Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 17:56, реферат
Ғарышты игере бастаған соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде Байқоңырдай бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған ракеталар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель), немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы 1-сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді. Пайдаланатын отынының құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдері ғарыш кемесінен бөлініп, жерге құлайды. Жер болғанда, кәдімгі Жезқазған облысының Жезді, Ұлытау аудандарындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Арқалық аймағының да апан-топанын шығарып тастайды.