Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты»-дейді экологияның бірінші заңы(Б.Коммонер). Яғни, қоршаған ортаға әсер етпей, көбіне оны бұзбай, бірде–бір іс-әрекет жасуға болмайды. Қазіргі кезде адамзат алдындағы ең басты қауіп – экологиялық дағдарыс. Басқа да әлемдік дағдарыстар (энергетикалық, шикізат, демографиялық) айналып келгенде табиғатты қорғау мәселесіне келіп тіреледі.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Экология ғылымы және қалыптасу кезеңдері.
2.Экология ғылымының мінеттері мен құрылымы.
3.Экологиялық факторлар.
4.Жер шарындағы проблемалардың түрлері.
4.1. Демография.
4.2. Азық-түлік мәселелері.
4.3. Әлемдік мұхит проблемалары.
4.4. Биоалуантүрліліктің азаю проблемасы.
5. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОБЖ реферат.docx

— 38.87 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

 

«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектілері».

 

Реферат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

                                                                         Орындаған: «Есеп және аудит»

                                                                       факультетінің 1 курс студенті

                                                                                                   Сапар Дана.

                                                           

                                                                              Қабылдаған:  Әмірқожаева Д.А.

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Жоспар

 

Кіріспе.

 

Негізгі бөлім.

 

1.Экология ғылымы және қалыптасу кезеңдері.

 

2.Экология ғылымының мінеттері мен құрылымы.

 

3.Экологиялық факторлар.

 

4.Жер шарындағы проблемалардың түрлері.

4.1. Демография.

4.2. Азық-түлік мәселелері.

4.3. Әлемдік мұхит проблемалары.

4.4. Биоалуантүрліліктің  азаю проблемасы.

 

5. Қоршаған орта жағдайын  бақылау және мониторинг.

 

Қорытынды.

 

Қолданылған әдебиет тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     «Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты»-дейді экологияның бірінші заңы(Б.Коммонер). Яғни, қоршаған ортаға әсер етпей, көбіне оны бұзбай, бірде–бір іс-әрекет жасуға болмайды. Қазіргі кезде адамзат алдындағы ең басты қауіп – экологиялық дағдарыс. Басқа да әлемдік дағдарыстар (энергетикалық, шикізат, демографиялық) айналып келгенде табиғатты қорғау мәселесіне келіп тіреледі.

     Экология өзекті  мәселелерді – адамзат пен  қоршаған оратның қарым-қатынасын  зерттеп, шешетін аса маңызды  пән аралық ғылымға айналды.  Бұл ең алдымен антропогендік  факторлардың Жер биосферасына  зиянды экологиялық әсеріне байланысты.

      Саналы адам (Homo sapiens) пайда болып, оның табиғатқа әсері болғанға дейін тіршілік әлемінде үйлесімділік, экологиялық тепе-теңдік болды. Адамның пайда болуымен табиғаттағы үйлесімділік, тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамның қоршаған ортаға әсері, ең алдымен, қоғамның техникалық даму мүмкіндігіне байланысты. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде мұндай әсер төмен болатын. Алайда қоғамның дамуымен, өндірістік күштердің артуымен бұл жағдай күрт өзгеруде.Сондықтан қазіргі таңдағы адамзаттың болашағы үшін қауіпті болып отырған экологиялық мәелелерді, антропогендік қысымды біліп қана қоймай, оларды болдырмау үшін қолымыздан келер бар үлесімізді қосу баршамыздың міндетіміз. Ғаламдық экологиялық дағдарысты жеңу үшін планетаның әрбір тұрғыны табиғат алдында жауапты екенін сезіну қажет. Экологиялық мәселелерді шешу тек экологиялық сауаттылық, адамдардың табиғатты басқа да бір тіршілік иесі сияқты қабылдап, мейлінше оған да, өзіне де шығын келтірмей қараудан басталады. Қоғамда экологиялық білім және тәрбие беруді мемелекеттік деңгейде, балалық шақтан бастау керек. Адамзат қандай жағдайда, қандай күй кешсе де, оның табиғатпен үйлесімділігі сақталып қалуы қажет.

       Қоршаған  ортаның ластануы адамзат өміріне,  өсімдіктер мен жануарлар әлеміне,  бүкіл табиғат ресурстарының  жай-күйіне елеулі нұсқан келтіріп  отырғаны белгілі. Осындай себептерге  орай экологиялық білім алу  күн өткен сайын өзекті және  маңызды мәселе болып отыр.

        Қазіргі  таңдағы жаратылыстанудың негізгі  мақсаты – жаңа жағдайда биосфераның  және планетада адамзаттың шексіз  ұзақ тіршілік етуін қамтамасыз  ететін шаралар жүйесін жасау  болып табылады. Биологиялық обьект  ретінде біз ортаның физикалық  факторына тәуелдіміз және қоректену,  тыныс алу, зат алмасу арқылы  қорашаған ортамен тығыз байланыстамыз.  Биологиялық эволюция нәтижесінде  адам организмі бейімденушілік  мүмкіндіктерге ие болды. Физикалық  ортаның ауа құрамы, тамақ пен  ауыз су сапасы, климат, күн сәулесінің  радиациясы және басқа да факторлардың  өзгеруі адамның денсаулығы мен  істеу қабілетіне әсер етеді.  Бұл факторлар өзгеріп, қалыпты  жағдайдан ауытқыған кезде, тіршілікті  жасанды «ыңғайлы» жағдайда ұстап  тұру үшін көп күш жұмсауды  қажет етеді. 

        Алайда  адамның басқа түрлерден айырмашылығы - өзінің мәдениеті арқылы табиғатпен  жаңаша қарым-қатынас жасай білуі.  Адамзат күшті әлеуметтік жүйе  ретінде еңбек және рухани  тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа  жеткізіп, Жер бетінде өзінің  қарқынды дамып келе жатқан  мәдени ортасын жасайды. Бұл  қарама-қайшы процесс. Қазіргі  таңдағы қоғамның табиғатпен  өзара қатынасының ауқымы неізінен  адамның экономикалық қажеттіліктерімен  анықталады. Олар техникалық және  әлеуметтік дамумен байланысты. Адамның техникалық мүмкіндіктері  биосфералық процестермен шамалас  деңгейге жетті. Мысалы, құрылыс  және тау-кен өндіру техникасының  жыл сайынғы Жер бетіндегі  орын алмастыратын материалдардың  көлемі, су эрозиясы нәтижесінде  әлемнің бүкіл өзендерінен теңіздерге  келіп түсетін мөлшерден жоғары  болуы. Осыдан қанша рет қайталап  жазып кеткеніміздей адамның  іс-әрекеті нәтижесінде планетамыздың  экологиялық жағдайы нашарлауда  және оның жағдайын жақсарту  біздің қолымызда.

 

 

 

       Табиғат  туралы көпжақты білімдер жүйесінде  экологияның алар өз орны бар.  Өйткені экология ғылымы биологиялық  обьектілердің бір-бірімен және  орта жағдайларымен байланысын  қарастырады.

       Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

        Экология  жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың  екінші жартысынан бастап қалыптаса  бастағанымен, қорашаған ортаны  танып-білуге деген құштарлық  сонау адамзат дамуы кезеңінде  басталды деуге болады. Алғашқы  қауымдастық қоғамның өзінде-ақ  адамдар өздерімен қатар өмір  сүріп келе жатқан кейбір аңдардың  қарсылығына тап келген. Оларды  адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдысып аулағанда ғана жеңе  алатындағына көздері жетті. Олардың  бұл әрекеттерін біз бүгінде  тас бетіне түсірген суреттеріне  және археологиялық қазба жұмыстарын  жүргізу барысында тастан, ағаштан,  т.б. жасаған қаруларын табу  арқылы көзімізді жеткіземіз.

        Қоршаған  орта туралы мәліметтер ежелден  келе жатқан халықтардың эпиклық  шығармаларында кездеседі. Мысалы, үнілердің «Махабхарата» жырында  (б.э.д. VI-IV ғасырлар) табиғаттың дүлей  күштері – су тасқыны мен  жер сілікінісі туралы деректер  келтіріліп, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, оларың тіршілік етуі сипатталды. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдстері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. VI-ІІ ғғ. жылнамаларында бірқатар өсімдіктер туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.

         Дәл  осындай мәләметтер ежелгі дүние  ғалымдары Гераклиттің, Гиппократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріліп, талданады. 

         Орта  ғасырлар дәуірлерінде табиғатты  зерттеу жөнінде жұмыстар жүргізу  біршама тоқтап қалды. Бұл кезде  құдайға құлшылық етуге баса  назар аударылғандықтан, жаратушыға  қарсы шығуға, ол туралы өздерінң  ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің  батылы жете бермеді.Жалпы қоршаған  орта мен тіршілік иелерінің  байланыс бар екендігін ешкім  ашып айта алмады. Барлық нәрсе  «тек құдайдың жаратушылық құдіретінен  жасалған» деген ұғым көптеген  көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың  өзінің қол-аяғын байлап тастаған  болатын. Сол кезде саусақпен  санарлықтай ғана ғылымдық мәні  бар еңбектер жазылды. Олардың  басым көпшілігі Разестің, әбу  Әли Ибн Синаның дәрілік шөптердің  қасиеттері туралы айтылған  еңбектеріне  , Афанасий Никитиннің, Марко Полоның   алыс елдердің табиғаты , мәдени  өсімдіктері, жан-жануарлары туралы  жазбаларында көрсетілген материалдарына  сүйеніп жазылған.

         Қайта  өрлеу дәуіріндегі географиялық  жаңалықтардың ашылуы және бұрын  белгісіз болып келген жаңа  жерлерге қоныстану, биологиялық  ғылымның күрт дамуына кең  жол ашты. Нақты материалдарды  жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап  көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану  ғылымдарының басты шартына айналды.  Ал енді экологияның қалыптасу  кезеңдеріне келетін болсақ, оның калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты болған.Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі:

1)Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

         Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі.

Осындай ғылыми еңбектердің  арқасында алғаш рет тірі организмдер  мен орта жағдайларының өзара  қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

             Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың  өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд  ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы  арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген  еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік  түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

            Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние  жүзінің көптеген аймақтарына жасаған  саяхаттарында жинаган материалдарының  негізінде "Өсімдіктер географиясы  туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы  барлық организмдердің біртұтастығын  және олардың орта жағдайлармен тығыз  байланыстылығын ғылыми тұрғыда  нақты атап көрсетті.

         XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

2) Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

       К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

       Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

         Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

         Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

XX ғасырдың 30—40-жылдарында  табиғат жүйелерінде болатын  өзара байланыстарды зерттеу  жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын  ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы  В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз"  туралы ұғымдарға ғылыми нақты  түсініктемелер берді.

Информация о работе Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектілері