Экономикалық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 11:52, курсовая работа

Краткое описание

Осы жұмысымды меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен доктриналық ережелер генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқтау ләзім. Осы зерттеудің мақсаты ретінде Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлерін толық ашу, меншік құқығы туралы азаматтық заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жодарын айқандауға тырысамын.

Содержание

Кіріспе.
1. Меншіктің экономикалық теориялық негізі.
1.1 Меншіктің пайда болуы және дамуының тарихи кезеңдері.
1.2 Меншіктің экономикалық мәні және экономикалық қызметі.
1.3 Шетелдегі меншік жүйесінің дамуындағы әс- тәжірибелер.
2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің даму жағдайы.
2.1 Меншіктің негізгі экономикалық ұйымдастыру формалары.
2.2 Қазақстан Республикасының меншәк қатынасының қалыптасуы мен түрлері.
2.3 Меншікті мемлекеттік- құқықтық реттеу саясаты.
3. Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендіру.
3.1 Жекешелендірудің Қазақстан Республикасында меншік нысандарын қалыптастырудағы рөлі.
3.2 Қазақстан Республикасының меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру кезеңдері.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экон менш кукугы.doc

— 137.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

 

 

 

 Кіріспе.

1. Меншіктің экономикалық теориялық негізі.

1.1 Меншіктің пайда болуы және дамуының тарихи кезеңдері.

1.2 Меншіктің экономикалық мәні және экономикалық қызметі.

1.3 Шетелдегі меншік жүйесінің дамуындағы әс- тәжірибелер.

2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің даму жағдайы.

2.1 Меншіктің негізгі  экономикалық ұйымдастыру формалары.

2.2 Қазақстан Республикасының  меншәк қатынасының қалыптасуы  мен түрлері.

2.3 Меншікті мемлекеттік- құқықтық реттеу саясаты.

3.  Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендіру.

3.1 Жекешелендірудің  Қазақстан Республикасында меншік  нысандарын қалыптастырудағы рөлі.

3.2 Қазақстан Республикасының  меншікті мемлекет иелігінен  алу және жекешелендіру кезеңдері.

Қортынды.

Әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Меншік қатынасын  нормативтік реттеу Қазақстан  Республикасында меммлекеттіліктің  қалыптасуының бүкіл кезеңінде  жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан  біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында  болып, тек 1991 жылы ғана өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышта еді.

Осы жұмысымды меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен доктриналық ережелер генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқтау ләзім. Осы зерттеудің мақсаты ретінде Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлерін толық ашу, меншік құқығы туралы азаматтық заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жодарын айқандауға тырысамын.

Менің ойымша меншіктің екі түрін бөлу, оларды бір-біріне қарсы қою, оларға түрлі құқықтық әлпі жасау дұрыс емес. Оған қоса М. К. Сулейменов Қазақстан Республикасында дамыған, нарықтық қоғам орнағанда, мемлекеттік меншікті бөлу қажеттілігі керексіз болып, мүліктік қатынастарда мемлекет кәдімгі құқық субъектісі ретінде әрекет жасайды деп атап өтеді.

Бұл тақырыптың өзектілігі – ҚР Конституциясымен (6-бабы 1-тармағы) Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Қазақстан Республикасының заңдарын қарастыдым: ҚР Контситуциясы, «Жеке меншікке берілетін немесе мемлекеттік пайдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырда қабылданған қаулы, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылы 22 сәуірде қабылданған заң, ҚР АК және Жер кодексі. Сонымен қоса қазақтардың әдет-ғұрып құқығын қолдандым.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкімет билігі мен басқа органдар өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете Жеке меншік азаматтардың жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.  Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі «жеке меншік» деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппаратының жөнсіз араласуынан қорғайды.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.

Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтарды меншігіне деген жеке дара (өзіндік, тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциясы болуы қажет.

Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.

Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігі ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке–дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.

Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.

Меншік  құқығының ұғымы мен түрлері.  Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік – жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.

Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің – жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен жүзеге асады: а) пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі; пайда түсіруге бағытталған жеке меншік .

Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа,  қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуінен және мүліктік жаупкершілігімен жүзеге Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрылуымен , сондай-ақ заңды тұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады  және ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 1-бабы).

Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола береді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.

Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын, және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығының ұғымы мен негізгі түрлері. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.

Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке негізделген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің саны күрт өсіп кетті.

Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік емес заңды тұлғалар жалпы тұжырым бірлігімен сипатталады. Яғни, оның бәрі де заңды тұлға, сонымен бірге өз мүлкінің меншік иесі ретінде көрінеді. Компаниялардың мүлікке қатысушылардың ешқандай ұжымдық немесе үлестік меншігі ешқашан, еш жерде болған емес. әдетте олар бірлескен тұлғалар, бірлескен капитал ретінде ерекшеленеді. Айта кететін жайт, компаниялардың қатысушылары қатысушылардың қарыздарына ешқандай жаупкершілікті мойындарына алмайды. Олардың салымдары тиісті компаниялардың меншігіне айналадыМемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы ерекшкліктерін айқындайық: а) мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзі оған жататын мүліктің меншік иесі болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) Азаматтық кодекстің 36 – бабының 2 және 4 тармақтарына сәйкес мүліктік қатынасына мынадай құқықтарды иеленеді: 1) міндеттемелік құқығының (шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамда (компаниялар), өңдірістік кооперативтер); 2) не заттық, не міндеттемелік құқықтарын иеленбейді (қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық қорлар мен діни бірлестіктердің құрылтайшылары).

Шаруашылық серіктестігі мен өңдірістік кооперативтердің қатысушылары міндеттемелік құқығына әдетте, өз еркімен шыққанда немесе ұйым таратылғанда мүліктен өз үлесін талап ету құқығын (пай), сондай-ақ құқық мирасқорлықтарының (мұрагерлердің) үлесін (жарнасын) бөлуді талап ету құқығын қосып алады.

Мемлекет  құзыретті  немесе өкілетті орган ретінде тек акционер ретінде акционерлік қоғамға мүше бола алады. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектелген серіктестікке қатысуға құқығы жоқ. [8]  Бұл олардың шаруашылық міндеттерінің сипатына сай келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер жаупкершілігі шектелген серіктестіктерге тек мемлекеттің өкілетті органының келісімімен қатыса алады, ал мекемеге – егер заңда өзгеше көзделмесе, меншік иесінің келісімімен жүзеге асырады. а) Серіктестіктер мен өңдірістік кооперативтердің қатысушыларының міндеттемелік құқығы, біріншіден, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың шартын жасау кезінде, ал акционерлік қоғам құру жағдайында – акцияны сатып алуда пайда болады, екіншіден, міндеттемелік құқық тек берілген мүлікке ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік емес заңды тұлғаның іс басындағы кезінде сатып алған, иеленген мүлкіне де қатысты болады, үшіншіден, серіктестікпен кооперативтің жұмыс істеген мерзімі мен бұл құқықтар уақытқа байланысты шектеледі; ә) мемлекеттік емес заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшылардың салымынан, сондай-ақ олардың қызметі барысында өңдірген не сатып алған мүлкінен құралады; б) мемлекеттік емес заңды тұлға, егер заңға қайшы келмесе немесе басқа адамдардың мүдделері мен құқықтарын бұзбаса, өз мүлкіне кез келген әрекетті жүзеге асыра алады. Зңды тұлғаның меншік құқығын жүзеге асыру көлемін құқық қабілеттілігінен көрінеді. Мемлекетік емес коммерциялық тұлға, әдетте жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Ал кейбір заңда көрсетілген заңда көрсетілген жағдайларда коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі шекті болуы да ықтимал. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер мен банк қызметі туралы» заң күші бар Жарлығының 8-бабына сәкес банктер арнайы құқық қабілеттілігіне ие.

Коммерциялық емес ұймдардың арнайы құқық қабілеттілігін қарастырады. Олардың бәрі де жарғылары мен құрылтайшылық құжаттарында көзделген қызметтерінің мақсаттарына сай келетін құқықтар алып, өзіне тән міндеттер қабылдайды. Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін айналымнан алынған немесе айналымдағы әрекеті шектелген белгілі бір заттарды иеленуіне рұқсат етілмейді. Мұндай заттарды иелену немесе бөтен біреуге беру үшін тиісті рұқсат керек болады;

в) мүлікке меншік мәртебесін және мүлікті иелену, пайдалану және билік ету өкілеттіктерін анықтау үшін мемлекеттік емес заңды тұлғаларының құрылтайшылық құжаттары маңызды рөл атқарады. Азаматтық кодекстің 58 бабына сәйкес құрылтайшылық құжаттарында әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы, серіктестіктің жарғылық қорына олар салатын салымның мөлшері, құрамы, мерзімі мен тәртібі туралы, серіктестіктің жарғылық қорына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жаупкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге мәліметтер болуға тиіс.

Осындай ерекшеліктерге байланысты мынадай анықтама беруге болады: мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы (объективтік тұрғыдан қарағанда) – мемлекеттік емес заңды тұлғалардың материалдық игіліктерді оларға ие болу мүмкіншілігін қорғайтын, бекітітін құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың субъективтік  меншік құқығы заң нормалар арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы. Мемлекеттік меншік Конституциямен , Азаматтық кодекспен  меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.

Азаматтық кодексте азаматтық – құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген. Азаматтық кодекстің 111-114 баптарына сәйкес мемлекет азаматтық – құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастарда өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және әкәмшілік – аумуқтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзге норма туындамайтын болса, қолданылады  және азаматтық – құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешеді

Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мелекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап, әкімшілік актілер шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әр түрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық, баж салығы, жинау және тағы басқалар бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.

Ортақ меншік ұғымы мен түрлері. Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал – жадбықтары бөлінуге Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады Мұндай жағдайға жекеленген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және тағы басқа жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіруеі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.

Информация о работе Экономикалық меншік құқығы