп жабылды, 6 орта мектеп негізгі болып қайта құрылды.

Материалдық – техникалық базаны нығайту үшін 4 автобус, 18 жабдықталған физика кабинеттері, 4 биология мен химия, 5 мультимедиялық кабинет сатып алынды.

Мектептерде 16 лингафондық  мультимедиялық кабинет және 820 компьютер  орнатылды, 378 компьютер ауыстыруды қажет етеді.

Шығармашылық бағытта  жұмыс істейтін ұстаздармен және педагогикалық істің ардагерлерімен аудан әкімінің кездесуі өтті, мұнда 7 ұстаз, 12 ардагер марапатталды, 8 ардагерге демалыс үйіне жолдамалар берілді.

Тамыз конференциясында үш ұстаз дарынды балалармен жұмыстағы  шығармашылық тәсілі үшін мадақтамалар мен 3 мың доллар сомасына сыйлықақымен марапатталды.

Жыл сайын білім беру қаражатының көлемі ұлғайтылуда. 2010 жылға 4 мультимедиялық кабинет, 2 биология кабинетін, 4 автобус, 8 компьютерлік сынып, 4 «Өзін-өзі тани білу» кабинеттерін, алу жоспарланған, жазғы демалыс лагерінің құрылысы үшін қаражаттар қарастырылған.

«Дарынды балалар» бағдарламасын  іске асыру және инновациялық –  ақпараттық технологиялар орталығын  ашу  үшін алғаш рет ауданда 8,5 млн. теңге қарастырылды.

 

Денсаулық сақтау.

Ауданның тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің кепілді  көлемін екі медициналық бірлестіктер, туберкулезге қарсы аурухана, 2 алғашқы  медицина-санитарлық көмек көрсету  орталықтары, 9 дәрігерлік амбулаториялар, 33 медициналық пункттер, бөлек ғимараттары жоқ 11 медицина жұмысшылары қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жұмыс істейді. Жедел медициналық  көмекті 2 қабылдау бөлімшелері көрсетеді, тәулік бойғы күтімімен 135 төсек  бар. 

Ауданның денсаулық  сақтау бюджеті 388 млн. 335 мың теңгені құрайды. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға 7,3 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау мекемелерін ағымды жөндеу жүргізілді.

Барлығы 61 дәрігер және 236 орта медициналық қызметкерлер жұмыс  істейді. 10000 халыққа шаққандағы дәрігермен қамтамасыз етілу былтырғы жылдың деңгейінде – яғни 15,8 бірлік. Дәрігерлер үшін 3 пәтер сатып алынды.

Денсалуық сақтау саласында  медициналық қызмет көрсетудің сапасын  жақсартуға бағытталған денсаулық  сақтауды реформалау бағдарламасын толық көлемде іске асыру, ана мен бала өліміне жол бермеу қажет.

30 %-ды құраған туберкулез  ауруының өсуін қысқарту үшін  туберкулезбен науқас адамдарды  әлеуметтік қолдауға қаражат  қарастыру қажет.

Сапалы медициналық  қызмет көрсету үшін Медицина кадрларының  жеткіліксіздігі мәселесін шешу қажет, ол 29 арнайы профильді дәрігерді  құрайды.

Облыс әкімінің тапсырмасын  орындау үшін 11 медициналық пункттерді арнайы үй-жаймен қамтамасыз ету қажет.

 

 

Мәдениет.

2009 жылы 2 Мәдениет үйі, 39 ауылдық клуб, 2 аудандық кітапхана, 27 ауылдық кітапханалар және Самар  ауылындағы өлкетану мұражайы  жұмыс істеді.

Ерекше көріністі іс-шаралар  болып аудандық ауған әндерінің  байқауы, балалар шығармашылығының фестивалі, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының күні, сондай-ақ «Туған жерім – алтын бесігім» акциясының шеңберіндегі ауданның мәдени күні өтті, оған біздің жерлестеріміз, еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері Нұмухамбетова Мергүл, Арғынбекова Майра, Макенова Бисара, Бахтинова Шайзат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Ілиясова қатысты.

Мәдениет үйінің фальклорлық  ансамблі өз жұмысын қайта бастады. Көкпекті ауылындағы Мәдениет үйінің қонақ бөлмесіне жөндеу жүргізілді, осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары  жоспарлануда, ол үшін жобалау – сметалық құжаттамалар жасалды.  

714 мың теңге сомасына  музыкалық аппаратура алынды, ерлер  квартеті мен «Русские сувениры»  ансамблі үшін сахна костюмдері  тапсырыс бойынша тігілді.

Қабылданған шараларға  қарамастан, материалдық-техникалық базасы нашар, үлгілік ғимарат жоқ, музыкалық және жарық аппаратурасы жоқ, жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, сахналық және театрлық костюмдер жеткіліксіз. 

Режжисер, хореограф, көркемөнерпаздық үйірмелерінің жетекшілері, және де фольклорлық ансамбль үшін мамандарға тапшылық сезіледі.

Ауылдық кітапханалар мен  клубтарда халықпен жұмыс нашар  жүргізіледі.

 

Спорт.

Спортшыларды дайындау 2 балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебінде жүргізіледі, онда 392 оқушы  спорттың 10 түрімен шұғылданады. Спорттың самбо, еркін күрес, таэквон-до, волейбол, армрестлинг сияқты түрлерінен айтарлықтай жетістіктерге қол жетті. Спорттың ұлттық ат ойындарының түрлері сәтті жүзеге асырылуда, бұған «Дархан» атты-спорт клубының жұмысы ықпал етеді. Оны қолдау үшін 5 млн. теңге жоспарланған. Күресті дамыту үшін спорт залының ғимаратын жөндеу, күресу кілемдерін сатып алу, еліміздің атақты күресшілерімен кездесуді ұйымдастыру қарастырылған.

13-ші Халықтық спорт  ойындарында біздің аудан бағдарламаның  20 түрі бойынша қатысты. Нәтижесінде ауданның құрама командасы 287,5 ұпай жинап, облыстың аудандары ішінде 4 орынға ие болды.

Дене шынықтыру мен  спортты дамытудың негізгі проблемалары – ол материалдық – техникалық базаның нашарлығы, әсіресе спорттың қысқы түрлері бойынша, перспективалы  жаттықтырушылардың жоқтығы, халықты дене шынықтырумен және спортпен қамтудың төмен деңгейі.

 

Құқықтық тәртіп.

Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында жедел – алдын алу  іс-шаралары және нысаналы операциялар  жүргізілді. Оңды өзгерістер бар, оны  ауыр қылмыстың, пәтер ұрлығының, бұзықтық жасау, есірткі заттарын заңсыз сақтаудың азаюынан байқауға болады. Сонымен қоса, өткен жылы жалпықылмыстық қылмыстардың 30 жағдайға өсуі де байқалады, соның ішінде зорлау, бөтен мүлікті ұрлау, тонау, автокөліктерді айдап әкету, жол-көліктік апаттар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар және кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар сияқты.

 

Қоғамдық-саяси  ахуал.

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың болымды серпіні, ақпараттық-насихаттау жұмыс, мемлекеттік органдардың  азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасы, толеранттық және ұлтаралық келісім қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

 

Ауданда «Нұр Отан» ХДП  филиалы, жастардың, интернационалист – жауынгерлердің, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері өз жұмысын жалғастыруда. Жоғары азаматтық белсенділіктерімен ардагерлер қозғалысы ерекшеленеді. Өмірлік тәжірибесі және білімі толеранттық пен ұлтаралық келісімнің негізі болып табылатын ақсақалдар алғыс айтуға лайықты.

Барлық ұлттың діні мен  тілдерін ары қарай дамыту үшін жағдай жасалған. Дегенмен, біз әлі де мемлекеттік тілді дамытуда және оның қолданылу аясын кеңейтуде бейқамдық көрсетеміз.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету.

 

Орындардағы мемлекеттік  басқару жүйесі сапалы жақсартуды қажет  етеді. 2009 жылдың ішінде тәртіптік жауапкершілікке 21 мемлекеттік қызметші тартылды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін екі адам лауазымынан босатылды. Есептік кезеңде 6 селолық округ әкімдері, 4 дербес бөлімдердің бастықтары тағайындалды.

Информация о работе Айналым қорлары