Эклоогиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:00, лекция

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ-п.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

Компьютерлік тестерді жасауда мына қадамдар тізбегі бойынша жүргізуге болады:

  1. Білімнің экспертті мақсаты моделін формализациялау.
  2. Тестік кеңістікті төменнен жобалау.
  3. Тестік тапсырмаларды құру және толықтыру.
  4. Толық компьютерлік тесті құру.
  5. Тестік эксперимент жүргізу.
  6. Тиімді тесті таңдау.
  7. Тестке талдау жүргізу қажетті өзгерістер, толықтырулар енгізу.

Компьютерлік тестік тапсырмалар типі тестіленушінің жауап  қимылының бір мәнді анықтау  тәсілі бойынша анықталады.

  1. Білім типі – “білім” блогы бойынша тестік тапсырмалар типтер бойынша анықталады.
  1. альтернативтік сұрақтар (иә/жоқ) жауабы талап етіледі.
  1. таңдауға болатын сұрақтар (жауап дайын варианттар жинағынан таңдалады).
  2. фактілерді білуге ақпараттық (информативтік сұрақтар: қайда? қашан? неше?).
  3. жауабын негізгі сөздер бойынша жинағы бойынша бақылауға болатын сұрақтар.
  4. кейбір әдістер бойынша жауабын бір мәнді етіп анықтауға болатын сұрақтар.

2. “Икемділік” блогы  бойынша тестік тапсырмалар типтері  (жұмысты, қимылды – клавиатура  манипуляциясы сияқты нәтиже  бойынша анықтау).

  1. стандарттық алгоритмге тапсырмалар (иә/жоқ) альтернативті вариантты жинағынан талдау.
  2. нақты қимылдарды орындау

3. “Біліктілік” блогы  бойынша – тестік тапсырмалар  типі. Тура икемділік блогындағыдай  бірақ та стандартты емес алгоритмдер  және шешу (жауап беру уақыты таңылатын пән облысы есептердің пайдалануынан).

  1. Стандартты емес алгоритмге тапсырмалар (иә/жоқ).
  2. Нақты қимылдарды орындау.

Компьютерлік  тестердің негізгі түсініктері, ұғымдары.

Тестілеу - өзіндік және педагогикалық білім модельдердің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты осы білім модельдерін бір-бірімен сәйкес келмеудің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестілеу көмегімен жүргізіледі.

Тестілік  тапсырма – нақты пән облыстан анық және түсінікті етіп берілетін бір мәнді жауапты және нақты (түсінікті етіп) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырма.

Тест - нақты пән облысынан оқушы экспериментті білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы.Эквиваленттілік класы – оқушының тест тапсырмасының ішінен біреуін орындаса алғашқыларын орындауға мүмкіндік беретін тестік тапсырмалар жинағы.

Тестік  кеңістік – білім модулінің барлық модельдері бойынша әр түрлі тестік тапсырмалар жиыны.

Толық тест - өзідік және экспертті білім модельдері арасындағы сәйкестікті объективті бағалауға мүмкіндік беретін тестік кеңістіктің ішкі жиыны.

Тиімді  тест – көлемі және уақыты бойынша оптимальды тест.

Тестер типін (білімділік, икемділік, біліктілік) таңдау былайша  анықталады:

Тесті құру кезеңі.

1. тестілеудің мақсатын  анықтау;

2. тексерілетін білім  көлемін айқындау;

3. тестінің түрін жөне  формасын таңдап алу;

4. тестінің мазмұнын  құрастыру;

5. тестінің орындау  уақытын белгілеп алу (1 сұраққа  1 минут, не миллер бойынша 100 сұраққа 50 минут, жалпы тестілеу уақыты бірнеше минуттан 3 сағатқа дейін жургізіледі);

6. тестінің мағынасын  түзету, енгізу;

7. тестілеудің сандық  және көрсеткішінің интерпретациясы.

Тестіні құрастырудың нақты  өдістемесі жақ, бірақ та апробация  жасау негізінде Р.Торндайк, И.Е.Хагеннің (1958 ж”) нұсқауы бар, оны Р.М.Салина енгізген (3) олар төмендегідей:

1. тапсырма жеңіл оқылуы  керек;

2. егер де үлгерім  тесті болса, онда оқулықтарға  тұжырымдама берілмеу керек;

3. бір тапсырмадағы  білім екінші тапсырмадары білімге тәуелді болмауы тиіс;

4. бір тапсырмадағы  жауап келесі тапсырманың да  жауабы болмауы керек;

5. тестідегі таңдап  алынған жауаптың дұрыс нұсқасы  әр түрлі ретпен орналасуы  қажет;

6. тұжырымдалған тапсырма  бірнеше ойды білдірмеу керек;

7. тестінің басқа баламалық үлгісі болмауы орынды;

8. тапсырма "түгел", "ылғи “ешқашан” деген ығыр  сөздерден басталмауы керек, бастапқы  сөздер "көдімгі", “кейде” “ереже”  бойынша" деген сөздерден басталғаны  дұрыс;

9. тапсырманы дұрыс  түсіну үшін оның мәнін ашатын  негізгі сөздер қолданылғаны жөн.

Егер тапсырманы барлық оқушылар шешсе, онда тестінің жеңіл  болғаны, ал бөрі шеше алмаса, тестінің ауыр болғаны (ондай талсырмалар  алынып тасталуы керек). М.С.Бернштейн  тапсырманьщ 80-85 % дұрыс орындаған  жағдайда ғана оны дұрыс құрастырылған тест деп санаған (2).

Тестілеудің мақсаты.

  1. белгілі уақыт өткен соң ұмытылмай есте қалуы;
  2. оқушыларды білім, білік дағдыларымен қаруландырумен бірге ой-өрісін өсіруге, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жүмыс істеуге бейімдеу;
  3. жеке тұлғаның стандарт бойынша алған білімін игеруді тұтас үрдіс ретінде төрт деңгейін (білу, түсіну, қолдану, біліктену) қамту;
  4. оқушылардың пөн бойынша білімді игеру деңгейі мемлекеттік білім стандартын нақтылауға мүмкіндік береді;
  5. тексеру тапсырмаларының жүйесі базалық білім мазмұнын ескере отырып бір сыныптағы өр түрлі топтың жетістігін салыстыру;
  6. сабақ беру өдісін, бағдарламаның сапасын және оқыту мақсатын зерттейді;
  7. оқытудағы кемшілік және оларды жою диагностикасы;
  8. білімнің оқушылардың базалық деңгейін анықтау;
  9. олардың психологиялық хал-ахуалын анықтау;

10. оқыту нәтижесін  белгілі бір қалыпқа салып,  нормаға айналдырып, оқушы мен  мұғалімге білім беру технологиясын  таңдауға мүмкіндік туғызады.

Тестілеудің нөтижесі.

Тестілеу нөтижесі арқылы оқыту үрдісінің сапасын анықтау:

  1. оқушылар білімінің сандық көрсеткіші і және сапалық деңгейі;
  2. пөнге жалпы бағыт-бағдар;
  3. өрбір тақырыпты меңгеру;
  4. ақу жылында оқушының өрбір жұмысын түзету және емтихан нөтижесі;

5. оқушылардың оқыту  сапасы мен білімнің тура және  кері байланысын орнату;

6. курс, тарау, жеке  тақырыптар бойынша білімнің  орташа қатесін анықтау;

7. құрастырылған тест  пен тапсырманың сапасы (дұрыстыгы,  сенімділігі).

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №11

Информатика курсында оқытушы-бақылаушы программаларын құру

 

Кейінгі кезде мектептерде және жоғарғы оқу орындарында емтихандарды тестәдісімен жүргізу кең қолданылып келеді.  Әр мұғалім соған сәйкес өз жұмыстарын шығармашылықпен қарап толықтыра түседі. Дегенмен, мектептерде ақпараттық технологияны осы үрдіске қосу информатика пәнінен басқа жүргізілмей келеді. Біздің мақсатымыз осы оқулықтың орнын толтыру үшін әмбебап бақылау программа жасау болды.

Программа Quicbasic 4.5 программалау тілінде жасалады. Программаны пайдаланғанда  оның көп артықшылығы бар екендігіне көзіміз жетеді. Біріншіден, оқушылардың білімін программаға енгізілген барлық  сыныптар, пәндер, тақырыптар бойынша тест әдісімен бағалау жетілдіріле түсті. Екіншіден, жауаптардың қайсысы қате, қайсысы дұрыс, екендігін көрумен қатар, қажетті жағдайда бағдарламаға шамалы жолдар қосып қатенің неліктен болғандығы,  оқу құралының қай жерінен оқуға болатындығын көрсетіп сілтеме жасауға болады. Бұл оны оқуға бағдарлама есебінде пайдалануға болатындығын көрсетеді. Үшіншіден, программаға енгізілген түсініктемелер қорытынды баға және оған жасалынған пікір (әсерлі сөздер) оқушылардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыра түсті.

Енді программаның жұмыс  істеу принціпіне тоқталайық. Программаны  орындауға жібергенде экран бетінде  ақпаратты көреміз. Қажетті сыныпты  бағыттаушы пернелермен таңдап алып. «Енгізу» пернесін басу арқылы  ақпаратты аламыз. Мұнда мектепте оқылатын пәндердің тізімі орналасқан. Үлгі есебінде бірнеше пәндерді ғана көрсетіп отырмыз. Бағыттаушы пернелермен керекті пәнді таңдап алып «Енгізу» пернесі арқылы келесі ақпаратты аламыз.

Қазіргі кездегі компьютерлік тестерді дайындауға және оларды оқу  процесінде пайдалануға үлкен көңіл  бөліп отыр. Қазіргі кездегі оқу  процесіне өткізіліп отырған  модульді режимдегі жүйенің де негізгі  элементтердің бірі компьютерлік тестерді пайдалану болып саналады.  Оқу процесі күрделі жүйе ретінде өз құрамында мына бөліктерді қалайды:

1.Білім стандарты

2.Оқу жоспары

3.Пән структурасы және  мазмұны

4.Оқыту ортасы және  білім беру процесін бақылау

Осы бөліктердің 1-ші үшеуі  білімнің педагогикалық  моделін құрайды.

Оқытуды бақылау БПМ-мен  оқушы білімнің өзіндік моделі арасындағы сәйкестікті бақылау бағалау  арқылы жүргізіледі. Бағалау білімнің өзіндік моделінің білім, біліктілік және икемділік деңгейдің аралық және қортынды өлшемдері көмегімен жүргізілетін болады. Яғни оны өзара бір-бірнеше байланысқан жеке білім модельдері тізбегі, жинағы ретінде қарастырады. Әр модуль басқа модульдердей информация   алады және өзіне тән түсініктердің қасиеттерін тудырады. Модуль мәліметтер базасы, білім базасы, ақпараттық модуль түрінде болуы да  мүмкін. Модуль түсініктері өз қасиеттері мен өзара қатарлары бойынша симантикалық графика түрінде болады. 

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №12

Информатика пәні бойынша оқытудың тиімділігін арттырудың қосымша факторлары. (Информатика  пәнін оқытудың тиімді әдістерін және тәсілдерін іздестіру.)

 

        Информатика пәнін соңғы жылдары  оқытудың тәжірибесі, оны оқытудың  тиімділігін арттырудың қосымша  жолдарын қарастырудың мүмкіндігі  бар екенін көрсетті. Мұндай қосымша  факторларды қарастыру оқытудың сапасын арттыруға және интенсификацияландыруға көмектеседі. Осындай жолдар ретінде мына жұмыстарды атауға болады. Информатика кабинетін безендіру және көрнекіліктермен жабдықтау.

Есептегіш техника кабинеті (ЕТК) дегеніміз – оқу есептегіш  техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған «Информатика және есептегіш техниканың курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізуге арналған жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие жүргізетін орын. ЕТК- оқу тәрбие процесін тиімді басқаруға арналған әртүрлі оқу пәндерін оқыту үшін де пайдаланылады.»

       ЕТК-  де жүргізілетін сабақ төмендегідей  қызметтер көрсетеді. 

       1) Оқушылардың  компьютерлік сауаттылығынан бастап  информациялық мәдениетін қалыптастыру – қазіргі есептегіш техниканың құрылымы, басқарылуы жайлы білім мен ЭЕМ-де есеп шығару дағдысы мен іскерлігі;

       2) Оқушыларды  есептегіш техниканың өндірісте,  жобалау конструкторлық ұйымдарда,  ғылыми мекемелрде, оқу процесі  мен басқару органдарында қолданылумен таныстыру;

       3) Информатика  негіздерін оқу процесінде оқушыларды  теориялық ойлауын дамыту;

       4).  Оқыту әдістерін жетілдіру мен  мектептегі оқу тәрбие процесін  ұйымдастыру. 

    Жабдықталған  есептегіш техника кабинетінің жұмысын қабылдау үшін (пайдалануға жіберу үшін) мектеп директоры қабылдау комиссиясын ұйымдастырады. Оған мектептегі кәсіподақты ұйымдастыру өкілдері, негізгі кәсіпорын жәе халыққа білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады. ЕТК- пайдаланылуға жарамдылығы бар акт болмаса рұқсат етілмейді.ЕТК- бір немесе бірнеше мектепке қызмет етуі мүмкін. Кабинеттегі оқушылардың жұмыс орны 9-12-ге дейін болады., кейде оқушыға арналған компьютерлердің саныа қарай болады. Компьютермен практикалық сабақтар өткізу үшін класс екі ішкі топқа бөлінеді.

       Жоғарыда  аталған жабдықтармен қатар, есептегіш  техника кабинетінде:

- оқытуда дербес әдісті  жүзеге асыруға арналған компьютердегі  жаттығулар мен оқушылардың өз  бетіндік жұмысын ұйымдастыруға  арналған тапсырмалар ;

- ғылыми – танымал анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер тобымен;

- оқушылардың ЭЕМ-  де өздері құрған таңдамлы  программалары;

- ОЕТ комплексіндегі  әрбір жұмыс орнын пайдалану  журналымен;

-Оқушлардың жұмысын  көрсетуге арналған қабырға газеттері  мен кестелерді қыстырғыштар.

- Мектеп директоры  бекіткен, ЕТК-нің жабдықталуы жөніндегі  инвентарлық кітап;

- Алғашқы дәрігерлік  көмек көрсетуге аралған дәрі  – дәрмектер.  

 

 

ЛЕКЦИЯ №13

Информатика оқытушысына  қойылатын талаптар: әдістемелік, арнайы білім және нормативті ұйымдастыру

 

Оку үрдісінде  оқушыларды окыту нәтижелерінің  тиімділігі көбінесе мұғалімдердің кәсіптік дайындығына, педагогикалык шеберлігіне байланысты.

Жалпы орта мектептерге  «Информатика және есептегіш техника  негіздері» пәні енгізілгеннен бастап педагогтік институттар «Математика және информатика еееп-теуіш техника негіздері», «Физика және информатика есептеуіш техішка негіздері» деген мамамандықтар бсщынша информатика пөнінің мұғалімдерін дайындады. Педагогтік жоғары оку орындарында информатика мұғалімдерін дайындау мыналарға бағытталды: 1. Болашақ мүгалімдердің орта мектепте окытылатын «Информатика есептеуіш техника негіздері» пәнінін мазмұнын білу. 2. Олардын мектептегі есептеуіш техника кабинетінін жабдыкталуымен таныс болуы. 3. Мұғалімдердің алгоритмдеу, багдарламау тілдері жөне бағдарламалық құралдарды пайдалана алу аймағында жетілдірілуі.

Информация о работе Эклоогиялық мәселелер