Зерттеудің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 08:55, реферат

Краткое описание

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарында орналасқан жеке шаруашылықтардың арасындағы, ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге арналған келісім шарттары бойынша 2002-2004 жылдар аралығында жүргізілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

avtoref_Raimbekovoi.doc

— 639.50 Кб (Скачать документ)

 

Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару, оның өсіп-өну кезеңіне сай алдын-ала қарастырылған меже бойынша жүргізілді.

Cүрлемдік жүгерінің суғару жүргісінде жобаланған «құрғақшылық белгісінің»- шамасына қарағанда, нақты «құрғақшылық белгісін»- шамасы 0.57-1.10 аралығында уақыт-кеңістік масштабында өзгеріп отырды. «Құрғақшылық белгісінің»  нақты шамасының 0.57-1.10 аралығында болуы, топырақ қабатын тұз ертіндісінен босатуға мүмкіншілік бере отырып, сүрлемдік жүгері өнімінің шамасының өсуіне алып келді.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 суретте (а және ә) Түгіскен суғару алқабындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару кезіндегі нақты «құрғақшылық белгісі»- байланысты суды тұтыну коэффициенті, күн сәулесінің радиациясын пайдалану коэффицентінің ( ) өзгеру сипаттамасы

 

4.3 Сүрлемдік жүгері өсірілген өндірістік-тәжірибелі зерттеу танаптарындағы топырақ қабатының су және тұз қорының тепе-теңдігі Табиғи жағдайда және суғармалы егістік алқаптардағы топырақ қабатындағы болатын су және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымының нәтижесіндегі, гидрогеохимиялық өзгерістерді бағалау үшін су қорының теңгермелік теңдеуінің негізінде құрылған тұз қорының теңдеуін пайдаландық.

Тұз қорының  шамасын есептеу үшін Арал-Сырдария алқаптарының су шаруашылық басқармасының  мәліметтерін пайдаландық 8 кестеде көрсетілген.

 

 

8 кесте - Сырдария өзенінің суының тұздылығы (г/л)

 

Шардара

Қызылорда

Қазалы

2002

2003

2004

2002

2003

2004

2002

2003

2004

1.480

1.250

1.300

1.350

1.360

1.390

1.600

1.570

1.550


 

Суғармалы егістік  жердің топырақ қабатына маусым бойынша  қорланған тұздың негізін суғару мөлшерінің шамасымен түсетін тұздар құрайды, ал оның шамасы суғару суының тұздылығына ( =1.35-1.60г/л) тікелей байланысты  және ол уақыт-кеңістік масштабында 5.58-10.67 т/га аралығында өзгеріп отырады.

Суғармалы егістік  алқаптарындағы топырақ қабатындағы су және тұз қорының тепе-теңдігінің өзгеруін қарастырған кезде, оның құрамына кіретін негізгі элементтерін бағалаудың маңызы зор, өйткені олар агроландшафтық жүйедегі, жалпы қарастырған кезде біртұтас табиғи жүрістердің қарқынын және бағытын анықтау үшін өте қажет.

 

4.4 Сүрлемдік жүгері өсірілген өндірістік-тәжірибелі зерттеу танаптарындағы өнімділігі Қазіргі кезеңдегі өсімдіктің өнімділік жүрісінің үлгісінде, яғни ауылшаруа-шылық дақылдарының өнімділігін жобалаған кезде, суғармалы егістік алқаптардың  жылу, ылғал, тұз және қоректі заттарын өнімді құруға тұтынатын немесе сіңіретін ресурстар ретінде қарайды.

Құрғақшылық аймақтарда, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуін  шектейтін негізгі анықтама ылғалмен қамтамасыз ету болғандықтан, ауылшаруашылық дақылдарының нақты өнімділігі, өндірістік-тәжірибелі егістік танаптардың су ресурсымен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты (2-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сурет (а және ә) - Жаңақорған-Шиелі суғару алқабындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару кезіндегі топырақтың дамуына пайдалынылатын маусымдық тұздың қорлану коэффициентіне ( ), топырақты пайдаланылатын өнімділігінің ( ) «құрғақшылық белгісіне» ( ) байланысты өзгеруі

Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару кезіндегі топырақтың дамуына пайдаланылатын уақыт-кеңістік масштабындағы күн сәулесінің радиациясының қуаты ( )-76.5-106.6 кДж/см2, маусымдық тұздың қорлану коэффициентінің ( )-1.05-1.39) және салыстырмалы өнімділігінің ( )-0.58-0.89 аралығында өзгеріп отырады, ал ол сүрлемдік жүгеріні суғару кезіндегі егістік танаптардағы 0.54-1.10 шамасында өзгеріп отырған  «құрғақшылық белгісіне» ( ) тікелей баланысты болды.

5 Сырдария  өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардың табиғи жүйесінің өзгерісін бағалау Қазіргі кезде суғару жүйесінің өлшемдік көрсеткіштерін жобалауға пайдаланып жүрген ауылшаруашылық дақылдарының суғару жүргісінің топырақтың эволюциялық заңдылықтарға сай даму жүргісіне қажетті егістік танаптардағы жылу және ылғал ресурсының арасындағы қатынастық теңгермені қамтамасыз ете алмауында және суғаруға пайдаланылатын судың сапасының өте төмендігінен.

Агроландшафттың орнықтылығы мен тиянақтылығын қалпына келтіру үшін топырақ қабатында шайылуға тиісті тұздың шамасы оның ауытқу деңгейіне ( ) сай келеді және оны бейімделген-ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісінің «өте төмен төмен орташа жоғары» жүйелік деңгейі бойынша бөліп қарастыруға болады:

,  (3)

мұнда , , , - агроландшафттың орнықтылығы «өте төмен», «төмен», «орташа» және жоғары кезеңдегі топырақ қабатынан шайылуға тиісті тұздың шамасы, т/га.

Бейімделген-ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісін агроландшафттың орнықтылық және тиянақтылық деңгейінің «өте төмен төмен орташа жоғары» жүйелік желісінде жүргізген кезде және арасындағы айырмашылықты барлық уақытта есепке ала отырып, агроландшафттардың гидротермикалық ( ) және тұздану ( ) жүргісінің, суғару суының сапасының ( ), топырақтың даму шығын болатын күн сәулесінің қуатының (Q), суғару әдістерінің технологиялық жүрістерінің тұйықтық көрсеткішін ( ) және суғару техникасының экологиялық коэффициентін ( ) пайдаланып, оның эволюциялық даму бағытын анықтап отыруға болады және топырақ жүйесіндегі гидрогеохимиялық жүргісін толық басқаруға мүмкіншілік береді (9 кесте).

9 кесте - Аграландшафттардың экологиялық орнықтылығы мен тиянақтылығын қалпына келтіруге арналған бейімделген ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісі

Экологиялық орнықтылығы  мен тиянақтылықтың деңгейі

өте төмен

төмен

Орташа

Жоғары

0.60

0.80

0.90

1.0

0.34

0.51

0.67

1.00

0.60

0.80

0.90

1.0

0.40

0.20

0.10

0


Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы агроландшафттың экологиялық орнықтылығы мен тиянақтылығын біртіндеп қалпына келтіруге арналған кешенді шаралар, табиғи-техникалық бұзылысқа тап болған агроландшафттардың жағдайын ескере отырып құрылған, мынандай талап-тілектерді қамтамасыз ететін, бейімделген-ландшафттық кешенді мелиорацияның шараларынан құралады:

-агроландшафттық жүйедегі жылу және ылғал ресурстарының арасындағы теңгермелік қатынасты, яғни 1.0;  (4)

-агроландшафттық  жүйедегі топырақ қабатындағы  қорланған тұздың шамасының өсімдіктің өсіп-өнуін шектемейтін мүмкіншілік шамасынан асып кетпеуін, яғни ;

-агроландшафттық  жүйедегі геологиялық зат айналымының  шамасы  , ал биологиялық зат айналымының шамасы болғанын қамтамасыз ету;

-агроландшафттық  жүйедегі егістік танаптарға  берілетін судың сапасы жоғары  болу қажет, яғни  1.0;

-агроландшафттық  жүйедегі топырақтың дамуына  пайдалынылатын күн сәулесінің радиациясының қуаты өте жоғары болу керек, яғни ;

-агроландшафттық жүйедегі егістік танаптардағы суғару кезіндегі  суғару әдістерінің технологиялық жүрістерінің тұйықтық көрсеткіші  1.0 –ге, ал суғару техникасының экологиялық коэффициенті 0 –ге тең болуға ұмтылуын қамтамасыз ету.

Қазіргі кездегі қалыптасқан Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы агроландшафттардың экологиялық орнықтылығын және тиянақтылығын деңгейі негізінде, яғни, «өте төмен» екендігін ескере отырып, олардың экологиялық орнықтылығы мен тиянақтылығын қалпына келтіруге арналған бейімделген-ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісі «өте төмен төмен орташа жоғары» жүйеде жүргізілу ұсынылып отыр (10 кесте).

 

 

10 кесте - Сырдария өзенінің төменгі  саласындағы суғару алқаптарындағы агроландшафттардың экологиялық орнықтылығын және тиянақтылығын қалпына келтіруге арналған бейімделген –ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісі

 

Көрсеткіштер

Экологиялық орнықтылық және тиянақтылықтың деңгейі

өте төмен

Төмен

орташа

жоғары

Агроландшафттық жүйедегі жылу және ылғал ресурстарының  арасындағы теңгермелік қатынас

0.60

0.80

0.90

1.0

Агроландшафттық жүйедегі топырақ қабатындағы қорланған  тұзды шаю қарқыны 

Агроландшафттық жүйедегі егістік танаптарға берілетін  судың сапасы

0.34

0.51

0.67

1.00

Агроландшафттық жүйедегі топырақтың дамуына пайдалынылатын күн сәулесінің радиациясы

Агроландшафттық жүйедегі егістік танаптардағы пайданылатын суғару техникалары 

0.60

0.40

0.80

0.20

0.90

0.10

1.0

0

Агроландшафттың өнімділігі

0.6

0.8

0.9

1.0


 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Сырдария  өзенінің төменгі алақаптарында өте жоғары биоклиматтық қор бар және ыңғайлы табиғи-климаттық жағдайы (жоғарғы дәрежедегі ауа жылуының белсенді жиынтығы-3800-4600оС және күн сәулесінің шамасы-радиация 46.0-52.0 ккал/см2, салыстырмалы түрде қарағанда үлкен емес жауын-шашынның мөлшері-250.0-350.0 мм), топырақтың өте төмен биологиялық өнімділігін (0.0028-0.0030) және аз ғана күн сәулесі қуатының топырақтың даму (1.20-1.68 ккал/см2) пайдалану дәрежесі қатаң түрде географиялық аймақтық заңдылыққа бағынады және олардың табиғи-ресурстың әлеуетін толық пайдалану үшін ауылшаруашылық жерлерді мелиорацияның қажет екендігін көрсетеді.

 Сырдария  өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару кезіндегі топырақ қабатындағы тұз қорының тепе- теңдігін есептеу нәтижесінде, суғармалы егістік жердің топырақ қабатына маусым бойынша қорланған тұздың топырақ қабатынан сүзілген судың (Q=550-685 м3\га) шамасына байланысты шайылу мөлшері (Q-q) 0.13-0.29 т\га, ал Арал теңізінің құрғаған табанынан ұшатын тұздарға байланысты атмосфералық жауын-шашынмен (Qc=282-1125м3\га) түсетін тұздың шамасы (Soc) 0.22-0.88 т\га құрайтындығы белгілі болды.

 Сырдария  өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі тапаптардағы сүрлемдік жүгерінің өнімділігі ( =0.58-0.89), суғару кезіндегі топырақтың дамуына пайдаланылатын уақыт-кеңістік масштабындағы күн сәулесі радиациясының қуаты ( =76.5-106.6 кДж/см2),  маусымдық тұздың қорлану коэффициенті ( =1.05-1.39) және егістік жердің «құрғақшылық белгісі» ( =0.54-1.10) бойынша анықталған  ландшафттың су қоры тепе-теңдігінің экологиялық тасымалдануының интегральдық көрсеткішінің ( ) уақыт-кеңістік масштабында 1.85-8.33 есе өсуі және экологиялық тиянақтылығын ( ) 0.71-1.76 аралығында өзгеруі ландшафттың экологиялық-мелиоративтік тиянақтылығының жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіншілік бар екендігіне толық дәлел бола алады.

 Табиғи-техникалық  бұзылысқа тап болған орнықтылығы мен тиянақтылығы өте төмен агроландшафттық жүйелерді қалпына келтіру және жақсарту үшін, бейімделген-ландшафттық кешенді мелиорацияның технологиялық желісін «өте төмен төмен орташа жоғары» жүйелік деңгейді басқару және ұйымдастырудың технологиялық желісін құру үшін:

-топырақтың, суғару  және жер асты суының тұздылығын ескеріп агроландшафттың экологиялық шектелген-мүмкіншілік суды тұтынудың шамасын анықтауға арналған әдістеменің математикалық үлгісі құрылды;

Информация о работе Зерттеудің негізгі бағыттары