Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 16:25, реферат

Краткое описание

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

Прикрепленные файлы: 1 файл

zan.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

Қызметте болудың шекті жасына жеткен кезде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қызмет ету мерзімі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы басшысының шешімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Қызметтiң ұзартылуы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-4 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-4-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:

1) осы Заңда белгiленген тәртiппен  қызметтен босату;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;

3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;

4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;

5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;

6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды  күшiне енуi немесе ақтай алмайтын  негiздер бойынша қылмыстық iстiң  тоқтатылуы болып табылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:

1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;

2) қызметте болудың шектi жасына  жетуi бойынша; 

3) денсаулық жағдайы бойынша  - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз  немесе шектеулi жарамды екендiгi  туралы қорытындысының негiзiнде; 

4) штаттың қысқаруына байланысты;

5) өз еркi бойынша; 

6) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты;

7) аттестаттау тәртiбiмен қызметке  сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша; 

8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке  жарамсыздығы анықталған жағдайда;

9) беделiн түсiретiн қылық жасаған  жағдайда;

10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны  үшiн жұмыстан шығарылады. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-5 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-5-бап өзгертілді

10-5-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:

қатардағы құрам:

өртке қарсы қызметтiң қатардағы жауынгерi;

кiшi басшы құрам:

өртке қарсы қызметтiң кiшi сержанты;

өртке қарсы қызметтiң сержанты;

өртке қарсы қызметтiң аға сержанты;

өртке қарсы қызметтің старшинасы;

өртке қарсы қызметтiң прапорщигi;

өртке қарсы қызметтiң аға прапорщигi;

орта басшы құрам:

өртке қарсы қызметтiң кiшi лейтенанты;

өртке қарсы қызметтiң лейтенанты;

өртке қарсы қызметтiң аға лейтенанты;

өртке қарсы қызметтiң капитаны;

аға басшы құрам:

өртке қарсы қызметтiң майоры;

өртке қарсы қызметтiң подполковнигi;

өртке қарсы қызметтiң полковнигi;

жоғары басшы құрам:

өртке қарсы қызметтiң генерал-майоры.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру , төмендету  (одан айыру) тәртiбi мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады. 

 

Заң 3-2 тараумен толықтырылды 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 

3-2-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін

әлеуметтік қорғау және осы органдарды қаржыландыру  

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-6 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  10-6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 

10-6-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері аттестаттау тәртібімен анықталып, қызметіне сай келмеуі бойынша, беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе қызметтік тәртіпті ұдайы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған жағдайда, ол өзіне берілген және тиесілі мерзім бойынша пайдаланылмаған нысанды киім-кешектің құнын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның тозуын есепке ала отырып өтеуге міндетті. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-7 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)  

10-7-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-8 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 

10-8-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;

он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк  он күн;

жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк  он бес күн қосымша ақы төленетiн  демалыс берiледi.

Өрт-техникалық оқу орнында оқудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын курсанттарға:

1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;

2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;

3) оқу орнын аяқтауына байланысты - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн демалыс беріледі.

Оқуда қарызы бар курсанттарға каникулдық демалыс оны өтегеннен кейін беріледі.»;  

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-9 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  10-9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 

10-9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтем төленедi.

Бiржолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:

1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық  ақшалай қаражат; 

2) II топтағы мүгедекке - он сегiз  айлық ақшалай қаражат; 

3) III топтағы мүгедекке - алты  айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде  бiр жолғы өтем төленеді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.

Егер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-10 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен    (бұр. ред. қара)   10-10-бап жаңа редакцияда

10-10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын

қаржыландыру

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-11 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-11-бап.  2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)    

 

ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1 Заңдарымен 11-бап өзгертілді

11-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)  

 

Заң  3-3- тараумен толықтырылды 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен     

3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  12- бап жаңа редакцияда

12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:

1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;

2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.

3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.

5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.

Информация о работе Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы