Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 06:53, доклад

Краткое описание

Ашық аспанды бірте-бірте қою қара бұлт тұмшалай бастады . Біраз уақыттан кейін айналаның барлығын бұлт ұйысты. Мүлгіген тыныштық әп-сәтте басқаша күй кешті. Құйындар соғып, жаңбыр тамшылары сіркіреді. Арты нөсер жаңбырға ұласты. Жауын шелектеп құйып берді . Күн күркіреп найзағай жарқылдады. Әрине бұл бәріміздің көзіміз көріп жүрген құбылыс. Ол неліктен болады? Осы саланың мамандарынан басқаларымыз ол жайлы көп біле бермейтініміз шын. Шынымен де найзағай не себепті ойнайды?

Содержание

ІІ. Негізгі бөлім
А) Найзағайдың пайда болуы
Ә) Найзағайдың түрлері
В) Найзағайдың ең көп түсетін аймағы
Г) Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін зияны
Д) Найзағай ақыл- ой иесінің әрекеті ме? Найзағай неге қорқынышты?
Е) Найзағайдан қалай сақтану керек
ІІІ. Қорытынды
IY Ұсыныс

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сымбат найзағай реферат.doc

— 315.50 Кб (Скачать документ)

Найзағай аумағында жүгіруге, абыржуға болмайды.  Барлық металлдан жасалған заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтықта жинап қою керек. Өзіңнің астыңа полиэтиленді, бұтақшаларды, кішкене табандарды, киімдерді, тастарды және т.б. төсеп жер қыртысынан оқшаулану керек.  Аяқтың бастарын біріктіріп, басты бүгілген тізеге түсіріп отыру керек. Сулы дене мен киім найзағайдың түсуіне қауіпті күшейтетінін есте сақтау керек. Жүзу құралында отырған адам найзағай жақындаған кезде тез арада жағаға ұмтылу керек. Найзағай ойнап тұрған кезде якорьді беру немесе таңдау өте қауіпті, өйткені якорь арқаны найзағай ойнап тұрған кезде электр өткізгішіне айналады. Күшті найзағай қуаты – әзіл емес. Бұл табиғат құбылысын барлық қарумен қарсы алу қажет. Сондықтан, жоғарыда келтірілген ереже мен қауіпсіздік шараларын әркім білу қажет және оларды шынайы төтенше жағдайларда қолдана білу қажет.

Найзағай —  бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың  ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.     Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

Найзағайға  қалай дайындалу керек.  Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.    Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.  Найзағай құпиясы.  Кәдуiлгi табиғат құбылысы – найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бағзылар бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп. Найзағайдан өлген адам саны да жылдан‑жылға артып келедi.    Жарқ‑жұрқ ойнаған найзағайдың адамды соғып кету ықтималдығы өте болмашы. Ол 2 миллионнан бiр жағдайда ғана адамға тиiп, жазым етуi мүмкiн. Ғылым әлi күнге дейiн керанография құбылысын түсiндiре алмай келедi. Бұл – найзағай адамды соққан кезде немесе оның жанына түскенде адам денесiне қоршаған айналаның фотографиялық суретi басылып қалатын құбылыс.

 ОЛ ӨЗI СОҒАТЫН  АДАМДЫ ТАЛҒАЙДЫ.   Найзағай  электр тогының таралуы тәрiздi физикалық заңдарға бағынатыны  рас. Оның электр зарядтарынан  тұратыны да белгiлi. Алайда найзағайдың  ғылым заңдарына сәйкес келе  бермейтiн тылсым қасиеттерi көп‑ақ. Мәселен, найзағай өзi түскен адамның сырт киiмiне тимей, iш киiмiн ғана өртеп жiберуi мүмкiн. Оның адамның бiр тал шашын қалдырмай күйдiрiп тастаған кезi де бар. Ендi бiрде найзағай адам қолындағы металл заттардың быт-шытын шығарғанымен, оны ұстаған адамға еш әсер етпеуi ықтимал. Тағы бiр қызық құбылыс, найзағай әмияндағы қағаз ақшаны өртемей, оның жанында жатқан тиындарды бiрiктiрiп, күмiс тиынды алтынға, алтынды күмiске айналдыра алады. Ол бойжеткеннiң мойнындағы алқаны бойтұмарымен қоса жоқ қылып жiберiп, оның иесiнiң мойнында көпке дейiн кетпейтiн таңба-iзiн қалдыра алады. Найзағайдың адамды өлтiруi де әртүрлi. Ағаштың түбiнде жауыннан тығылып, найзағай ұрып кеткен адамның денесiнде сол ағаштың iзi қалған жағдайлар аз емес. Тағы бiр мысал. Ағаштың қалқасына жасырынған бiр топ адамды найзағай өлiмшi етсе де, олар тап бiр тасмүсiнге айналғандай қыбыр етпестен отыра берген. Бұларды тiрiге санаған адам әлгiлердi түртiп қалғанда, олардың денесi үгiтiлiп түскен. Найзағай адамды басынан аяғына дейiн балталағандай денесiн теңдей екi бөлiкке бөлiп тастауы да ықтимал. Ендi бiрде адамға тимей‑ақ оның киiмiн жыртып немесе өртеп жiбередi. Найзағай бiр түскен жерiне қайта‑қайта түсе беретiн мысалдар жетерлiк. Мұны геологиялық, климаттық өзгешелiктермен түсiндiруге болады. Мәселен, Угандадағы Тороро елдiмекенiнде жылдың 251 күнiнде найзағай ойнайды. Ал бiрақ найзағайдың бiр адамға немесе бiр оқиғаға байланып қалуын қалай түсiндiруге болады?

Найзағай бiреудi бiр ұрғаннан жазым етсе, қайсыбiреулердiң  соңынан өмiр бойы қалмайтыны тағы бар. Бұрынғы автотұрақ қызметкерi, америкалық Рой Салливанға найзағай жетi мәрте түскен. 1942 жылы жайдың оты оның башпайын күйдiрiп жiберсе, 1969 жылдың шiлдесiнде қасын сыпырып түсiрген. Тағы бiр жылдан кейiн тиген найзағай оның иығын күйдiрсе, 1973 жылы аяғын, 1976 жылы тобығын, 1977 жылы кеудесiн күйдiрiп жiберiптi. Бұған төзбеген Р.Салливан 1983 жылы өзiне-өзi қол жұмсайды. Ал болгарлық Марта Маикияның басында болған оқиға тiптi таңғаларлық. 1935 жылы Болгарияға саяхаттап барған американдық турист Рандольф Истман жауын астында қалыпты. Найзағай ойнап, күн күркiреп, дауыл тұрған соң ол жақын маңдағы М.Маикияның үйiне сұранып кiредi. “Дауыл бiткенше үйiңiздi паналайын” деген американдық бiр аптадан кейiн үйдiң иесiне үйленедi. Алайда арада екi ай өтер-өтпестен Р.Истман жайдың отынан қаза табады. Бiраз уақыттан кейiн Маикия Шарль Морто есiмдi французға күйеуге тиедi. Екi жас Испанияға саяхаттап барғанда Маикияның екiншi күйеуiн де найзағай соғып, денесiн екiге бөлiп жiбередi. Әбден күйзелген Маикия Софияға қайтып оралып, депрессиядан емделiптi. Артынша өзiн емдеген немiс дәрiгерiне тұрмысқа шыққан. Көп ұзамай бұл күйеуiне де найзағай түсiп, ол тiл тартпастан бақилық болды. Тiлсiз жау болғанымен, найзағай өзi соғатын адамды талғайтын секiлдi. Мәселен, ол жылқы мiнген адамға тигенiмен, жануарды мүлде жараламауы мүмкiн. Сондай-ақ бiр топ адамның iшiнен тек ер адамдарды немесе бiр кәсiп иелерiн ғана әдейi таңдап алғандай жазым етедi. Тiптi қаумалаған көпшiлiк арасынан ең бақытты немесе ең сұлу, қажет болса ең күнәһарға тиетiнi тағы бар. Айталық, Жапонияда болған сұмдық оқиғаның сырын әлi күнге дейiн ешкiм түсiндiрiп бере алған жоқ. Арқан тартып ойнап жатқан сынып оқушыларының тең жартысы жай отынан қаза тапты. Таңғаларлығы, найзағай жұп санда тұрған оқушыларды жазым етiп, тақ сандағыларға тимеген. Найзағай қасиетiн зерттеген мамандар тiлсiз жаудың ақыл-есi бар болуы мүмкiн деген болжам жасады. Әйтпесе, оның табиғат заңдарына мүлде бағынбай әрекет етуiн қалай түсiндiресiң? Найзағай оты тисе де, денеде iз қалмай, ал мәйiт бұзылмаған қалпы сақталатын жағдайлар да аз емес. Кейде күшi өте қатты найзағай адам денесiнен лезде өте шығатындықтан, өлтiрiп үлгермейдi екен. Алайда бұдан тiрi қалған адамдарда түрлi ауытқулар байқалады. Найзағай басына тиген миссурилық Харольд Дин суықты мүлде сезбейтiн болған. Ал Берлин тұрғыны Гюнтер Лун алты таңбалы сандарды ойша оп‑оңай көбейте алады.  Техника ғылымдарының докторы, найзағай жөнiндегi маман Эдуард Базелянның айтуынша, найзағай ойнаған кезде еш уақытта биiк ғимараттар мен ағаштардың қалқасына тығылмау керек. Себебi найзағай көбiне‑көп биiк ғимараттар мен ағаштарға түседi. Сондай‑ақ найзағай кезiнде қолшатыр немесе қармақ ұстаған да қауiптi. Қалтадан металл заттарды түгел шығарып тастаған жөн. Ең маңыздысы, найзағай ойнағанда ұялы телефонды қолданбаған жөн. Телефоннан шығатын электр заряды найзағайды өзiне тартып алатын көрiнедi.

Қызылордада найзағай ойнағанда ұялы телефонмен сөйлескен  ер адам қайтыс болды

27 июня, 2012

Облысқа тән  емес жаңбыр мен найзағай 39 жастағы  Қайрат Әлімбетовтің өмірін әкетті.

Ер адам Қызылордадан жүз шақырым жерде әйелі мен  балаларының жанында болған. Отбасы мал бағумен айналысыпты. Қайрат үйіне қайтып келе жатқанда, оның көз  алдында қатты соққан дауылдан киіз үй қисайып кеткен.  Ер адам отбасын  құтқарып қалмақшы болып жүгіргенде ұялы телефоны шырылдаған. Ол жауап беруге үлгерместен найзағай соққысы Қайратты ұшырып жіберген.    Қайраттың анасы Рысалды Әлиева: "Балам суға түсіп келе жатқан. Барлығы да тез болды. Киіз үйге жүгіріп келгенше, қатты домалақ найзағай денесінен өтіп кетті", - дейді. Қайраттың әкесі бұл уақытта Саратовта болған.

Ресейлік дәрігерлер оның көзіне ауыр ота жасамақшы болыпты. Бұл жаңалықты естіген Қадыр  Әлімбетов бірден үйіне ұшыпты. "Тағдыр солай болған шығар. Балаларға обал. Баламның о дүниедегі жаны жанатта болсын", - деді Қадыр Әлімбетов. Қайраттың артында үш баласы қалды. Әйелі төртінші баланы өмірге әкелмекші.

   Найзағай неге қорқынышты?

Жалпы, күннің күркіреуі, найзағай, күшті жел адам психологиясына даусыз әсер етеді. Табиғаттың мұндай құбылыстарына жасы ұлғайған кісілердің зор мән беріп, ауру-сырқауы үдей түсетіндігінің астарында да тылсым дү­ние мен адамдардың арасында байланыстың барын дәлелдейді. Табиғаттың үш құбылысы - нөсер, найзағай және дауылдың қайсысы да адамға қатерлі. Айталық, жер бетінде тәуліктеп жауған нөсерден қаншама елдерде жер қа­батының лықсуы байқалып, өзен-көлдер арнасынан асып, адамдар ажал құшып жатыр. Дауыл салдарынан бас­паналарынан ажырап, желмен ауаға көтерілген заттардан соққы алып, жан тапсырғандар да жеткілікті. Әсіресе, біз көп назар аудара бермейтін найзағай - нағыз қатердің өзі.

Иә, біз найзағай туралы не білеміз? Ғылым бұл төңіректе  түрлі болжам айтады. Найзағай - бұлттан  пайда болатын электр заря­дының бір түрі. Ол бұлт пен жердің ортасында, бұлттардың өз арасында пайда болады. Ал жаздыгүндері бұлттардың соңын ала ойнаған найзағайлар ашық аспан астына тарап жататын сәттерін де тамашалауға болады. Сол отты шардың жерге бағытталуының адамдарды айтпағанда тірі жәндіктер мен табиғат үшін залалы көп. Әуеде әртүрлі өрнек салған жасындар бір қарағанда көз қызықтырғанмен, ол бір тажалдың таяп қалғанынан хабар береді. Ғылым тілімен айтқанда, «Найзағайдың оң жә­не теріс зарядтар бір-біріне жақындаған кезде кейбір электрон мен иондар олардың арасына жүгіріп, арна жасайды. Сол арнамен қалған зарядталған бөлшектер лап қояды да, жасын пайда болады. Ауаның температурасы күннің қызуынан бес есеге артып, 30 мың градусқа дейін жетеді».

Бір қызығы, найзағай Шолпан, Юпитер және Сатурн планеталарында да байқалады екен. Ал ғалымдардың деректеріне қараған­да, жұмыр жердің бетінде бір мезгілде екі мыңға жуық от ойнап, әр секунд сайын 100 найзағай жерге түседі екен. Бір жақсы жері қалаларда көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырына найзағайдан қорғану үшін жайтартқыш қойылады. Найзағай жасындары биік баспаналар мен ғимараттарға түскен жағдайда электр қуаты жер қойнына тарап кетеді. Ал ол ағашқа, басқа да ғимаратқа түскен жағдайда оны күл-талқан етеді. Жазықтар мен ормандарда шығатын өрттерге де кейде найзағай себепші болады. Ал жай түскен адам не болады? Бұл сауалға таным-түсінігі кеңейе қоймаған балалар ғана жауап бере алмайды. Ал ересектер тосын оқиғаның немен тынарын жақсы біледі. Жасынның температурасы өте жоғары болғанмен, электр зарядтары тез өте шығады. Көптеген кісілердің найзағайдан тірі қалатыны оның негізгі ағыны адам денесінің сыртымен өтіп кетеді. Кейбір деректерге қарағанда, жай түскен адамдардың 30 пайызы қаза табады, өзгелері түрлі жарақат алады. Ал бір сәттік қорқыныштан тұтықпа дертіне ұшырайтындар бар. Оны халық «кекеш» деп те атайды. Найзағайды адам қабылдағанда жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Мұны өлгендер санатына жатқыза беруге болмайды екен. Өйткені дер кезінде жерді қазып, адамды мойнына дейін көміп қойып, денесіндегі ток қуаты жерге тараған соң қалпына келетін оқиғалар да болады.

Иә, адамды ойға қалдыратын оқиғаларды санамалап айта беруге болады. Түрлі шығармаларға - көркем туындыға да, жырға да, әнге да арқау болған, балалар үшін жұмбаққа да айналған найзағайдың құпиясы  көп. Әсіресе, «Арыстан ақырады, орман жаңғырады», «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп, найзағай туралы жұмбақты жатқа айтатын балалар үшін табиғаттағы осы құбылыстың қауіптілігі күн өткен сайын артып келеді. Мәселен, ұялы телефонмен жаңбырлы, найзағайлы күндері сөйлесуге тіпті болмайтындығын ұл-қыздардың біле бермейтіні өкінішті.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, найзағай әйелдерден гөрі еркектерге көбірек түседі екен. Жай түсіп  қаза тапқандардың 85-87 пайызы - еркектер. Алайда мәселе онда емес, сақтық шараларын  білгеніңіз бәрінен де жақсы. Мысалы, найзағай ойнаған кезде жотада, төбе басында тұруға болмайды. Ағаштарды паналамаңыз. Үстіңізде темір заттар болмауы керек. Теледидар, ком­пьютер, жылытқыш секілді электр құралын сөндіріп қою керек. Шатырда ғарыштық антенна болса, оны міндетті түрде желісінен ажыратыңыз. Риддер қаласында сондай табақшаға жай түсіп, үй отқа оранған. Қолыңызға сақина, сырға тақпаңыз. Темір қоршау, болат құбырлардан, темір жолдан, электр желілерінен аулақ жүріңіз. Суға шомылып, дымқыл жерде отыруға да болмайтыны жадыңыздан шықпасын.

    Мұның  барлығын айтып отырған себебіміз,  биыл жаз жаңбырлы болғандықтан, осы тектес оқиғалар жиі болып,  тосын жағдайда қаза тауып,  жарақат алғандар көп болды.  Найзағай күзде де аз болмайды. Сондықтан да қара бұлтпен  алысып, қара жерге қа­далғанша асығатын ақ жалын найзағайдан сақ болыңыз.  Жай тартқыш — адамдарды, үйлерді, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығындағы құрылыстарды, әр түрлі ғимараттарды, т.б. нысандарды найзағайдың тікелей соққысынан қорғауға арналған құрылғы. Электр энергиясын жеткізу желісінде жай тартқыш ретінде қорғағыш тростар пайдаланылады. Жай тартқыштың маңызды сипаттамасының бірі — оның қорғайтын алқабы. Үйлерді қорғауға арналған жай тартқыш жерге қосылған тік стержень түрінде құрастырылады әрі ол үйден биіктеу болады. Бір діңгекті жай тартқыш төбелік бұрышы 45° конус ішіндегі аймақты найзағайдан сенімді түрде қорғайды. Жай тартқыштың саны артқан сайын оның объектілерді найзағайдан қорғау қабілеті де өсе түседі. «Семей орманы» ерекше қорғалатын табиғи аумағының екі орман шаруашылығында найзағай салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстанның ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі. «Бір өрт оқиғасы Байдәулек, екіншісі Шығыс орман шаруашылығында шыққан, жалпы көлемі 0,02 га орманды жалын жалмап кетті», -деп хабарлайды сейсенбі күні департамент. Залал сомасы нақтыланып жатыр, табиғи өрттерге найзағай себеп болды деп болжанып отыр, деп хабарлайды ведомство.

Найзағай құпиясы

Кәдуiлгi табиғат  құбылысы – найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бағзылар бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп. Найзағайдан өлген адам саны да жылдан‑жылға артып келедi. Жарқ‑жұрқ ойнаған найзағайдың адамды соғып кету ықтималдығы өте болмашы. Ол 2 миллионнан бiр жағдайда ғана адамға тиiп, жазым етуi мүмкiн. Ғылым әлi күнге дейiн керанография құбылысын түсiндiре алмай келедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ғалымдардың ең ақылға сыйымсыз гипотезаларының бірі, олар өмір сүріп отырған Жер шарын  бірде ашуланып, бірде қуанып, бірде  мұңаятын тірі ағза ретінде қарастырады. Осы алып ағзаның дене бөліктері  арасында бір-біріне ақпарат жіберіп отыратын жүйке жүйесінің рөлін найзағай атқарады, Жердің тез әрі эжылдам хабар жіберетін басқа әдістері жоқ, Сонымен қатар, ғаламшарды күн  сайын тітіркендіретін найзағай ( тек экватор аймағының өзінде бір  түнде 3200 найзағай түседі) ағзаның өзін-өзі реттеушісі рөлін атһарады. Орманды өртеу арқылы ол ауадағы оттегінің мөлшері тым көбейіп кетсе, оны азайтады. Бүкіл тіршілікке қажет бұл газ азайған сәтте жас ағаштар емес, қураған кәрі ағаштар өсіп тұрған ормандарға найзағай көбірек тұседі. Сөйтіп жердің өкпесіндегі кәрі  жасушаларды жас жасушалармен алмастырып отырады

Ұсыныс :

1. Төңіректе Найзағайдың түсу қауіпінен қорғану үшін , оған қарсы  жер  асты  және  жер үсті найзағай тартқыш трубалары орнатылса.

2. Су жағажайларында жауын  шашынды күні ұялы телефонмен сөйлеспеу керектігі жайында ескерту белгілері  орнатылса.

3.  Дүние тану. География.  Астрономия. Аәд  пәндерінде тосын  табиғат құбылысы найзағай, су  тасқыны, қар көшкіні, жер сілкіну  т,б апаттардан қорғану  негізінде  1 сағат далалық практикалық жұмыстар берілсе

4. Апат айтып келмейді  дегендей  Аудандық баспаханадан  найзағайдан сақтану ережесі  туралы плакаттар, кітапшалар  басылып шығарылса.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Негізгі бөлім