Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 08:44, курсовая работа
Экономикалық өсудің «жасыл бағытына» көшу мақсатында
Тұжырымдаманы қабылдау бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
Біріншіден, таяудағы 20 жыл ішінде Қазақстанда инфрақұрылымды
айтарлықтай жаңарту және дамыту жүргізіледі: аталған активтердің жалпы көлемінен ғимараттардың 55 пайызы мен электр станцияларының 40 пайызы 2030 жылға қарай жаңадан салынады.
1. Кіріспе .
2. І бөлім. Жасыл экономика мәні.
3. 1.1 Тарихқа шолу.
4. 1.2 Шетелдердегі жасыл экономика.
5. 1.3 Қазақстандағы жасыл экономика.
6. ІІ бөлім. Жасыл экономиканы дамыту әдістері.
7. 1.1 Альтернативті энергия көздері.
8. 1.2 Жасыл экономика принциптері.
9. Қорытынды.
Өткенге көз жүгіртсек, Жамбыл облысына 2010-2011 жылдары жиынтықты қуаты 200 мВт болатын энергияның жаңартылмалы көздерінің құрылысы үшін 375 млн. долларға жуық қаржы жұмылдырылған екен.
Сарапшылардың зерттеулері дарқан даламыздың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 6 метрден асатынын дәлелдеді. Ал, күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 мдрд. кВт/сағат деп белгіленген. Әсіресе, елдің оңтүстігі күннің қызуынан қуат өндіруге таптырмас өңір болып бағаланып отыр.
«ТАСӨТКЕЛ» ГЭС-і
Шу ауданы да мүмкіндіктерінің қолайлылығымен еліміздің энергетика саласына биылдан бастап үлес қоса бастады. Себебі, биыл мамыр айында ғана онда қуаты 9,2 мВт-тық жаңа су электр стансасы іске қосылған-ды. Жобаның инвесторы – «A&Т-Энерго» серіктестігі. Бұл гидроэлектр стансасының жылына 45,6 млн кВт сағат электр қуатын өндіретін мүмкіндікке ие. Құрылыс жұмыстары кезінде мұнда 110-ға жуық адам жұмыспен қамтылса, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 15 жұмыс орны ашылған. Электр қуатының 1 кВт/сағат үшін жобаланған тарифі 11 теңгені құраған. Ал, пайдалануға берілген кезеңнен бастап, өтімділік мерзімі 6 жыл. Жоспар бойынша бұл стансада өндірілетін электр қуатын ауданның жергілікті тұрғындары мен электр желісінің компаниялары тұтынатын болады.
Жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын алып жобаның басым бөлігі жеке инвестиция есебінен салынған. Бір атап өтерлігі, 2015 жылға дейін облыста мұндай «жасыл» электр стансаларының іске қосылуы нәтижесінде, жинақтық қуаттылығы 195 мегаватт энергия өндірілетін болады деп жоспарлануда. Ал облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, энергия өндірудің мұндай көздері уақыт өте келе аймақтағы электр тапшылығының 40 пайызын жабатын көрінеді.
Шынымен де бұл жоба әрі бюджет қаржысын үнемдеуге әрі өңірдегі энергия тапшылығын шешуге мүмкіндік беріп отыр. Облысымызда баламалы қуат көздерін жаңарту нысанының құрылысы осыдан 3 жыл бұрын қолға алынды. Күннен және желден қуат алатын еліміздегі тұңғыш электр стансасы дәл біздің өңірде іске қосылған. Ал, Тасөткел су электр стансасының ашылуы аймақтағы «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған тағы бір қадам. Инвестициялық компания өкілдерінің айтуынша, бұл жобаның артықшылығы қыс мезгілінде судың екпіні артады да, осы уақытта қуат көзіне деген сұраныс та жоғарылайтыны белгілі. Ал, бұл жер еліміздегі су қоры мол жалғыз нысан саналады екен.
Жоспарға сәйкес, биыл су қоймасына 500 млн. текше метр су толтырылады. Алайда мамандар СЭС жұмысын толығымен іске асыру үшін ол аздық ететінін айтады. Сондықтан Қытайдан судың қуаттылығын арттыратын жаңа қондырғы алыныпты. Тасөткелдегі су электр стансасы Шу ауданы үшін теңдессіз алғашқы жоба. Қызығушылық танытып отырған инвесторлар келешекте бұл аймақтан тағы да осындай екі нысанмен жел және күннен қуат алатын электр стансаларын іске қосуды көздеуде. Бұл нысандар да жүзеге асып жатса 30-40 МВт электр қуаты өндірілетін болады.
«ҚАРАҚЫСТАҚ» ГЭС-і
Т.Рысқұлов ауданының
Қарақыстақ ауылындағы қуаты 2,3 мВт-ты
құрайтын Қарақыстақ су электр стансасы
жобасының инвесторы – «
Осы электр стансасының ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев арнайы қатысқан болатын. Қуанышқа жиналған жұрттың алдында сөз сөйлеген ол: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында күн мен желден энергия көзін алуда белсенділік таныту ерекше айтылған. Әлем елдерінде электр қуатының тапшылығы сезілген шақта біз осылай «жасыл экономикаға» бет бұрдық. Облысымызда жалпы құны 390 млн. АҚШ доллары тұратын тоғыз жоба жүзеге асырылды. Біз күн мен су электр энергиясын өндіруде республикадағы облыстар арасында алдыңғы орында тұрмыз. Алдағы уақытта Жамбыл ауданында сағатына 24 мВт қуат өндіретін күн электр, Сарысуда сағатына 100 мВт қуат өндіретін тағы бір күн электр стансасын салу көзделуде», – деп облыс халқын жаңа жобалардың барысымен таныстырған еді.
Былтырдан бері өңірімізде ашылып жатқан баламалы қуат өндіретін электр стансаларының жүзеге асуы «жасыл экономиканы» дамытудың нақты дәлелі. Бұл жаңа Қарақыстақ гидроэлектрстансасы облыста энергияның қайталама көздерін пайдалана отырып жұмыс істеуге бағытталған кезекті нысандардың бірі. Енді биыл «VistaInternational» ЖШС қуаттылығы 4 мВт құрайтын Қордай жел электр стансасының бірінші кезегін салу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Оның жалпы белгіленген қуаттылығы – 21 мВт. 2013-2014 жылдары «Fonroche Energie» француз компаниясы қуаттылығы 24 мВт күн электр стансасын салмақ. Ресей инвесторлары 2013 жылдың соңына таман жалпы белгіленген қуаттылығы 19,8 мВт Меркі ГЭС-інің каскады бойынша құрылыс жұмыстарын бастамақ.
«МЕРКІ-3» ГЭС-і
Меркі ауданында 2010 жылдың соңына таман ашылған Меркі-3 ГЭС-і шағын су электр стансасы тау өзенінің үстінде орналасқан. Жергілікті жұрт «Меркенка» деп атап кеткен тау өзенінің суын қорек қылатын Меркі ГЭС-інің қуаттылығы 1,5 мГв-ты құрайды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері облысымызда іске қосылған алғашқы су электр стансасының жыл сайын 6,5 млн. кВт/сағат электр қуатын беріп отыратын болады. Бұл дегеніңіз аудандағы электр қуатына деген тәуелділік пен тапшылықты әдеуір азайта түседі деген сөз.
Сол жылы арнайы құрылған «Жамбыл гидроэнерго» МКК облысымызда шағын су электр стансаларының құрылысын әрмен қарай жалғастыра бермек. Жоба бойынша үш жылдың ішінде олардың саны 12-ге жетуі тиіс, ал өндірістік қуаты сағатына 100 мВт-қа дейін өсе түспек, бұл жетістік аймақтың электр өніміне деген сұранысын 25 пайызға орындайтын болады.
Шағын су электр стансаларының
құрылысы – бұл жаңа жұмыс орындарын
ашуға мүмкіндік беретін, жергілікті
өндіріс орындарының өнімге деген
сұранысын арттыра түсетін
ІІ бөлім.
2.1. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жалпы тәсілдер
1. Әлеуметтік даму
«Жасыл экономикаға» көшудің әлеуметтік аспектісі Қазақстан
экономикасын әртараптандыруға
мүмкіндік беретін бес
кластерде жаңа жұмыс
орындарын құрудан көрініс
«Жасыл» құрылыс: Құрылыс секторын дамытудың ағымдағы серпіні
2030 жылға қарай жаңа ғимараттардың бүгінгі таңда бүкіл тұрғын үй қорын құрап отырғандай саны салынатынын көрсетіп отыр. Бұл ретте Қазақстан терезе, жылу өткізбейтін материалдар, мыс құбырлар сияқты көптеген негізгі құрылыс материалдарын импортқа шығарады. Егер ұлттық кәсіпорындар осындай өнімнің 50% өндірсе, бұл 2030 жылға қарай 150 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы. Бұл Тұжырымдаманы іске асыру ауыл шаруашылығы индустриясында шамамен 400 мыңға жуық жаңа жұмыс
орнын құруға мүмкіндік береді. Жайылымдар мен ауыл шаруашылығы
алқаптарының алаңын кеңейту есебінен 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру межеленіп отыр, жылыжай шаруашылығын кеңейту есебінен қосымша 50 мың жұмыс орны құрылмақ. Сонымен қатар 200 мыңнан астам қосалқы жұмыс орны, тамақ өнімдерін қоса алғанда, қосылған құнның бүкіл тізбегін дамыту есебінен пайда болады.
Электр энергетикасындағы жаңа технологиялар. Электр энергетикасына салынатын 2030 жылға қарай 50 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі және 2050 жылға қарай 100 млрд. АҚШ долларына жуық айтарлықтай инвестициялар ғылыми, инженерлік, техникалық немесе құрылыс мамандықтары бар адамдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Аталған инвестициялардың – 50%-ға дейінгі қомақты үлесі энергияның баламалы көздеріне тиесілі, сондықтан жаңа жұмыс орындары
жаңартылатын энергетиканың жоғары технологиялы секторында құрылады.
Тұйық цикл жағдайында қалдықтарды басқару мен кәдеге жарату
және материалдарды өңдеу. Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай,
қалдықтарды басқару мен кәдеге жарату секторында негізінен техникалық
мамандықтағы немесе
жалпы бейіндегі кадрлық
тартылады. Қазақстанда әртүрлі қалдық түрлерін жинаумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құру 2030 жылға қарай 8 мың жаңа жұмыс орнын құруы мүмкін.
Су ресурстарын басқару және коммуналдық сумен жабдықтау
және су бұру. Сарқынды
суларды өңдеу жөніндегі
суару секторында 3 мыңнан 8 мыңға дейінгі жаңа жұмыс орны құрылатын
болады; сонымен қатар жаңа инфрақұрылым объектілерін салу кезеңінде
уақытша бос жұмыс орындарын құруға болады.
2. Өңірлік даму
Қазақстанның экономикалық дамуы қалалар маңында және негізгі
өндіруші өндірістерде шоғырланған. «Жасыл экономикаға» көшу
тұжырымдамасы өңірлік теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.
Біріншіден, ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи әдістерін енгізу
және жасыл технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығының өнімділігін
едәуір арттырады, бірқатар өңірлердің экономикасы нақ соған тәуелді.
Екіншіден, электр энергиясының төмен бағасын қамтамасыз ете
отырып, шалғайдағы аудандарды жаңартылатын энергия көздері есебінен
энергиямен жабдықтау
жылыжай шаруашылығы мен
шаруашылығы сияқты жаңа өндірістерді құрып, өңірлердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, су және жер ресурстарын сақтау жөніндегі қызметтің
тиімділігінің артуына қарай өңірлерде балық аулау және мал шаруашылығы
сияқты қызметтің негізгі түрлерін дамытуға жаңа серпін береді.
3. Инвестицияларға қажеттілік
Қазіргі сәттен бастап 2050 жылға дейін Тұжырымдаманы іске асыру
үшін қажетті инвестициялардың жиынтық мөлшері жыл сайын орта есеппен 3-4 млрд. АҚШ долл. құрайды. 2020 - 2024 жылдар аралығындағы кезеңде инвестициялардың ең жоғары жыл сайынғы көлемі ЖІӨ-нің 1,8%-ына тең болады, ал 2050 жылға дейін инвестициялар орта есеппен ЖІӨ-нің 1%-ына жуық болмақ (2-сурет). Бұл ретте инвестициялардың қомақты үлесі жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тартылатын болады.
Бұл көлемнің негізгі қаражаты – 90 млрд. АҚШ долларынан сәл астамы
немесе инвестициялардың жалпы көлемінің ¾-і 2050 жылға дейінгі бүкіл
кезеңде энергия тиімділігін
арттыру жөніндегі іс-
және энергияның жаңартылатын көздерін дамытуға, сондай-ақ газ
инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Ауыл шаруашылығын дамыту, су
ресурстары мен қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар қаржыландыруды онша талап ете бермейді.
2.2. «Жасыл экономикаға» көшу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) ресурстардың өнімділігін арттыру: ресурстардың өнімділігі (су, жер, энергетика ресурстарының бір бірлігіне, парниктік газдар шығарындыларының бір бірлігіне және т.б. шаққандағы ЖІӨ ретінде
айқындалады) орталық экономикалық көрсеткішке айналуға тиіс, өйткені бұл параметр қоршаған ортаға жүктемені барынша төмендете отырып, еліміздің құн жасау қабілетін бағалайды;
2) ресурстарды пайдалану
үшін жауапкершілік:
орнықты тұтыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу мен
бақылау үшін мемлекеттік биліктің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті
арттыру қажет;
3) неғұрлым тиімді
технологияларды пайдалана
экономиканы жаңғырту: Қазақстан шамамен таяудағы 20 жылда ЖІӨ-ні,
өнеркәсіптік өндіріс көлемін және инфрақұрылым объектілерінің санын
бірнеше есеге еселейді. Бұл жаңартулар экономикада мүлдем жаңа
шешімдерді қолдану мүмкіндігін ашады: бұл жаңа технологиялар, өндірістің тұйық циклімен интеграцияланған жүйелер немесе электр энергиясын өндірудің «Үшінші индустриялық төңкеріс» шеңберіндегі инновациялық тәсілдері болуы мүмкін;
4) ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың
инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету: ресурстарды тұтынушы
салаларды субсидиялау, көбіне, мұндай субсидиялау тиімсіз тұтынуға әкеп соғатындықтан, оларды қысқарту мақсатында ресурстар нарықтарында әділ тариф және баға белгілеуді қамтамасыз ету қажет;
5) бірінші кезекте рентабельді іс-шараларды іске асыру:
экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық пайда алуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бастамаларға басымдық беріледі;
6) бизнес пен халық арасында
оқыту және экологиялық
қалыптастыру: білім беру және кадрлар
даярлау жүйесіндегі
ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау туралы қолда бар білім
беру бағдарламаларын жетілдіріп, жаңаларын әзірлеу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.http://egov.kz/wps/portal/
Информация о работе Жасыл экономика мәні және оның принциптері