Эклоогиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:00, лекция

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ-п.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

    Білім тексеруде  диагностикалық және бақылаушылық  тығыз байланыста.

Білім тексеруге қойылатын  талаптар:

1. Әділдігі. Тексерудің  әділдігі деп оның нәтижесінің  шындыққа сәйкес келуі.

2. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Алғаш білімді объективті бағалау-оқытушылық педагогикалық қабілеттілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

3. Білім тексерудің  тәсілдері: Аызша тексеру-оқушылардың  біліміндегі олқылықтарды оларға  кездесетін қиындықтарды толық анықтауға және жою жолдарын көрсетуге мүмкіндік туады. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.

       Оқушылардың  білімін компьютерде тексеру.

Бақылау түрлері: ағымды, периодикалық, қортынды.

Периодикалық бақылау - программаның үлкен тарауларын оқып үйренген кезде. Периодикалық бақылау болып бақылаужұмысы.

   Модель - нақтылы  объектіні қандай да бір түрде  бейнелейтін жасанды құрылған  объект.

   Математикалық  объект - деп берілген процестерді  зерттеу үшін физикалық мәні  әртүрлі болса да, ұқсас математикалы  өрнектермен бейнеленетін құбылыстарды қарастыру тәсілі аталады.

   Сөздік алгоритмді  және кестелік алгоритм құру.

 

Мысалы: S=   формула. D- диаметр, H- биіктік бойынша цилиндрлік дененің бетінің ауданын есептеу.

 D     H    ПD    ПD2     ПD2/2    ПDH    S

 

Сөздік алгоритм. Мыс: Y=формула

1. оқы X

2. егер X<1, 5-ке бар

3. Y:=1-X

4. 6-ға бару

5. Y:=формула

6. Y-ты шығару

7. соңы

1-есеп  СССҮ табу.

1. a,b-ны оқы

2. егер a ³b, 5-ке бар

3. M:=b

4. 6-ға бар

5. M:=a

6. M-ды шығару

7. соңы.

Білімді қадағалап бақылаудың үш тәсілдері бар:

Ауызша сұрау, жазбаша  бақылау сұрақтары, текстік жұмыстар.

1. Ауызша сұрау әр  сабақта жүргізіледі, әуелі өткен  материалды текесеру және қайталау, соңында білімді бекіту. Ауызша  сұраған кезде құралдар ,үлгілер,  кестелер қолданылады. Оқушы әрбір сабақта өткен материал бойынша өз білімі мен біліктілігін шындай отырады.

2. Бақылау жұмыстарында  әдетте 3 мәселе енеді:

     а. Теорияны  білуі.

     б. Білімді керек  жағдайда қолдана білуі.

     в.  шешімге шығармашылықпен  қадам жасауы.

3. Текстік жұмыстар. Текстік бақылау  әдісі оқушылардың білім деңгейін  тексерудің өте тиімді.

Дифференциалдап оқытуда білімді  бақылау.

Дифференцация дегеніміз - оқушыларды қандай да ерекшеліктерінің негізінде топтастырып оқыту.

 Дифференциалдап оқытудың  негізгі бағыттары:

1. оқушыларды қабілеті бойынша  топтау;

2. кәсіби бағадар бойынша топтау;

3. сынып ішінде дифференциалдау.

     Қазіргі кезде жоғарғы  білім беретін мектептерде дифференциалдап  оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады.  Соның ішінде дифференциалдың маңызды түрі - деңгейлік дифференцация. Оның негізгі ерекшелігі оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциалдануы бөлінеді.

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №7

Ақпаратттандырудағы информатика пәні мұғалімнің ролі

 

Қазіргі уақытта Қазақстан  дамудың индустриялық кезеңінен  ақпараттық кезеңіне  біртіндеп  аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы  үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда  өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда жаңа ақпараттық технолгиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын  дайындаудың  ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге  жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары  болып шыға алады.           Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп -  көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе, дербес компьютерлер көмегі арқылы, информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады. Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде  информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға , біріктіріп сақтауға , керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен  информациялық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ  желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларынсыз көзге елестету мүмкін емес.

 

 

ЛЕКЦИЯ №8

Информатика курсындағы модульдік оқытуды пайдалану  және оны іске асыру

 

Сабақтың тиімділігін  арттырудың көптеген әдіс тәсілдері  бар. Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ. Модульдік сабақ  бірнеше артықшылықтармен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Бұлай болатын себебі, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түрлі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетліген. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, қателігін матындауға және жолдасының пікірінің дұрыстығын және қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырып коллективтік шешім қабылдауға үйренеді. Оқушыда өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады. ‡шіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып, үлкен көмбедегі жазба жұмыстарын өз юетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға болады.Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді. Сабақты бастамас бұрын, өте жақсы оқитын эксперт-кеңесші тағайындалады. Ол оқушылардың қойған сұрауларына жауап беріп, қажет жерінде көмек көрсетеді.

Жұмыс істеу топтарын құрған кезде оқушылардың өз қалауларын ескере отырып, тапсырманы орындауға  шамасы келетіндей жағдайды қарастыру  керек.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақ жоспарындағы ескертулерді, нұсқауларды және сабақтың мақсатын толық түсіне білуді, жеке өзінің және тобының еңбегін әділ бағалай білуді үйрету керек. Мысалы, комплексті дидастикалық мақсат (К¤М) -өтілетін сабақтың түрлі мақсаты; сабақ элементі (СЭ)-сабақтың кезекті бөлігі т.с.с.

Информатика пәнінен  модульдік сабақ өткізу барысында  оқушыларға берілетін тапсырмаларды, анықтамалық материалдарды және қажетті кеңес беруді компьютер  арқылы орындаған өте тиімді. Әрине, ол үшін оқушылар компьютерді пайдалана білуі тиіс. Яғни, міндетті жүктеу, оны сақтау, іздеп табу, көшіріп жазу, файл мазмұнын қарап шығу т.с.с.

 

 

ЛЕКЦИЯ №9

Информатика курсында оқулық элементтерді пайдалану әдістемесі

 

Оқулық элемент (ОЭ) дегеніміз  – бұл білімнің немесе біліктіліктің кішкене бөлігін меңгеруге арналған және өзін - өзі оқыту үшін немесе мұғалімнің басқаруымен оқу үшін қолданылатын автономиялық оқуылық материял.

Информатика курсы бойынша  оқулық элементтер машинасыз оқытумен қатар, компьютерді қолдану арқылы оқытуға бағытталуы мүмкін. Екінші жағдайдағы оқулық элементті меңгеру барысында оқушы жаттығулар орындайды және компьютердің көмегімен нәтижеге жетуді тексеруді іске асырады.

Оқулық элементтің структурасы.

Оқулық элемент үш негізгі бөліктен тұрады:

  • Мақсаты–мақсатты жорамалдаудың оперативтік дәрежесінде жатады және дайындау программасы бойынша қозғалудың нәтижелерін анықтайды;
  • Мазмұны–көрсетілген мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді және текстік, бейнелік материалдардан, сонымен қатар, машықтанатын тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады;
  • Бақылау (өзін - өзі бақылау) – берілген оқулық элементтің мақсаттарының нәтижеге жеткенін тексеретін текстердің көмегімен жүзеге асады.

Оқулық элементті  жасау тәртібі.

Оқулық элементтің атын қою.

- Оқулық элементтің  атында, ОЭ – ні меңгеру процесінде құралатын біліктілік белгіленуі керек.Аттары мысалы, мынадай болуы мүмкін: Word текстік редакторындағы кадрлармен жұмыс режимін қолдану, Word текстік редакторында бірнеше тексті біреуіне жинақтау, біріктіру, ,PainBrush графиктік редакторында қолдану арқылы сурет салу.

Оқулық элементтің мақсаттарын қою.

- Оқулық элементтің  мақсаты былай құрылады:оқытудың  күтілген нәтижесі қызмет терминінде  жасалады, ал оның орындаушысы  оқушы болады.

Нәтижеге жетуді тексеретін текстерді жасау.

- ОЭ структурасында оқушылардың нәтижеге жетуін тексеру соңғы бөлім болып табылады, бірақ ОЭ – ні құру процесінде текстік тексеруді жасау мақсатты анықтау этапынан кейін болады. Бұл толық қисынды, себебі қатаң белгіленгендерді біліктілік мақсатында меңгеру кепілділігі, осы программаланған нәтижеге жетуді тексерумен бірдей қамтамасыздандырылады.

Оқулық элементтің мазмұнын жасау.

- Оқулық элементтің мазмұнын мазмұнды бөлігінде (денесінде) оқытудың мақсатын жүзеге асыратын оқулық материал ашылады. Мазмұнды бөлігі оқушыны нәтижеге жетуді тексеру тестіне дайындайды.

Оқулық элементті  жасау этаптары.

Оқулық элементтерді жасау мамандар тобымен жүргізілуі керек, оның құрамына енетіндер:

  • Оқытушылар - мазмұны бөлігінде жауап береді: мақсаттары, тестер, мазмұны;
  • Суретші - көркемдеушілер - оқулық элементтің полиграфиялық көркемдеуіне жауап береді;
  • Редакторлар - текстерді редактрлейді және түзетеді;
  • Техникалық мамандар - компьютерде теруге және көркемдеуге жауап береді.

 Оқулық  элементті пайдалану әдістемесі, ерекшеліктері.

Оқулық элементтерді пайдаланудың артықшылығы келесі принциптерді тиімді етіп жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады:

  • оқушылардың жұмыстарын жекелеу;
  • оқу процесін икемді ұйымдастыру;
  • оқыту барысында үнемі кері байланыс орнату;
  • оқу әректін күшейту.

Оқулық элементтермен жұмыс істеу кезінде құрылған сабақ структурасы (этаптары).

  1. Алғашқы нұсқау.

Бұл этапта мұғалім:

    • берілген сабақтардың есептерін анықтайды;
    • топқа сабақта меңгерілетін оқулық элементті ұсынады;
    • бұл элементтің алдыңғы және келесі элементтермен байланысын орнатады.
  1. Оқулық элеметтен хабардар ету.

Бұл этапта оқушылар:

  • берілген элементтің структурасы туралы түсінік жасайды;
  • оқулық элементтің мақсаттарын түсіндіреді;
  • бастапқы сипаттамаларын анықтайды;
  • нәтижеге жетуді тексеру шарттарымен танысады.
  1. Оқулық элементтерді орындау.

Бұл этапта оқушылар:

  • оқулық элементтің мазмұнын меңгереді;
  • тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды.
  1. Нәтижеге жетуді бағалау және оқулық элементтпен жұмыстың нәтижесін тексеру.

Нәтижеге жетуді тексеру  этапында оқушылар:

  • тестік тапсырмаларды орындайды;
  • өз бетінше немесе мұғалімнің және оның ассисентінің көмегімен оқулық элементтің мақсаттарының нәтижеге жету дәрежесін анықтайды.

Оқулық элементте бағалаудың екі тәсілі бар:

  1. баллды анықтау арқылы;
  2. сандық көрсеткіштерді анықтамай.

 

 

ЛЕКЦИЯ №10

 Информатика  курсында компьютерлік тестілеуді  пайдалану

 

Тестілеп оқыту жүйесінің  педагогикалық құрал ретінде  пайдаланады. Оқушының білім біліктілік және икемділік деңгейін бағалауға  мүмкіндік береді. Білім беру процесінде бақылаудың әдісі ретінде пайдалануға болады. Тестілеу процесіндегі оң жауапты күрделі кезең педагогикалық білім моделі және өзіндік білім моделі сәйкестігі деңгейін максимум объективті бағалауға мүмкіндік беретін тестік тапсырмалар дайындау болып табылады.

Информация о работе Эклоогиялық мәселелер