Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 18:55, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістің үзіліссіз өсу деңгейі әртүрлі шикізат пен отынның пайдалануын ұлғайтып, атмосфераға өндірістік газдар мен басқа да қалдықтары тастауларының көлемін өсіруге әкеліп соғады. Осындай және басқа да табиғи және антропогендік факторлардың нәтижесінде ауада шамадан тыс мөлшерде ластаушы заттардың жиналуының әртүрлі кері салдары бар. Бұлардың ішіндегі ең танымалдары смог, қышқылдық жауындар, парниктік әсер, озон қабатының жұқаруы, ортаның жалпы зияндылығының артуы болып келеді.
Тақырыптың өзектілігі. Атмосфералық ауа сапасының нашарлауы флора мен фаунаның биоалуантүрлілігіне кері әсерін тигізеді. Бұл үрдіс әрі қарай тереңдей берсе, кейбір түрлердің толығынан құрып кетуі мүмкін.

Содержание

КІРІСПЕ
4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
7
1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
7
1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
7
1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
8
1.3. Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
11
1.4. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
13
2 ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
15

15
2.1. Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі
17
2.2. Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу
18
2.3. Елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына бақылауды ұйымдастыру
21
2.4. Атмосфераның ластануын қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру
21
2.5.
22
3.Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу
25
3.1.
25
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі.docx

— 325.92 Кб (Скачать документ)

Жалпы өңірлік өнімнің 18,3% тиетін өңірдің  өнеркәсіптік кешені негізінен тау  байыту саласымен, машина жасау, түсті  металлургия, химия және тамақөнеркәсібімен, құрылыс индустриясымен ұсынылады.  
Облыстың негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары:  
- «Қазақалтын» ТКБК» АҚ және «Васильковск ТКБК» АҚ - алтын өндіру; 
- «Тыныс» АҚ - авиация техникасының бөлшектері мен агрегаттарын, өрт сөндіру құралдарын, газдықтұйықтау арматурасын, медициналық және өлшем техникасын, полиэтилен трубаларын шығару; 
- «Степногорск подшипник зауыты» АҚ - темір жол жылжымалы құрамға подшипниктер шығару. Ішкі тұтынудан басқа өнімнің басым бөлігі Ресейге жеткізіледі. 
- «Бәйтерек - А» АҚ - электровоздарды күрделі жөндеу; 
- «Степногорск тау-химиялық комбинаты» ЖШС - уран, молибден концентратын өндіру; 
- «Көкшетау минералды сулары» АҚ - арақ-шарап өнімін, алкогольсыз сусындар және минералды суларды шығару; 
- «КамАз-Инжиниринг» АҚ - автомобиль техникасын шығаруды ұйымдастыру; 
- «Өркен-Атансор» ЖШС - темір рудасын өндіру; 
- «Қазшпал» АҚ - темірбетон құрылымын шығару. 
Ауыл шаруашылығы шикізатын (ет комбинаты, май зауыты, диірмен, нан қабылдау кәсіпорындары, сусындар шығару жөніндегі кәсіпорындар) қайта өңдеу жөніндегі және жеңіл өнеркәсіптері (тігін және текстиль өндірісі) бойынша кәсіпорындардың тораптары дамыған. Алдыңғы қатарлы технологияны енгізу, жоғарғы өндірістік мәдениеті бар жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекті тиімді ұйымдастыру облыс экономикасына шет елдік инвестицияны тартуға септігін тигізетін экономикалық ынтымақтастықтың бір нысаны болып табылады.

Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі:

1.солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке батыр,

     2.оңтүстігінде Айыртөбе, Шортан шоқылары бар.

Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км2.

Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінде қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында  бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.

 

2.1 Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі

Атмосфералық ауаның мониторингі  
 Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады. 
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:    
-  толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19); 
-  толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19); 
-  үздіксіз режимде жүргізіледі.  
 Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б   анықталды. 
 

 

2 сурет-Атмосфералық ауаға жүргізілетін мониторинг бекеттері 

Атмосфералық жауын-шашын  және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг  
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:  
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; 
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний; 
-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла 
-   қышқылдығы 
-  меншікті электр өткізгіштігі анықталады.  
       9.Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі.  
Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.   

 Атмосфералық ауа сынамаларын  алған кезде метеорологиялық  параметрлерді бақылау жүргізіледі: 
      1) желдің жылдамдығы мен бағыты; 
      2) қоршаған ортаның температурасы; 
      3) атмосфералық қысым; 
      4) ылғалдылық; 
      5) бұлт қабаты (теңіз зерттеулері кезінде); 
      6) толқынның биіктігі (толқындау) және толқынның бағыты (теңіз зерттеулері кезінде). 
      10. Сынаманы сұрыптау заттарды ұстауға арналған сұйық немесе қатты сорбенттермен толтырылған жұту құралдар, немесе ауадаға бөлшектерді ұстап қалатын аэрозольды сүзгілер арқылы атмосфералық ауаның белгілі көлемін аспирациялық жолмен орындалады. 
      11. Өлшемдер зиянды қоспалар шоғырын үздіксіз анықтау үшін автоматтандырылған газоанализаторлар және ауаның сынамаларын жинақтауға арналған қондырғылармен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы бекеттерде жүргізіледі. 
      12. Атмосфераның ластану деңгейін бақылау кезінде сынамаларды сұрыптаудың мынадай режимдері пайдаланады: 
      1) бірреттік, 20-30 минут жалғасатын;  
      2) дискретті, онда бір жұту құралдары немесе сүзгіге бірдей уақыт аралығында бір тәлік ішінде бірнеше (3 тен 8 дейін) бірреттік сынамалар алынады; 
      3) тәуліктік, мұнда бір жұту құралдары немесе сүзгі сынамасы үздіксіз тәулік бойы жүргізіледі. 
      13. Ауа сынамаларын алу үшін электраспираторлар немесе ауасұрыптағыштар осы әдістеменің 2 және 3-қосымшаға сәйкес пайдаланылады. 
      14. Сынама жүргізілген соң жұту құралдарды полиэтиленнен жасалған бітеуішпен жабылады және полиэтиленді қапшықта (ылғалдың конденсациясы жүргізілмеу үшін) сорбент қабатымен төмен термосқа орнатылады. Күкірт қос тотығы мен күкіртті сутек сынамаларын күн түсуден қорғау керек. Ауа температурасы 250С астам болса күкірт қос тотығына сынама тоңазытқышқа немесе полиэтиленды қапқа орнатылған және герметикалық жабық мұздардың тілімдері бар (термос көлемінің 20-30%) кең ауызды термосқа орнатылу керек. 
      15. Ауа сынамаларын алу параметрлері және оларды сақтау мерзімдері осы әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес анықталады. 
      16. Сынама талдау әдістері осы әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес келтірілген. 
      17. Зерттеу нәтижесі бойынша атмосфералық ауаның нақты жай-күйіне талдау жүргізіледі. 
      Атмосфералық ауада ластаушы заттардың өлшенген шоғырлары шоғырдың бақылау мәнімен салыстырылады. 
      Тәулік бойы орташа шоғырдың мәні елді мекендер үшін шекті жол берілетін шоғырдың орташа тәуліктік мәнімен салыстырылады. 
      Ластаушы заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының нормасынан арттыру байқалған жағдайда арттыру себебі анықталады. 
      18. Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізу нәтижелері «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есепке талаптарды келісу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6474 тіркелген) Қоршаған ортаны қорғау министрінің 24.04.2007 жылғы № 123-  бұйрығына сәйкес өндірістік экологиялық бақылау нысаны бойынша есеп түрінде ресімделеді. 
      19. Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғаудың облыстық аумақтық басқармасына тапсырылады. 
      Кварталдық есепте мыналар болады: 
      1) табиғат пайдалану туралы қысқаша мәліметтер; 
      2) мониторинг жүзеге асырған мердігер ұйым немесе құрылым туралы қысқаша мәліметтер; 
      3) мониторинг жүйелерінің сипаттамасы (бақыланатын компоненттер мен объектілер, сұрыптау нүктелері, кезеңдігі, талданатын ингредиенттер); 
      4) мониторинг жүргізу әдісі (сұрыптау әдістері, сынамаларды сақтау, тасымалдау және талдау); 
      5) зерттеу нәтижелері (сынамаларды талдау нәтижелері, динамикалық және кеңістікті талдау). 
      20. Табиғат пайдаланушы газ мониторингінің нәтижесі бойынша еркін түрінде жыл сайынғы есепті дайындайды. 
      Жылдық есеп тоқсандық есепке кіретін, аталған ұстанымдардан басқа үш жылдың ішіндегі динамиканы талдаудан, ластану деңгейінің жоғарлауы немесе азаю себебін талдаудан, қоршаған ортаға кәсіпорынның әсерін кешенді бағалаудан тұрады.

Атмосфералық ауа жағдайы  – Қазақстан Республикасының  елді – мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүйесі. Әрбір елді-мекендердегі бақылау  мен тарату мемлекеттік күзет  орындарының саны нормативтік талаптардың  негізінде халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады. Атмосфералық ауа жағдайының мониторингін Қазақстан Республикасы қоршаған орта жөніндегі Министрліктің «Қазгидромет» РГБ www.kazhydromet.kz арқылы жүзеге асырады.

Aэрология бойынша: ауа температурасы, дымқылдық, шық нүктесінің дефициті, желдің бағыты мен жылдамдығы туралы мәліметті кез келген атмосфералық биіктіктен (жерден 30 км қашықтыққа дейін) жердегі және жоғарыдағы инверсиялар туралы мәлімет.

Tабиғи ортаның ластануы  бойынша: қалалардағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі.

 

 

2.2  Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу

Аджип ККО мұнай өндіруден  біршама уақыт бұрын Атырау облысындағы  атмосфералық ауа сапасына автоматталған  түрде мониторинг жүргізе бастады. Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу бойынша алғашқы станциялар қазіргі кезде жұмыс істеуде. Облыс көлемінде және Атырау қаласының  өзінде 20 дейін осындай станциялар орнатылатын болады. Бұл станциялар заманауи электронды модулдер. Олар ауа  сапасы көрсеткіштерін және метеорологиялық  параметрларды тоқтаусыз тіркеп отырады.

     Станцияның  жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде  деректерді техникалық мамандардың  өздері жүктейді. Кейін келе, ілгеріде, Басқару орталығына автоматты  түрде дерек беру жүйесі орнатылады. Осы жерден, қол түскен деректер, жергілікті бақылау органдарына жіберіліп отырады. Өз кезегінде ол органдар сол деректерді жариялап, сол арқылы жергілікті халықтың атмосфералық ауа ахуалы туралы хабардарлығын арттырады.

 

 

    

2.3 Еңбекшілдер ауданы атмосфералық ауасының сапасына мониторинг жүргізу

Еңбекшілдер ауданының ауа алабы негізінен табиғи ортаның ластану деңгейінің нормативтерінен аспайды.

Еңбекшілдер ауданының табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылға  табиғи ортаны қорғау шараларын жоспарлады.  Атап айтқанда:

  • су ресурстарын тиiмдi пайдалану 504079,3 мың теңге 87 % құрайды;
  • жер ресурстарын тиімді пайдалану 5099 мың теңге, 0,88 %  құрайды;.
  • флора және фаунаны қорғау 44155,3 мың теңге, 7,6 %.құрайды;
  • ауа бассейнін қорғау 3990,8 мың  теңге, 0,68 % құрайды;.
  • техникалық қадағалауды өткiзу 744 мың теңге, 0,13 % құрайды;
  • ғылыми зерттеуге, iзденгiш және тағы басқа өңдеу жұмыстарына 21080 мың теңге, 3,64 % құрады.

        2011 жылға  арналған табиғи ортаны қорғау  шараларын жоспарлау кезінде   ауа алабын қорғау бойынша  қаражат аз бөлінген, бұл өз  кезегінде осы бағытта жақсарту  бойынша жұмыстарға ықпал етеді.

Атмосфералық ауаның негiзгi ластағышы автокөлік болып табылады.

Автокөлiк лақтырындыларында - көміртегі тотығы 12%,азот оксидтерi - 80%, көмiрсутектер - 8% басым болады.

Ақмола облысының және Көкшетау қаласының ауа алабын жылу энергетикасы, кен өндiру кәсiпорындары  және автокөлiктер ластайды.

   Ақмола облысын  ластайтын лақтырындылар 2011жылы  шамамен 97,031  мың тоннаны құрады.Жалпы  атмосфералық ауаға өндірістен  шығатын лақтырындылар 2011 жылы 97,031  мың тонна болса, 2010 жылы 99,144  мың  тоннаны құрады.

- атмосфералық ауаға қатты  бөлшектердiң лақтырылуының жалпы  көлемі  2011 жылы  58,6 мың тонна  болса, 2010 жылы  59,88 мың тоннаны  құрады;

- атмосфералық ауаға күкiрттi  ангидрит лақтыруларының жалпы  көлемі 2011 жылы  17,05 мың тонна болса, 2010 жылы 17,35 мың тоннаны құрады;

- атмосфералық ауаға азот  диоксиді лақтыруларының жалпы  көлемі 2011 жылы  3,88 мың тонна болса, 2010 жылы 3,965  мың тоннаны құрады;

- атмосфералық ауаға иiстi газ лақтыруларының жалпы көлемі 2011 жылы  17,46 мың тонна болса, 2010 жылы 17,84 мың тоннаны құрады;

 

2  сурет -Жалпы атмосфераға  шығарылатын лақтырындылар

 

 

Атмосфераға өнеркәсiп орындардарынан келетін лақтырындылар қауiп-қа -тердiң 4 дәрежесіне жатады.Лақтырулардағы негiзгi ластайтын заттар:крем -ний диоксиді, күкірт диоксиді,азотдиоксиді, бейорганикалық шаң  20-70%, кремний оксидтері  болып  табылады.Негiзiнде  аудан көлеміндегі  кәсіпорын мекемелерімен  тұрғын үйлерді жылыту үшiн Екібастұз  бассейнінің көмiрі қолданылады.Сұйық  отынды ауылдың вахтасын жылыту үшiн  тек қана бiр кәсiпорын ЖШС "Сага Крик Голд"  қолданады.

 

 

 

 

1  кесте - Лақтырындылар көлемі, мың тонна

Ластану туралы ақпарат

2010жыл үшін

2011 жыл үшін

     

Өндірістен шығатын лақтырындылардың атмосфералық ауаға түсуінің көлемі

99,144

 

97,031

Апаттық жағдайдағы лақтырындылар көлемі

0

0


 

Көкшетау қаласынан  солтүстікке қарай 8,5 км қашықтықта "Васильковский ГОК" кен орны орналасқан. Васильковский кен орны 1979 жылдан бастап жүмыс істеп келеді. Васильковский алтынды - кварц-мышьякті рудалар кен орнына жатады. Мұлымы шамамен 4 млн. тоннаны, сондай-ақ жоғары сапалы астықты экспорттаудағы әлеуеті 1,5 млн. тоннаны құрайды.Мұнда алтын қосындылары бар рудалардың ғана өндірістік маңызы бар.Васильковский ААҚ қүрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш аланда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екінші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі -алтын айыру фабрикасы.

Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальтқоспалары қондырғылары, дизельді қондырғылар, қазандықтар. ЖЖС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару кездеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жүмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады.

Бұл ластаушы көздерден  атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0,3 және 0,5 мг/м3 шекті мөлшерден астам. Органикалык емес шаң атмосфераға жылына 4002,715 тонна мөлшерінде шығарылады

 

 

 

2.4 Елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына бақылауды ұйымдастыру

 

Елді мекендердін атмосфералық ауасынын сапасына бақылауды ұйымдастыру

Атмосфералық ауа тазалығын  бақылауды 3 негізгі бөлікке бөлу-ге болады:

1. Ауаның диффуздық  ластануына жуйелі турде бақылау орнату стационарлық күзеттер торабын құру жолымен жүргізіледі. Бұл, елді мекендердің ауа бассейнінде зиянды заттардың орташа мөлшерін анықта мүмкіндік береді.

2. Атмосфераның  аймақтық ластануын зерттеуді уақытша бақылау күзеттері жүргізеді. Мысалы, жекелеген өнеркәсіп кәсіпорындарының аудандарында ауа ластануының жекелеген көздерінің рөлін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

3. Жекелеген ластау  көздерінің шығарындыларында зиянды  заттардың шоғырлануын зерттеу бұл әрбір өнеркәсіп көсіпорындары бойынша тазалау құрылыстары жұмысының тиімділігі жөнінде болжам жасауға мүмкіндік береді.

Атмосфералық ауаның сапасын  бақылау пункттерінде орынды тандап алу осы үш міндетті шешудің негізгі  және түйінді мәселесі болып саналады.

Атмосфералық ауаның ластануын  дұрыс және объективті бағалау бақылау  пунктін дұрыс таңдап алуға байланысты болады.

Атмосфералық ауаның жағдайына  қандай қадағалау жүргізіледі, қандай құралдар мен әдістер арқылы. Зиянды тастаулардың сейілуінің есептелуі  бойынша міндеттерді шешу.

Атмосфераның сапасы ретінде  физикалық, химиялық және биологиялық  факторлардың адамға әсер ету дәрежесін  анықтайтын қасиеттерін түсінеді.  Өсімдік және жануар әлемі, сонымен  бірге материалдар, құрастырылымдар  және бүтіндей қоршаған орта.  Атмосфераның сапасы оның ластануына байланысты. Ластану  көздері табиғи және антропогенді болуы  мүмкін.

Атмосфераның ластануы деп  оның құрамына табиғи ауаның құрамында  болмайтын немесе ауаның табиғи құрамының  ингредиенттері арасындағы қатынасты  өзгертетін қоспалардың әкелінуін  түсінеді. Атмосфераның жер қабатындағы  ауаның газдық құрамы біртекті және келесі компоненттерді қамтиды: ауа  - 20,9 %, азот – 78,1 %, инертті газдармен – 1 %, көмірқышқыл газбен – 0,03 %.  Ауаның құрамы сонымен бірге климаттық  жағдайларға: желге, жер үсті рельефіне, ауа райы мен климатқа, келетін  қоспаларға байланысты. Атмосфераға  қоспалар газдар, булар, сұйық және қатты бөлшектер түрінде түседі. Атмосфераны ластайтын негізгі  химиялық қоспалар көмір оксиді, көмір  диоксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азон, көмірсутек, қорғасын, өнеркәсіп  шаңдары, фреондар болып табылады.

Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорындар тастауларының сейілуін есептеу