Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 10:26, курсовая работа
Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды
Кіріспе
Орман шаруашылығының және елді мекендерді көгалдандырудың қазіргі жай- күйін талдау
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Орман осірудің 2008- 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасының талдауы
Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Астана қаласының жасыл аймағын құру
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Еліміздің экологиялық проблемалары
Қорытынды
Республика бойынша ірі орман өрттеріне жасалған талдау ең үлкен алқапты - 62% - дала өрттерінің мемлекеттік орман қорының аумағына ұласу себебінен болатын орман өрттері құрайтынын көрсетті.
Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды молықтыру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Орман дақылдарын өсіріп шығарудың республика аумағының орманды жерлерін арттыруда маңызды. Бүгінгі күнге жасанды екпелер 1029,3 мың гектарды, орман көмкерген жерлердің 10%-ға жуығын құрайды.
1990 жылға дейін ормандарды қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын 80 мың гектардан астам алқапта орындалып келді. Бұл орайда тұқым себу мен ағаш отырғызу үлесіне 80%-дай тиетін. Жаңадан өсірілетін орман дақылдарының жалпы көлемінде қылқан жапырақты тұқымдар 16%, ал жапырақты тұқымдар - 84%, оның ішінде сексеуіл - 77% құрайды [7].
2.3 Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ қарыз бен гранттар бойынша берілетін қаражат болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте - 21714,83 миллион теңге, жергілікті бюджеттерде - 23539,66 миллион теңге, қарыз бен гранттар бойынша бөлінетін қаражат - 2141,30 миллион теңге мөлшерінде көзделуде.
2008-2010 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және жергілікті бюджет туралы облыстық, Астана қаласы мәслихаттарының шешімдеріне сәйкес нақтыланатын болады.
Елді мекендерді көгалдандыруды, жасыл аймақтар құруды және мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыруды қоса алғанда, бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын жергілікті бюджеттердің қаражаты облыстар бойынша 5-кестеде келтірілген.
Ормандарды өрттен күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөнінде бағдарламада көзделген іс-шаралардың негізгі көлемін мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері жүзеге асыратын болады. Орман орналастыру, жобалау-іздестіру, орманды авиациямен күзету және өзге де жұмыстарды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізеді.
Бағдарлама шеңберінде ормандарды авиациямен күзетуге - 2430,13 миллион теңге, Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құруға - 4938,68 миллион теңге көзделуде.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.
Киото хаттамасын біткеннен
кейін нақты жобалар мен іс-
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға жұмсалатын қаржы шығындарының жалпы көлемі - 18734,43 миллион теңгені, соның ішінде мемлекеттік орман күзетін ұстау - 7409,11 миллион теңгені құрайды. Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге және молықтыруға қаражат қажеттілігі 6-кестеде келтірілген.
Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жалпы алғанда 3650,19 миллион теңге, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 949,19 миллион теңге, оның ішінде нысаналы трансферттермен жергілікті бюджеттерге - 1747,83 миллион теңге және ХКДБ есебінен - 953,17 миллион теңге қажет. Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатына қажеттілік 7-кестеде келтірілген [8].
Бағдарламаны іске асыру ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, оларды ұтымды пайдалану саласындағы ахуалды тұрақтандыруға, ормандардың сақталуын және орман өрттері мен заңсыз ағаш кесуден болатын залалдарды азайтуға және кейіннен орман шаруашылығын жүргізу тиімділігін арттыру үшін негіз қалауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудан күтілетін негізгі нәтижелер:
орман өрттері зақымдайтын алқаптарды өрт қаупі бар кезеңде 10,0 мың гектардан аспайтын көрсеткішке дейін азайту;
ормандарды молықтырудың жалпы көлемі 145,18 мың гектар, соның ішінде 2008 жылы - 37,49 мың гектар, 2009 жылы - 47,63 мың гектар және 2010 жылы - 60,06 мың гектар болады;
550 саябақ пен скверлер қалыптастыру;
15,0 мың гектар, жыл сайын 5 мың гектар алқапта Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру;
15 мың гектар алқапта екпелер отырғызу жобасын және 406,6 гектар алқапта ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобаларын, жалпы көлемі 166 гектар орман тұқымбақтарының жобаларын әзірлеу;
2008-2010 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жыл сайын 12000 жасты тарту;
мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғат қорғау мекемелерінің және саланың басқа да мамандандырылған ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жыл сайын 83,0 миллион теңгеге нығайту, жыл сайын мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің 47 қызметкерінің біліктілігін арттыру, бұл алдағы уақытта орман шаруашылығын жүргізу тиімділігін арттыруға, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді [9].
3 Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап
кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек
әсерін болып отыр. Атмосферадағы
көмірқышқыл газдардың
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап
Арал өңірін игеру қолға
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
Осы аталған факторлар
Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік
атаулының экологиялық
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер [10].
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және
шөл табиғат белдемдерінде