Табиғатты пайдалануды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2012 в 12:06, реферат

Краткое описание

Табиғатты пайдалануды болжау және басқару қоршаған ортаны қорғау [7 бет]
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты пайдалануды болжау және басқару қоршаған ортаны қорғау.docx

— 559.65 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі уақытта  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай келеді.

Шетелде ескі автомобильдер  паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді  кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа  да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде  шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру  қажет.

«Қазақстан Республикасында  мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін  отандық мұнай өнімдері сапасын  экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент  мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен  жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен, ҚР Үкіметі 2012 жылы көшеміз деп қарастырғанымен, экологиялық кезең - 3 стандартына  іс жүзінде толық көшуді Қазақстан  тек 2014 жылы ғана қамтамасыз ете алады. 

Су ресурстарының ластануы

Өнеркәсіп кәсіпорындары  және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары  мен өзендерді де ластап отыр. Соның  салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы  экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен  қамтамасыз ету проблемасын асқындыра  түсуде.

Жыл сайын су объектілеріне  шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп  қалдықтары төгіледі.

Жер үсті суларының  жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық  көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда  орналасқан.

Жер үсті суларының  ластану деңгейі судың ластануының  кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша  бағаланады, бұл индекс су сапасының  өзгеру динамикасын салыстырып анықтау  үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша).

Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне  – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы  ластанған» су объектілеріне – 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған.

«Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.

«Лас» су объектілеріне  Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды  облысы) су қоймасы (8,3%) жатады.

Қаракеңгір (Қарағанды  облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп сипатталады.

«Аса лас» су объектісі  санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс  Қазақстан облысы) жатады.

Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған. Мәселен, Глубочанка (ШҚО), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі (Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен Марқакөл көлі «таза» санаттан «шамалы ластанған» санатқа   ауыстырылған.

Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы ластанған» санаттан «ластанған»  санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені  мен Кеңгір су қоймасы «ластанған»  санатқа ауыстырылды және Билікөл  көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа жатқызылды.

Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп  орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы.

Республика аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс  істейді. Кәріз желілерінің жалпы  ұзындығы республика бойынша – 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың  ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің  ұзындығы 9871,3 км. құрайды.

Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен  дәрежеде. Су бұру жүйесінің құрылыстары  мен желілерінің, сондай-ақ сумен  жабдықтау объектілерінің басым  көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 2/3-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша  жалпы республикада сарқынды сулар  жиналатын 130 тоған мен төгінділер қабылдайтын 51 нысан бар.

Төгінділер қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары  жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей  қалалық тазарту  ғимараттарына келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту ғимараттардың көпшілігі өздерінің пайдалану ресурстарын толық сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет.

Тазарту құрылыстарының айтарлықтай тозып кетуіне байланысты су құбырлары құрылыстарындағы апаттық  саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға  құйылатын төгінділердің жалпы  көлемі ұлғайып келеді.

2010 жылы республика  бойынша 25896 су құбырлары апаты  тіркелген. Ең көп апат Қарағанды  (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік  Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында  тіркелді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі.

Мысалы, 2010 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік сарқынды сулар  төгінділерінің жалпы көлемі 52,2 мың  тоннаны құрады, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 5,3 есе төмен болатын. Үстіміздегі  жылы «АТЭЦ» АҚ-да оның екінші кезегі іске қосылып электр энергиясы ұлғайды, сөйтіп өнеркәсіптің су тұтыну және су бұру мөлшері өсе түскен. Негізінен, Атырау облысындағы өнеркәсіптік сарқынды сулар сол себептен ұлғайып отыр.

Қызылорда облыстық Арал-Сырдария экология департаментінің  деректері бойынша, 2010 жылы өнеркәсіптік сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі 406,8 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,0%-ға ұлғайған.

Өңірлердегі келеңсіз әлеуметтік және экономикалық зардаптарға  әкелетін экологиялық ахуалды ескере отырып, Есеп комитеті Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі  – Министрлік) бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне бақылау  іс-шараларын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының  қорытындысы бойынша анықталып  отырғандай, Министрлік өңірлерде табиғат  қорғау объектілерін салуға және жаңғыртуға бөлінген республикалық бюджеттің  нысаналы трансферттерінің тиімді игерілуін  қамтамасыз ету саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге жеткілікті назар  аудармаған.

Су тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге орындамаған  жұмыс көлемдері үшін ақы төлеген. Өңірлердегі жекелеген тапсырыс берушілер сапасыз жұмыстарды қабылдап, табиғат қорғау объектілерін салу және жаңғырту бойынша бастапқы бекітілген сомаларды асырып көрсетуге жол  беріп отырған. Кейбір тазарту нысандарының жұмыс істемей тұрған оқиғалары  анықталды.

Мәселен, Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып, Ақтөбе қаласында  Елек өзеніндегі жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын тазарту құрылыстары  кешенін (арынды кәріз коллекторы және реттеуші сыйымдылық торабы) жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылып отыр.

Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабын  бұза отырып, 2005 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде мердігер - «Мас-Так» ЖШС-мен Ақтөбе қаласындағы  Елек өзенінде кәріз-тазарту құрылыстарын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жаңарту  жөнінде шарт жасасқан. Бұл ретте 2010 жылы «Мас-Так» ЖШС орындалмаған жұмыс көлемі үшін тапсырыс берушіден 33,1 млн. теңге алған. Бақылау барысында  мердігердің шартта қарастырылған 4,8 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды.

Атырау облыстық құрылыс басқармасы мен «СнабОйлСтрой» ЖШС арасында кәріз-тазарту құрылыстарын салу туралы жасасқан шарттың сомасы бекітілген сметадан 286,2 млн. теңгеге  асып кеткен. 

Сонымен қатар, Атырау облыстық құрылыс басқармасы электрмен  жабдықтаудың алаңнан тыс желілері бойынша орындалмаған жұмыс көлемі үшін «СнабОйлСтрой» ЖШС-не 103,4 млн. теңге  аударған.

2010 жылы Ақтау  қаласында № 2 кәріз-тазарту құрылысы  салынады деп қарастырылғанымен,  ол аяқталмаған, соның салдарынан 281,7 млн. теңгеге бюджет қаражаты  игерілмей қалған.

Маңғыстау облысының  Құрық ауылында кәріз желілеріне қосылатын коллектор салуға 2009-2010 жылдары 291,8 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бұл ретте осы тазарту желілерінің 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс  істемей тұрғаны бақылау барысында  анықталды.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жай-күйі туралы 

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу үкімет пен  қоғам тарапынан айрықша назар  аударуды қажет ететін ең маңызды  экологиялық құрамдас бөліктердің  бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта  елімізде қалдықтарды сұрыптаумен, жинаумен және кәдеге жаратумен айналысатын 139 кәсіпорын мен ұйым бар. Алайда, республика үшін олардың жеткіліксіз  екендігін атап өту керек.

Егер 2009 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі 111,2 млн. тоннаны немесе жалпы түскен қалдықтар  көлемінің 20%-ын құраған болса, ал 2010 жылы кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі 134,5 млн. теңгеге ұлғайған тұста, олардың  үлес салмағы (20,1%) іс жүзінде 2009 жылғы  деңгейде қалып қойған.  Деректер көрсетіп отырғандай, жиналған қалдықтар көлемі өскен тұста (2009 жылғы 665,6 млн.тоннадан 2010 жылы 669,1 млн.тоннаға дейін), «Жасыл даму» бағдарламасының нысаналы индикаторы ретіндегі кәдеге жаратылған қалдықтар көлемінің үлесі орындалған.

Есеп комитетінің  бағалауынша, 2014 жылға дейін 21,9%-ға дейін  қол жеткізу деген аталған  нысаналы индикатор біршама төмендетіп берілген және оны Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа инновациялық технологиялар  енгізілген тұста қайта қарап, жаңадан  есептеу қажет. Яғни «Жасыл даму»  бағдарламасының шығарындыларды, төгінділерді және қалдықтарды төмендету жөніндегі нысаналы индикаторларын қолданыстағы бағдарламалар мен стратегиялар шеңберінде, сондай-ақ ЕВРО стандарттарды енгізу аясында есептеу мен нақтылауға кешенді көзқарас қажет.

2010 жылғы қаңтардағы  жағдай бойынша, республика аумағында 43 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар орналасқан, соның 587,8 млн. тоннасы улы қалдықтардың үлесінде. Мұнай және газ өндіріп өңдейтін аймақтарда, атап айтқанда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында бұрыннан қалған байырғы ластағыш қалдықтар сақталған.

Қайталама қалдықтарды, соның ішінде улы қалдықтарды  өңдеудің әлемдік тәжірибесі Қазақстанда  қолданылмайды. Қалдықтар арнайы полигондарға, жинағыштарға және арнайы қоймаларға  жиналады, сөйтіп техногендік қалдықтар жиналған ландшафтылардың көлемі ұдайы өсіп келеді. Мәселен, Қазақстанда электр станциялардың күл қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1%-ды құраса, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен 60%-ды құрайды.

Өнеркәсіптік және улы қалдықтарға байланысты мәселелерден басқа республиканың барлық елді мекендерінде дерлік, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында тұрмыстық қалдықтардың ұлғайған көлемін сақтау және қайта  өңдеу мәселесі өзекті болып тұр (2-кесте). Бұл ретте елдегі полигондардың  көпшілігін және тұрмыстық қатты  қалдық қоқыстарын пайдалану нормативтік  өлшемдерге сәйкес келмейді.

Қалдықтарды жинау  мен шығару жөнінде жеткілікті инфрақұрылымның  болмауы елді мекендерде стихиялық  қоқыстар пайда болуының және оларды жою үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат шығындарының бірден-бір себебі болып табылады.

Қазақстандағы коммуналдық  қалдықтардың негізгі бөлігі (95%) кәдеге жаратылмайды, бұл топырақтың, жер  асты және жер үсті суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келеді.

2-кесте

2009-2010 жылдар  ішінде өңірлер бойынша қатты  тұрмыстық қалдықтардың көлемі

мың тонна

 

2009 ж.

Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, %

2010 ж.

Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, %

Тұрмыстық қатты қалдық қоқыстары  – барлығы

3 646,1

5,1

4 659,8

5,5

Соның ішінде облыстар бойынша:

       

Ақмола

102,8

0

201,6

1,8

Ақтөбе

625,7

0

565,2

0

Алматы

422,8

29,6

338,3

0

Атырау

22,1

13

40,3

0

Шығыс Қазақстан

200,0

0

160,9

1,37

Жамбыл

58,7

0

57,9

0

Батыс Қазақстан

210,0

0,8

200,3

0,5

Қарағанды

360,1

0

546,6

0

Қостанай

276,9

0

433,0

0

Қызылорда

97,7

1,1

105,0

5,1

Маңғыстау

103,1

0,8

122,6

1,4

Павлодар

208,1

1,7

533,3

0

Солтүстік Қазақстан

159,2

0,8

390,5

0,1

Оңтүстік Қазақстан

130,0

0

151,9

0,3

Алматы қаласы

343,3

0,3

490,0

49

Астана қаласы

325,6

0,3

261,3

0

Информация о работе Табиғатты пайдалануды басқару