Зерттеудің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 08:55, реферат

Краткое описание

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарында орналасқан жеке шаруашылықтардың арасындағы, ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге арналған келісім шарттары бойынша 2002-2004 жылдар аралығында жүргізілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

avtoref_Raimbekovoi.doc

— 639.50 Кб (Скачать документ)

                                            

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1 Зерттеудің негізгі бағыттары Ғылыми-зерттеу жұмыстары Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарында орналасқан жеке шаруашылықтардың арасындағы, ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге арналған келісім шарттары бойынша 2002-2004 жылдар аралығында жүргізілді.

Тәжірибелік танаптар Сырдария өзенінің төменгі саласындағы  суғару алқаптарында орналасқан жеке қожалықтарының егістік жеріне орналасқан және олардың ауданы 15-30 гектарының арасында, қайтарымы 4 реттен сүрлемдік жүгері орналасқан өндірістік-тәжірибелі танаптардың топырақ жағдайының су-физикалық қасиеті және гидрогеохимиялық жағдайы туралы ғылыми мәліметтер жиналды.

 

2 Зерттеу әдістері мен құралдары

Өндірістік-тәжірибелі танаптардағы «атмосфера-өсімдік-жер бетінің суы топырақ-жер асты суы» жүйесіндегі зат және қуат алмасу жүрісінің құрамдық байланысының күрделі екендігін ескере отырып, зерттеу жұмыстарында жүйелік талдау және математикалық, физикалық және өндірістік-тәжірибелі экспериментті қамтитын үлгілеудің әртүрлі әдістері  пайдаланылған, ал оның әдістемелік негізі ретінде су, жылу және тұз қорының жалпы және жеке теңгермелерін анықтауға негізделген. Зерттеу жүргізу барысында суғармалы алқаптардағы өндірістік-тәжірибелі танаптардың тұрақтылығын негіздеу үшін ықтималдық әдісі пайдаланылған (Константинов А.Р., Струников Э.А. 1986 ж.).

Тәжірибелік және өндірістік-тәжірибелі зерттеудің барысында мал азықтық ауыспалы егістіктің құрамындағы сүрлемдік жүгерінің морфологиялық, биологиялық, агротехникалық ерекшеліктері, топырақ құнарлылығына балады, ауыспалы егістіктегі орны, жүгері өсірудің экологиялық оптимумы, өсу кезеңдері, суғару тәртібі, 0-20 см қабаттағы өсімдік тамырының салмағы, фотосинтетикалық потенциал көлемі, фотосинтездің орташа өнімі, топырақ алақанының көлемі, суғару тәртібіне байланысты тамырдың және өнімнің қалыптасуы.

Жүгеріні суғару  жүргісінің желісінің негізінде, оның суғару, топырақ қабатының жылу, ылғал  және тұз тәртібін зерттеу арқылы, топырақ жүйесінің дамуына және гидрохимиялық жүрістің бағытына әсерін анықтауды негізге ала отырып, агроландшафттық жүйенің экологиялық-агромелиоративтік орнықтылығын қамтамасыз ететін ландшафттық-бейімделген суды тұтыну шамасының шектелген-мүмкіншілік мөлшерін бағалау.

Мал азықтық ауыспалы егістік жүйесіндегі сүрлемдік жүгері орналасқан танаптарды экологияландыру, биологияландыру айналымды қарқындатуға бағытталмаған, гидрогеохимиялық айналымды төмендету, табиғи қорды теңгермелікте пайдалану және қоршаған ортаны қорғау шараларын зерттеу. 

Осыған байланысты ғылыми зерттеу жұмысының бірінші  көзқарасы, тәжірибелік танаптардағы топырақ қабатының су және тұз  тәртібін және теңгермесін қалыптасу  жүрісін кешенді зерттеу, топырақ  қабатындағы негізгі салмақты тасымалдау құбылысын және жүрісін, сүрлемдік жүгері суғару жүргісінің қоршаған ортаға және оны өсірудің тиімділігіне әсерін анықтау. Ғылыми мәліметтер Б.А.Доспехов, далалық тәжірибелер әдістемесі, 1985 жылы бойынша өңделді.

 

3 ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР

 

3.1 Сырдария  өзенінің төменгі алабының табиғи-географиялық, экологиялық, топырақ ландшафттарының сипаттамасы Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесінің топырақ жамылғысының сипаттамасы біртұтас жоспар түрінде: суғармалы егістіктің аймақтық орналасу, топырақтың даму түрі және қатары негізгі топырақтардың физикалық және химиялық сипаттамасы олардың орналасу жағдайы және таралу ауданы берілген.

Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесіндегі суғармалы егістік жерге пайдалануға жарамды жердің ауданы, оның құрамына игеру кезеңінде күрделі мелиоративтік шараларды талап ететін жерлерді қосқанда 259160 га құрайды (1 кесте).

 

1 кесте - Сырдария  өзенінің төменгі алабының топырақ  ландшафттарының сипаттамасы

Топырақтың  түрі

Сырдария  өзенінің төменгі алабының ландшафттары

Қазалы

Қызылорда

Жаңақорған-Шиелі

Түгіскен

1

2

3

4

5

6

Ландшафттың рет саны

24

18

23

19

34

Алқабтың ауданы, га

59450

67100

128900

45600

18500

Сұр-боз топырақ, га

6000

       

Сұр-боз тұзданған  топырақ, га

12800

 

100

   

Тұзданған тақыр топырақ, га

300

8400

14600

7900

4600

Тұзданған саз топырақ, га

3400

 

11800

3400

5000

Сазды-батпақ топырақ, га

4950

 

20200

4400

 

Сазды-батпақ тұзданған  топырақ, га

14000

 

37400

16200

 

Кәдімгі ақ сор топырақ, га

 

6000

8300

   

 

1 кесте жалғасы

1

2

3

4

5

6

Сор араласқан тұзданған тақыр топырақ, га

 

41000

21600

 

8800

Тұрақты құмдар, га

 

2600

2300

3600

100

Саздар, га

   

3200

   

Батпақтар, га

   

9400

   

Ашық сұр топырақ, га

     

2400

 

Сорланған ашық сұр топырақ, га

     

2000

 

Сазды– сұр топырақ, га

     

1900

 

 

Агроландшафттық жүйенің табиғи–техникалық қызметтің нәтижесі бойынша өзгеріске түсу дәрежесін сапалық бағалау кешенді есепке жатады, ал оны шешу үшін бір-біріне байланысты табиғи жүрістерді бейнелейтін сынақтың көрсеткіштері және оның математикалық үлгісі қажет. Ол үшін, бірінші кезеңде В.А.Барановтың табиғи-техникалық жүйенің экологиялық орнықтылық коэффициенті мен М.А.Глазовскийдің экологиялық-геохимиялық орнықтылық (тиянақтылық) деңгейінің 

   (1)

(мұнда  - су жинау ауданы; - жердің ауданы; - тиянақтылық коэффициенті; - жер бедерінің геологиялық-морфологиялық орнықтылығын ескеретін коэффициент) математикалық үлгісін негізге ала отырып, агроландшафттық жүйелердің экологиялық-мелиоративтік орнықтылығын (тиянақтылық) анықтауға арналған өрнектің нұсқасын ұсынып отырмыз (Мұстафаев Ж.С., Қозыкеева Ә.Т., Раимбекова Б.Т. 2006):

,    (2)

мұнда - жағдайдағы (тұздану дәрежесі, жер асты суының деңгейі және оның тұздылығы) агроландшафттың ауданының жалпы ауданына қатынасы; - агроландшафттардың тұздану дәрежесі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы; - агроландшафттардың жер асты суларының тұздану дәрежесі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы; - агроландшафттардың жер асты суларының орналасу деңгейі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы.

Нышандарды  жинақтау және үлгі нұсқаның диапозонының үлкен шегін ) рандомизациялау негізгі талабы ретінде ескеріледі және көп анықтамалы тәжірибені ұйымдастырудың қажеттілігін анықтайды. Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірбелі танаптардың ұқсастық дәрежесін есептеу 2-кестеде келтірілген.

2-кесте Өндірістік-тәжірибелі бөлімшенің  ұқсастылығын негіздеу

Көрсеткіштер

Суғару алқабы

Түгіскен

Жаңақорған- Шиелі

Қызылорда

Қазалы

Топырақтың көлемдік салмағы  ( )-P4, т/м3

1.40-1.51

1.30-1.45

1.30-1.56

1.20+1.30

Топырақтың ең төменгі  ылғал сиымдылығы (β) –P6

17.8-37.1

19.1-27.0

17.1-29.3

18.7-23.9

Топырақтың суды сіңіру жылдамдығы (V0) – P1, м/сағ

0.04-0.06

0.048-0.061

0.040-0.048

0.036-0.051

Сүзілу коэффициенті (Kф)–P2,м/сағ.

0.0015

0.0015

0.0015

0.0025

Топырақ қабатындағы  тұздың құрамы (SH) –P3, т/га

95.0-120.0

70.0-260.0

140.0-360.0

120.0-300.0

Жер асты суының орналасу деңгейі (∆) –P8 , м

1.60-2.90

1.70-2.40

1.50-1.90

1.20-2.70

Жер асты суының тұздылығы (Cs)-P10, г/л

2.0-9.0

1.30-7.00

6.0-14.0

3.0-10.0

Суғару суының тұздылығы (Co)-P9, г/л

0.70-1.70

0.80-2.00

0.80-1.80

1.2-2.0

Типтілігі –P0

0.62

0.67

0.78

0.71


 

Тәжірибелік танаптар Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы әкімшілік аудандардағы агробірлестікке топтасқан жеке қожалықтардың жеріне орналасқан.

Өндірістік-тәжірибелі бөлімшедегі және тәжірибелік танаптардағы су және тұз теңгермесін талдаудың негізі, олардың арасындағы байланысты табу және су және тұз элементтерінің тасымалдану заңдылықтарын анықтау арқылы, мал азықтық егістік жүйесіндегі сүрлемдік жүгерінің орналасқан танаптардағы табиғи жүрістерді басқарудың тиімділігін білу. 

 

3.2 Сырдария  өзенінің төменгі алабының ландшафттық  жүйесінің дамуының табиғи климаттық  жағдайы Сырдария өзенінің төменгі алабының  ауа-райының жағдайы біркелкі болып келеді: жыл бойы ауа жылулығының үлкен ауытқуы өте континентальдығын, ауаның құрғақшылығын, жауын-шашының өте аз екендігін  көрсетеді.

Сырдария өзенінің төменгі алабындағы ауа-райы жағдайының сипаттамасы, оның саласына орналасқан бес метеорологиялық бекеттердің мәліметтері бойынша 3-кестеде берілген.

 

3 кесте - Сырдария өзенінің төменгі саласының (Қызылорда облысының) климаттық ресурстары 2002-2004 жж

Метеорологиялық

бекеттер

Oc,

мм

∑t,100C

R, кДж

     см2

E0,

мм

∑d, мб

T0C

1

2

3

4

5

6

7

Аққұм

160

4176

227.3

1211

2985

11.1


3 кесте жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Шиелі

142

3800

212.7

1102

2010

11.1

Қызылорда

110

3724

209.8

1081

2385

8.9

Жусалы

109

3700

208.8

1073

3403

8.5

Қазалы

105

3649

206.7

1058

2750

8.0

Арал

110

3480

200.3

974

2633

7.6


 

Сырдария өзенінің төменгі саласының суғару алқаптарындағы сүрлемдік жүгері дақылын өсіруге арналған ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізген кезеңдегі агроклиматтық ресурстарын анықтау үшін осы аймақта орналасқан  метеорологиялық бекетінің мәліметтерін пайдаландық.

Информация о работе Зерттеудің негізгі бағыттары