Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 06:53, доклад
Ашық аспанды бірте-бірте қою қара бұлт тұмшалай бастады . Біраз уақыттан кейін айналаның барлығын бұлт ұйысты. Мүлгіген тыныштық әп-сәтте басқаша күй кешті. Құйындар соғып, жаңбыр тамшылары сіркіреді. Арты нөсер жаңбырға ұласты. Жауын шелектеп құйып берді . Күн күркіреп найзағай жарқылдады. Әрине бұл бәріміздің көзіміз көріп жүрген құбылыс. Ол неліктен болады? Осы саланың мамандарынан басқаларымыз ол жайлы көп біле бермейтініміз шын. Шынымен де найзағай не себепті ойнайды?
ІІ. Негізгі бөлім
А) Найзағайдың пайда болуы
Ә) Найзағайдың түрлері
В) Найзағайдың ең көп түсетін аймағы
Г) Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін зияны
Д) Найзағай ақыл- ой иесінің әрекеті ме? Найзағай неге қорқынышты?
Е) Найзағайдан қалай сақтану керек
ІІІ. Қорытынды
IY Ұсыныс
Не істеу керек? Алда-жалда осы айтып отырған «шар найзағаймен» кездесе қалсаңыз не істеу керек? Бастысы, сабырлылық. Беті әрмен, бірақ сіз онымен қай жерде «кездессеңіз» де шалт қимыл жасаудан сақ болыңыз. Ешқайда жүгірмеңіз. Өйткені, «шар найзағай» қозғалыстан туатын ауа құйынына жылдам реакция береді. Егер «тосын қонақ» сіздің үйіңізге келе қалса, желдеткішті ақырын ашуға тырысыңыз. Өйткені, күтпеген «қонақтың» желдеткіш арқылы ұшып кетуі де ғажап емес. Айтпақшы, оған ешуақытта кесек лақтыра көрмеңіз. Өйткені, «шар найзағай» кез-келген уақытта «тентектік» танытып, жарылып кетуі бек мүмкін! Ал, егер «шар найзағайдың» кеселі біреуге тиіп кетсе, әлгі адамды жақсылап желдетілген бөлмеге жеткізіп, жылы етіп орап қойыңыз. Қажет болса жасанды демалдырыңыз. Бірақ, міндетті түрде Жедел жәрдем шақырыңыз. «Шар найзағайдан» қорғану әдісі айналымға ене қоймағанымен, ғалымдардың әзірге айтары осы.
Біріншіден, «шар найзағай» электр құбылысымен тығыз байланысты.
Екіншіден, «шар найзағайда» өте жоғары температураға ие бөлік бар. Оның тым алыстан жарқырайтыны да осыдан. Білетіндер бұл бөлік – «плазма болуы мүмкін» деп жүр. Өйткені, мыңдаған кельвин температурада газ — плазмалық күйге енетін көрінеді. Бейресми мәліметтерге көз жүгіртіп отырғанымызда «шар найзағай жат планеталықтардың арнайы тапсырмамен жерге жіберген нысаны болуы мүмкін» дегенді де көріп қалдық. Соған қарағанда, тосын құбылыс туралы айтылар ақиқат әлі алда болатынға ұқсайды. Әзірге, ғылымдағы тұшымды деген тұжырымдар осы ғана.
Адам өмірі үшін үлкен қауіп төндіретін табиғи апаттардың қатарында нөсерлі жаңбырлар, күшті найзағайлы жаңбырлар соңғы орында емес. Найзағайлардың қауіптілігі олардың қуаты үлкен токпен сипаталады, оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді, найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 000 километр. Ағашқа найзағай түскен кезде бөлшектеніп кетеді, тіпті жанып кетуі де мүмкін. ағаштың ішкі ылғалының тез булануынан ішкі жарылу себебінен ағаш бөлшектенеді. Адамға тура түскен найзағай әдетте қайғылы жағдаймен аяқталады. Жыл сайын әлемде найзағайдан 3000-ға жуық адам қаза болады. Статистикалық электр қуаты әдетте электр кедергісінің ең кіші жолы бойынша өтеді. Найзағай алдымен биік заттарға түседі (діңгекке, ағашқа және т.б.).
Найзағай дегеніміз- ол мейлінше үлкен электр ұшқыны, бұлт арасындағы от тәрізді шақпақ. Мұндай электр ұшқындары секундтың аз ғана бөлігінде көк жүзінің бірнеше шақырым жерін шарпып өтеді . Оның жолындағы ауа да, сол сәтте қызып үлгереді. Сол кезде нағыз қопарылыс пайда болады. Одан шығатын дыбысты біз күн күркіреді деп атаймыз. Қазіргі ғылым найзағайға анықтама бергенде ; Найзағай бұлттан сағатына 160—1600 шақырым жылдамдықпен ауаның иондалған қабаттары арқылы шаншылатын қуаты 3 миллиард Джоульге дейін жететін электр заряды .Оның плазмасының температурасы 30 мың градусқа дейін жетеді.( Күннің температурасынан 5 есе жоғары), каналының диаметрі 1-27 см, айналасын 3-6 метрлік шеңбер қоршап тұрады, ұзындығы 90 метрден 32 шақырымға дейін жетеді, түскен кезде қатты гүрілдеген дауыс шығады, бұл дауыс 29 шақырым жерге дейін естілуі мүмкін.
Найзағайдың көп түсетін аймағы?
Айтып келмейтін аждаһа кейбір өңірлерде өте жиі қайталанады. Оны климаттық (жер шарындағы найзағай ең көп болатын аудан Угандадагы Тороро елді мекні. Тіпті жылдың 200 күні күн күркіреп, найзағай ойнайтын Сингапур елі,) геологиялық( Кавказ таулары) және аномалиялы( Волга бойындағы Аю алқабы) болып табылады. Ал Қазақстанда Жауын шашын ең көп түсетін аймағы батыс Алтай аймағы болып табылады. Сізге бәлкім қызықты болар, найзағайдың қай жерге көп түсетінін білгіңіз келе ме? Онда сақтаныңыз. Профессор Стивен А. Нельсонның ойынша найзағай отынан болатын өлімнің 26%-ы ашық кеңістікте орын алатын көрінеді. Оның ішінде 15%-ы - ағаш астында, 12%-ы - қайықта немесе суда, 6%-ы - үлкен техника көліктерінде, 1%-ы - телефонмен сөйлесіп отырғанда. Ал қалған 35 пайызға жуық өлім күтілмеген, тосыннан болып саналады. Егер сіз үй ішінде мұржа жанында, жылытқыш батареяның қасында, электрлік құрылғылардың, теледидардың қасында немесе телефонмен сөйлесіп отырғанда найзағай ойнайтын болса, алдын ала сақтық шараларын қолданғаныңыз жөн.
Дәлел: Найзағай оты көбіне арқаға, басқа, иық бөліктеріне түседі. Австралияның Квинсленд штатында найзағайдан өлу қаупі жоғары. Ал Америкада бұл көрсеткіш жағынан Флорида штаты алға шығады. Мәселен, Америкада жылына торнадоға, қатты борасындарға, және басқа да табиғи апаттарға қарағанда, жай отынан көз жұматын апат саны әлдеқайда көптеп саналады
Найзағайдың адамзатқа, табиғатқа тигізетін әсері?
Найзағай электр зарядтарының таралу заңдылықтарына бағынады, бірақ бұл ережеден ауытқитын кездері де көп . Ол электр зарядынан туатыны да рас, дегенмен адамзат электр заряды дегеннің не екенін әлі түсінбеген немесе оның бойында тек электр заряды емес, басқа да қасиеттер бар. Мысал : Жылына миллионға жуық найзағай түсетін францияда ондаған адам мен он мың сиыр табиғаттың тосын шабуылының құрбаны болған . Мәселен бір оқиғада Найзағай адамның сырт киімдеріне тиіспей,іш киімдерін өртеп жіберген. Адамның өзіне ешқандай зиян келтірместен қолындағы металдан жасалған заттарды алыс жерге лақтырып жіберген. Карманда болған тиын тебеннің бәрін балқытып, бір-біріне қосып жіберген, ал қолында тұрған қағаз ақшаларға ештеңе болмаған . Адамның денесіне металл әшекейдің суретін айнытпай салып, оның өзін алып кеткен
Шынайы өмірде тіркелген мына көріністер тіпті қорқынышты:
Бір жолы найзағай өзі өлтірген адамның денесіне қасында тұрған ағаштың суретін салып кеткен ,Ағаштың астында жиналып отырған бір топ адам сырттан келген кісіге тірі сияқты көрінеді, қасына келіп, түртіп қалсаң, күл болып үгіліп түседі. Кейде найзағай адамды басынан аяғына дейін ұзына бойына ортасынан қақ бөледі. Ал найзағай белгілі бір адамдардың қыр соңынан қалмайтынын қалай түсіндіруге болады? Мәселен америкалық Р Салливан есімді ер кісіні найзағай жеті рет тауып алған. 1942 жылы найзағай оның башпайын күйдіріп жіберсе, 1969 жылы қасын, 1970 жылы иығын, 1972 жылы шашын,1976 жылы алақанын, 1977 жылы кеудесі мен қарнын күйдірген. Табиғаттың шабуылдары кесірінен психологиялық дертке ұшыраған ол 1983 жылы өз өзіне қол жұмсап, бұл дүниемен қоштасқан
Болгариялық Марта Маикия есімді әйел тұрмысқа шыққан үш жігіттің ұшеуі де найзағайдан өлгені туралы ақпарат бар. Үшінші реттен кейін Марта тұрмысқа шықпапты. Мәселен кейде қатар кетіп бара жатқан атты екеудің бәрә жантәсілім етсе, аты-дін аман ,ал серігінің өзі аман –сау да, аты жайрап жатады
Аудан төңірегіндегі от тәрізді шақпақ найзағай түскен жайлы мәліметтер
Төменарық елді мекені 2006 ж көктемгі егін шаруашылығында егіс алқабын да Жақсыбек деген бір балаға найзағай түскен , Найзағай бала егіс даласында кетпен көтерген кезде кетпенге найзағай түсіп бала кенеттен қайтыс болды.
Сүттіқұдық ауылы 2009 ж Қадыр түні күні мектеп қарауылы Мүспенов Мақсат деген азаматқа найзағай түскен. Найзағай азамат столбаның астынан өткен кезде астындағы велосипедке түсіп өзі аман қалған . 15-20 минуттай ес түссіз далада жатып қалған
Қожамберді ауылы 2007 ж ауыл тұрғыны №162 мектептің мұғалімі Аймаханов Ержан қой кезегін бағып жүрген кезде арқандаулы тұрған есекке найзағай түскен .Есектің үстінде темір ер болған. Есек сол мезетте өліп қалған
Талап ауылы Райхан апайдың үйіне найзағай түсіп үй қабырғалары жарылған. Қазіргі таңда үй күрделі жөндеуден өткен
Сүттіқұдық ауылы Рысбаев Датқабай деген азаматтың анасы Мінәйім апайға найзағай арқасына түсіп соның әсерінен Мінәйім апайдың белі бүкір болып қалған.
Астана қаласы 2010 ж Есіл өзеніне суға түсіп жағажайға шығып ұялы телефонмен сөйлескен азаматшаға найзағай түсіп қайтыс болған. Ұялы телефон найзағайды татып алған. Жағажайда суға түскен 10 бала да ауруханаға жатып шықты
Кейде найзағайдың адамдарды таңдайтынын қалай түсінуге болады?
Жапондар мына бір оқиғаны әлі күнге дейін түсіндіре алмай келеді. Балаларды тауға алып шыққан мұғалім найзағай кезінде оқушылардың бәріне бір арқанды ұстатады. Найзағай бір бірден теріп, барлық жұп санды ретпен тұрғандарды өлтіріп, тақ санды ретпен тұрғандарына тиіспеген Мұның барлығы неге ұқсайды? Санамен жасалған іс-әрекетке көбірек келеді. Ол бізге беймәлім бәр заңдармен әрекет ететін сияқты.
Найзағай ақыл ой иесінің
Найзағай түскен адамдардың ішінде бойына ерекше қасиет бітіп ерекше таланты оянатындары да болады.1997жылы Кочубино селосының тұрғыны Мария Зубарева телефонмен сөйлесіп тұрғанда найзағай ұрады.Оның денесі ешқандай өзгерісті сезбейді. Кейінірек Мария қолына ұстаған металл заттардың бәрі жерге түспей, денесі жабысып қалатынын байқаған .Магнит-әйелдің денесіне жабысқан қасық , пашақ,қайшы , үтік сияқты заттар тіпті ол билесе де жерге түспей қойған.Кейде найзағай шабуылына ұшыраған адам уақыт туралы қалыпты түсінігін жоғалтып алады.Кей кездері найзағай түсіп қаза тапқан адамның мәйіті ұзақ уақыт бойы бүлінбей,сол қалпында жата береді. Ғалымдар мұның да себебін таба алмай келеді.
Шар найзағай пайда болғанда не істеу керек?
Алда жалда
осы айтып отырған шар
От тәрізді шақпақ найзағайға қалай дайындалу керек?
1.Найзағайдың түсу қаупінен қорғану ұшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату керек
2. Табиғатқа
шығу алдында ауа райы
3.Егер сіз
найзағай болатынын сезсеңіз, онда
бірінші кезекте оның жерге
түсу жақындығын анықтаңыз
4.Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы
5. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбалардың арасында тартылған сымдарға түседі
6.Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтырғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т,б электрлі қондырғыларды қоспаңыз
7 Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз
8. Су жиналатын жерде немесе оның жағасында тұрмаңыз. Жағадан алысырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз
9. Жазық далада
,егістікте немесе қорғанатын
жер болмаған кезде жерге
10.Егер найзағай
дауылы сіз спортпен айналысу
барысында болса, дереу
11. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз
Найзағай кезінде қалай қимылдау керек? Жарқылдап қатты күркіреген найзағай қауіпті. Мұндай жағдайда тез арада алдын алу сақтық шараларын қолданыңыз. Егер де Сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезелерді, есіктерді, мұржаларды, желдеткіш саңылауларын жабыңыз. Пешті жақпаңыз, өйткені пештің мұржасынан шыққан жоғары температурадағы газда аз кедергі болады. Телефонмен сөйлеспеңіз: кейде найзағай бағандардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай ойнап тұрған кезде электр сымдарына, шатырдың суағарларына, антеннаға жақындамаңыз, терезенің жанында тұрмаңыз, теледидарды, радионы және басқа да электрлік тұрмыстық құралдарды сөндіріңіз. Егер де Сіз қаланың сыртында болсаңыз, найзағай жақындаған кезде ертерек тоқтап қауіпсіз жер іздеңіз. Жеке тұрған ағаштың астында тұрмаңыз! Орманда кезінде орман деңгейінен биік шығып тұрған ағаштардың жанында тұруға болмайды. Қалың бұтақты аласа ағаштардың арасында паналаңыз. Есте сақтау керек, найзағай көбінде еменге, терекке, талшынға, шегіршінге түседі. Кейде – шыршаға, қарағайға, шамшатқа да түседі. Қайыңға, үйеңкіге, қарағанға тіпті сирек түседі. Орманның шетінде және ағаш арасындағы үлкен ашық жерлерде болу қауіпті. Су ағып жатқан жерлерде немесе су айдындарының жанында қалу немесе жүру өте қауіпті. Таулы жерлерде найзағай жақындаған кезде жоталардан, төбелерден, асулардан, шыңдардан және т.б. жедел түсу қажет. Жеке тұрған ағаштың астында тұрмаңыз! Жүріп келе жатқанда немесе демалу кезінде жартастарға, ілініп тұрған қабырғаларға шығуға немесе босқа сенделіп жүруге болмайды, ілініп тұрған жартастардың астында тығылуға болмайды. Табиғи қуыстарда – жартастағы үңгірлерде тығылуға болады, бірақ қабырғадан екі метрден кем емес қашықтықта. Ашық жерлерде найзағайдан құрғақ шұңқырларды, орларды, жыраларды паналап қорғануға болады. Егер олар суға тола бастаса, ол жерден кету керек, құмды және тасты жер қыртысы батпақты жер қыртысынан қауіпсіз екенін естен шығармаған жөн.