Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 17:46, курсовая работа
Біздің ғасырымызда мұнай энергетика, транспорт, елдің қорғанысы үшін, өнеркәсіптің әр түрлі салалары және тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Мұнай кез келген елдің экономикасын дамытуда шешуші рөл атқарады. Мұнайдан әр түрлі сұйық отындар: бензиндер, керосиндер, іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған – реактивті және дизельді отын және қазандық қондырғылар үшін мазуттар алынады. Мұнайдың өте жоғары температураларда қайнайтын фракцияларынан майлағыш және арнайы майлардың, пластикалық майлағыштардың кең ассортименттері алынады. Мұнайдан, сонымен қатар парафин, резеңке өнеркәсібі үшін техникалық көміртек (күйе), мұнай коксы, жол құрылысы үшін битумдардың түрлі маркалары және басқа да көптеген тауарлық өнімдер алынады.
Мазмұны........................................................................................................................ 1
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ:
Мұнай туралы жалпы түсінік............................................................................ 2
Мұнай кен орындарын қазу............................................................................... 3
Мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдері....................................................... 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Мұнайды құбырлармен тасымалдау................................................................. 6
Магистральдық құбырды есептеу.................................................................... 9
Жоғарғы тұтқырлы мұнайды өндіру мен тасымалдау кезіндегі асфальт – шайырлы және парафинді шөгінділермен күрес................................................. 12
Жоғары тұтқырлы мұнайды айдаудың түрлері....................................... 25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:
3.1 уМұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорға.............. 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................
Қазіргі кезде біздің
Мұнайдың барланған жалпы көлемінде жоғары тұтқырлы – парафиндік және асфальт – шайырлы мұнайлардың үлесі артуда. Оларды өндіру және тасымалдау асфаьт – шайырлы және парафинді шөгінділерді (АШПШ) болдырмау мәселесімен күрделенеді.
АМПШ қарқынды
шөгуі көптеген кен
Парафиндер
– метан қатарының қатты
АШПШ күресуді
негізінен төрт әдіспен: құбыр
беттерінен шөгінділерді
Бұрқақты, газлифттік және батырылған орталықтан тепкіш сорғылармен жабдықталған ұңғымаларда күресудің ең көп тараған әдісі – қорғауыш қаптамаларды жағу, оларды АШПШ нашар байланысатын гидрофильдік материалдардан (шыны, әр түрлі шыныэмальдары, бакелиттік лак, эпоксидтік шайырлар, бакелитті – эпоксидтті композициялар, т.б.) жасайды. Қорғау қаптамаларын кәсіпшілік коммуникацияларында пайдаланады, дегенмен бұл жерде периодтық бу – жылулық өңдеулер, сондай – ақ шар тәрізді немесе сұйықтық ағынының әсерімен қозғалатын поршеньдік тазартқыштар кең қолданылады.
АШПШ күресудің химиялық әдістері кен орындарын қазудың белгілі бір кезеңдерінде, мысалы, сулану әлі жоғары болмағанда, кең қолданылады. Ұңғымаға ингибаторлар немесе АШПШ еріткіштерін береді. Ұңғымаларды өңдеуге пайдаланылатын органикалық еріткіштер ретінде әдетте қаттың забой маңы аймағына әсер ететін химиялық реагенттерді, мысалы, бутилбензолдық, альфометилстиролдық, этилбензолдық фракцияларды, пиролиздің сұйық өнімдерін және т.б. қолданылады.
АШПШ ингибаторлық қорғауды, әдетте, тұрақты сумұнайлық эмульсиялармен күресу үдерістерімен біріктіреді. Сондықтан ұңғымаға екінші жағынан жақсы демэмульгаторлар болатын ерітінділерді береді. Реагент типін таңдау қат өнімінің қасиеттеріне, ұңғымадағы және коммуникациялардағы геологиялық – физикалық және термодинамикалық жағдайларға тәуелді болады. Химиялық заттарды тиімдірек пайдалану үшін ұңғымаға ұазудың белгілі бір сатысында мұнайдың эмульгирленуінен, жабдықтар мен құбырларды органикалық және бейорганикалық шөгінділерден және коррозиядан күресу мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ететін, көп мақсатты реагенттерді, яки олардың қоспаларын беруі керек.
Мұнайды газлифттік және
Жұмыстық
газ тәрізді агенттің
Химиялық
реагентті ұңғыманың забойына, газлифттік
немесе бұрқақтық құбырдың
Реагентті
беру кезінде оны забойға
Беру
орнын таңдау қазу кезінде
өзгеріп отыратын нақты
Жоғарғы
тұтқырлы мұнайларды құбырмен
тасымалдағанда, АШПШ күресу үшін
әр түрлі әдістер ұсынылады.
Жоғары тұтқырлы мұнайлардың
реологиялық қасиеттерін
Жоғарғы тұтқырлықты және тұтқырлығы аз мұнайлар, мұнай өнімдерінің қоспасын айдау да кең қолданылуда. Самара – Саратов құбыры бойынша маңғыстаулық мұнай мен ромашиндік аз тұтқырлы мұнайдың қоспасы қыздырылмай – ақ айдалады. Қотыр төбе мен Құм тау – кен орындарының мұнайларының қоспасы Вышка – Белек құбырымен тасымалданады. АҚШ-да ұзындығы 1080 км-лік Кущинг – Чикаго құбыры бойынша 70%мұнай, 10% газды бензин, 9% дизельдік отын мен мазут, 6 % бутан және 5% пропан қоспасы айдалады. Алайда, тұтқырлықты қажетті өлшерге дейін төмендетуге қоры аз болып келетін еріткіштердің көп мөлшері қажет болады.
Гидротасымалдау
технологиясы техникалық
Жеке жағдайларда депрессаторларды, функционалдық қоспаларды, химиялық реагенттерді қосу мұнай тұтқырлығын 50 есеге, қату температурасын 5 – 100С-қа төмендетуге, ағу кедергісін 50 - 70%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстандық мұнай кәсіпшілігінде сынақтан өтіп, шектеулі қолданыс тапқан депрессаторлар бар, олар алманиялық БАСФ фирмасының «Сефафлюкс ЕS3137», «Сеперал ЕS3495», «Сепар ЕS3315» типті және ресейлік «ТУМА» типті депрессаторлары. Осы депрессаторлардың жалпы кемшілігі олардың қымбаттығы мен универсалды әсерлерінің болмауы.
Мұнай өндіру кеніштеріндегі парафинді мұнайды өндіріс ішінде және магистралды құбыр арқылы тасымалдау жүйесі мен олардың қазіргі жағдайына шолу жасау шаралары қарастырылған.
Осы мақсатта әдебиеттерге шолу жүргізу нәтижесінде мұнай өндірісіндегі құбырларда түзілетін парафин тәріздес шөгінділердің қоршаған орта мен құбырдағы сұйықтың температурасының және қысымның төмендеп, өзгеруіне байланысты көптеп жиналатыны байқалған.
Қазіргі уақытта осы парафинді
шөгінділердің жиналу көлемін азайту
мақсатында, мұнай өндіру мен тасымалдау
жұмыстарының барлық кезеңінде мұнай
құрамына және тасымалдауға арналған
құбырлардың тозу дәрежесіне шолу жасап,
ғылыми негізде тиімді тасымалдау жүйесін
қарастыру қажет болып
Парафинді мұнай шөгінділерін еріту немесе оларды химиялық, термиялық немесе механикалық өңдеу шараларын қолданудың ең бастысы, тиімді технологиясын таңдау қарастырылған. Осы мәселелерді түбегейлі зерттеп, сараптай отырып, парафинді мұнай шөгінділерін жою арқылы тиімді пайдалану әдістерін қарастыруымыз қажет. Көп жылғы жинақталған тәжірибелердің негізінде, тасымалдау құбырларындағы парафинді мұнай шөгінділерін жоюда сағалық пештерді орнату мен бірге магнитті өріс беру арқылы ыдырату әдістері өте тиімді екені белгілі болды.
Дегенмен де, осы мәселелерді
түбегейлі зерттеп, сараптай отырып,
парафинді мұнай шөгінділерін арнайы
технологиялық жабдықтар
Бұл, біріншіден - ұсынылған
конструкция бойынша
Қазіргі таңда парафин шөгінділерін жоюға қажетті технологиялық жабдықтарды өндірісте қолдану мәселесі толық шешілмей тұр. Сондықтан, зерттеу міндеттерінің бірі осы мәселелерді шешуге арналды және ол ерекше ғылыми ізденіс туғызды.
Құбырдағы сұйықтың температуралық өрісінің сипаты оның ағын режиміне толық тәуелді болады. Температураның төмендеуіне байланысты мұнайдың тұтқырлығы арта түседі, ал олай болса, оны құбырлармен тасымалдау кезінде гидравликалық кедергісі де өсе түседі. Құбыр өсіне қарағанда, оның қабырғасына таяу (жақын) сұйық ағынының температурасы төмен болады. 1-суретте температураға байланысты құбырдағы сұйықтың ағым жылдамдығының таралуы көрсетілген.
Сурет 1. Мұнай температурасының оның құбырдағы ағын жылдамдығының таралуына әсері.
1 - мұнайдың изотермиялық ағыны; 2- тұтқыр мұнайдың қыздырылуы; 3- тұтқыр мұнайдың салқындауы, 4- құбыр қабырғасы.
Ұңғымадан келетін мұнайдың температурасы көптеген факторларға: ұңғы тереңдігіне, оның шығымына, геотермиялық градиентке, газ факторына, сулану дәрежесіне және басқа да жағдайларға байланысты болады. Бұл есеп жүргізуде қиындық тудырады. Осыған байланысты жинау жүйесін жобалау барысында: кен орны ауданындағы жылдық ауа температурасын, топырақтың қату (тоңының) тереңдігін, ұңғылар шығымын, ұңғылар сағасындағы температураны ескере отырып, өнімнің сулану дәрежесін талдай отырып, сондай-ақ сағалық және жолшыбай орнатылатын қыздыру пештерін қолдана отырып, құбырларды төсеудің тиімді вариантын табамыз. Сонымен бірге экономикалық факторларды да ескерген жөн, яғни мұнай құбырын төсеу тереңдігін азайтқан кезде жер жұмыстарының құны тез қысқарып және ақау орнын табу және оны жою жеңілдейді.
Республикамыздың батыс және оңтүстік аудандарында құрамында парафині көп бірқатар кен орындары ашылып, игерілуде. Мұндай мұнай құбыр бойымен қозғалғанда гидравликаның белгілі заңдарына бағынбайды. Осы кен орындарының кейбірінің мұнайы құрамындағы парафиннің мөлшері 25%-ға, ал шайыры 55%-ға жетеді. Құбырлармен мұндай мұнайларды тасымалдаудың өзіне тән ерекшелігі бар және көп қиындықтар тудырады.
Зерттеу обьектілері ретінде
Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан
Құмкөл, Арысқұм, Ақшабұлақ және Ащысай
мұнай-газ кен орындары таңдалып
алынды. Жоғарыда аталған кен орындарының
мұнайы жоғары парафинді және күрделі
параметрлі мұнай түріне жатады. Газдан
ажыратылған мұнай сипаттамасын
негіздегенде қату температурасы және
құрамында жоғары молекулалы парафиндердің
өте көп екені анықталды. Бұл
параметрлердің толқу диапазоны
кен орнындағы объектілер бойынша
өте үлкен және мұны түсіндіру
өте күрделі болады. Таңдап алынған
зерттеу материалына бұл
Парафин шөгінділерінің түзілу қарқындылығы уақытқа және тереңдікке байланысты өзгеруі мүмкін, бір немесе бірнеше факторларға тәуелді, сол себептен шөгіндінің саны мен сипаттамасы әр уақытта тұрақты болмайды.
Уақыт өте парафиннің шөгу
жылдамдығы мен көлемі артады. Парафиннің
қарқынды шөгуі процестің басында
байқалады, осыдан кейін шөгіндінің
өсу жылдамдығы парафин шөгінділерінің
қалыңдығының жоғарылауы әсерінен мұнайдың
сыртқы ортаға берілетін жылу бергіштігі
төмендеуіне байланысты азаяды. Іс-тәжірибе
көрсеткендей, негізгі асфальт-шайыр-парафин
шөгінділері түзілетін
Сурет 2 - Ұңғыма тереңдігі бойынша асфальт-шайыр-парафин шөгінділерінің шөгу динамикасы
Сурет 3 - Ұңғыма тереңдігі бойынша асфальтты-шайырлы заттар және парафин шөгінділері
«ПҚҚР» АҚ кен орындары аумағында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, диаметрлері әртүрлі құбырларда парафиннің қабырғаға шөгуі шамамен алғанда бірдей екені анықталған. Түзілген шөгіндінің қалыңдығы 500-900м тереңдіктен бастап жайлап жоғарылайды және ұңғыма сағасынан төмен 50-200м тереңдікте ең жоғарғы мәнге ие болады, содан кейін ұңғыма сағасы аумағында 1-2 мм қалыңдыққа дейін төмендейді (3-сурет).
Информация о работе Мұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорғау