Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 16:25, реферат

Краткое описание

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

Прикрепленные файлы: 1 файл

zan.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.06.2009 11:13:49

 

Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының

1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 

 

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                                 (1 - 4 баптар)

     2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдарының өрт            (5 - 8 баптар)

              қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі      

3-тарау. Қазақстан Республикасындағы  (9 - 13 баптар)      

 мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдары

     4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету               (14 - 23 баптар)

     5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы                   (24 - 25 баптар)

              құқықтар мен міндеттер

     6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды          (26 - 28 баптар)

              бұзғаны үшін жауапкершілік

     7-тарау. Қорытынды ережелер                             (29 - 31 баптар) 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен өзгерістер енгізілді  

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  бүкіл мәтін бойынша:

«меншік нысанына қарамастан», «меншік нысандарына қарамастан,» ,«меншік нысандарына қарамастан», «Меншік нысанына қарамастан», «меншік нысанына қарамастан,», «Меншік нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;

«өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызметтің органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарының», «өртке қарсы қызмет органдары», «Өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органының», «өртке қарсы қызмет органы» және «өртке қарсы орган», «өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органына», «өртке қарсы қызмет органдарына», «өртке қарсы қызмет объектілері», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Өртке қарсы қызмет органдарын», «Өртке қарсы қызмет органдарында», «өртке қарсы қызмет органдарымен»  деген сөздер тиісінше «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы», «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында», «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды  (бұр. ред. қара) 

 

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету  адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң  ажырамас бөлiгi болып табылады.

Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi. 

 

1-тарау. Жалпы ережелер 

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;

қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;

өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүзеге асыратын қызмет түрі;

өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының,  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы  күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің  жиынтығы;

өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары;

өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;

өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;

өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;

өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;

өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;

өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 

 

2-бап. Қазақстан Республикасының өрт

қауiпсiздiгi саласындағы заңдары 

Қазақстан Республикасының өрт  қауiпсiздiгi саласындағы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

 

3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң

негiзгi принциптерi

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- Өрт қауiпсiздiгi саласында  адамдардың өмiрi мен денсаулығын,  меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған  ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың  қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару  және басқа қажеттi жұмыстарды  жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық  көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады. 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

Қазақстан Республикасындағы  өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету  жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің  органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды. 

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді

2-тарау. Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі

саласындағы құзыреті 

 

16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 05.05.00 ж. № 48-II ҚР Заңымен; 29.12.03 ж. № 511-I  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкiметi өрт  қауiпсiздiгi саласында:

- мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру  жөнiндегi стратегиялық және  тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

- өрт қауiпсiздiгi саласындағы  салалық бағдарламаларды бекiтедi;

- мемлекеттiк органдар қызметiне  басшылық жасайды, олардың Қазақстан  Республикасы заңдарын, Президентi  мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;

- өрт қауiпсiздiгi саласында  ақпарат беру, бiлiмдi насихаттау, халықты  және мамандарды оқытып-үйрету  тәртiбiн белгiлейдi;

өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары штат санының лимитін белгілейді;

қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын  мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды  объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;

- Қазақстан Республикасы  аумағында өрттерден сақтандыру  мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді.

өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді.

өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;

дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары  құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді;

өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.

- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін айқындайды;

- мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін нысанды және арнаулы киім-кешектің үлгілері мен тиесілілік нормаларын белгілейді. 

 

09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты  жүргiзедi, өрт қауіпсіздігі саласындағы салааралық үйлестіруді  жүзеге асырады;

2)  өрт қауіпсіздігі саласындағы  нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi;

3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы  зерттеу қызметiн, бiлiмдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;

5) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред .қара)

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер  бойынша анықтауды жүзеге асырады; 

6-1) өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекітеді;

Информация о работе Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы