Каспии тенизи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 22:37, реферат

Краткое описание

Каспий теңізі- Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 шаршы километр. Меридиан бағытында 1200 километрге созылған, орташа ені 300 километр. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50 тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.)
Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Каспий теңізінде, өзен ағындары мен желге байланысты, судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткенде екі тармаққа бөлінеді. Жел теңіз толқының туғызады, олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11 метрге жетеді.
Теңіздің қазақстандық бөлігі- солтүстік-шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және т.б. бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және орталық Каспийге қарағанда таяз солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың шаршы километр. Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы- жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ын құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрітіршілік етеді. Оның ішінде омыртқасыздар-1069, омыртқалылар-415, паразит жануарлар-325 түрі тіршілік етеді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Каспий теңізінің су деңгейінің өзгеруі
1.2 Каспий теңізінің тіршілік көздері
1.3 Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша?
1.4 Каспий экожүйесі бақылауда
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология.doc

— 98.50 Кб (Скачать документ)

Егер Каспийде үлкен экологиялық апат болса,халықаоралық сот теңізді негізгі бүлдіруші  ретінде Қазақстанды айыптайды. Теңіз тіршілігі қалпына келгеге дейін айып пұл салынады. Ал, ол айыптың мөлшері теңіздің  Қазақстан жақ бөлігіндегі тіршілік құнына байланысты. БҰҰ-ның есебі бойынша ол 5 млрд доллардың үстінде екен. Демек, бұл жыл сайын Қазақстанға сондай мөлшерде айып салынады деген сөз. Ал, теңізднгі тіршілік қанша уақытта қалпына келуі мүмкін? Оны есептеу өте қиын  мәселе. Егер 100 жылда теңіз өз қалпына келуі мүмкін деп есептесек, сол аралықтағы айып пұлын өтеуге-500 млрд доллар қажет екен.

Каспий экожүйесі  бақылауда

Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары:

1.Теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2.Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту.

3. Теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиалық алуан түрлілігін сақтау.

4. Аймақта экологиалық қауіпсіздікті және қоршаган ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

КаспНИРХ  ғылыми-зерттеу институтында «Мұнайгаз кеніштерін игеру жағдайында Каспийдің экожүйесін сақтау проблемалары» деп аталатын халықаралық, ғылыми-практикалық конферендия болып өткен. Оның құрылтайшылары КаспНИРХ мемлекеттік кәсіпорнының филиалы мен «Лукойл-Нижневолжскнефть» жауапкершілігі шектеулі қоғамы.

Конференцияны өткізуге негіз болған мәселе мұнай беруші өңірлерді игеру барысында Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздік стратегиясы болды.

Конференцияға Ресейдің Астрахань облысының өкілдері, ірі мұнай компанияларының, жетекші ғылыми орталықтардың, ресейлік және казақстандык экологиялық ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Конференцияда отыздан астам баяндамалар тыңдалды, олардың бәрі Каспий теңізінің қазіргі заманғы экологиялық ахуалына, оның биологиялық ресурстарын сақтауға, көмірсутекті кеніштердегі запастарды өндірістік жолмен игерудің болашағы, Каспийдегі мұнай-газ жобаларының коршаған ортаға әсерін бағалау жайлы болды.

Конференцияға қатысушылардың бәрі Каспий экожүйесінің қайталанбас ерекшеліктерін, оның қазірге дейін сақталып келген реликті және эндемикалық организмдерінің әлемдік маңызын атап өтті. Конференцияның осы кездері өтуіне Каспий теңізінін солтүстік бөлігіндегі мұнайгаз кеніштерін өндірістік игеруді бастау себеп болды.

Каспий бойы мемлекеттер  жетекшілері Каспий теңізіндегі биоресурстарды сақтау басымдылығын ұдайы айтып келеді. Ол 2003 жылы Тегеранда қабылданған «Каспий теңізіндегі биоортаны сақтаудың шекті конвенциясында» да белгіленді. Осыған қарамастан қазірге дейін Каспий бойы елдерінде Каспий теңізінде мұнай алуды дамытудың техникалық және технологиялық шешімдері келісілген, теңіздегі биоресурстардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекетаралық саясат қалыптасқан жоқ.

Каспий теңізінің  ерекшелігі мұнай-көмірсутекті шикізаттарды алудың ең мұқият каралған нұсқаларын алуды талап етеді. Ол үшін акваторийге лайық деп танылған бірнеше бәсекелес нұсқалардың экономикалық және табиғат қорғау талаптарына сәйкес тиімділігі есепке алынуы тиіс.

Қазіргі кезде  тек қана «Лукойл» ААҚ-ы Солтүстік Каспийдегі мұнайгаз өндірісінде қалдықтар тастауды болдырмайтын, оларды теңіз жағалауына көмуді белгілеген жобаны ұсынды. Бұл технология бұрын да ААҚ тарапынан іздеу-зерттеу бұрғылау істерінде пайдаланылып көрілген екен.

Конференция қорытындысында Каспий бойы елдерінің үкіметтеріне, теңізде іс-әрекеттер жасап жатқан ұлттық жөне трансұлттық мұнайгаз компанияларына мынадай ұсыныстары бар үндеу жолдамақ болып келісілді:

  • Каспий теңізіндегі биоортаны сақтаудың шекті конвенциясының ұсыныстарын өмірге енгізуді     жеделдету,     оған     қосымша протоколдар әзірлеп қабылдау;
  • ұлттық деңгейде Каспий теңізіндегі мұнай   операцияларынын   экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеуді тездету;
  • жасалған нормативтерді халықаралық деңгейде келісуді үйымдастыру;
  • Каспий теңізінің бүкіл акваторийінде мұнайгаз өндіру кызметін стратегиялық экологиялық бағалауды         жасауды ұйымдастыру;
  • теңіздегі мұнай операцияларын жасауда теңіздегі ортаны ластауды болдырмайтын қазіргі заманғы қауіпсіз технологияларды пайдалану, мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың аумақтық жүйесін жасау;

теңіздегі экожүйенің барлық жақтарын қамтитын, Каспийге кешенді мониторинг жасайтын халықаралық жүйе құруға кірісу; еңіз экожүйесінің мұнайгаз алуға әлсіздігін анықтайтын зерттеулерді қолдау басымдылығын орнықтыру, акваторийде балық шаруашылығы кадастрын кұру;

      - мұнай    операцияларының    әсерін бағалауға байланысты істердің (оның ішінде сейсмобарлауды, гидробионатты қоса алғанда) орындалуына басты назар аудару;

Каспий бойындағы барлық бес елдің ғалымдары мен мамандарының мұнайгаз алудан биотопқа, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келетін зиянды бағалайтын біркелкі тәсілдерді әзірлеуде бірлескен істерін күшейту;

- Каспий теңізіндегі биоресурстарды сақтаумен теңіздегі ортаның жағдайын бақылау саласында ғылыми, табиғат қорғаушылық және өндірістік үйымдардың ынталарын үйлестіру,   оның   ішінде   халықаралық экологиялық орталықтар қүру арқылы, қажеттгіне баса көңіл аудару;

- теңіздегі  шаруашылық істерінің нәтижесінде болуы мүмкін техногендік апаттардың (жер сілкіну, жердің жылжуы, цунами, т.с.с.) қаупіне баса назар аудару.

Конференция Каспийдің экожүйесін сақтау мәселелеріне арналған Мемлекеттераралық ғылыми кеңес құру қажет деп санайды және 2007 жылы осы проблемаларға арналған Екінші халықаралық конференция өткізуді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жердегі тіршіліктіңң дамуында, ауа мен судың орны ерекше. Бірақ  өкінішке орай, су мен ауаның ластануына және экологиялық апаттарға қарсы  жұмыстар мардымды түрде жүргізілмеуде. Қолында билігі бар, қаражаты бар  адамдардың қомағайлығы артып, олар өздеріне керекті қара алтын мұнайды ғана ойлап жүр. Ал ауа мен су алтыннан да қымбат емес пе? Осы екі алтындай қымбат зат, адам баласын шыңға да шығарады, тұңғиыққа да батырады. Егер енді табиғатты  қорғамасақ, сөз жоқ мұның соңы апатқа апарады, тіршілік жоғалады. Шамасы ХХІ ғасыр- экология дәуірі болады. Ең алдымен ауа мен судың ары қарай ластануына мүмкіншілік бермей, ластанған суларды тазартуымыз керек, осындай шаралар қолданылмаса, жердегі тіршілік біртіндеп жоғалады. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барып, сондықтан мұндай қорықтарда жұмыс жасауға жинақты мол тәжірибиелері бар екендігін айтқан. Халықтың наразылығына қарамастан, билік басындағылар, шетелдік мұнай компанияларының өте сезімтал табиғи ортаға қол салуына жол берді.  Бұл, Каспий аумағының қоршаған ортасының экологиясының нашарлап кетуіне соқтырды. Бұл жерде экологиялық апаттар жиілеп кетті. Көпшілік апаттарды халықтан жасыруға тырысады.

Қоршаған орта, бірімен-бірі араласып- құраласып жатқан әр түрлі компоненттерден тұрады. Олардың ара қатынасы өте күрделі, өзара байланыстары тығыз және әрқайсысының тек өзіне тән ерекшеліктері бар. Егер, осылардың біреуіі әр түрлі немесе құрып кетсе, онда біртұтас ағза іспеттес өмір сүріп жатқан жүйе, арқауы кеткен тоқыма бұйымдай тоз-тоз болып шашылып қалады. Аталмыш компоненттер қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанда, қоршаған орта үшін олардың маңызы бірдей, демек олар өзара тепе-теңдікте. Сол себептен, бірінің жоғын, оның атқаратын функциясын өзгелердің артық мөлшерімен толықтыруға болмайды. Сондықтан, табиғат- тамылжыған тал бесігің. Оны алақанға салып аялау әрбір азаматтың абыройлы борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»

Баешов А.Т. «Экология және таза су проблемасы»

Қасымов А.Г «Каспийское море»

Шабанова Л.В «Каспийская экологическая программа»

География оқулығы

«Дүние» N 6, 2005

Еназарова Ұ.А, Темірбеков А.Т. «Түркі тілдес елдер географиясы»

ҚАЗАҚ СОВЕТ  ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»

Крицкий С. К. «Колебания уровня Каспийского моря».

«Дүние» N 1-2, 2005

С. И  Варущенко  «Изменение режима Каспийского моря»

«Дүние» N 11, 2004

 «Атамекен»  N 24 ақпан 2005

«Дүние» N 9, 2003

 

 

 

 


Информация о работе Каспии тенизи