Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 20:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазір бос сөз бен ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Амалы көп, алғыр, білгіш , бәсекеге қабілеттілер ғана өркендеп өсетін кәсіпкер бола алады. Бұл ретте біз отындық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі».Кәсіпкерлік өзінің икемділігіне байланысты, әрі нарықтың талаптарына орай бәскелестік ортаны дамытуға, өндірістің өнімінің өсуіне, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кеңеюіне өзінің зор ықпалын тигізеді. Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерліккке барынша қолдау көрсету керек. Бизнесті қосымша қаржы көздерімен қамтамасыз ету мақсатында банктерге тиісті қаржылар бөлу қажет.
Кіріспе.........................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері............................8
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары............................................................................................14
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары..................................16
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру............................................21
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................26
Қорытынды...................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................32
Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер шамасында іс - әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді.
Егер толық серіктестіктермен қатар серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше-салымшылар болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі коммандиттік серіктестік деп аталады. Командистер шығын қаупіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қаупіне жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады. Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады. Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.
Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық кәсіпорын – бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан
Республикасында
Отандық кәсіпкерліктің қайта жандануын шартты түрде төрт этапқа бөлуге болады: Біріншісі, комсомолдық ұйымдасуларда жастардың шығармаларының ғылыми- техникалық түрінде пайда болуы мен жұмыс істеуінде құрылды. Олардың қызметтері ғылыми- техникалық проблемаларды шешуге жұмсалған. Әрине, «комсомолдық» кәсіпкерлік басым күшіне ие болмаған, алайда көптеген саудалық құрылымдар алғашқы капиталдың жиналуын алды.
Екінші этап кәсіпкерліктің құрылуын 1988 жылы кооперация туралы кеңес заңынын қабылданумен байланыстыруға болады. Берілген этапта кәсіпкерлік көпшілікке ие болды.
Үшінші этап аренда жайлы, кәсіпорындардың ортақтастығы, банктық қызмет, кіші кәсіпорындар жайлы және кіші бизнестің дамуына заңдық актілердің қабылдануымен байланысты болды және кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларының түрлендіруіне, іскерлік активтін сферасын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Және де, төртінші этап КСРО-ның құлдырауы мен жаңа суверенді мемлекеттердің пайда болуымен және кәсіпкерлік туралы заңдарды қабылдануымен байланысты болды. Кәсіпкерлік үшін нарықтың табысқа тез ие болуға болатын аудандары тиімді болып табылады. Бұл алып- сатуда негізделінген және мұнда ірі ақша қаражатын жұмсау қажет етілмейді. Негізінен кәсіпкерлер тауарлы- делдалдық операциялармен, сатып алу және әр түрлі тауар түрлерін шет елдерде және ТМД елдерінде сатумен айналысады.
Қазақстан Республикасында жүрген және кәсіпкерлік істі реттеген бірінші заңдардың бірі «Кәсіпкерлік істің бостандығы және ҚазақССр-нде кәсіпкерліктің дамуы» ( 1991ж ) болып табылады.
Біріншіден, бұл шаруашылық іс- қызмет, яғни тауарлардың өндірілуі, жұмыс пен қызметтің нарықтық шарттарда сатылуға арналған. Екіншіден, бұл ынталы қызмет, яғни ол өзінің еркімен, қалауымен, кәсіпкердің тәуелсіз таңдауымен атқарылады. Кәсіпкер өз еркімен белгілі бір ісін ашып, өзінің шаруашылық партнерларын және ынтымақтастықтың шарттарын өзі анықтайды. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет әрекеттері, қазіргі күші бар заңдар шекарасында іске асырылуы тиіс. Кәсіпкерлік қызметтің бағыты табыс алу болып табылады.
Тіркеу- кәсіпкерліктің бастапқы және маңызды этапы. Тек тіркеуден кейін кәсіпкер банкте есеп счетын ашуға, жұмыскерлерді жалдауға, өз атына мөрді, бланктерді және басқа да фирмалық белгілерді тапсырысқа беруге, шаруашылық келісім шартқа отыруға және нарыққа шығуға құқылы болады.
Кәсіпкер барлық шаруашылық түрлерімен айналысуға құқылы: өндірістік және делдалдық, экономикаішілік және сырттай экономикамен. Кәсіпкерлер әр-түрлі қызмет түрлерін бұған деген еш бір рұқсат қағаздарын сұрамай-ақ біріктіріп, үйлестіре алады; олардың ара-қатынасын, байланыстарын өзгерте алады, бұл түрлердің қызметін тоқтатып, басқа түрді дамыта алады.
Арнайы мемлекеттік рұқсат қағаздар, лицензиялар белгілі бір өнім шығаруға немесе, белгілі жұмыс атқару үшін министрлік пен ведомстволармен беріледі.
Жеке кәсіпкерлік құқықтық қорғануда мұқтаждық етеді. Ерікті шаруашылық қызмет және кәсіпкерліктің дамыту туралы заңның 20 бабында, кәсіпкерлерге кәсіпкерліктік қызметтің формасына және меншік формасына қатыссыз тең құқықты беруіне мемлекет кепілдік бере алады. Ал заңның 30 бабында, мүліктің заңсыз алудан қорғау туралы кепілдік берілген. Кәсіпкерліктің құқықтық қорғаудың маңызды формасы комерциялық құпияны сақтау болып табылады. Кәсіпкерлік туралы заңның 27 бабында қоршаған ортаның ластануын және басқа да зиян келтіретін қызметтің іске асырулына рұқсат етілмейді. Қызметтер түрлерінің нақты тізімі және де комерциялық құпия бола алатын мәліметтерді Қазақстан Республикасының министрлігімен бекітіледі. Кәсіпкерлер әр жылы қысқа баланстық мәліметтерді, уставтық фондты, табыс және шығыс көлемін, қарыздық және кредиттік қарыздар туралы хабар беруге міндетті.
21 маусымның 1991 жылы және 4 шілдеде 1992 жылы қабылданған
«Жеке кәсіпкерліктің қорғауы» туралы заңдар ұзақ уақытқа жеке кәсіпкерліктің қызметтерінің құқықтық негізі болды. Олар жеке кәсіпкерліктің негізгі формалары мен қорғау әдістерін анықтайды, мемлекеттің тікелей кәсіпкерлік қызметке араласуының және мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің құқығын бұзуына жауапкершілік саяси қабыл алмауын бекітеді.
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары.
Кәсіпкерлік ойлағандай, ұйғарылғандай Қазақстанның экономикалық жаңаруында қозғалмалы күші болмады.
Қоғамдық тұтынудың ынтасын, қалауын және жойылып бара жатқан қоғамдық қажеттілітерді іздеу және де оларға үзіліссіз бейімделу кәсіпкерлік системасында нақты бір қиыншылықтар тудырады. Кейбір қазақстандық мамандар осындай берілген қиыншылықтарды тауып, оларды өту жолдарын ұсынды. (2- кесте)
2- кесте. Қиыншылықтар және
Қиыншылықтар |
Осы қиыншылықтарды жеңу тәсілдері |
1. Қаржылық: негізгі капиталдың
болмауы (қызмет және |
|
Жалғасы 2-кесте
1 |
2 |
| |
2. Институттық: кәсіпкер-лік |
|
3. Білім беру: бизнеспен айналысатын білімнің жетіспеушілігі, білмеушілігі және тәжірбиенің болмауы. |
|
Жалғасы 2-кесте
1 |
2 |
4. Мемлекеттік, төрешілдік /бюрократтық/, көпке созу, коррупция, күштеп алушылық. |
|
Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері