Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 10:26, контрольная работа

Краткое описание

Микроэкономика — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардын жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады. Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1-тапсырма Ө,ж.docx

— 49.94 Кб (Скачать документ)

Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.

Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.

4. Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.

Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады. 

 

Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.

Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни   EDp >1;

бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;

икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;

өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;

өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни

EDp =0;

Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.

Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:

оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;

теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;

нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.

Табыстар бойынша сұраныс икемділігі дегеніміз – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі.

Табыстар бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті барлық шарттар тұрақты болған уақыттағы тауарларға сұраныс деңгейіінің пайыздық өзгеруінің тұтынушылар табысының пайыздық өзгеруіне қатынасы.

 

Табыс бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:

оңды – сұраныс көлемі табыстың өсуімен өседі; қалыпты игіліктерге тәуелді

теріс – сұраныс көлемі табыстың өсуімен төмендейді; сапасыз және төмен тауарларға свойственна

нөлдік – сұраныс көлемі табыстың өзгеруіне әсер етпейді; күнделікті қолданылатын тауарларға тәуелді. 

 

5. Тұтыну іс-әрекетінің  теориясы. Сұранымның негізін адамның  тұтыну қабілеттілігі құрайды. Тұтынушының  іс-әрекеті оның тұтынуының қалай  қолданбауында, материалдық игіліктер  мен қызмет көрсету қандай  пайда әкелетіндігіне байланысты.

Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.

Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.

Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австралия экономисі Ф.Визер ендірді. ХІХ – ХХ ғғ. Басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас, Р.Аллан, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.

Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе. Бұл заңдылық «шекті пайдалылықтың төмендеу заңы» деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізінде «Госсен заңының» бірінші және екінші түрлері бастау болды. Бұл заң неміс экономисі Герман Госсеннің атымен аталған. Осы заңның негізінде Госсен субъекті іс-әрекетінің рационалды ережесін суреттеп, өзінің шаруашылық қызметінен максималды пайда табуға ұмтылатындығын көрсетеді.

Бірінші заңға сәйкес, тұтынудан іс-барысында тола түсуі заттың пайдалығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі. Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек, әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалығы төмендейді.

Экономикалық субъект тепе-теңдік жағдайына Госсеннің екінші «заңын» қолданғанда қол жеткізеді. Ол заңның мәні мынада: игіліктің рационалды комбинациясына сол кезде жетуге болады, қай уақытта адам үшін әртүрлі соңғы тұтынылған тауарлар порциясы бірдей пайдалылық көрсетсе.

Тұтынушының ойынша, игілік қоры аз болса, онда адамның көз алдында әрбір бар тауар үлкен пайдалылыққа ие болады.

Бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу екі тауардың мүмкіндігінше болатын комбинациясын көрсетеді, онда тұтынушы бар мөлшеріндегі бюджеттен және осы кездегі баға деңгейінен алып отыруы мүмкін. Әрбір тұтынушы бюджеттік шектеу шеңберінде өзінің табысын әртүрлі тұтыну тауары арасына немесе қызмет көрсетуге, салуға тырысады, себебі пайдалылықты максималдыққа жеткізу қажет.

 

Тұтынушы табысының ұлғаюы бюджеттік сызықты оңға қарай параллельді ығыстырады, ал түсуі – солға қарай ығыстырады.

 

Бюджеттік сызықтың орналасуы ақшалай табыс мөлшеріне де байланысты. Ақша табысы өзгеруінің бюджеттік сызыққа әсері

Тауарға бағаның өзгеруі бюджеттік сызықты оңға ығыстырады, ал бағаның көтерілуі солға ығыстырады. 

Егер бір тауардың бағасы ғана өзгерсе(мысалы, тағам өнімдеріне баға төмендейді), ал бар тауардың (киім) бағасы мен табыс мөлшері өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықтық соңғы нүктесі оңға жылжиды.

Тұтынушылардың талғаусыздық қисығы деп тұтынушыға пайдалы немесе бірдей тұтыну маңыздылығы бар екі өнімнің әртүрлі комбинациясын көрсететін қисықты айтамыз.Бұл қисықты ең алғашқы рет ағылшын экономисі Френсис Исирдо Эджворт қолданған.

Талғаусыздық қисығы талдау құралы бола отырып, әдетте шамамен «көзбен» мөлшерлеп, екі өнімге негізделеді.

 

Табыс эффектісінің мәні мынада: өнімге бағаның төмендеуі кезінде ақшалай табыс мөлшерінің бұрыңғы көлемінде қалуы, тұтынушыға өнімді сандық мөлшермен көбірек сатып алуына жағдай жасайды. 

 

6. Нарық механизмінің 5 негізгі элементі бар:

а) өндірушілер мен тұтынушылар;

ә) меншіктің жеке және аралас нысандары;

б) баға;

г) сұраным мен ұсыныс;

д) бәсеке.

Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.

Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:

Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:

а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.

ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.

Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:

Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.

Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.

б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;

б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);

в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.

Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады.Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:

сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;

тұтынушылар арасындағы алалаушылық.

Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:

а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;

ә) тауарды қайта сату болмау керек;

б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.

Тәуекел бағалау териясы тәуекелмен байланысты таңдау ережесі мен жағдайды салыстыруға (қалауға) арналады. Тәуекелдің жалпы теориясы нақты экономикалық жағдайларға баланбаған ереженің жан- жақты салыстыруын қарастырады. «Экономикалық интуицияның» сол немесе өзге тұрғысын бейнелейтін, сонымен кейбір табиғи немесе нормативтік ережелер сияқтанатын аксиомаларға шағымданады.

 

5. Тұтынушының тәуелсіздік  аксиомасы

Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.   Екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады.   Тұтынушылар қалауы: Тұтынушылар  берілген  тауарлар  жиынтықтарын  классификациялайды, және  рангтарға  бөледі, соның  нәтижесінде  өзіне  қалайтын  тауарды  таңдап  алады. Тұтынушы  талғамы  транзитивті  болады. Мұнда  тауардың  рационалдығын  көрсетеді.  Мысалы:  тұтынушы  ұшін  А  тауардын  В  тауарға  қарағанда,  В-ға  қарағанда  С  тауарын  таңдайды. Сондықтан  ол  А  тауарын  қалайды. Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін, пайдалылық функциясын қолданылады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:   U = U(x, y). Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді. Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса,  U = U(x, y) = Co  - const, онда жазықтықта бұл функцияның графигі талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. 
 
Тәуекелдің формальді жалпы теориясы қалаушылық немесе кездейсоқ мөлшерді салыстыру ережесімен немесе ықтималдылықты таратумен айналысады (болашақ кіріспе).

Алғашқы стохастикалық доминирлеу ережесі ретінде қабылданады, оны былай: «үлкен- жақсы» деп айтуға болады. Кездейсоқ мөлшерді салыстыру кезінде бұл егер де кез келген табиғи жағдайда кездейсоқ мөлшер Х кездейсоқ Y аз емес, онда Х – Y-тен кем емес. Ықтималдылықты таратуды салыстыру кезінде бұл ереже былай қалыптасады: егер тарату функциясы үшін F(х) және G(х) дұрыс болса, F(х)≤ G(х) барлығы үшін х онда F(х) G(х) – тен кем емес .

Егер тек саналған қалауды, яғни салыстыру ережесін сол немесе болашақ кірістің өзге кездейсоқ мөлшерін санмен сипаттаса, кездейсоқ мөлшері х «артық» у кездейсоқ мөлшерден және сонда ғана U функциясының болуын білдіреді.

U(х) функционалын пайдалылықтың функционалы деп атайды. Пайдалылықтың функционалы түсінігін Д. Бернулли жүргізген, оны «адамгершілік күту» деп атаған. «Пайдалылық»  детерминденген кірістен индивидуммен сыналғаны ұсынылады,  пропорционалы өспейді, бірақ оны жалпы жағдайда сызықты емес u (х)  функциясымен өлшуге болады. Егер пайдалылықтың өсуі болжалса пропорционалдық нақты емес, ал кіріске жататын өзгеріске, яғни du =k *dx/ x, мұндағы k – кейбір коэфицент, онда u (х) = k * /n (х)+ const. Д. Бернулли тура осы функцияны қарастырған Детерминді кірістің пайдалылығы кірістің өзімен өлшенеді:  

      U(х)  = M(х)                 (1) 

 

мұндағы M(х)  -  –тің математикалық күтуі.  

Егер кіріс х кездейсоқ мөлшерінде ұсынылса, онда u (х)  пайдалылықтың кездейсоқтық және мөлшерлік, ал ортақ мәні:  

        U(х)  = M* u (х)   -ке тең          (2) 

 

Егер х аяқталған 1 сандық мәнін А, N  P1, PN ықтималдылығымен қабылдайды, онда салыстыру критериі:  

         U(х)  = v(х)* P;  түрі бар.       (3) 

 

Жалпы жағдайда кездейсоқ  мөлшерін F(х)  пайдалылық функциясы:  

         U(х)  =(х)   d F(х)  -ке тең,       (4)

Бұл критериі ортақ мәнмен жиі  u(х)= x кездейсоқтықта тура келеді.

Бірінші стохастикалық доминирлау u(х) жоғалмайды.Функцияның төмен (жоғары) дөңестігі тәуекелеге бейімділігін (бейімді еместігін) көрсетеді. Солай Иенсин теңсіздігі бекітеді, егер де u(х) функциясы жоғары қарай дөңестенсе, онда М u(х)  U (МХ). Кездейсоқ кірісте детерминделген кірісі МХ математикалы күтуіне тең.

Пайдалылық функциясы дөңестің төмен және жоғары қарай шығуы кірістердің жоғары деңгейінде үлгі көмегімен, мүмкін адамдар әрекетімен түсіндірілген, олардың аса үлкен емес тәуекелге бару ықыластығы, мысалға, лотарей билетін сатып алу кезінде, бірақ тәуекелден қашып үлкен шығындармен байланыстылығында өз мүмкіндігін сақтандырады.

Тәуекел теориясында салыстыру критерилері аксиомадан шығады, ол ұнатудың қатысын қанағаттандырады. Күтілетін пайдалылықтың теориясында негізгі болып тәуекелділік аксиомасы табылады.

Үш кездейсоқ өлшемдері бар У1,У2,Z (кездейсоқ кірісті алуда сол немесе өзге нұсқауы) 0< а <1 кез келегені үшін кездейсоқ жағдайға сәйкес келетін кездейсоқ өлшемді Уа деп белгілесек, а ықтималдылығымен у1  нұсқауын таңдайды. Уа  өлшемі құрастырған, у2 және z ережесі бойынша құрастырылған. Онда тәуелсіздік аксиомасы келесі : егер у1, у2 артық болса, онда уа  у' a – кез келген а үшін яғни, у1мен, у2 «араластыруы» бір және сол (z) өлшемімен ұнатудан ауыстырмайды. Бұл аксиома, теориясы көрсеткендей, өзгелермен кейбір үйлестігіне сызықты үлгілеуге әкеледі.

Информация о работе Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті