Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 17:56, реферат
Ғарышты игере бастаған соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде Байқоңырдай бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған ракеталар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель), немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы 1-сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді. Пайдаланатын отынының құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдері ғарыш кемесінен бөлініп, жерге құлайды. Жер болғанда, кәдімгі Жезқазған облысының Жезді, Ұлытау аудандарындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Арқалық аймағының да апан-топанын шығарып тастайды.
Ғарышты игере бастаған
соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде
Байқоңырдай бәкенелеу «
80-жылдардың ортасына дейін
Кезінде Кеңес үкіметі өз азаматтарының денсаулығына тікелей залал келтіретін жұмыс жүргізіп жатыр деп, ешкім де ойлаған емес. Аңқау халық жалтыраған жеңіл металдан жасалған ракета қаңқаларын үйлерінің маңына сүйретіп әкеліп, малқора ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын алатын қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіреп тойлар да өткізді ғой...
Енді, осы ракеталар «жаңбыры» астында жатқан аймақтапға қатысты мына бір деректерге назар аударайықшы.
1987-жыл, 27-наурыз. Қарсақпай кеңшарының
«Мұжық» қыстағында отырған
1990-жыл. Қарсақпай кеңшарының Құттыбай қыстағының маңындағы жазыққа ракета сатысы түсті. Ауа қысымының әсерінен ракета құлаған жердің қары еріп кетіп, одан аға шопан Мүсеев Шаяхметтің отарынан біраз қой су ішті. Сол кеште 78 бас қой сеспей қатты.
1992-жыл, 13-шілде, Сәтбаев кеңшарына қарасты Жыңғылдыөзек танабына ракета құлады, 19-шілде күні сол маңнан су ішкен 62 қозының бірі қалмай қырылып қалды. Аудандық малдәрігері М.Өмірбекова малға тән ауру-індетке ұқсамайтындықтан жаппай өлімнің себебін анықтай алмады.
1992-жыл, 30 қазан күні Қарсақпай кеңшарының шопаны Құдабаев Сәбеттің отарының дәл іргесіне ракета түсті. Оның қой жайып жүрген баласы Берік белгісіз сырқатқа шалдығып, ауыр жағдайда әуелі аудандық, содан соң облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күн ішінде 70-тен астам қой шығынға ұшырады.
Бір-біріне ұқсас осындай үрейді деректерді үйір-үйірімен келтіре беруге болады. Баспасөз бетінде құлаған ракеталарға байланысты «радиациялы», «улы» деген сияқты жалпылама «айыптаулар» аз айтылып жүрген жоқ. Кеңес үкіметі ғарыш техникасына қатысты барлық мәліметтерді құпиялап ұстады. Ол үкімет енді жоқ, сондықтан өзімізге әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил жайлы (химиялық атауы - нитрозодиметиламин) мына анықтама көптеген жайлардың бетін ашып береді:
«Нитрозодиметиламин» (гептил) айрықша сасық иісті түссіз сұйық. Айналаға тез тарайды, жердің бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай, ұзақ сақталынады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан қоршаған ортаға аса зиянды. Ол қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады.
Адам ағзасыиа ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адам организміне қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, ты-ныс тарылу, бұлшық еттердің еріксіз тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан айналысындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиника-лық белгілері болып табылады. Сол сияқты нитрозодиметиламин «ұрықты жатырда жатқандаақ ауруға ұрындырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді».
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған ракеталардың алғашқы сатыларының барлығына жуығы осы аймаққа түсетіндігін және олардың әрқайсысында жанып үлгер-меген 1 тоннадан 3 тоннаға дейін гептил болатындығын ескерсек, Жезқазған жерінің қаншалықты уланғандығын шамалауга болады. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жасыл жайлаулар қу тақырға айналып, шөптің көптеген түрлері мүлдем жойылды. 1979 және 1990 жылдары табиғаты белгісіз тажалдан ақбөкендер жаппай қырылып, өлке өлімтікке бөгіп жатты. Зерттеп-зерделеген адамға бұл өңірдегі қасқырлардың өзі бірдеңенің шалығына ұшырағандай әсер қалдырады.
1993 жылы Қумола өзенінің бойында қой қоздатып отырған Сарбаев Жұмабайдың әкесі Сейтен ақсақалды талтүсте үйінің іргесінде қасқыр талап, қан-жоса қылып кетті. Бұл жалғыз оқиға емес, осы аймақта қасқырлардың ауылға келіп адамға шабуы, бала-шағаны жеп кетуі жиі кездеседі. Ракета сатылары үзбей жауатын жердің қасқырлары да биологиялық ауытқуға бой алдырган сияқты.
Облыстық биоресурстар және экология басқармасының есебі бойынша Байқоңыр ғарыш кешенінің ықпалына ұрынған аумақтың жалпы көлемі 330,4 мың шаршы шақырым екен. Оның 70 проценті Жезқазған облысының үлесіне тиеді.
Облыс көлемінде кеңес дөуірінде картаға түспеген, шартгы түрде «Ташкент — 4» деп, аталған айналаға әсері жөнінен Байқоңырдан бірде кем түспейтін тағы бір полигон бар. Ол — Балқаш көлінің жағасыңдағы Приозерск ракета сынау айлағы. Бұл кешеннің жұмысы жайындағы шындық экологиялық құжаттарда да, баспасөз бетінде де бұрын-соңды толық ашылмай келгендіктен өңгімені кеңірек баяндауға тура келеді.
Жезқазған жерінің батыс бөлігінде ракета сынықтары шашылмай жатқан жер жоқ деуге болады. Бір ғана бұрынғы Қарсақпай кеңшарының аумағында ондаған жерге жиналган (жиналмағаны қаншама) космос техникасының қалдықтарының жалпы салмағы20—30 мың тонна көлемінде. Тіршілік пен тілшілік қарекетімен өзіміз өр жылдары жүріп өткен жерлерде ракета сынықтарын (тіпті құлаған тұтас ракеталарды) Жәйрем қалашығының оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай жайылымынан бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл өңірінен, одан да әрі жатқан Торғай облысының Ақкөл атырабынан, Ақтөбе облысының Балта шабындығының төңірегінен кездестірдік.
Ленинград политехникалық институтында оқыған кезде ракета қарулары бойынша әскери мамандық алып, әуе шабуылына қарсы қимыл жасайтын бөлімшелерде тиісті деңгейде тәжірибе де жинақтағандықтан байтақ далада шашылып жатқан техниканың бәрі бірдей Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемелерінің құлаған сатыларына жатпайтындығын бірден байқағанбыз. 1931 — 1932 жылдары Қарақұм көтерілісін қарумен басудан кейін ешқандай соғыс қимылдары жүріп көрмеген алқапта осыншама мөлшерде ұзақ қашықтықтарға ұшатын атом-оқтұмсықты жойқын қаруларының қалдықтары шашылып жатқандығының құпия сырына жете алмай жүрдік. Жезқазған облысының өуе кеңістігі арқылы 5—6 ракета жолдары өтетіндігі жайлы жазылып та жүр. Әрине, бұл трассалардың ракета сынау полигондарын бір-бірімен қосатын траектория екендігі белгілі. Ептеп ауытқуларды есептемегенде, жоғарыда әңгімелеген ракета қаңқаларының барлығы дерлік бұрынғы Одақтағы екі қуатты полигон — Астрахань облысындағы Капустин Яр мен өзіміздегі Приозерскіні қосатын оқтан түзу сызыктың бойында жатыр...
Ақыры, шындықтың шымылдығы
ойламаған жерден ашыла кетті. 1994
жылдың тамыз айында облыс әкімі
Қ.Нағымановпен бірге Приозерск
қаласында болдық. Полигонның сол
кездегі қол-басшысы генерал А.
Осы әңгіменің негізінде өз жорамалым да нақты дәлелін тапты. Приозерск полигоны Капустин Ярдан ұшырылған, ал, Капустин Яр Приозерскіден көтерілген ракеталарды белгіленген нүктеде жойып отырған. Ракета қайта қонатын ұшақ емес, ол міндетті түрде ауада жойылады. АҚШ-пен текетірес кезінде КСРО-нің қатерлі қарулардың орасан зор қоймасына айналып кеткендігін бәріміз білеміз. Оларды шектеу, артығын жою жөнінде мемлекетаралық талай-талай келісімдер жасалынды. Кеңес үкіметі құлардың алдында ғана, басқа жер жетпегендей, оларды құртудың басқа әдістері жоқтай, оқтұмсықтарына атом зарядтары толтырылған ракеталардың үлкен бөлігінің Жетісу өңіріндегі Сарыөзек аймағына арнайы әкелініп жойылғандығын ешкім ұмыта қоймаған шығар. Осындай үкімет бодан елдің «бос жатқан даласын» аясын ба, талай стратегиялық тегеурінді қаруларын Жезқазған аймағында жойғандығының басты дәлелі — атап өткен Капустин Яр-Приозерск түзу сызығының бойыңда жатқан сұсты «сига-ралардың» қапталған қаңқалары. Ондай жұмыстардың болғандығын атақты полигонның сол кездегі айбынды қолбасшысы генерал Тарасов та көпшілік алдында жоққа шығара алмай қалды...
Бұл аймақтағы радиациялық ахуалдың күрделіленіп кетуінің басты себебі деосында жатыр. 1992 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің ғалымдары Ұлытау, Жезді аудандарында экологиялық зерттеу жүргізу барысында осы өңірдің топырағының айналаға радиация сәулесін шашатын ауыр металдармен, тіпті кейбір мекендердің цезий-137 радиоизотобымен уланғандығын анықтап берді. Бұндай зиянды компоненттердің ядролық жарылыс-тардан қалатын «із» екендігі орта мектептің оқулықтарынан-ақ белгілі. Жойылған ракеталардың қаңқалары шашылып жатқан өңірдегі қуатты зарядтардың жарылысынан тараған радиация сәулесінің зардабын ғасырлар бойы тартатын кіріптар жағдайдамыз.
Осының бәріне Арал атырабынан көтерілген тұздың әсері қосылып, топырағы мен өсімдіктер әлемі әбден тозған бұл аймақтың әр жерде ойдым-ойдым сақталған мал азығын дайындауға жарамды шабындықтарының өзіне жергілікті шаруашылықтардың шалғай салуы қиямет-қайым жұмысқа айналды. 30—40 жыл бойы толассыз жауған ракета қоқыстары қайшыға кептеліп, бүгінгідей қосалқы бөлшек пен жанар-жағар майға жалпақ ел онсыз да жарымай отырған тұста, ауылша-руашылық техникаларын ретсіз апатқа ұшыратудан көз аштырмайды. Бұл — мал өсіріп, соның өнімімен күн көріп отырған Жезқазған облысының батыс бөлігіндегі қалың қазақтың ата кәсіппен айналысу мүмкіндігі шектеулі, болашағы бұлыңғыр деген сөз.
Облыстың шығыс бөлігіндегі
Ағадыр, Ақтоғай аймағындағы
1985 жылы Ағадыр ауданындағы
Ақшатау қалашығында
«Тұрғын үйлердің 90 процентке жуығында, әсіресе адамның тыныс мүшелеріне әсер ететін радиация деңгейі белгіленген шектен (жылына 15 бэр) анагұрлым жоғары. Жыл сайын 3000—4000 бэрге жетеді. Халық 40 жыл бойы радиациялық апат құрсауында қалып отыр, Ақшатауда тұратын Оңтүстік-шығыс кеніші жұмыс орындарының 95 процентінде радиация мөлшері шектелген межеден артық. Ең жоғарғы деңгейі — 500 бэр. Тұрғындар мен кеншілерге радиация сәулесінің тигізіп отырған зиянды әсері Чернобыль апат аймағымен салыстырғанда бірнеше есе асып түседі».
Осыдан соң Ақшатауға КСРО металлургия, денсаулық сақтау министрліктерінің мамандарынан тұратын арнаулы комиссия келді. Сол тексерістің хаттамасында: «Радиацияның ең жоғарғы деңгейі шектелген көрсеткіштен 1500 есе артық», — деп атап көрсетілген. 1990-жылдың 19-қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО металлургия министрлігі 20/4 санды бірлескен қаулы қабылдап, онда «Қазвольфрам» комбинаты уран кеніштерінің категориясына жатқызылып, Ақшатау төңірегіндегі радиациялық ахуалды сауықтыру мәселелері белгіленген болатын. Іле-шала одақ тарады, екі ортада орындалған бірлі-жарым ұсақ-түйек шаралар болмаса, бұл қаулы қағаз жүзінде қалды.
1950—1960 жылдар аралығында
әскери геология мамандары
¥лттық Ғылым академиясының аймақтық патология институтының ғалымдарының Ақтоғай өңірінде жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде радиацияның мөлшері бір жылдық өсімдіктерде 150, сүт тағамдарында 30, малдың сүйектерінде 47, адам зәрінде 122, күлде 86, топырақта 71, суда 440 есеге дейін табиғи деңгейден артық екендігі анықталды. Соңғы жылдарда республикамыздың ғылыми орталыктары (ҚазМҰУ, «Қазмеханобр», «Қазгеофизика») жүргізген зерттеулер Жезқазған облысында торий, радий, уран, калий — 40, цезий — 137 сияқты радиоактивті изотоптардың мол қоры жинақталғанын көрсетіп отыр. Облыс тұрғындарының өмірінің орташа ұзақтығы 58 жыл болса, оның ішінде Жезді ауданында 48 жасқа жетпейді. Әрбір дүниеге келген мың сәбидің 152-сі туа мүгедек. Тек, өткен жылы ғана Жезді ауданында әрбір 1000 жаңа туған сәбидің 58, 6-сы, Ақтоғай ауданында 35,2-сі бір жасқа жетпей жатып, жарық дүниемен қош айтысыпты. Ақтоғай ауданындағы тұрғындардың 1 проценті психикалық аурумен есепте тұрады.