Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 08:29, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономиканың қатынастарға түсімді жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде рөлі зор.
Әлемдік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.
Кіріспе..............................................................................................................
I негізгі бөлім. Қазақстанның әлемдік саудадағы орны және рөлі 1 1 Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары .......................... 1 2 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны............................................
II бөлім. Әлемдік сауданың құрылымы және Қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
2 1 Әлемдік сауданың құрылымы.....................................................................
2 2 Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі.......
Қорытынды......................................................................................................
Глоссарий....................................................................................................... Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
Жоспар
I негізгі бөлім.
Қазақстанның әлемдік саудадағы орны
және рөлі
II бөлім. Әлемдік сауданың құрылымы және Қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
2 1 Әлемдік сауданың құрылымы......................
2 2 Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі.......
Қорытынды.....................
Глоссарий.....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономиканың қатынастарға түсімді жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде рөлі зор.
Әлемдік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.
Осы
уақытқа дейін тауарларды шетке
шығару халықаралық экономикалық қатынастардың
негізгі формасы болып
Біздің
пікіріміз бойынша әлемдік
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардын, жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық
революцияның өнеркәсіптік өндіріс
специализациясы мен
Ұлттық
экономикадағы ұлттық нарықтардың
жиынтығы-әлемдік нарықты
Мен
өзімнің ізденіс жұмысымды
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның әлемдегі саудадағы орны мен рөлін көрсету және оның әлемдік саудаға шығу проблемасын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасының сыртқы саудағы мәнін ашу оның түрлерін зерттеу, ҚР сыртқы сауданың толық мазмұнын қарастыру.
-Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары
-Қазақстанның халықаралық саудадағы орны
-Әлемдік сауданың құрылымы
-Қазақстанның
халыақаралық саудадағы
Курстық жұмыстың құрылымы:
1 бөлім- халықаралық сауданың теория негіздері.
Бірінші
бөлімде мен халықаралық
2
бөлім- әлемдік сауданың
Қазақстанның әлемдегі саудадағы болашағын анықтай отырып, ондағы қолданылатын жеке шараларын асыру қарастырылды.
I
негізгі бөлім. Қазақстанның
Әлемдік нарық әлемдегі тауар-ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап әлемдік нарық деген түсінік пайда бола бастады.
Жалпы алғанда, әлемдік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:
Ұлттық нарық - бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
Сыртқы сауда дегеніміз - белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асыратын сфера - халықаралық нарық деп аталады. Сыртқы сауда операцияларының төрт негізгі түрі бар:
-Экспорттық операция - шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату;
- импорттық операция — шеттен әкелу арқылы шетелдік контрагенттен тауарды сатып алу;
- реэкспорттық операция - бұрын импортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
- реимпорттық операция — бұрын экспортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Ұлттық нарық пен халықаралык
нарық бір-бірімен тығыз
Ұлттық нарық |
Халықаралық нарық |
1.Тауарлар қозғалысына экономикалық факторлар (елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстар) ғана әсер етеді. |
1.Тауарлар қозғалысына
мемлкеттер арасындағы шекаралық және жекеленген |
2.Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар қозғалысы |
2.Жекелеген елдерде кейбір тауарлар әлемдік тауар айналымына мүлдем түспей қалады, яғни бұл нарықтардағы тауар қозғалысы өте шектеулі болады |
3.Ұлттық нарықтарда ұлттық |
3. Бұл нарықта «әлемдік бағалар» деген ерекше баға жүйесі белгіленеді |
4.Ұлттық нарықтардың монополизациялану мүмкіндіктері бар |
4.
Халықаралық нарықта монополиза- циялану
мүмкіндігі төмен дәрежеде
болады. |
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
-
аукциондар және аукциондық
- биржалық сауда;
- халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;
-
машиналар мен құрал-
- қарама-қарсы сауда;
- шекаралық сауда.
Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы. Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалц бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің шектеулілігі.
Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады. Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасы-белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі. Мысалы, Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң терілерін сатып алушылар - ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалар. Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың аукционы жүргізіледі. Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жайлы жақын бағалармен сатуда қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды. Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады. Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды. Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді. Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы. Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
- тауар биржасы;
- қор биржасы;
- еңбек биржасы;
- валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда. Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы - таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы — бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта операциясының 72%-і "доллар-марка" мәмілесінің үлесіне тиеді;
Еңбек биржасы - жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке - бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың ареңдасы.
Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді. Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер - меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер - заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
- лизинг - ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
- хайринг - орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан бір жылға дейінгі мерзімге);
- рейтинг - қысқа
мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше
айға дейінгі мерзімге). Халықаралық тәжірибеде
ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте
көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар:
кеңселік, құрылыс-монтаждық және технологиялық
құрал-жабдықтар. Сонымен бірге лизингке
Информация о работе Әлемдік сауданың құрылымы және Қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы