Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 20:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазір бос сөз бен ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Амалы көп, алғыр, білгіш , бәсекеге қабілеттілер ғана өркендеп өсетін кәсіпкер бола алады. Бұл ретте біз отындық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі».Кәсіпкерлік өзінің икемділігіне байланысты, әрі нарықтың талаптарына орай бәскелестік ортаны дамытуға, өндірістің өнімінің өсуіне, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кеңеюіне өзінің зор ықпалын тигізеді. Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерліккке барынша қолдау көрсету керек. Бизнесті қосымша қаржы көздерімен қамтамасыз ету мақсатында банктерге тиісті қаржылар бөлу қажет.
Кіріспе.........................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері............................8
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары............................................................................................14
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары..................................16
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру............................................21
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................26
Қорытынды...................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................32
Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікті субъект және объект бөліп қарайды. Кәсіпкерліктің субъектілері жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік объектілері шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі нұсқалары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқамен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудін ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, қаржылық, несиелік, проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Бірінші модель бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесінің дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік
Меншіктің формасына сәйкес кәсіпкерліктің үш түрін ажыратамыз:
Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Жеке бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.
Кемшіліктері:
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестірені сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.
Корпорацияның артықшылықтары:
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг жүйесі мен венучерлік кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма – бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемдентін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкін.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ- да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
Ішкі факторлар:
Сыртқы факторлар:
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажетті шараларды үш бағыттан жүргізу керек:
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлдем күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса, жағдайы жөнді болуы мүмкін.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың
ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын»
деген категорияға мазмұны
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар- ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
«Кәсіпорын» ол мүліктік кешен – ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі – федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері