Экономикалық меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 11:52, курсовая работа

Краткое описание

Осы жұмысымды меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдар мен доктриналық ережелер генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқтау ләзім. Осы зерттеудің мақсаты ретінде Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлерін толық ашу, меншік құқығы туралы азаматтық заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жодарын айқандауға тырысамын.

Содержание

Кіріспе.
1. Меншіктің экономикалық теориялық негізі.
1.1 Меншіктің пайда болуы және дамуының тарихи кезеңдері.
1.2 Меншіктің экономикалық мәні және экономикалық қызметі.
1.3 Шетелдегі меншік жүйесінің дамуындағы әс- тәжірибелер.
2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің даму жағдайы.
2.1 Меншіктің негізгі экономикалық ұйымдастыру формалары.
2.2 Қазақстан Республикасының меншәк қатынасының қалыптасуы мен түрлері.
2.3 Меншікті мемлекеттік- құқықтық реттеу саясаты.
3. Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендіру.
3.1 Жекешелендірудің Қазақстан Республикасында меншік нысандарын қалыптастырудағы рөлі.
3.2 Қазақстан Республикасының меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру кезеңдері.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экон менш кукугы.doc

— 137.50 Кб (Скачать документ)

Орталық меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің  құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір біріне деген өзара қарым – қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.

Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген. Мысалы, оған бұл мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.

Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым-қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі  субъектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.

Ортақ меншіктің субъектілері  жеке және заңды тұлғалар ,оның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік – аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда көзделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңнын 3-бабы, 3-тармағы). Ортақ меншік ерлі – зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.

Азаматтық кодекстің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижеснде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.

Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.

Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.

Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылады, дейтұрғанмен, онда бүкіл одақтық меншікті қалыптастыру жағы да ескерусіз қалған жоқ. «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы»Заңының 3-бабында «Республика аумағындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі болып табылады және республиканың заңдық құзырына өтеді» деп нақты жазылды. Қазақ КСР-і өзінің меншігін, КСРО-нің меншігін, республикалық және коммуналдық меншіктерді құрды.

Бірақ та заңның бір қатар ережелеріне елеулі түзетулер қажет еді. Сонымен, мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутуттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүлікті меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық құрылым аталды. Бұл заңда көңілге қонбайтын ережелер де кездесті.Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғыымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізділуімен көрінеді

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі , ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның сңғысына ерекше баға беріледі.

Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрыңғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жжатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы  өңдеу  иелену мерзімі олжа  қараусыз жануарлар  меншік иесінен алынған мүлікті иелену  көмбе

Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрыңғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрыңғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайын.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие және тағы басқа), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу жекешелендіру , реквизациялау , жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру , күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер  қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие блудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиеті тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрыңғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады дауге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық. Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмес, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған, заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады Зат күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі) сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар және т.б.). зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабында қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу де жатады (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шарттар өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материлдардың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.

Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде материалдарынан айырылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. (АК-тің 237-бабының 2,3 тармақтары).

Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға, балық, аң аулауғу арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдармен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес, ормандарда , бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген реттерде, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады  Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). Мұндлай ережені бұзған тұлға тиісті жаупкершілікке тартылады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де еңгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-бабы). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі – 15 жыл, ал қозғаламалы мүлікке – 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктеге меншік құқығы бұл мүлікті иелену көнелігіне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажітте жағдайы мынадай болады: иелену, яғни «тура өзінің мүлкіндей көру», адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім. «Тура өзінің мүлкіндей көру» теңеу тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрі-бір осы талап сақталады. Яғни, мемлекеттік жер падалануға берілген екен, оны иеленуші өзі меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.

Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлде кімнің қолдан жасаған кедергілеріне ұшырамайды. Міне сол себепті де АК-тің 240-бабының 4-тармағында тұлғада болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап ой мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінген.

Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде  иелену мерзімінің уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мүндай құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтатылмауы керек.

Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін – 15 жыл, ал қозғалатынына – 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.

Иелену мерзіміне виндикациялық талап туындайтын (өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін) Талап ету талап қою мерзіміне байланысты мерзім енбейді

Заң мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы екендігін бекітеді Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқығынан бас тартылған зат иесіз болып есептеледі.

Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз қозғалмайтын затты есепке алғаннан соң бір жыл өткеннен  кейін  коммуналдық меншікке түскені сотшешімі бойынша танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кетек меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Меншік құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе қалдырып кеткен жылжымалы заттар Азаматтық кодекстің 243-бабы 2-тармағына сәйкес басқа тұлғаның меншігіне өтуі мүмкін. Тұлға өзінің иелігіндегі не пайдалануындағы жер учаскесінде жатқан заттарды, тіпті оның құны жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем бола тұрса да, ол тасталған металл сынықтары болсын,жарамсыз өнім болсын, оны өзінің меншігіне айналдыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатынастарына қартысты керегіне жарытады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғаның өтініші бойынша сотта қаралып, шынымен иесіз болып табылатын болса, иеленушінің меншігіне кіреді.

Азаматтық кодекс меншік иесі затынан бас тарту нормаларын қарастырады. Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуде пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Бұл тұжырым Азаматтық кодекстің 250-бабында бекітілген.бірақ та бас тарқан бұрыңғы иесі затты басқа тұлғаның өз меншігіне алуына дейін тиісті құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды, демек затты бұрыңғы иесіне қайтару мүмкіндігі бола береді.

Информация о работе Экономикалық меншік құқығы