Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:14, реферат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген жұмыстар жасауға болатынын үйрету.
Сабақтың оқу-тәрбие мақсат-міндеттері:
Табиғи материалдарымен жұмыс істеу туралы мағлұмат беру;
Оқушыларды табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйретутабиғи метериалдардан ойыншықтар дайындауға білімдерін дамыту;
Жұмыс орнын дайындауға дағдыландыру;
Табиғатты аялауға тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;
5. Аналогично склейте все одинаковые по размеру детали, вкладывая между ними иголки.
6. Аналогично склейте все оставшиеся элементы. Получилось 5 отростков кактуса с иголками.
7. Приклейте отростки к фону, соединив их между собой.
8. По трафарету вырежьте 4 красных цветочка (рис. 4).
9. Сложите каждый
лепесток вдоль пополам —
10. Приклейте готовые цветки к отросткам кактуса.
|
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі. Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен. [1]
Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:
Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
Мақпал төсек мамықтан,
Алтын иек, ақ тамақ,
Көтеріп басын сөйледі'".
Қазақ халық ауыз әдебиетінің алып қазынасы Жібек пен Төлегеннің махаббаты, адалдығы
суреттелетін - "Қыз Жібек" жыры. Төлегенге өз сүйгені - Жібекпен қосылуға әкесі
батасын бермейді. Тоқсан көштің ішінен сүйгенін іздеп жүріп тапқан Төлегеннің Жібекке
махаббаты адал, ақ. Бірақ махаббатта жолы болмаған Төлеген Бекежан қолынан қаза
болады. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі
Қыз Жібек жырында толық
Бұл лиро-эпостық жырда көптеген әйел бейнелері беріледі. Бірақ халықтың әсемдік
мұратына сай келетін Жібек бейнесі ең қанық бояулармен суреттелген.
Бұл жырдағы Жібек бейнесі былай суреттеледі:
"Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті....
Өзі он төрт жасында-ай,
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында-ай.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай ...
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылады-ай.
Өткірлігін байқасаң.
Ұсталар соққан кетпендей.
Нұр тұқымын еккендей,
Екі ауыз сөз сөйлескен
Мұратына жеткендей".
41
Келтірілген үзінділер қазақтың өткен заманда әсемдік туралы түсінігі қандай
болғандығын тануға мүмкіндік береді.
Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығында, әсіресе эпос пен ертегілерде, көп
құбылыстар қиял-ғажайып образдармен толықтырылған, бірақ, бұған қарамастан, халық
ауыз әдебиетінің туындыларының мазмұны шынайы болмыстың көрінісі болып табылады,
өйткені, Н. Шамота әділ көрсеткендей, "ең бай қиял, ең дамыған елестету, өз
формаларымен тірі өмір формаларын еске салмайтын болса, ештеңені жасауға
мүмкіншілігі болмайды".
41
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Қыз Жібек пен Төлеген
Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
Қыз Жібек.
'Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.[1]
"Қыз Жібек"
жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімінде Төлегеннің Жібекке
үйленуі әңгімеленсе, екінші
Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.
Төлеген
Егер Қозы Көрпеш қалыңдығының ауылына жалғыз аттанып, көп қиындық көріп, ұзақ жүріп жетсе, Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп, "жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жұртқа жар салады". Байқайтынымыз - Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-ақ күнде жетеді. Оның қызды таңдауы да өзгеше. Қызын көрсеткен әрбір адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке құда түседі. Бұл да - оның ерекшелігі. Оның құда түсу әдісі де айрықша. Алдымен жұртқа жорға таратып, Шекті еліне "мырзалықпен" танылады да, Қаршыға арқылы Жібекті көруге мүмкіндік алады. Бұл жерде Төлеген тағы бір мінез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды, мақтаулы қызды өз көзімен көргісі келеді. Яғни, Төлеген қызға сырттай ғашық болғысы келмейді, қызды өзі сынап, өзі тілдесіп қана бағаламақ. Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мұнда да сол әдетінен таймайды.
Көркем шығарма болғандықтан жырда Төлеген мен Жібектің бір-біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің ынтықтығы сатыланып көрсетіледі. Ең алғаш Жібек туралы ол өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып, оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек екен деп жақындағанда, Қаршыға "Жібек емес" дейді.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады,
Жанасалай сұлудың
Қасына жетіп келеді,
Төлеген мырза көреді,
Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында,
Өзі он бес жасында.
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында.
Қырық нарға жүк арттырып,
Қымқап зерлі кілемді
Жүк үстіне жаптырған.
Қазыналы қырық нарға
Жібектен арқан тарттырған.
Әсемдіктің бәрін де
Бұл жиһаннан арттырған.
Дүрия бешпент бел ЩЕЩЕН амысалып
Бұл дүниені кең салып,
Алтынды қамшы қолға алып,
Абжыландай толғанып,
Бұралып кетіп барады,
Жын соққандай теңселіп,
Осы екен, деп Қыз Жібек,
Жетіп келді қасына,
Базарбайдың Төлеген.
Артынан келді Қаршыға:
"Жібек емес" деген соң,
Онан да өтіп жөнеген.
Тау басында қарағай,
Төлегеннің мінезі
Болып кетті баладай.
Осындай болып әр жерден
Он бір қыз өтті сәулетпен
Бәрі де қалды жарамай.
Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды", - дейді жыршы. Жібектің ғажайып көркін көрген Төлеген: "Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын!" - деп шешеді. Осы сәттен бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.
Жырдағы Қыз Жібек көркінің сипатталуы:
Қыз Жібек
Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сәулеті,
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті.
Үш қызы бар қасында-ай,
Өзі он төрт жасында-ай,
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасында-ай,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында-ай.
Қыз Жібектің дидары -
Қоғалы көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң -
Нұр қызының шырағы,
Дүри гауһар сырғасын,
Көтере алмай тұр құлағы,
Бой нұсқасын қарасаң
Бектер мінген пырағы.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,
Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай,
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай.
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей.
Нұр тұқымын еккендей,
Екі ауыз сөз сөйлескен
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл Жібектің
Өлігіне адам қайырылып
Бетінен келіп өпкендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Ақылменен танып тұр,
Көз мейірі қанып тұр,
Информация о работе Сабақтың тақырыбы: Кепкен жапырақтардан аппликация жасау