Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 10:26, курсовая работа
Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды
Кіріспе
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай- күйін талдау
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Орман осірудің 2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Астана қаласының жасыл аймағын құру
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Еліміздің экологиялық проблемалары
Қорытынды
Кіріспе |
3 | |
1 |
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай- күйін талдау |
4 |
1.1 |
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы |
4 |
1.2 |
Орманды молықтыру мен орман өсірудің
проблемалық мәселелері |
6 |
2 |
Орман осірудің 2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы |
9 |
2.1 |
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру |
9 |
2.2 |
Астана қаласының жасыл аймағын құру |
10 |
2.3 |
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері |
12 |
3 |
Еліміздің экологиялық проблемалары |
15 |
Қорытынды |
21 | |
Қолданылған әдебиеттер |
22 |
Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар
орман алқабында зиянкестер
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы
жерлердегі ормандардың топырақ
пен су қорғауға тигізетін әсері
көп. Олардың арқасында тау
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде орман ресурстарына деген сұраныстың шиеленісуі жағдайында тұрғындар мен шаруашылықты орманмае қамтамасыз ету проблемасын шешудің жалғыз жолы- оны қорғау мен үнемді пайдалану. Қазіргі кезеңде орман ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірнеше бағыттары бар. Адамзат баласы орман ресурстарын тиімсіз пайдалануда. Соның салдарынан орманның қоры азаюда.
Тақырыптың мақсаты: Орман ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.
Қоршаған ортаны, оның ішінде орманды қорғау үшін, осындай мақсаттарға сүйену керек:
• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;
• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;
• Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;
• Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
• Пайдаланылған орман ресурстарының жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін орманды пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;
Тақырыптың міндеті: Орман ресурстары мемлекеттің жалпы меншігі болып табылады. Орман ресурстары заңға сәйкес тек кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың пайдалуына беріледі. Орманды пайдаланудың мына міндеттерін бөліп көрсетіледі:
• Орман қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
• Орман қатынастарын реттеу;
• Орман қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
• Орман қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
Тақырыптың құрылымы: Бұл курстық жұмыс 22 беттен, мазмұнынан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай-күйін талдау
1.1 2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауында 22 мемлекеттік мекеме бар, оларға 3,4 миллион гектар алқапта мемлекеттік орман қоры немесе республикалық мемлекеттік орман қоры алқабының 13,0 % бекітіліп берілген.
Облыстар әкімдерінің қарауында 22,6 миллион гектар алқапта 124 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі жұмыс істейді, бұл мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 85,6 % құрайды.
2007 жылғы 1 қаңтарға орман қоры есебінің деректері бойынша орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің жалпы алқабы 26,4 миллион гектарды (республика аумағының 9,7 %) құрайды, оның орман көмкерген жерлері 12,3 миллион гектар алқапты алып жатыр. Мемлекет аумағының ормандылығы 4,5% құрайды.
Көп жылғы стратегиялық деректер бойынша орта есеппен өрт қаупі бар кезең ішінде мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің мыңға жуық оқиғалары болады. Олардың таралу алқабы көптеген факторларға байланысты, негізінен ауа райы-климаттық жағдайлар болып табылады.
Табиғи факторлар да, адамның қызметі де орман өрттерінің себептері болып табылады, олар өрт қаупінің көктемгі және күзгі шырқау шектерінде барынша қауіп төндіреді. Мәселен, көктемгі және күзгі кезеңдерде далада ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты егістік қалдықтарын өртеуден және отқа сақ болмаудан шығатын өрттер саны да күрт көбейіп кетеді. Табиғи факторлардан найзағай жарқылдары елеулі қатер төндіреді, Ертіс өңірінің жалды ормандарында өрттердің көпшілігі солардан шығады.
Республика бойынша ірі орман өрттеріне жасалған талдау ең үлкен алқапты - 62% - дала өрттерінің мемлекеттік орман қорының аумағына ұласу себебінен болатын орман өрттері құрайтынын көрсетті.
Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды молықтыру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Орман дақылдарын өсіріп шығарудың республика аумағының орманды жерлерін арттыруда зор маңызы бар. Бүгінгі күнге жасанды екпелер 1029,3 мың гектарды немесе орман көмкерген жерлердің 10%-ға жуығын құрайды.
1990 жылға дейін ормандарды қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын 80 мың гектардан астам алқапта орындалып келді. Бұл орайда тұқым себу мен ағаш отырғызу үлесіне 80%-дай тиетін. Жаңадан өсірілетін орман дақылдарының жалпы көлемінде қылқан жапырақты тұқымдар 16%, ал жапырақты тұқымдар - 84%, оның ішінде сексеуіл - 77% құрайды.
2005 жылы ормандарды молықтыру көлемі 30,7 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу мен тұқым себу - 24,9 мың гектарды құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» салалық бағдарламасын әзірлеп, оны 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітті, ол ормандарды сақтау және молықтыру, елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуді, осы жұмыстарға жастардың қатысуын көздеді.
2005-2006 жылдары оны іске асыру барысында ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстар 67,6 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу және тұқым себу әдісімен 55,3 мың гектар алқапта жүргізілді.
Орман дақылдары жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде республикада 143 орман питомнигі бар, оларда жыл сайын әртүрлі дақылдардың 150-200 миллион дана стандартты екпесін өсіруге болады.
270 артықшылығы
бар ағаштан, 45 гектар артықшылығы бар
екпелерден, тұрақты орман тұқымы
Әртүрлі нысаналы мақсаттағы ағаш тұқымдарын плантацияда өсіруді дамыту Қазақстанның орман шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы процеске жеке инвестицияларды тарту, яғни жеке орман иелену институтын дамыту басым мәселе болып табылады, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс [1].
Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру жөніндегі жұмыстар 1997 жылдан бері жүргізілуде, қазірдің өзінде 30 мың гектар жасыл екпелер отырғызылды. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізіле береді. Қала шетінде екпелер құрумен қатар астанадан бес бағытта темір және автомобиль жолдарының бойында ағаштар отырғызылады.
«Республика ормандарын сақтау және оның аумағының орманды жерлерін көбейту» атты толық көлемді жоба әзірленді, ол Ертіс өңірінің жалды ормандарын және Қызылорда облысында сексеуіл екпелерін сақтауға және қалпына келтіруге, республиканың орман шаруашылығы саласына қолдау білдіруге, сексеуіл ормандарында жайылымдық жерлерді пайдаланудың экологиялық нормаларын әзірлеуге және практикаға енгізуге бағытталған.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде, өртке қарсы және орман қорғау іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Ормандарды авиациямен күзету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 19 қаңтарындағы № 53 қаулысымен бекітілген нормативтерге сәйкес 5639,5 мың гектар алқапта жүргізіледі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер құру және оларды күтіп ұстау жұмыстары атқарылды, мұнда 353 мың түп қалемше отырғызылды.
Темір жолдар бойында 0,15 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелер отырғызылды және 62,4 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелерге күтім жасау жөнінде іс-шаралар кешені жүргізілді.
1,25 мың гектар алқапта су қорғау екпелерін құру және күтіп ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Облыстық орталықтарда жалпы алғанда 430 гектар алқапта саябақтар мен жасыл желекті белдеулер отырғызылды.
Елді мекендерді көгалдандыруға студенттік экологиялық отрядтарының сарбаздары қатысты, олардың қатысуымен 2088,5 мың екпе отырғызылды.
2005-2007 жылдары Астана қаласының әкімдігі саябақтар, жасыл желекті белдеулер, бульварлар отырғызу бағдарламасын жүзеге асырды. Жаңадан отырғызылған скверьлер мен саябақтардың жалпы көлемі 34,5 гектар болды [2].
.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету үшін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы құрылды.
Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында оқу орындарының базасында 2005 жылы 28 мың, 2006 жылы 32 мың адамнан тұратын отрядтар құрылды [2].
1.2 Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Ағаш отырғызу мен ағаш тұқымын себу 8,9 мың гектарға дейін қысқарған 1992 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде осы жұмыстар көлемінің сан мәрте азайып кетуі тұқымбақтардың (питомниктердің) және орман тұқымы шаруашылығы объектілерінің бір бөлігінің жойылып кетуіне, ағаш отырғызу материалын өсіру көлемінің қысқаруына әкеп соқты.