Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 10:26, контрольная работа
Микроэкономика — экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардын жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады. Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз.
Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті.
Микроэкономика —
экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі
болып табылады. Микроэкономика теориясы
адамдардың экономикалық іс-әрекетін
зерттеп, олардын жалпы негізгі заңдылықтарын
белгілейді. Адамдардың экономикалық
іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық
тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың
арасындағы өзара әр түрлі байланысына
тәуелді болады және мұндай өзара байланыстар
мен қарым-қатынастар қайталанып отырады
әрі тұрақты болады. Сонымен, адамдардың
экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу
барысында пайда болатын және өздеріне
сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде
шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды
микроэкономиканың зерттеу объектісі
деп айтамыз. Тіршілік әрекетінің жалпы
экономикалық процестеріне қатысушылары
ретінде барлық экономикалық субъектілер
екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін;
бір объектіні басқа объектіге айналдыру
және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану.
Бірінші жағдайда, олар өнідірушілер, ал
екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі.
Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық
қызметтерінің объектісі игіліктер болып
табылады. Игілік - кез келген зат, ол материалдық,
сонымен қатар материалдық емес болады
және түтынушының белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандырады немесе өндірушінің
көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы
мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар
мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің
түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді:
өндірістік ресурстар және олардық негізінде
өндірілетін тутыну игіліктері. Зерттеліп
отырған экономикалық субъектінің экономикалық
іс-әрекетін - олардьң белгілі бір шешім
қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы
деп сипаттауға да боладьі. Сонымен микроэкономиканың
пәні деп экономикалық субъектілердін,
экономикалық игіліктер туралы шешім
қабылдауын айтамыз. Микроэкономикалық
талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе
маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық
іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді,
яғни экономикалық субъект тек қана жалпы
түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды,
сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі
қосымша түсім мен қосымша шығындарды
да салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан
көп болған уақытта шекті пайда оң сан
болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше
арттырғысы келетін экономикалық субъект
бұнымен тоқталмайды. Жоғарыда айтылған
екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін
өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті
түсім шекті шығынға тең болғанда пайда
ең жоғары деңгейге жетеді, сонда ғана
тиімді субъект өз мақсатына жетеді. Микроэкономикада
функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі.
Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық
өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш
анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін
факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың
арасындағы тәуелділікті функция көмегімен
көрсетеді. Микроэкономиканың жоғарыда
қарастырылған ерекшеліктері экономикалық
модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық
модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды
немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым
түрде көрсету. Модельдер ауызша, график
түрінде және символдық (аналитикалык)
болуы мүмкін. Модельдерде экзогенді және
эндогенді деп аталатын екі экономикалық
айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың
мәні модель құрылмастан бұрын белгілі
болады - бұлар берілген ақпараттар. Модельді
талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық
қүбылыстың қасиеттері туралы белгілі
бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған
шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз.
Олар модельдің нәтижесі больш табылады.
Модельді құру нәтижесінде экзогендік
айнымалылардың эндогенді айнымалыларға
қалай әсер ететінін көреміз. Айналым
моделі экономиканы екі секторға бөледі:
үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары
өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек,
капитал және жер сатудан түскен табыстарын
өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін
және фирмалардьщ қызметін пайдалануға
жұмсайды. Фирма өздері ендірген тауарларды
сатудан және қызметтер көрсетуден түскен
ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарьтн
сатып алуға жұмсайды. Өндіріс факторлары
Түтынуиіы игіліктері Нарық механизмінің
микроэкономикалық моделі Үй шаруашлыктары
не тұтынатынын шешеді, олай болса, не
өндіреміз деген сұрақ туады. Мүндай шешімдер
фирмалардың өндірістік жоспарларының
негізі болуы Бұдан фирма шектеулі ресурстарды
қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы
керек.
Ол тауар-ақша айырбасының
саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар)
арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді.
Бұл қатынастардың негізгі элементтері
– құн, баға, бәсеке,сұраныс пе
Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардьң енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеггерін атап өтеді:
— еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
— өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;
— әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
— сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.
Нарық — бұл демократиялық құрал
, онда әрбір тұтынушының дауыс қүқығы
бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер,
коррупция және тыйымдармен шектелмеген
нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден
бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын
дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында
тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда
оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра
алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға
айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық
ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы
құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың
осыған ұқсас адамға қатысты, айталық
адамның өзін өзі бағалауына байланысты
ұғымының пайда болуына әкеліп соқты.
Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа
қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын
нарықтық адам бағдары деп сараптайды.
Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп
аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан.
Ондағы бағалау жүйесі мен принциптері
тауар базарымен бірдей: біріншісінде
сатылуға тұлғалар ұсынылады, екіншісінде
— тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі
базарда сата білгеніне байланысты; қаншама
оның сыртқы түрі жарасымды, қаншама ол
тартымды? Белсенді? Керек адамдармен
байланысқа түсе ала ма? Отбасылық жағдайы
қалай? Қолынан не келеді, қаражаты қалай?
Адам өзінің беделі мен құндылығынан гөрі,
өтімді тауар болғанды көбірек қалайды.
Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы
керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі
қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат
құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар
іске кірісіп кетеді. Нарықтың бағасын
ойлайтын адам өзін әрі сатушы, әрі тұтынушы
ретінде қарастырады және оның көңіл-күйі
тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын
сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып
шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе,
онда құнды, ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса
— құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі
мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді
емес, себебі ол үшін өзін өзі жүзеге асырудан
гөрі, нарық базарында табысты сатылғаны
мәнді. Осында ділдік тип қазіргі мәдени
ет жүйесіне де үлкен ықпалын тигізеді.
Мәдениет бұл жағдайда шығармашылық пен
жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай
мол ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады.
Мәдени қайраткерлер өз туындыларының
құндылығына қарағанда, олардың нарықтағы
бағасына көп көңіл бөледі, басқаны ойлауға
оның мұршасы да жоқ. Нарықтық бағдарды
мәдени жасампаздықтан бөліп қарастыру
салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нарықтық
бағдарға сынның абсолюттік мораль тұрғысынан
берілетіндігін есте тұту керек. Нарықтық
бағдар шынайы адамдық құндылықтарға
әкелуі үшін, нарықтық қатынастар субъектілері
белгілі бір қылық ережелерін сақтауға
міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді
бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем
мәдениетімен үйлесімді қоса біледі. Адамдық
ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі
қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы
мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік
топтардың нарықтық табыстары адамзаттық
жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс
тура бағытты болып келмейді және адамдық
топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды
есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп
жағдайларда жіберілген қателіктерінен
сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге)
барып отырады және бұл түзетулер бәсекелік
қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық
деңгейі жоғары топтар тарихта үтып отырады.
Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер
ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл
жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып
қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді
қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті
деп есептеп келеді» (Хайек Ф. Пагубная
самонадеянность. — М., 1992. — С. 39). Егер
өркениет мәдениеттің арнаулы емес өзгерістерінің
нәтижесінде біртіндеп қалыптасты десек,
онда өркениетте моральды критерийлердің
болмауы нарықты оның коррупциялық және
криминалдық түріне айналдырады деген
пайымдаудың көп негізі бар. Әрине, бүкіл
тұлғалар нарығы мен өмірді қастерлеуге
негізделген жоғары ізгілік этикасының
арасында белгілі бір алшақтық бар. Алайда
мынадай сұрақ туады: қандай моральға
нарықтық бағдар сәйкес келмейді? Әрине,
жоғары адамгершілік құндылықтары бүкіл
моральдың мазмұнын тауыспайды. Мұрат —
нормадан басқа күнделікті мақсаттарға
сай нормаларда жеткілікті. Сонымен, нарықтық
бағдар қандай моральды күнделікті өмірде
негізге алады? Оны жеке мүдделерді үйлесімді
ететін әлеуметтік әріптестік әдебі деп
атауға болады және оның басты құндылықтарына
әділеттілік (жеке басының жетістіктері
бойынша), теңдік (құқық), тұлға дербестілігі
және адам абыройлығы жатады. Тұлға орталықтық
көзқарас маңызды болғанымен қоғам байлықтың
бір қолда жинақталып, басқалардың кедейленуін
және пауперлендіруін қолдамауы керек.
Әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың
терендеуіне әртүрлі әлеуметтік әрекеттер
қарсы бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде
мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық
және мәдени реттеу функциялары артып
келеді. Осыдан келіп қоғамдағы әділетсіздік
пен теңсіздіктің жалғыз кінәлісі деп
нарықты айта беруге жөн жоқ. С. Темірбековтың атап
өткеніндей, дәстүрлі тарихи дамудың жемісі
ретіндегі ұлттық мәдениеттің басты құндылықтарын
таза нарықтық бағамен өлшеуге келмейді.
Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар
жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері
нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып,
мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға
айналып кетеді (Темирбеков С. Т. В объятиях
рынка. — Алматы: Мысль, 1998. — № 7. — С. 66—68).
Нарықтық либералдану дәстүрлі
құндылықтарды, нормаларды, институттарды,
әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді,
өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік
табыстарға жетудің стратегиясы ретінде
жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы
болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде
бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық
өзіндік сананың деформацияға ұшыраған
құрылымдары пайда бодцы. Оларда дәстүрлі
құндылық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар
қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір
ырғақтарына сай рухани-адамгершілік
ұстанымдар әлі қалыптаса алмады. Осы
жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар
арзандатылып және ескі раритеттер түрінде
қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар
экономикалық прагматизмнің либералдық
демократиялық принциптерін қабылдай
алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде
бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл
тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір
тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының
ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық,
руханилық жоғалуы деп жариялады. Нарықтық
қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып,
мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның
ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған
бағдарларды күнделікті өмір талаптарына
құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау
адамның өзіне теріс әсерін тигізеді.
Мысалы, «адамдық капиталды»инвестицияландыру мә
3. Сұраныс қисығы. Ұсыныс қисығы.
1. Осы аталған
рыноктың механизмдерінің
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.
Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.
Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
ә) бағалық емес факторлар.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Тұрғындардың ақшалай табыстары;
- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
- Тұтынушының талғамы мен талғауы;
- Жинақталған мүлік;
- Нарық көлемі, яғни
бірін-бірі ауыстыратын және
- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.
Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.
2. Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.
Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- Салықтар мен дотациялар;
- Табиғи-климаттық жағдайлар;
- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- күтім;
- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.
Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.
3. Нарық процесінде
баға белгілеуді сұраныс пен
ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы
сұраныс пен ұсыныстың
Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.
Информация о работе Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеті