Экологиялық аудитті ұйымдастырудың мысалы Организация экологического аудита на примере ЗАО «СЗЛК»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2014 в 07:44, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды. Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз.

Содержание

Кіріспе 3
Тарау 1. Экологиялық аудитті ұйымдастырудың теориялық аспектілері 7
1.1. Экологиялық аудиттің мәні мен мағынасы 7
1.2. Экологиялық аудит принциптері 13
1.3. Ресейдегі және шет елдегі экологиялық аудитті жүргізудің тәжірибесі 19
Тарау 2. Экологиялық аудитті ұйымдастырудың мысалы Организация экологического аудита на примере ЗАО «СЗЛК» 26
2.1. Общая характеристика природоохранной деятельности ЗАО «СЗЛК» 26
2.2. Экологическая политика и проведение проверок предприятий СЗЛК государственными контролирующими органами 34еори
2.3. Организация и направления совершенствования экологического аудита 46
Заключение 62
Список литературы: 64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломдык жумыс экологиялык аудит.docx

— 63.23 Кб (Скачать документ)

 

      83-8-бап. Экологиялық аудит жүргiзу құқығын шектеу

 

      1. Экологиялық аудиторлық  ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары, кредиторлары болып табылатын  не осы экологиялық аудиторлық  ұйым құрылтайшысы, қатысушысы, кредиторы  болып табылатын тапсырыс берушiлерге  экологиялық аудиторлық ұйымның  экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.  
      2. Егер экологиялық аудиторлар:  
      аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ құрылтайшысының немесе аудиттелетiн субъект жарғылық капиталының он проценттен астамын иеленетін қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болған;  
      аудиттелетiн субъектінің қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды тұлғалары болған немесе онда жеке мүліктік мүдделерi бар болған жағдайларда, олардың экологиялық аудит жүргізуiне тыйым салынады.  
      3. Экологиялық аудиторлардың - жеке кәсiпкерлердiң, мынадай жағдайларда, егер:  
      аудиттелетiн субъект балансы активтерiнің сомасы жылына орташа есеппен алғанда тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлға болса;  
      аудиттелетiн субъектінің қызметi мiндетті экологиялық аудит жүргiзiлуге жататын болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.

 

      83-9-бап. Аудиттелетiн субъектінің құқықтары

 

      Аудиттелетiн субъект:  
      1) конкурс не өзге де iшкi рәсiм негiзiнде экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы дербес шешiм қабылдауға;  
      2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңдарының экологиялық аудит жүргiзуге қатысты талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;  
      3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi және қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;  
      4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан ұсынымдар, экологиялық есептiлiкте және өзге де құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкессiздiк туралы ақпарат алуға;  
      5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда олар көрсететiн қызметтен бас тартуға құқылы.

 

      83-10-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

 

      Аудиттелетiн субъект:  
      1) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуді ұйымдастыруға;  
      2) экологиялық аудиттi уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;  
      3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажетті толық және дұрыс құжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге;  
      4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептіліктi және экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;  
      5) егер экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;  
      6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшіншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жiберуге;  
      7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның көрсететiн қызметтерiне ақы төлеудi қамтамасыз етуге;  
      8) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың мiндеттемелерiнен туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.".

 

      2. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан  Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142 құжат):

 

      2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:  
      "5. Қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіптi объектiлер бар заңды тұлғалар банкрот болған кезде олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес айқындалады.".

 

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

      Қазақстан  Республикасының  
      Президентi

 

       

Экологиялық аудит

Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады.  
Экологиялық аудитты (міндетті және бастамашылық аудитты) ҚҚАЭ тапсырыскермен және аудит жүргізілетін субъектімен алдын ала өзара келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізеді.

Экологиялық аудитты ҚҚАЭ аудит жүргізілетін субъектінің қоршаған ортаға ықпал бойынша есептілігін талдау жолымен жүргізеді. 
Экологиялық аудитті жүргізген кезде, қажет болған жағдайда, ҚҚАЭ төмендегідей мақсаттарда арнайы зерттеулер мен өлшеулерді орындауы мүмкін:

  • қоршаған ортаға келтірілетін ықпал туралы есептіліктің дәйектілігін талдау;

  • өндірістік-технологиялық үдерістің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

  • өндірістік экологиялық бақылау (соның ішінде өндірістік мониторинг) жүйесінің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

  • аудит жүргізілетін субъектінің қызметкерлерінің біліктілік деңгейін бағалау.

аудит жүргізген кезде ҚҚАЭ ұстанатын негізгі қағидалар:

  • нысанның (кәсіпорынның) қызметінің экологиялық проблемаларын қарастырудың, кәсіпорынның табиғат қорғау заңнамасының талаптарын орындауының жан-жақтылығы;

  • зкологиялық тәуекелдіктерді айқындау;

  • экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Келісімшартпен көзделген мерзімдерде экологиялық аудиторлық есепхатты құрастыру;

  • аудитті орындаушының жұмыстың орындалу сапасы үшін жауапкершілігі.

Экологиялық аудит бойынша жұмыс тәжірибесі

(Алматыдағы ҚҚЭА  бас кеңсесі)

Жобаның орыс тіліндегі атауы

Жобаның ағылшын тіліндегі атауы

Тапсырыскер

 

2011-2012 жылдар

 

"Үлбі металлургия зауыты" АҚ-ның учаскесінде AREVA және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның жанармай өндіру бойынша бірлескен кәсіпорны (БӨК) үшін қоршаған орта, еңбек және денсаулық қауіпсіздігі аудиті (20011 -2012).

 

Үлбі металлургия зауыты

 

2009 жыл

 

Болғанмола кен орнындағы табиғи ортаның қазіргі күйін бағалау және ұңғымалардың техникалық аудиті (2009)

 

«Интеграция - Oil (Ойл)» ЖШС

 

2006 жыл және  оған дейін 

 

Каменистое кен орнының экологиялық аудиті бойынша жұмыстар, ұңғымаларды барлау, сақтаудан шығару және құрылысын салу, кен орнын жайғастыру мен сынамалық іске пайдалану бойынша ҚОЫБ жобаларын жасау және өзара келісу (2006)

 

«Каменистое» ЖШС

"Солтүстік Бозашы" кен орнының экологиялық аудитін жүргізу (2003)

Ecological Audit of the North Buzachi Field

Тексако Норс Бозашы

"ММГ" ААҚ кәсіпорнының экологиялық аудиті (2003)

Ecological Audit of MangystauMunaiGas OJSC

МаңғыстауМұнайГаз

"Қаражанбас" мұнай  кен орнының экологиялық аудиті (2003)

Ecological Audit of Karazhanbas Oil Field

ҚаражанбасМұнай

"Шығыс Мортық" кен  орны ауданындағы табиғи ортаның  қазіргі күйін бастапқы бағалау  және ұңғымалардың техникалық  аудиті (2002)

Basic Assessment of Current Environmental Status in the Eastern Mortouk Field Location Area and Technical Audit of Wells

Вектор Энерджи Ресурсес

«Феррохром» ААҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты нысандарының экологиялық аудиті (2001)

Ecological Audit of "Ferrochrome” Aktyubinsk Ferroalloy Plant Facilities

Феррохром

Қызылорда облысындағы "Құланды" учаскесінің геологиялық жер иелігінің шектерінде табиғи ортаның геоэкологиялық түсірілімі (қазіргі күйін бағалау), соның ішінде техногендік ластанудың аудиті (2001)

Geo-ecological Environmental Survey (Current Environmental Status) including Man-Caused Contamination Audit within the Area of “Kulandy” Geological Allotment in Kzylorda Oblast

Құланды Энерджи Корпорэйшн

Қазақстан Республикасында бұрыннан бар кәсіпорындар үшін экологиялық аудит жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық. Жоба (2001)

Guidelines on ecological audit for enterprises operating in the Republic of Kazakhstan. Draft.

ҚР ҚОҚ министрлігі

Батыс филиалының (Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары), сондай-ақ Ақтөбе филиалының қарауындағы "ҚазТрансОйл" ЖАҚ нысандарының экологиялық аудиті (2000)

Ecological Audit of KazTransOil CJSC Facilities under the Management of Western (Atyrau, Western Kazakhstan and Mangystau Oblasts) and Aktyubinsk Branches

«ҚазТрансОйл» ЖАҚ

"Қаражанбас" мұнай  кен орнының экологиялық аудиті (1997)

Ecological Audit of Karazhanbas Oil Field

ҚаражанбасМұнай


 

© 2000-2014 Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық аудитті ұйымдастырудың мысалы Организация экологического аудита на примере ЗАО «СЗЛК»