Менеджменттегі коммуникация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 10:17, лекция

Краткое описание

1. Коммуникация мәні. Коммуникациялық процесс
2. Коммуникация түрлері
3. Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер
4. Коммуникацияны жетілдіру

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тақырып 5.docx

— 43.44 Кб (Скачать документ)

 

5. Салық жүйесі  мемлекеттің экономикалық саясатының  әдісі ретінде. 

Мемлекет  табыстарының негізгі көзі – салық болып табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның объектісі болады.

Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды  тәртіпте шаруашылық субъектісінің  табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу.

Салық жүйесі дегеніміз –салықтың жиынтығы сондай –ақ салықтық бақылау әдістері мен  нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.

Салық жүйесінің  негізгі түсініктері: салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері, салық салудың  шегарасы.

Салық болады: тікелей және жанама, мемлекеттік, аймақтық, жергілікті, мемлекетаралық, жалпы  және арнайы.

2001 жылы Қазақстанда Салық кодексін  енгізу салық жүйесін реформалаудың жаңа сатысының бастауы болды, ол қазақстандық салық салудың халықаралық қағидаларын енгізуге көмектесті, елдің салық заңдылықтарын айқын, түсінікті және қарапайым етті.

Салық жүйесінің негізгі элементтері  салық түрлері және оларды есептеу  әдістері – салық ставкасы мен  салық базасы болып табылады. Салықтың түрлері:

1. Корпоративтік табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосымша құн салығы

4. Акциздер

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың  салығы мен арнайы төлемдері

6. Әлеуметтік салық

7. Жер салығы

8. Транспорт құралдарына салынатын  салық

9. Мүлік салығы

Салық жүйесінің экономикаға әсер етуінің  маңызды  құралы – салық жеңілдіктері. Олар АҚШ-та 100-ден аса болса, Ұлыбританияда  – 80-ге жуық.

 

6. Салық жүйесін  құрудың қағидалары, негізгі құралдары:  салықтық жеңілдіктер, салықтық  несиелер, жеделдетілген амортизация. 

Қазіргі салық салудың  принциптері:

    1. Салық төлеушінің мүмкіндігі немесе табыс деңгейі есепке алынып, салық ставкасының деңгейі анықталуы қажет;
    2. Табыстарға салық салу бір-ақ рет алынуы қажет;
    3. Салықты төлеу- бұл міндетті төлем болып табылады;
    4. Салық төлеушінің және салықты жинайтын экономикалық мекемелерге салық төлеу процедурасы мен жүйесі қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуы керек;
    5. Салық жүйесі икемді және өзгермелі қажеттіліктерге бейімделе алуы керек;
    6. Салық салу жүйесі ұлттық жиынтық өнімді  қайта бөлуді қамтамасыздандыруы және мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы болуы қажет.

Мемлекет  экономикаға салық жүйесімен  әсер етудің түрлі құралдарына ие.

1) салық жеңілдіктері. Олар көрінеді: а) кейбір кәсіпорындар үшін салық салудың төмендетілген ставкасында. Оларды өзгерту не аймақтық сипатқа, яғни салық жеңілдіктері дағдарыстық аудандардағы кәсіпорындарға қолданылады, немесе егер олар басымдыққа ие өндірістерге (ғылыми сыйымды немесе экспорттық) қатысты болса, селективті, таңдаулы сипатқа ие болады. Салық жеңілдіктер келесідей түрде болуы мүмкін б) салық несиелері – бастапқы салық көлемінен шегерімдер, мысалы, салық салудан ҒЗТКЖ-ң қандай да бір сферасын дамытуға шығындар өсімінің белгілі бір үлесі босатылады.  в) салық төлеуді кейінге қалдыру немесе одан толықтай босату. Мұндай жеңілдікті негізінен шағын және қайта құрылған кәсіпорындар алғашқы құрылған 2-3 жыл бойы пайдаланады. г) жеделдетілген амортизация, яғни тозған капиталды жеделдетіп орнын толтыру. жеделдетілген амортизация жүйесі кәсіпорындарға тозған капиталдың өзіндік құнын оның моральдық тозуына дейін қайтаруға, ал амортизациялық қаржыны өндірістік аппаратты жаңғырту үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Салық жеңілдіктері АҚШ-та 100-ден аса болса, Ұлыбританияда – 80-ге жуық.

2) салық ставкаларын манипулияциялау – дамыған елдердің салық саясатының міндетті элементі. Қалыптасқан экономикалық жағдайға, шешілетін экономикалық міндеттерге, ҒТП-ны ынталандыру қажеттілігіне және құрылымдық өзгерістерге және басқа мәселелерге байланысты салық ставкалары төмендетілуі де, көтерілуі де мүмкін.

 

7. Бюджеттің тапшылығы  және мемлекеттік қарыз-экономиканы  реттеудің құралдары. 

Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдері мен сайкес келмейді. Сондықтан бюджеттің тапшылығы  үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттік  тапшылықтарды қаржыландырудың  басты жолы – мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы –  экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор – несие беруші ролін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру  жағдайында болса, онда мемлекеттің  қызметі бізді заем беруші ретінде  қызықтырады. 

Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай  ерекше. Соңғы жағдайда бұл өндірістік мақсаттарға бағыталады. Бұл несие  бойынша процес өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған  мемлекеттік несие көп жағдайда өндіроістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын  негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктік сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады.

Мемлекеттік қарыздарда басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, қазыналық бюджеттік тапшылықтыжою  үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын  қолданады. Бюджеттік және қаржы  – ақша саясаты макроэкономикалық  реттеудің көлемдегі мәселерін  шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдік саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс  дәрежесін және жалпы іскерлік  белсенділікті реттеу жатады.

 

8. Қазақстан Республикасындағы  қаржы саясатының ерекшеліктері.

 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

Қорытынды. Қаржы саясаты - өте ауқымды, көп қырлы ұғым. Ол экономикалық саясаттың бюджеттік, қазыналық, алым-салықтың  мақсатын іске асыру шаралары жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Ақша – несие саясаты – қаржылық әрекеттерге қарағанда жанама әдіске жақындау. Монетарлық саясат нарық пен мемлекеттік реттеу әдістерімен қатар қолдану принциптеріне сайкес келеді. Мемлекеттік бюджет– бұл мемлекеттік шығындардың және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта бөлуге жататынын көрсетеді және есептік кезеңдегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады. Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Бюджеттік шығындардың негізгі қызметіне саяси, әлеуметтік және шаруашылық жатады. Мемлекет табыстарының негізгі көзі – салық болып табылады. Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субъектісінің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу. Салық жүйесі дегеніміз –салықтың жиынтығы сондай –ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік. Салықтың түрлері:1. Корпоративтік табыс салығы, 2. Жеке табыс салығы, 3. Қосымша құн салығы, 4. Акциздер, 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері, 6. Әлеуметтік салық, 7. Жер салығы, 8. Транспорт құралдарына салынатын салық, 9. Мүлік салығы.Мемлекет экономикаға салық жүйесімен әсер етудің түрлі құралдарына ие. 1) салық жеңілдіктері. 2) салық ставкаларын манипулияциялау. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдері мен сайкес келмейді. Сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы – мемлекеттік несие.

 


Информация о работе Менеджменттегі коммуникация