Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 06:53, доклад

Краткое описание

Ашық аспанды бірте-бірте қою қара бұлт тұмшалай бастады . Біраз уақыттан кейін айналаның барлығын бұлт ұйысты. Мүлгіген тыныштық әп-сәтте басқаша күй кешті. Құйындар соғып, жаңбыр тамшылары сіркіреді. Арты нөсер жаңбырға ұласты. Жауын шелектеп құйып берді . Күн күркіреп найзағай жарқылдады. Әрине бұл бәріміздің көзіміз көріп жүрген құбылыс. Ол неліктен болады? Осы саланың мамандарынан басқаларымыз ол жайлы көп біле бермейтініміз шын. Шынымен де найзағай не себепті ойнайды?

Содержание

ІІ. Негізгі бөлім
А) Найзағайдың пайда болуы
Ә) Найзағайдың түрлері
В) Найзағайдың ең көп түсетін аймағы
Г) Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін зияны
Д) Найзағай ақыл- ой иесінің әрекеті ме? Найзағай неге қорқынышты?
Е) Найзағайдан қалай сақтану керек
ІІІ. Қорытынды
IY Ұсыныс

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сымбат найзағай реферат.doc

— 315.50 Кб (Скачать документ)

 

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

   А) Найзағайдың   пайда болуы

   Ә) Найзағайдың   түрлері  

   В) Найзағайдың ең көп түсетін аймағы

   Г) Найзағайдың  адамзатқа, табиғатқа тигізетін зияны

   Д) Найзағай ақыл- ой иесінің әрекеті ме? Найзағай неге қорқынышты?

   Е)  Найзағайдан  қалай сақтану керек

ІІІ. Қорытынды

IY   Ұсыныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

  

 

  Кіріспе

     Ашық аспанды бірте-бірте қою қара  бұлт тұмшалай бастады . Біраз уақыттан кейін айналаның барлығын бұлт ұйысты. Мүлгіген тыныштық әп-сәтте басқаша күй кешті. Құйындар соғып, жаңбыр  тамшылары сіркіреді. Арты нөсер жаңбырға  ұласты.  Жауын шелектеп  құйып  берді .   Күн   күркіреп  найзағай  жарқылдады. Әрине  бұл  бәріміздің   көзіміз көріп  жүрген   құбылыс.  Ол  неліктен  болады?  Осы саланың   мамандарынан   басқаларымыз ол  жайлы  көп біле  бермейтініміз  шын.  Шынымен де найзағай не  себепті  ойнайды?

 Зерттеуші  ғалымдардың анықтаған деректеріне  сүйеніп көрелік

               Найзағай – бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше километр, диаметрі ондаған сантиметр және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд, ыстық және суық ауаның соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл, жай. Найзағай қалай пайда болады?  Найзағай жарқылы – бұлттарда немесе жерде шоғырланатын электр зарядтары есебінен пайда болатын электр заряды. Найзағай өте ыстық болады және адамды қатты жарақаттауы, тіпті өлтіруі мүмкін.Жаздың адам төзгісіз қапырық ыстық күні.Көк жүзіндегі түйдек-түйдек қою бұлттар барған сайын киіздей ұйысып, әп-сәтте көгілдір аспан мен жарқырап тұрған күнді бүркеп алды, Сәл тыныштықтан кейін, кенеттен құйындар билеп, аспаннан ірі-ірі жаңбыр тамшылары тамшылай бастады. Содан соң шелектеп құйып берді. Найзағай ойнап, күн күркірейді.  Аспандағы бұл не құбылыс? Неліктен найзағай ойнайды?

Жер бетінен  шыққан бу биікке көтерілгенде қатты  салқындап, су тамшыларына айналады – су тамшылары қосылып ірлене түседі, ал ауа ағысы оларды біресе жоғары, біресе төмен жөңкілте қуалайды. Жоғарыланған сайын салқындап, су мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері тамшыларға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап алып, қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың «төменгі қабатына» түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді. Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріліп, мұз түйіршіктерімен қайта соқтығысып, су қайтадан қатады, түйіршіктер ұлғайып, ауырлай береді.  Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұра алмай, төмен қарай құлайды. Жерге жақындағанда еріп жаңбырға айналды. Кейде олар еріп үлгермегендіктен, жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп бұршақ жауады. Ал, қалың бұлт арасындағы су тамшылары мен мұз тамшыларының қозғалысы тоқтамайды. Олар бір-біріне ұрылып, соқтығысады, үйкеледі,сөйтіп электр тоғымен зарядталады. Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң, ал төменгісінде-теріс электр заряды пайда болып, олардың арасынан ұшқын шығады. Найзағай жарқылдайды. Найзағай сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып, ол тез ұлғаяды да, жарылыс болып, күн күркірейді.   Найзағай тоқтап, қою бұлт сейілгенде, ауа тазарып, тынысың кени түседі. Нөсер жаңбыр жерді де, аспанды да жауып өтеді. Сондықтан да ежелгі славяндар найзағай құдайын- тентек, қаһарлы емес, қайырымды деп ұққан.       

Найзағайдың пайда болуы?

Найзағайдың пайда  болуы туралы шынайы болжамды ұсынған ағылшын ғалымы  В . Франклин  болды .Оның болжамы :Жер бетінен көтерілген бу аспанда қатты салқындайды су тамшыларына айналады . Су тамшылары ірілене түседі. Ауа  ағысы оларды бірде  жоғары, бірде төмен қуалайды.  Жоғарлаған  сайын  салқындап су мұз түйіршіктеріне айналады . Мұз түйіршіктері тамшыларарға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап  алады.  Содан  кейін ол қата  бастайды.  Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың төменгі қабатына түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді.  Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары  көтеріледі.  Онда мұз түйіршіктерімен қайтадан соқтығысады .  Су тағы да қата  бастайды.  Түйіршіктері  ұлғайып, ауырлай береді .  Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге   қалқып тұрмай төмен  қарай құлайды  Жерге   жақындағанда еріп  жаңбырға   айналады. Кейде олар  еріп те үлгермегендіктен жерге майда мұз түйіршіктері  күйінде түседі. Сөйтіп бұршақ жауады . Қалың бұлт  арасындағы қозғалыс  тоқтамайды . Су тамшылары мен мұз тамшылары соқтығысады ,үйкеледі. Сөйтіп  электр  тогымен  зарядталады. Бұлттың жоғары бөлігінде оң , ал төменгісінде теріс электр заряды  пайда болады . Олардың арасынан ұшқын шығады  Найзағай жарқылдайды. Ол сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып тез  ұлғаяды да  жарылыс болады, күн күркірейді .

Найзағай  тоқтап, қою бұлт сейілгенде ауа тазарып, тыныштық кеңи түседі , нөсер жауын жерді де , аспанды да жуып  өтеді . Сондықтан да ежелгі славяндар найзағай құдайдан  тек қаһарлы емес, қайырымды  деп  ұққан

Найзағайдың түрлері. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті ( кернеулігі ~ 1 Мв/м ) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1-0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек. Бұлт пен жер арасында пайда болатын найзағай бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде күшті иондалу құбылысы, содан кейін электрондар тасқыны ( жерге қарай бағытталған ) және одан әрі электр разрядының тармақтары – стримерлер пайда болады. Стримерлер біріге келе өткізгіштігі өте жоғары термоиондалған жарық арнаға – найзағайдың сатылы лидеріне алмасады. Лидер ұзындығы ~10:100 метр, жылдамдығы ~5х1 000 000 м/с, бір-біріне өту уақыты бірнеше мкс кідіріспен жеке сатылар түрінде (~2х100 000м/с жылдамдықпен) жер бетіне жақындайды. Ақырғы кезеңде ұзындығы 1-10км, диаметрі бірнеше см болатын лидер арнасының бойымен кері бағытта найзағайдың басты разряды (жылдамдығы ~10 000 000м/с ) жүреді. Мұндағы ток күші 10:100 000, температура 25000 градусқа жетеді. Мұндай найзағайды созылма найзағайы деп атайды. Бұлт пен бұлт арасында найзағай тек лидерлік кезеңді қамтиды. Найзағайдың ерекше түрі – шар тәрізді найзағай. Ол көбіне сызықтық найзағайдан кейін іле- шала пайда болады да, бірнеше секундқа ғана созылады.  Жай тартқыш – адамдарды, үйлерді, өнеркәсіп, көлік, әртүрлі ғимараттарды, т.б. нысандарды найзағайдың тікелей соққысынан қорғауға арналған құрылғы. Электр энергиясын жеткізу желісінде жай тартқыш ретінде қорғағыш тростар пайдаланылады. Жай тартқыштың маңызды сипаттамасының бірі - оның қорғайтын алқабы. Үйлерді қорғауға арналған жай тартқыш жерге қосылған тік стержень түрінде биіктеу болады. Бір діңгекті жай тартқыш төбелек бұрышы 45 градус конус ішіндегі аймақты найзағайдың сенімді түрде қорғайды. Жай тартқыштың саны артқан сайын, оның объектілерді найзағайдан қорғау қабілеті де өсе түседі. 

Қызықты деректер

Рой Салливан атты Америка паркінің қараушысына 1942 мен 1977 жылдар арасында жеті рет тірі қалған.   Ежелгі заманнан бастап, біздің заманымыздан бұрын найзағайдың ойнауы, күннің күркіреуі адамдарға қорқыныш сезімін ұялатты. Әсіресе домалақ найзағайдың кенеттен пайда болуы адамдардың зәре-құтын алатын. Ертедегі адамдардың жорамалы бойынша найзағайды Жерге ерекше бір құдіретті күш береді деп есептеген. Мұндай болжам жалған гипотеза (болжам) болып табылады.  Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В.Франклин (1706-1790) ұсынды. Оның болжамы бойынша- найзағай-әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы ненесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында да байқалады. Өзінің болжамының дұрыстығын  В.Франклин бұлтты күні аспанға ұшқыш батпырауықты көтеріп тексерді. Батпырауыққа байланған ұзын жібек  баудың Жер бетіндегі ұшына темірден жасалған салмақты кілт ілінді. Аспанды қалың бұлт қаптаған күні ол кілтке саусағын жақындатып, күшті электр ұшқынынан есеңгіреп қалады. Сөйтіп ол: «найзағай - электр ұшқыны» деген өзінің болжамын тәжірибе жасап дәлелдеді.   Найзағайдың пайда болу сырын ұққан В.Франклин одан қорғану жолын да іздестірді. Ол найзағайдан сақтандыратын жай қайтарғышты ойлап тапты.   В.Франклиннің тәжірибесіне ұқсас, бірақ одан да күрделі тәжірибені жасау үстінде М.В.Ломоносовтың досы Г.В.Рихман күшті электр ұшқынының бір түрі – домалақ найзағайдан 1753жылы қайтыс болды.  990 жылдың 16-шы наурызы. Ресей Ғылым Академиясының лазерлік және ақпараттық технология мәселелері институты. Святое өзені. Таңғы сағат 6.00.

« … Көкте  кенеттен қызыл сәулелі диск пайда болды. Святое бойымен ақырын қозғалған беймәлім нысан өзен ортасына жеткенде орнынан қозғалмастан қалшиып қатты да қалды. Арада бірер минут өткенде әлгі нысан әрлі-берлі қозғалып, «билей» бастады. Сол сәтте аномальді құбылысты бақылап отырған он адамның көзін күлгін пленка жауып тастады. Бақылаушылар мазасызданып кетті. Өйткені, күлгін түс «сыйлаған» көз ауруына шыдау мүмкін емес еді. Әп-сәтте күлгін түс біразын көрсоқыр етті. Бұл бір тым қиын жағдай еді … біреулердің желгөзі өздігінен сылынып түсіп жатты. Енді біреулерінің желгөзі мүлдем күйіп кетті …»

Ресей ғылым  академиясының лазерлік және ақпараттық технология  мәселелері  институты  ғалымдар  зерттеуі бойынша   найзағай  2 түрге бөлінеді

1 Қызыл сәулелі   шар тәрізді найзағай

2 От  тәрізді   шақпақ найзағай

Қызыл  сәулелі  шар тәрізді   найзағай—шар  тектес пішінге   ие найзағай . Яғни,  табиғи электр қуатының  феномені Ғылым  да  шар  найзағайдың 200- ден астам  баламасы жүр. Шар найзағай көбіне ауа, ағаш, кейде тіпті баған бойымен  түзіле  береді. Көбіне ол жерден 1 метр қашықтықта көлбеулей қозғалады  Бір қызығы шар найзағай  міндетті түрде  түрлі дыбыс шығарып шулап жүреді . Өмір сүру ұзақтығы 10 секундтан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін . Табиғатта кенеттен түзілген шар  найзағай өздігінен жарылып жоғалады Кейде ол   өздігінен  бірнеше   бөлікке бөлініп қалады

(2000жыл.Екатеринбургтің  жағажайында 19жасар бойжеткен  көз жұмды. Күтпеген қазаға  «шар  найзағай» себеп болды.Қыз  су ішінде өлді.Жедел жеткен  дәрігерлер бойжеткенге түк көмек  көрсете алмады.Бәрі кеш еді. « Интерфакс »-тың Екатеринбургтің Жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан мәліметіне қарағанда , найзағай заряды шомылып жүрген бойжеткеннің арқасына түскен. Найзағайдан екі бала мен тағы бір әйел  жапа шекті. Киров стансасының жақын маңында орналасқан үй жанынан шар  найзағай пайда болды .  Бұл кезде бәрінен бейқам кейуана Нина Михайловна алаңсыз ұйықтап жатқан еді . Әжейдің жастығы мен көрпесі әп-сәтте өртеніп кетті. Кейуана тірі қалды. «Шар найзағайдың» «мінезі» тосын келеді. Болжап білу мүмкін емес. Алматыныі ауа райындай жүз түрленіп мың құбылады. Сондықтан физигі бар, басқасы бар бұны шар найзағайды қашан және қалай пайда болатынын, не бүлдірерін тек « өзі » білетін ерке құбылысқа балап отыр. Бұған дейін ғалымдар «шар найзағай» тек жауынды күндері пайда болады деп келген еді. Олай болмады. Өйткені, уақыт «шар найзағайдың » ашық күндері де пайда болатынын дәлелдеп берді. Бұған дейін шар найзағай электор сымдарына, магнитті өріске тартылып келген еді. Бірақ мінезін өзгерткен «шар найзағай» уақыт өте ашық алаңқайға үйір бола бастады. «Шар найзағайдың » әрқайсысының мінезі әрқилы келеді. Біреулер қозғалмастан ауада ілініп тұрып алса, енді бірейлері секундына 8-10 метр жылдамдықпен желдей есіп жүреді. Біреулері жолда кезікен адам мен жануарды айналып ұшып жүреді де сәлден соң жоғалып тынады.  Ал, енді бірейлері жолда кездескен адамды да, жануарды да, күйдіріп өлтіріп кетеді. Күйдірген жеріне адамның денесі, ағаш,  тағы сол сияқты міндетті түрде мөр қалдырады. Мөр деп тұрғанымыз – пизаж. Ия кәдімгі табиғат бейнеленген сурет қалдырады. Ал, түсініп көр. Тағы бір  назар аударарлығы, «шар найзағай» үйдің ішіне із қалдырмай ене алады. Бөлмедегі  серуеннін көбіне ол разеткадан бастайды. Қаласа, адамды күйдіріп, сырт киімін сол күйінде қалдырады. Қаласа, басқа бір амалын ойлап таба алады. Алайда «шар найзағайдың» бәрін бірдей ажал аждаһасындай көретіндер қателеседі. Өйткені білетіндер, найзағай шармен кездескендердің 9 пайызы ғана ажал құшқан деп жүр

2. От  тәрізді  шақпақ найзағай    Қалың қою қара бұлт арасынан пайда болады. Найзағай жарқылы үлкен разрядты   токпен тең, ал  оның температурасы 300000  градусқа  дейін жетеді.( бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары)  Найзағайдың орын ауыстыру  жылдамдығы секундына 100 мың км.

           2000 жыл. Екатеринбургтің жағажайында  19 жасар бойжеткен көз жұмды.  Күтпеген қазаға «шар найзағай»  себеп болды. Қыз су ішінде  өлді. Жедел жеткен дәрігерлер  бойжеткенге түк көмек көрсете  алмады. Бәрі кеш еді. «Интерфакс»-тың  Екатеринбургтің Жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан мәліметіне қарағанда, найзағай заряды шомылып жүрген бойжеткеннің арқасына түскен. Найзағайдан екі бала мен тағы бір әйел жапа шекті.  Киров. Гирсово стансасының жақын маңында орналасқан үй жанынан «шар найзағай» пайда болды. Бұл кезде бәрінен бейқам кейуана Нина Михайловна алаңсыз ұйықтап жатқан еді. Әжейдің жастығы мен көрпесі әп-сәтте өртеніп кетті. Кейуана тірі қалды.   Жоғарыдағылардың бәрін бір сөзбен «шар найзағай» ойраны деуге болады. Сонда бұл не? Ғылыми жағынан нақтыланбағанымен, энциклопедияда беріліп жүрген анықтамасы мынадай. «Шар найзағай» — шар тектес пішін мен болжап болмайтын, тосын траекторияға ие найзағай. Яғни, табиғи электр қуатының феномені. Нүктесі қойылған теория бұл емес. Өйткені, ғылымда «шар найзағайдың» 200-ден астам баламасы жүр.

  «Мінез»  .   «Шар найзағайдың» «мінезі»  тосын келеді. Болжап білу мүмкін  емес. Алматының ауа райындай  жүз түрленіп, мың құбылады. Сондықтан,  физигі бар, басқасы бар бұны (шар найзағайды) қашан және қалай пайда болатынын, не бүлдірерін тек «өзі» білетін «ерке» құбылысқа балап отыр. Бұған дейін ғалымдар «шар найзағай» тек жауынды күндері пайда болады деп келген еді. Олай болмады. Өйткені, уақыт «шар найзағайдың» ашық күндері де пайда болатынын дәлелдеп берді. Бұған дейін «шар найзағай» электр сымдарына, магнитті өріске тартылып келген еді. Бірақ, мінезін өзгерткен «шар найзағай» уақыт өте ашық алаңқайға үйір бола бастады.    «Шар найзағайдың» әрқайсысының «мінезі» әрқилы келеді. Біреулері қозғалмастан ауада «ілініп» тұрып алса, енді біреулері секундына 8-10 метр жылдамдықпен желдей есіп жүреді. Біреулері жолда кезіккен адам мен жануарды айналып ұшып жүреді де, сәлден соң жоғалып тынады. Ал, енді біреулері жолда кездескен адамды да, жануарды да күйдіріп, өлтіріп кетеді. Күйдірген жеріне (адамның денесі, ағаш, т.с.с) міндетті түрде «мөр» қалдырады. «Мөр» деп тұрғанымыз — пейзаж! Иә, кәдімгі табиғат бейнеленген сурет қалдырады. Ал, түсініп көр!   ТАғы бір назар аударарлығы, «шаровая молния», яғни, «шар найзағай» үйдің ішіне із қалдырмай ене алады.Бөлмедегі «серуенін» көбіне ол разеткадан бастайды. Қаласа, адамды күйдіріп, сырт киімін сол күйінде қалдырады. Қаласа, басқа бір амалын ойлап таба алады … Алайда, «найзағай шардың» бәрін бірдей ажал аждаһасындай көретіндер қателеседі. Өйткені, білетіндер «найзағай шармен» кездескендердің 9%-ы ғана ажал құшқан деп жүр.

Ғалымдар көзімен.   Ғылым үшін ғасыр құпиясына айналған құбылыстардың бірі «шар найзағай»  десек, қателеспейміз. Өйткені, ғылымда  дәл осы найзағайға қатысты нақты дәлелден гөрі, гипотеза яки болжам мен долбар басым. Жоғарыдағылар соның айғағы.   Бір қуанарлығы, бейресми ғылымның айтары бар. Мысалға жаңазеландиялық Д.Абрахамсон мен Д.Диннис деген химиктер. Олар құрамында органикалық көміртек пен силикат бар найзағай жерге түскен кезде кремний карбиді мен кремний талшығының шүйкесі түзілетінін, сол талшықтардың біртіндеп жарқырай түсетінін, осылайша 1200—1400°С-ге дейін лаулап жанған «шар найзағайдың» пайда болатынын анықтап берді. Бірақ, бұл жаңалықтың өзі «шар найзағайдың» пайда болуын толықтай анықтап бермей отыр … Өйткені, бұл тылсым құбылыс жұмбағын күн санап көбейтпесе, азайтар емес.  Сипат ы:  Сондықтан, әзірге «шар найзағайға» сипаттама берумен шектеле тұрамыз «Шар найзағай» көбіне ауа, ағаш, кейде тіпті баған бойынан түзіле береді. Көбіне ол жерден бір метр қашықтықта көлбеулей қозғалады. Және бір қызығы, «шар найзағай» міндетті түрде түрлі дыбыс шығарып «шулап» жүреді. «Өмір сүру» ұзақтығы 10 секундтан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Табиғатында кенеттен түзілген «шар найзағай» өздігінен жарылып жоғалады. Кейде ол өздігінен бірнеше бөлікке бөлініп қалады. Бірақ, бұл тым сирек кездесетін құбылыс. Әдетте, «шар найзағайдан» жылы леп есіп тұрады. Ал, ол жарылған кезде ми шыжғырарлық температурадан су қас-қағым сәтте буға айналып кетеді.

Информация о работе Негізгі бөлім