Экологиялық құқық. Орман ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 10:26, курсовая работа

Краткое описание

Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды

Содержание

Кіріспе
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай- күйін талдау
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Орман осірудің 2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Астана қаласының жасыл аймағын құру
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Еліміздің экологиялық проблемалары
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Ұзақ жылдар тіршілігі  тұрақты болып келген су айдынының  қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.

Аталған антропогендік  жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені  бойына салынған Қапшағай суқоймасы  да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе  Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте  сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы  жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен  көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе  төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар  балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле – Балқаш алабы  ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім  көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары  жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл  жағасындағы тіршілік ететін құстардың  түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық  ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын  байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді  пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін  тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын  массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару  бүгінгі күннің талабы. Арал мен  Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу  Қазақстанды ғана емес Еуразияны  да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. 

Каспий теңізі – жер  шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.

Қазіргі кезде бізді  қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1  Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2 Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3 Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

4 Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

1997 жылы 24 шілдеде АҚШ  президенті Клинтон атақты ғалымдарды  жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының  лауреаты бар) «парниктік эффекті»  тудыратын газдарды азайтуға  бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды. 

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы  әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік  конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы  Конвенцияда Киото хаттамасына  қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.

Қазақстанның Киото  хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық  тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық  инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.

Киото хаттамасын біткеннен  кейін нақты жобалар мен іс-шараларды  іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған  тағы бір шара – табиғат байлықтарын  тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне  – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

Әрбір экономикалық табысымыз  үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік [11].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері  бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.

Солтүстік Қазақстан  облысында ормандарды егістік жерлердің  көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу  жобаланған.

Егістікті қорғайтын  ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.

Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер  берілуі қажет. Қазақстанның егістік  қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде –  орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері  басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.

Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының  кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды  ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.

Облысымыз бойынша  орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды  қалпына келтіру жағдайы әлі  де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты  қорғау басшылықтары қоршаған ортаның  ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1  «Атамекен»  газеті ,10 шілде 2002 жыл

2  Л.Серікова. Қоршаған ортаны қорғау – баршаның міндеті// Л.Серікова. Қазақстан Жоғары мектебі– 2001.-№ 3 – 163 б.

3 Қазақстанның экологиялық экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. -Дүние  2002ж.№4  3-10 б.

4  К.Бозтаев.Семей полигоны. «Қайнар қасіреті»// К.Бозтаев.- Алматы.1997ж.

5  Заң газеті.23 шілде.2005 ж.№3.

6 Республикалық құқықтық ғылыми- практикалық «Заң » журналы №6 32 б.

7 М.Әкімжанов. «Адам және атом»// М.Әкімжанов.  Заң журналы ,1999 ж.№6 19б.

8 К.Бозтаев. «Невада - Семей» мақала// К.Бозтаев.  Зерде журналы №13 11б.

9 Б.Ә.Төлеубаев.Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы// Б.Ә.Төлеубаев - Павлодар қ. 2001ж.

10 Радиациялық ластаудың құқықтық жауапкершілігі.Заң журналы- 2002ж.№3  62-66 б.

11 К.Т.Адамов. «Қоршаған орта және экологиялық саясат,қылмыс»// К.Т.Адамов. - Дүние журналы №6. 2002ж. 7-11 б.

 

 

 



                                                                         22


Информация о работе Экологиялық құқық. Орман ресурстары