Жезқазған экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 17:56, реферат

Краткое описание

Ғарышты игере бастаған соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде Байқоңырдай бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған ракеталар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель), немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы 1-сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді. Пайдаланатын отынының құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдері ғарыш кемесінен бөлініп, жерге құлайды. Жер болғанда, кәдімгі Жезқазған облысының Жезді, Ұлытау аудандарындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Арқалық аймағының да апан-топанын шығарып тастайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жезқазған экологиясы.doc

— 54.50 Кб (Скачать документ)

Адам өмірі апат құрсауында қалып тұрғандықтан біз бұл жерде  «бастан құлақ садаға» дегендей, табиғатқа, оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келіп жатқан зардапты, оған қатысты қолда бар нақты деректерді сөз қылып отырғанымыз жоқ.

Аумағына алты Албания, бес Бельгия бірдей сиып кететін  ұланғайыр аймақты алып жатқан Сарыарқаның  сауыр жоны — Жезқазған жерін  әрбір қазақ қойнауына қазына көміліп, майсасына мал мамырлаған ежелгі құтты қонысымыз деп біледі. Еңку-еңку күндерде ұлтымыздың ұясына айналған, елдік пен ерліктің тұрағы, тектіліктің тұғыры болғая осынау өлкенің бүгінгі қасіретті жағдайы ешкімді де бейжай қалдырмауға тиіс. Жарты ғасырдай уақыт бойы жүргізілген кеңес үкіметінің ерекше құпияланған әрекеттерінің зардабын жою аса күрделі проблема екендігі де сөзсіз. Алайда, «құдайдың салғаны осы» деп, қол қусырып отыра беруге болмайтындығы да ақиқат. «Ауруын жасырған өледі» дейді халқымыз.

Қансыраған жер мен  әлсіреген елдің күйін ел тұтқасында отырғандар кезек күттірмей назарға  алуға тиіс. Бұл — жерін жарақат  жайлаған Жезқазған халқының жан  сөзі, айтар тілегі, қояр талабы деп  білерсіздер.

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

1. Ғарышты игеру ісінің  дамуы.

 

2. «Байқоңыр» станциясынан  ұшырылған серіктердің Жезқазған  территориясына құлауы.

 

3. Тарихи деректер.

 

4. Приозерскіде экологиялық  ахуал.

 

5. Жезқазған территориясында  зерттеу нәтижесінде ашылған  фактілер.

 

6. Жезқазған территориясындағы  апатқа ұшыраған тұрғындар мен малдардың халі туралы.

 

7. Жезқазған территориясындағы  халықтың өтініші.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. «Ана тілі», 1996, 28-қыркүйек, 1-4 беттер.

 

2. «Атамекен», 2004, №6.

 

3. «Атамекен», 2005, №8.

 

4. Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева  «Экология». Алматы-2002,б.

 

5. А.Биғашев, Р.Білдебаева  «Қазақстан топырағы және оның  экологиясы», А., 1995.

 

6. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Сайнова  «Экология», А., 2003.

 

7. Ж.Жатқанбаева «Экология  негіздері», А., 2004.

 

 


Информация о работе Жезқазған экологиясы