Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 20:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазір бос сөз бен ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Амалы көп, алғыр, білгіш , бәсекеге қабілеттілер ғана өркендеп өсетін кәсіпкер бола алады. Бұл ретте біз отындық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі».Кәсіпкерлік өзінің икемділігіне байланысты, әрі нарықтың талаптарына орай бәскелестік ортаны дамытуға, өндірістің өнімінің өсуіне, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кеңеюіне өзінің зор ықпалын тигізеді. Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерліккке барынша қолдау көрсету керек. Бизнесті қосымша қаржы көздерімен қамтамасыз ету мақсатында банктерге тиісті қаржылар бөлу қажет.
Кіріспе.........................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері............................8
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары............................................................................................14
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары..................................16
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру............................................21
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................26
Қорытынды...................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................32
Мазмұны.
Кіріспе.......................
I.Кәсіпкерліктің
экономикалық мазмұны, мәні
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..................5
1.2. Кәсіпкерліктің
ұйымдық- құқықтық түрлері.......................
II. Қазақстан Республикасында
кәсіпкерліктің қалыптасуы
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.......................
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары.......................
III. Қазақстан
Республикасында қазіргі
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық
тұрақтандыру..................
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау.............
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі таңда кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржылық, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш болып табылады. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Ал іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болып табылады.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі болған.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ал Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам оны тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы мен ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, тағы сол сияқты әр – түрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші – мол пайда табу.
Кәсіпкерлік қабілеті мен қаражаты бар тапты құру үшін, біріншіден, білім керек, екіншіден өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды, яғни кәсіпкерлік пен мемлекет тығыз байланыста.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына, оның даму жолдарына, негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдарымен тереңірек танысып, талдау жасау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:
Курстық жұмыс
жазу барысында мынадай шетелдік
А. Бодо, Ф.Уокер, А.Шапиро, Д.Маккеланд,
Р. Хизрич, П. Другер және т.с.с. отандық
ғалымдардың еңбектері қолданыл
Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.
Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.
«Кәсіпкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымды береді. Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.
Кәсіпкер туралы А.Смит былай деп жазған: «Ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Бірақ кез-келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалы, жылда бір тауар өнімі мен бір ұсыныс көрсететін кәсіпкер деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.
Кәсіпкер – бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адам. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес. Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:
Кәсіпкерлік – табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы. Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады. Кәсіпорын – мүліктік шаруашылық бірлік, бұл өндіру – шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.
«Кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.
1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін
адам.
1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер - істейтін қызметіне жауапты болатын
тұлға; жоспарлап, басқарып, кәсіпорынды құрып, оны
басқарады.
1876 жыл. Ф.Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз
алатындардан ұйымшылдық
алатындарды айыра білу қажет.
1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер – ол жаңа технологияларды өндейтін,
жаңашыл адам.
1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер – кез-келген мүмкіндікті максималдық
табыспен қолданылатын адам.
1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер – ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік
шарттарында жұмыс істеп,
толық жауапты болады.
1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік – жаңа құны бар нәрсенің құруының
процесі, ал кәсіпкер – осыған қажетті уақыт пен күшті
жұмсайтын, өзіне толық қаржылы
әлеуметтік тәуекелді алуға
ақша дәрежесін алуымен
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды.
(1- кесте)
1- кесте. Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары.
Жалпы экономикалық |
Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі. |
Ресурстық |
Кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады. Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады. |
Өнерлі- іздеушілік |
Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру. |
Ұйымдық (ұйымшылдық) |
Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді. |
Жалғасы 1-кесте
Әлеуметтік |
Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді. |
Кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатындағы қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:
Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:
Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе-теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.
Экономикалық шарттар – бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;
Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді.
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
Қазақстан заңында
кәсіпкерлік азаматтар мен
Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері