Экономикалық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 11:52, курсовая работа

Краткое описание

Осы жұмысымды меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен доктриналық ережелер генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқтау ләзім. Осы зерттеудің мақсаты ретінде Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлерін толық ашу, меншік құқығы туралы азаматтық заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жодарын айқандауға тырысамын.

Содержание

Кіріспе.
1. Меншіктің экономикалық теориялық негізі.
1.1 Меншіктің пайда болуы және дамуының тарихи кезеңдері.
1.2 Меншіктің экономикалық мәні және экономикалық қызметі.
1.3 Шетелдегі меншік жүйесінің дамуындағы әс- тәжірибелер.
2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің даму жағдайы.
2.1 Меншіктің негізгі экономикалық ұйымдастыру формалары.
2.2 Қазақстан Республикасының меншәк қатынасының қалыптасуы мен түрлері.
2.3 Меншікті мемлекеттік- құқықтық реттеу саясаты.
3. Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендіру.
3.1 Жекешелендірудің Қазақстан Республикасында меншік нысандарын қалыптастырудағы рөлі.
3.2 Қазақстан Республикасының меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру кезеңдері.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экон менш кукугы.doc

— 137.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтық кодекстің 244-бабына сәйкес  өз бетімен құрылыс салуды  жүзеге асырған адам оған меншік құқығын алмайды, ал өз бетімен салынған әлгі құрылыс қозғалмайтын мүлік қатарына жжатпайды. Себебі ол құрылысты салу кезінде заңды бұрмалағандықтан мемлекеттік тіркеуден өте алмайды.  Мұндай жағдайда меншік құқығы тек құрылыс материалдарына ғана қатысты болады. Заңдарда бекітілген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап белгіленбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсаты алынбаған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Өз бетімен салынған құрылыс оны салушы адамның өз күшімен немесе оның есебінен бұзылады. Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесі өзінің заңды пайдалануында болған адамның өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы да мүмкін, бірақ сот өз бетімен құрылыс салуда меншік құқығын оны салған адамға емес, құрылыс салынған жер учаскесінің иесіне тиесілі деп тануы мүмкін. Бұл ретте құрылысқа меншік құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамға сот белгілеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейді.  Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін бұзылуына әкеп соқтырса, не азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін болса, аталған адамдардың өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға болмайды.

Ерекше жағдайларда әлуметтік-экономикалық тиімділігі ескеріле отырып, өз бетімен салынған құрылыс сот белгілеген мөлшерде құрылыс шығындары өтеліп, коммуналдық меншікке берілуі мүмкін (АК-тің 244-бабы).

Олжа деп біреудің меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып алауын айтады.  Табылған олжаны меншіктену үшін мынандай жағдайлар болуы тиіс: 1) алдымен әңгіме жоғалған зат жөнінде болуы керек. Зат жоғалды деп оны ешкім иеленбегінін, бірақ қожайынсыз да қалмағанын айтады. Мысалы, автобуста біреу портфелін ұмытып кетті делік, немесе қалтасынан ақша түсіп қалды; 2) жоғалған зат табылуы тиіс. Егер оны біреу тауып алса, ол тауып алушы болып есептеледі затты тауып алушы мен оның өкілетті иесі арасында құқықтық қатынас пайда болады, сол арқылы құқықтар мен міндеттер туындайды.

Зат меншік иесінің шаруашылығында жатып, оны иесі қайда екенін білмесе, ол олжа болып есептелмейді. Егер меншік иесі затынан саналы түрде бас тартса, онда ол иесіз мүлікке айналады, бірақ та оны олжа деуге келмейді. 

Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлап табылған затты оған қайтаруға міндетті. Егер зат үй - жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса ол сол үй жайдың немесе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамның құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.

Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі не тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.

Егер олжа туралы полицияға немесе жергілікті органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімделмесе, затты тауып алушы оған меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді Осы орайда мына мәселеге де көңіл аудара кеткен жөн: затты тауып алушы және алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтіп алуға құқылы. Жаңа кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі затты тауып алған адамға сыйақты беруді қарастырған, яғни заттың тауып алушы затты алуға құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы өзінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құқығынан айырылады.

 Қараусыз жануарларға  меншік құқығын алу да Азаматтық  кодекстегі  олжа туралы ережелерге  өте ұқсас келеді  Қараусыз немесе қаңғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлар аталған деп аталады. Егер мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып [13;125] жүрген деп есептейді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар өз кезегінде меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады.

Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезегіндегі жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалауында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп  табуды және оларға жануарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды, басқа да үй жануарларын немесе  қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам олардан меншік иесінен осы Кодекстің 245-бабы 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеуді талап етуге құқылы АК-тің 245-бабы 6-тармағы). Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрыңғы меншік иесі келген ретте сол жануарлардың өзіне үйірсектігін сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал, өзге де мейірімсіз қарағанын дәләлдейтін жағдайлар болған кезде, меншік иесі жаңа меншік иесімен келісім бойынша белгіленетін шарттармен, ал келісімге келмеген кезде – сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы Қараусыз заттар құрамында көмбе де бар, көмбе дегеніміз – жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айырылған ақша немесе өзге де бағалы заттар болып табылады (АК-тің 247-бабы). Бұрыңғы азаматтық заңда көмбені мемлекет  меншігі де қарастырды, ал жаңа Азаматтық кодекс бойынша көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбеген болса, меншігіне тең мөлшерде бөлінеді. Азаматтық кодекске орыс құқығында кездесетін көмбені бөтен біруедің жерінен іздеуге болмайтыны туралы норма енгізілді. Егер бағалы затты іздеу мақсатында қазу не іздестіру жер учаскесін  пайддаланушы немесе қозғалмайтын мүліктің меншік иесінің рұқсатынсыз болса, көмбе табылған күнде ол сол жер учаскесі иесінің меншігіне беріледі . Тарих және мәдәниет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайбда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының 50 пайызы мөлшшерінде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптың бірінші тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бөлінеді.

Меншік иесінен алынған мүлікті иелену меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне жатады. Мәселен, егер адам заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайлар бойынша меншік иесінен заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе, бұл адам мүлікке меншшік құқығына ие болады. Оған мысалға меншік иесінен мүлікті меншік иесінің мүлікке міндеттілігі бойынша өтетіп алуын айтуға болады, сондай-ақ бұған реквизациялау және т.б. қатысты.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік құқығын алудың туынды негіздері мирасқорлыққа сүйенеді. Меншік құқығын алудың ең көп тараған туынды негізі затты бөтен біреуге бері болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойынша затты алушының меншік құқығы дәл қашан пайда болғанын анықтау маңызды. Иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойлуы немесе кездейсоқ бүлінү қауіпі сатып алушыда меншік құқығы пада болуымен бір мезгілде соған көшетін болғандықтан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады .

Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық күәландыруға жататын болса, алушының меншігі құқығы тіркелген немесе нотариат күәландыруы да, мемлекеттік тіркеу қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.

Азаматтық кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер немесе шартта көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айырылған заттарды жеткізіп беру мндіттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.

Меншік құқығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр. 

Меншік құқығының тоқтатылуы.

  1. Қазіргі  Азаматтық  кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі,

14-тараудағы  «Меншік  құқығымен өзге де заттық  құқықтардың  тоқтатылуы»  деген  арнайы тарау  енгізілуі   болып табылады. Азаматтық  кодекстің  249-бабы  меншік  құқығын  тоқтатудың  негізгі  үлгі  тізімін  ұсынады: меншік  құқығы   меншік   иесі  өз  мүлкін  басқа   адамдарға  берген,меншік иесі меншік   құқығынан  бас  тартқан, мүлік  қираған  немесе  жойылған   және   заң    құжаттарында  көзделген   өзге де  реттерде   мүлікке  меншік  құқығынан  айырылған  жағдайда  тоқтатылады.

       Меншік  құқығын  тоқтатудың  аталған  негіздерінде  меншік құқығынан  бастартуды  ерекше  бөліп  қараған  жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан  бас тарту болған жағдайда  мына бір жағдайды есте  ұстау  керек, яғни меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп  соқтырмайды. Айталық, азамат  немесе заңды  тұлға өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады, бұл  жөнінде ол жариялайды, не бұл жер  учаскесіне қандай да  болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шектейтінін  айқын дәлелдейтін  басқа да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқықтарынан (басқа жаққа кету, учаскені  ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және т.б.)бас тартатындығын дәлелдейтіндей іс- әрекет жасаған жағдайда, бұл учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады. 

 Мүлікті  меншік  иесінен  ықтиярынсыз  алып  қою  заң  құжаттарына  сәйкес  белгілі  бір  адамға  тиесілі  бола  алмайтын  жағдайда  жүзеге  асады  (АК-тің  249-бабы,2-тармағы). Егер   заң    құжаттарымен  жол  берілетін  негіздер  бойынша  заң  құжаттарына  сәйкес  адамның  өзіне  тиесілі  бола  алмайтын  мүлік  оның    меншігінде  болып  шықса, бол  мүліктің  меншік  иесі,егер  заң  құжаттарында  өзге  мерзімде  белгіленбесе,осы  мүлікке  меншік  құқығы  пайда  болған  кезден  бастап  бір  жыл   ішінде   иеліктен  айыруға тиіс. Егер  меншік   иесі  мүлікті  көрсетілген  мерзімде  иеліктен  айырмаса,ол  сот  шешімімен  иеліктен  ықтиярынсыз  айырылуға  тиіс, бұл  орайда  меншік  иесіне  мүлікті иеліктен айыру жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.

Мұндай тәртіп мынандай жағдайға да қатысты, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажететілетін зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде болып шықса,ал меншік иесі оны беруден бас тартса, бұл зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп бойынша иеліктен айырылуға тиіс Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді Тәркілеу  тәркіленетін барлық мүліктің барлығына қолданылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 51-бабында оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз ала, сондай-ақ мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін білгіленеді және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында қөзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.

Мүлікті ықтиарсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле қылмыстық мақсатқа бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс . Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе аларынан айырылады, сондай-ақ келісімде қөзделген мүлікті пайдаланудан да құр  қалады.

Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің  барлық мәселелері де шешіледі.

Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңына орай жер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу тәртібі қарастырылған. Сатып алу туралы шешімді құзыретті атқарушы орган қабылдайды және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге жатады. Жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыны сатып алу туралы шешім қабылдаған орган жер учаскесі сатып алынардан кемінде бір жыл бұрын жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы осындай хабар алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскесін сатып алуға меншік иесінің немесе 

жер пайдаланушының келісімімен ғана жол беріледі («Жер туралы» заңның  67-бабы).

              Мемлекеттік қажеттілік үшін  сатып алынатын жер учаскесі  үшін ақы төлеу (сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттары меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісуімен белгіленеді. Сатып алу бағасын белгілеу кезінде оған жер учаскесінің немесе оны иелену құқықтарының  және ондағы жылжымайтын мүліктің  нарықтық құны, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдыңдағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты олар шеккен шығынды қоса алғанда, жер учаскесінен айрылуына байланысты меншік иесіне немесе пайдаланушыға келтірілген барлық шығындар енгізіледі

Меншік  иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. 

Осы баптың ережелері мемлекеттік органның мүлік орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерін және басқа учаскелерді алып қою туралы шешіміне байланысты тиісінше қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тоқтатылған кезде қолданылады Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу оны меншік иесінің күтіп ұстамай, оның мәнін жоғалту жағдайына жол берген кезде жүзеге асады (АК-тің 256-бабы). Заң бұл объектілердің айрықша бағалы екендігін және оның  аса бағалы екендігін әрі мемлекетпен қорғалатынын заңдастырады. Бұл объектілерсот шешімімен сатып алу немесе жария саудаға сатып сату арқылы алынуы мүмкін.

Информация о работе Экономикалық меншік құқығы