Жаңа Жамбыл Фосфор зауыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:41, курсовая работа

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау қазіргі- замаңғы ең басты мәселелерінің бірі болып отыр.Жиырма бірінші жүзжылдық халық санының қарқынды өсуімен,ғылыми - даму деңгейімен сипатталады,ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Қоршаған орта мониторингі бұл табиғи орта параметрлеріне бақылау жүргізу ,олардың жай күйін бағалау және уақытта кеністікте белгіленген жоба бойынша және компоненттер бойынша алдағы күтілетін өзгерістер ді болжау. Кезінде “Алыстан шақырады Қаратау қол бұлғап”, деп әндеткенде, “Жамбыл жастарының вальсін” шақырғанда солардың бәрін де өзек болған бір дән болды, ол – осы аймақтың фосфорит кені еді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Әдебиетке шолу................................................................................................... 5
1.1 Кәсіпорын туралы мәлімет.........................................................................8
2 Өнім өндірудің технологиялық сұлбасы.........................................................11
2.1 Фосфор зауытының өндіріс бөлімшелері және өндірілетін өнім түрлері...13
2.2 Сары фосфорды өндіру..............................................................................19
2.3 Сары фосфордың тауарлық-шикізат қоймасы...........................................22
3 Фосфор зауытының эмиссиялар мониторингі.............................................25
4. Фосфор зауыты қалдықтарының қоршаған ортаға әсер ету мониторингі..26
4. 1 Фосфор зауытының атмосфералық ауаға келтіретін залалы....................28
4.2 Фосфор зауыты қалдықтарының су ресурстарына әсер етуі......................29
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой (2).docx перизат.docx

— 1.88 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

  Кіріспе.................................................................................................................3

  Әдебиетке шолу................................................................................................... 5

  1.1  Кәсіпорын туралы мәлімет.........................................................................8

   2   Өнім өндірудің технологиялық сұлбасы.........................................................11

   2.1 Фосфор зауытының  өндіріс бөлімшелері және өндірілетін  өнім түрлері...13

   2.2 Сары фосфорды  өндіру..............................................................................19

   2.3 Сары фосфордың  тауарлық-шикізат қоймасы...........................................22

   3    Фосфор зауытының эмиссиялар мониторингі.............................................25

   4.  Фосфор зауыты  қалдықтарының қоршаған ортаға әсер ету мониторингі..26

   4. 1 Фосфор зауытының  атмосфералық ауаға келтіретін  залалы....................28

   4.2  Фосфор зауыты  қалдықтарының су ресурстарына  әсер етуі......................29

   Қорытынды........................................................................................................32

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қоршаған ортаны қорғау  қазіргі- замаңғы ең басты мәселелерінің  бірі болып отыр.Жиырма бірінші жүзжылдық  халық санының  қарқынды өсуімен,ғылыми - даму деңгейімен сипатталады,ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды  көптеп эксплуатациялауға  алып келеді.

Қоршаған  орта мониторингі  бұл  табиғи орта параметрлеріне  бақылау  жүргізу ,олардың жай күйін бағалау  және уақытта кеністікте белгіленген  жоба бойынша  және компоненттер  бойынша алдағы күтілетін өзгерістер ді болжау.

Кезінде “Алыстан шақырады Қаратау қол бұлғап”, деп әндеткенде, “Жамбыл жастарының вальсін” шақырғанда солардың бәрін де өзек болған бір дән болды, ол – осы аймақтың фосфорит кені еді. Сондықтан да, ақындарымыз “фосфорит кенім - берекем”, - деді. Иә, қазақтың жеріндегі бұл кен халқымызды берекесі деуге даусыз лайық. Себебі, еліміз зерттелген және өнеркәсіптік негізде өндіруге болады деп ғылыми негізделген фосфорит кенінің мөлшері жағынан әлемдік есепте екінші орында тұрған мемлекет. Шикізаттың бұл түрі жағынан дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біздің елге тәуелді деуге болады. Фосфорит кені – сан – салалы өндірістің шикі зат көзі. Өйткені ол басқаны бұлай қойғанда адам ағзасының өзіне тікелей қажетті микроэлемент. Қазір біздің елімізде фосформен байытылған тағам түрлері шығарыла бастады.                             «Казфосфат» ЖШС ЖФ өндірістік алаңы (ЖЖФЗ) Қазақстан Республикасы Жамбыл облысында Кіші Қаратау жотасы, Үлкен Бұрыл тауларының етегінде, Тараз қаласынан 18 км, «Химпром» АҚ-нан батысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан. Зауыт ауданы 352 га. Алаңның жер бедері солтүстік-батыс бағытта төмендейді. Геологиялық тұрғыда алаң аллювиальді-провиальді сазды, топырақ ірі үшінші топқа жатады. Жер асты сулары алаңның төменгі жағында 2 метр тереңдікте, ал жоғарғы жағында 36 метр тереңдікте ашылған. Аумақ климаты шұғыл континетті, жаз ыстық және ұзақ, ал қыс салыстырмалы түрде қысқа, бірақ суық. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2,8 м/сек. Осы аумақтағы басым желдер болып оңтүстік-шығыс және батыс бағыттағы желдер табылады, желдің мұндай бағыты кезінде ластау көздері Тараз қаласындағы ауа ластануына әсер етпейді. Геоморфологиялық тұрғыдан алғанда сужинау ғимаратына арнап алынған жер телімі Аса өзені мен алқабын қоса, жер бедерінің аккумулятивті – эрозионды типіне жатады. Аса өзенінің алқабының ені 1000-1200 м, ал өзен арнасынан биіктігі 0,5-1,0м. Сужинағыш ғимаратқа арнап алынған жер телімінің абсолют нүктесі 613-614м-ді құрайды. Аласа тауға қатысты өзен алқабының эрозионды кесілуінің тереңдігі 30-40м. Кәсіпорын орналасқан аумақта жер беті сулары жоқ. Игерілетін аумақта өсімдік өсіруге келетін топырақ жоқ. Құрылыс аумағының сейсмикалығы – 8 балл. Топырақ қабаты сұр топырақ, ашық толық профильді және толық жетілмеген, сұр топырақты орташа жеңіл саз, кей жерлерде аласа тау етегінде құмды түрінде келеді. Және де полигидроморфты және гидроморфты (сары топырақтан батпаққа дейін) топтар, еңіске қарай және толқын бойымен көбінесе ауыр-сазды және топырақ құрылымды.Құрылыс алаңымен түйісетін темір жол Асса МПС станциясына кеп тіреледі. Зауыттың «Фосфорная» станциясы кәсіпорын территориясында орналасқан және шығыс бөлігінде байланыстыратын темір жол арқылы «Шлаковая ДПО Химпром» станциясыне кеп тіреледі.Тараз қаласымен автокөлік байланысы Тараз-НДФЗ автожолы арқылы жүзеге асырылады. Автокөліктердің негізгі кіретін жері зауыттың шығыс бөлігінде, Тараз қаласынан келетін автожол бойыда орналасқан. Өндірістік алаңға автокөлік кіретін қосымша қақпа зауыттың солтүстік және батыс бөліктерінде орналасқан. Қаратау қойнауында оның 72 % шоғырланған. Қаратаудағы 48 кен көзінде 48 млрд тонна фосфор кені болған. Бүгінгі таңда елімізде агроқұрылымдардың қарамағындағы егістіктерді құнарландыру үшін ғана 1 млн 200 мың тонна минералдық тыңайтқыш қажет екен. Облысымыздың аумағында фосфор кенін игеру осыдан 70 жыл бұрын қолға алынды. Осы мерзімде облыс аумағында кен өңдейтін көптеген алып зауыттар салынды. Дүние жүзі біздің облысымызда фосфор өндіруші аймақ ретінде жақсы біледі.

Кәсіптік іс-сананың мақсаты:  Арнайы пәндерді оқыған кезде алған білімдерді кеңейту және бекіту, кәсіпорынның қоршаған ортаға   тастайтын лақтырындыларының әсерін экологиялық тұрғыдан бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

Мониторинг жүйесін талқылау Найробидағы  қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ  бағдарламаларын басқаратын кеңесте  болған алғашқы үкімет аралық жиналыстың алдында белсенділік танытты, сонда мониторинг анықтамасы негізінен антропогенді өзгерістеріне қолданылады.

Қоршаған орта мониторингі- бұл  табиғи орта параметрлеріне бақылау  жүргізу, олардың жай-күйін бағалау  және уақытқа кеңістікте белгіленген  жоба бойынша және  компоненттер бойынша алдағы күтілетін өзгерістерді болжау.

Мониторинг бойынша бірінші  үкімет аралық жиналыста (1974)елдердің экономикалық дамуы туралы, әр түрлі  елдердегі ғылыми зерттеулер туралы, бақылау немесе ақпарат алу жүйесінің  мониторинг жүйесімен бірігуі туралы тақлыланады.

Атмосфералық ауа жәй – күйінің  мониторингісі- ҚР елді мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жәй- күйін бақылау  жасау жүйесі мемлекеттік бақылау  бекеттерінің санын және оларды әрбір  нақты елді мекенде орналастыруды  халық саны, жер рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  өз құзіреті шетінде айқындайды.

Атмосфералық жауын – шашын  жәй – күйінің мониторингі  – атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жауын –  шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерімен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.

Қалалар мен тұрғындық бекеттердегі атмосфераның ластану деңгейін бақылауды  ұйымдастыру ГОСТ.2.3.01-86 «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Тұрғын бекеттерінің ауа сапасын бақылау ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Атмосфераның ластану  деңгейін бақылау арнайы осы мақсат үшін таңдап алынған және сәйкес құралдармен  жабдықталған автомобиль немесе павильон орналастырылған жерде жүзеге асырылады.

Атмосфераның ластану және метеорологиялық  параметрлерін бақылау нәтижесі туралы ақпарат және басқа да стационарлық бақылаулар жергілікті Казгидрометтің басқару бөлімшелерін ұйымдарынан  түсуі, көбіне халық шаруашылық ұйымдарының  барлық бөлімшелерін хабарландыру гидрометерология басқармасымен қамтамасыз етуі және нақты мәліметтер атмосфераның ластануын  бақылау кестесі деп (АЛК) аталынатын арнайы кестеге түсіріледі. Бұл кестелер 3 түрге бөлінеді.

АЛК-1-бір қаладағы немесе өндіріс  орындары орталықтарындағы стационарлық және бағыттық постыларына атмосфералық ауаның ластануының әсер етуі аэрологиялық бақылаудың мәліметтері.

АЛК-2- алауасты бақылаудың нәтижелері.

АЛК-3-  газ тәрізді және шаңтозаңдыратын  концентрациясының түсінуінің орташа күндік бақылаудың мәліметтері.

АЛК-4- газанализаторлар мен басқа  да құралда мен үздіксіз іс-әрекет жасаушы қондырғылардың көмегі арқылы жүгізілген тәуліктік бақылудың  мәліметтері.

“Қазфосфат” ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒  Жаңа Жамбыл фосфор зауыты ‒ сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер: термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий гексаметафосфатын, феррофосфор, түйіршіктелген қож шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан (1-сурет).

 

 

1 cурет - зауыттың Үлкен Бурыл тауынан қарағандағы көрінісі.

      

          Қазфосфат»  ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:

  • «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (Жаңа Жамбыл фосфор зауыты)
  • «Минералды тыңайтқыштар зауыты» «Қазфосфат» ЖШС Тараз   филиалы
  • Қаратау тау-кен өңдеу кешені «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы
  • Шолақтау тау-кен өңдеу кешені «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы
  • «Теміржол-көлік кешені» «Қазфосфат» ЖШС филиалы
  • Степногорск «Химиялық зауыты»
  • Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты

    Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар Зауыт өндірісі үздіксіз жұмыс істейді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970  жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді.  Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің (ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады.  Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты (2-сурет).

                 

2 сурет – Жаңа Фосфор зауытының көрінісі

      

          Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты: «Проектстальконструкция», «Ленстройпромпроект», «Гипрогазоочистка», «ВНИИгаздобыча», «ВНИИЭТО», қазақстандық «ПромтрансНИИпроект», "Водоканалпроект"және т.б. 

      1971 жылы өнеркәсіп құрылысы мен оған апаратын автомобиль жолдарын салудың алғашқы сызбалары түсе бастады. 1972 жылдың басында өнеркәсіп алаңдарында дайындық жұмыстарын жүргізу қолға алынды, ал 1973 жылы зауыттың өнеркәсіп нысандарын соғу басталып кетті.

1974 жылы алғашқы кезекте салынатын  барлық негізгі цехтардың іргетастары қаланып бітті (3 сурет).

 

 

3 сурет - пеш цехы соғылатын алаңды үстінен аршып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. 1972 ж.

1.1  «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ)

 

Жаһандық тәжірибеде бірінші рет  ЖЖФЗ-ның РКЗ-80Ф термиялық пештеріне  агломерат ұнтағынан сары фосфор алу технологиясы енгізілді. Бұрын  үйіндіге төгілетін фосфорит ұнтағын 312 шаршы метр аумақ өнімін қамти  алатын АКМ-312М іспетті агломерация  машиналарында осы озық технологияның  агломерациялау әдісімен кіріктіріп, фосфорит кесектеріне айналдыру  арқылы қайта пайдалануға болатын  болды.

- фосфорит ұнтағынан жылына 1000 мың т/жыл өнімділікпен агломерат  алатын өндіріс (1-агломашинасы); (4-сурет).

 

    

 

   

 

4 сурет - «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ)

- жылына 55 мың т/жыл өнімділікпен  сары фосфор алатын өндіріс  (1-2 пештер);

- 550 мың т/ жыл өнімділікпен  түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

- 16 мың т/жыл өнімділікпен фосфорлы  шламдардан фосфор қышқылын алатын  өндіріс.

 

5 сурет – фосфорит ұнтақтарын кіріктіретін агломерат алу процесі бейнеленген.

       

Шламжинағыштарды ондағы фосфорлы шламды өңдеп, бейтараптандыру арқылы тазарту. Бүгінгі күні 4 шламжинағыштың біреуі тазартылған, екеуінде тазарту  жұмыстары жүргізілуде.  7, 8 пештерде пеш газын өңдеу жүйесін монтаждау  жұмыстары жүргізілуде.  Құрғатқыш  барабандардан өтетін түтінді газды  тазалайтын қолқапты сүзгілерді монтаждау  жұмыстарын жүргізу көзделген. 

1991 жылы Жаңа Жамбыл фосфор  зауытының (ЖЖФЗ) атауы «НОДФОС»  ӨБ  болып өзгертілді (5-сурет).

      1992 жылы 5 тамызда «НОДФОС» ӨБ Жамбыл мемлекет мүлкін басқару комитетінің шешімімен "НОДФОС" ААҚ – ашық Акционерлік қоғам іспеттес болып қайта құрылды.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы10 маусымдағы № 725 "Жамбыл облысының фосфор саласында істейтін кәсіпорындарын, «НОДФОС» АҚ дағдарыстан алып шығудың кезек күттірмес шаралары туралы» деген қаулысына орай «НОДФОС» АҚ сырттай басқарылу үшін "IBE TRADE CORP" фирмасына берілді.

«Нодфос», «Суперфосфат зауыты», «Қаратау», «Промтранс», «Фосфор» акционерлік  қоғамдары акционерлерінің жалпы  жиналыстары шығарған шешімдерге сәйкес және Республиканың фосфор саласындағы  кәсіпорындарын өндірістік-қаражаттық дағдарыстан алып шығуға жағдай туғызу мақсатында Мемлекет мүлкі мен ҚР қаржы министрлігінің активтерін басқару Департаментінің 1997 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысымен "Қазфосфор" Ашық Акционерлік Қоғамы құрылды.

«Қазфосфор» ААҚ Басқармасы шығарған шешім негізінде (01.10.1997 жылғы № 2 хаттама), Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексіне сәйкес 1997 жылдың 29 қыркүйегінде «Таразфосфор» филиалы құрылды.1998 жылы 3 тамызда «Қазфосфор» ААҚ-ның филиалы "ТАРАЗФОСФОР" базасында «ЖЖФЗ» Өндірістік кооперативі («ЖЖФЗ» ӨК құрылтай жиналысының 1998 жылғы 3 тамыздағы №1 хаттамасы) құрылды  (8-сурет).

1999 жылы 21 қазанда ҚР Үкіметінің  №1580 «Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібіне көрсетілер қолдаудың жекелеген шаралары туралы» қаулысына орай «Қазфосфат» ЖШС құрылды (6-сурет). Ол 2000 жылдың

 

 

       

6 сурет – Жаңа фосфор зауытының әкімшілік басқармасы

 

3 мамырында өткен сауда талқысында  «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының»  мүлік кешендігін иемденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Өнімді өндірудің технологиялық сұлбасы

2.1. Фосфор зауытының өндіріс  бөлімшелері және өндірілетін  өнім түрлері

 

         Кәсіпорын Қаратау бассейні фосфориттері минералды шикізатын өңдеуді жүзеге асырып, сары фосфор мен оның туындыларын (термиялық фосфор қышқылы, натрий полифосфаты) алады және өзіне келесі өндірістік цехтарды қосып алады.

 

 

 

 

 

   

                   

7 сурет – Фосфордың жұмыс барысы  

 

 

  ЖЖФЗ  құрамына  келесі негізгі өндірістер кіреді:

  • үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
  • құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі;
  • екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі;
  • төрт технологиялық желісі бар техникалық натрий үшполифосфаты өндірісі;
  • бір технологиялық желісі бар техникалық натрий гексаметафосфаты өндірісі;
  • түйіршіктелген термофосфор қожын шығару;
  • феррофосфор шығару;
  • техникалық түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығару;
  • тағамдық ортофосфор қышқылын шығару;
  •      тағамдық натрий үшполифосфатын шығару;

Информация о работе Жаңа Жамбыл Фосфор зауыты