Эклоогиялық мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:00, лекция

Краткое описание

Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ-п.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым Министрлігі


Жамбыл гуманитарлық-техникалық университет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Информатиканы оқыту теориясы және әдістемелері»

пәні боынша

 

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2009

 

ЛЕКЦИЯ №1

Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны

 

Жалпы білім беретін  орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1. Оқытудың мақсаты  (He үшін оқытамыз)

2. Оқытудың мазмұны  (Нені оқытамыз)

3. Оқытудың әдісі (Қалай  оқытамыз)

4. Оқыту туралы (Неден  оқытамыз)

5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз)

Жалпы білім  беретін орта және кәсіптік мектептердегі  информатиканы оқытудың мақсаттары. Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты- әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздөрінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл - ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сонымен информатиканы оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке түлғалық қасиөтін қалыптастыруға, ақыл - ойын, ойлау өрісін ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдыларын және іскерліктермен қаруландыру. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жүмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар қүру, оларды ЭЕМ-да оырндау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрете білу, жұмысына жаупкершілікпен қарау, сенімді тәртәптә болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритімді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді. Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мүның мағынасының тар екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезеңде информацилық мәдениөтті қалыптастыру қажет екені керінеді. Олай болса, информациялық мәдениет дегеніміз не? Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы түрған міндет оқушыға әлемнің информациялық бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? "Ол оқушыға езін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық байланыстар мен сигналдар, бөлгілер жүйесінің жиынтығы; информациялық ағымды ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмүнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси •- әлеуметтік, экономикалық, экологиялық қүрылымын жетілдіру," - деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина. Әрине, бұл міндөтті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгөрту арқылы шешілөтіні бөлгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушының информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәденитті қалыптастыру болып табылады. Ал, бүл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.

Болашақ муғалімдерді әдістемелік дайындау.

Әлемдегі болып жатқан өзгерістер қоғамды информатикаландыру мен компьютерлендіру жаңа информациялық технолгия құралдарының жаппай енгізілуі адамзаттың кәсіптік қызметіне елеулі өзгеріс әкелетін сөзсіз. Мұндай өзгерістер мамандарды дайындауда жетілдіру қажеттілігін көрсетеді . Осыған байланысты болашақ муғалімдерді дайындау мәселесі жай - тегнейлі зерттеу жұргізуді талап етеді, өйткені жеке тұлғаны ізгілендіру, тұлғаландыру, дамыту, қалыптастыру көпнесе мұғалімдерге тәуелді екені белгілі. Мұғалімді кәсіптік дайындау жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясында айтарлықтай орын алды. Педагогикалық кадрларды дайындық сапасын арттыру көпдеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Атап айтсақ мұғалімдердің теориялық және методикалық дайындығын арттыру, ғылыми педагогикалық ойлауын қалыптастыру, мұғалімнің кәсіптік маңызды сапасын қалыптастыру кәсіптік құндылық бағаттарын қалыптастыру, жаңа технологияны пайдалану, мұғалімнің іс-әрекет объектісіне бағдарын қалыптастыру мәселелері толы зерттелген. Аталған мұғалімнің кәсіптік педагогикалық дайындығы мәселелерін шешуде жетекші орын алады. Бірақ қоғам дамуының қазіргі кезеңі, дәлірек айтсақ, адамзат өркенетінің жаңа белесіне аяқ басқан кезде бұл мәселе жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.  Кәзіргі уақытта өқу тәрбие процессін компьютерлендіру жағдайында мұғалімнің кәсіптік қызметіне дайындығын жан-жақты зерттеуге арналған бағыттар бар: мұғалімнің технологиялық дайындығын жандандыру, оқушылардың танымдық іс- әрекетінің белсенділігін арттыру оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру мен басқару, оқытуды интенсивтендіру , компьютерлермен информатикалық технолгияны пайдалану, мұғалімнің информатикалық әдістемелік іскерлігімен и нформациялық мәдениетін қалыптастыру мұғалімнің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру, мектеп пәндерін оқыту барысында компьютерді пайдалану. Енді жоғарыда аталған мәселелерге орай болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерін қарастырайық. Жаңа информациялық технолгияны (ЖИТ) педагогикалық прпоцесте пайдалану ұшін мұғалімнің белгілі бір денгйге қалыптасқан информациялық моделі болуы тиіс және мұғалім моделінеде бұл денгей кәсіптік, жалпы білімдік, дүние танымдық біліммен іскерліктер жиынтығы түрінде көрінуі қажет. Бұл жиынтық мұғалімдік информатикалық (моделінің ) мәдениетінің моделі болып табылады, ол аталған теориялық денгей мұғалімнің информатикаландыру саласындағы дайындығы мен мақсатын анықтайды. Информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығының үлгісі негізгі үш бөліктен тұрады (құрылады);

    1. Мұғалімнің, психологиялық педогогикалық және әдістемелік ойларын арттыру ;
    2. ЖИТ-мен жұмыс істеуде іскерлігін, бейімділігін, шеберлігін арттыру.
    3. Информатика және ЕТ саласында базалық білімін, ғылыми дайындығын арттыру.

 

 

ЛЕКЦИЯ №2

Мектептегі  информатика ж/е ЕТ курсының тақырыптарын оқып-үйрену әдістемесі. Информатика  негізін оқытудың құрылымы. Информатика бойынша мектептік білім берудің стандарты.

 

Қазіргі кезде жалпы  білім беретін орта мектептерде  “Информатика Және есептеуіш техника  негіздері” курсы 10-11 сыныптарда оқытылуда. Орта мектептің сатылары б/ша “Информатика”  курсын оқыту 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.

  1. Пропедевтикалық кезең (1-6 сыып.) жаңадан танысу, бірінші ақпарат мәдинеттілік элементі оқу – ойын бағдарламасын, компютерлік треножерлерді пайдалану арқылы қалыптасады
  2. Базалық курс(7-9 сынып ) бұл міндетті тұрде жалпы орта білім беретін деңгеиде дайындау үшін.
  3. Профильдік курс (10-11 сынып). Оқушының таңдауы бойынша міндетті түрде профильдік түрде өткізіледі

Информатика пәні бойынша  типтік бағдарлама –информатика курсын оқытуда тікелей басшылыққа алатын 1-кезектегі құжаты, қазіргі кезде  информатика пәні бойынша әр-түрлі варианттары бағдарламалар үсынылып жұр.

Типтік бағдарлама: Курстың  структурасы беріледі, курстың қысқаша  мазмұны, әр тақырыптың сұрақтары, оқушының біліміне және біліктілігіне қойытын  талаптар көрінеді.

Информатика базалық  курсының негізгі бөлімі төмендегі мәселелерді қамтиды:

‘’Ақпарат. Ақпараттық процестер ‘’ бөлінуі:

-ақпараттық информациялық,  ақпараттық процестер ж/е басқару 

процестері ақпараттық негіздер түсініктерімен; -ақпаратты  өңдеу, сақтау ж/е беру тәсілдерін қамтитын мағлұматтармен байланысты,

‘’ Алгоритм ж/е програмалау‘’ бөлімінде:

-алгоритм мәні, оны  бейнелеу тәсілі мен құр/ы; -компьютермен  есеп шығару кезеңі;

-программалау тіл  құрылымы, командалар мен операторларға  байланысты мәселелер қарастырылады;  ‘’Логика ж/е программалық функциялар ; -логика ж/е сөйлем түсінігімен; -ЭЕМ-ң логикалық негіздері ж/е логикалық операциялармен байланысты мәселелер қарастырылады;

'' Ақпараттық  технология '' бөлімінде:

-операция жүйе түсінігімен  ;-әр түрлі редактциялардың жұмыс  жасау түрлерімен; -Эл, кесте ж/е МҚБЖ

“Модельдеу” бөлімінде:

-формальдау әдісімен; -нақты объектілер мен құбылыстарды  зерттеу үшін арнаулы ЭЕМ-н  пайдалану мәселелері;

“ЭЕМ-ді пайдаланушылар ” бөлімінде: -Windows ОЖ жалпы түсінігімен; -әр түрлі редакторлармен ; -әр түрлі кестелермен; -МҚБЖ байланысты мәселелер қамтылады;

“Әлемдік ақпараттық қоғам ” бөлімінде; -жаңа типті ақпараттық технология; -ақпараттық қоғам; глобальды ақпарат: желі,интернет ж/е әлемдік байланыс туралы мағлұмат;

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №3

Сабақ - информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі

 

Мектептегі  барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын  ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ  болып қалыптасады. Мектептегі сабақ  класс-сабақ жүйесінің негізін  қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары  бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі; 4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.

Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. XIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлік түрі, мангейм жүйесі, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.

Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі  айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат –  оқытушының алға қойған мақсатын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы); 2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы); 3) оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика  курсы орта мектепке міндетті пән  ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан  тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ – ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндік береді. 

 

 

 

ЛЕКЦИЯ  №4

Информатика курсындағы кіріспе сабақтардан ұйымдастыру

 

Информатика курсына кіріспеде курстың іргелі ұғымдары информация, алгоритм және ЭЕМ талқыланады.

Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, бекіту; информатика пәнін жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; компьютер класындағы жұмыс ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Курстың іргелі ұғымдарын  түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылмау қажет .

Информация ұғымы қарапайым мысалдар арқыл түсіндіріледі.

Оқушыларға информатика пәні нені зерттейтіндігі және информацияны пайдалануға байланысты адам қызметінің негізгі салалары туралы әңгіме айтылуы қажет. Адам қызметінде, табиғатта, қоғамда және техникада информацияны алуға, жеткізуге, сақтауға және өңдеуге мысалдар келтіре отырып, информациялық процесстер туралы үғым қалыптастырылады.

Сонымен қатар, алгоритмдеуге арналған қарапайым есептер қарастырылады, мысалы, "ешкі, қасқыр және капустаны" өзеннің екінші жағасына алып өту тәрізді рөльмен орындалатын есептер келтіруге болады. Мұндағы есекеретін негізгі мәселе, сызықтық алгоритм мысалдармен шектелген дұрыс. Алгоритм ұғымын түсіндірірудің алғашқы кезеңінде тармақталған және қайталану алгоритмдерінің мысалдарымен шатастырмау қажет. Мысалы, оқушыға күнделікті тұрмыстық алгоритм деп көше қиылысынан бағдаршаммен өтуді талдауды ұсынуы мүмкін. Әрине, тармақталу командасымен әлі таныспаған оқушының шатасуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, кіріспе сабақта  алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан бастап, копьютерлік атқарушыға(Работ, табысқа және т.б.) дейін танысады. Оқушылардың зейінін атқарушылардың командалар жүйесінің шектелуі болатынына аудару қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм ұғымын нақтылай түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алған дұрыс, мысалы, "ойлаған санды табу" алгоритмi және т.б.

Электронды есептегіш машинаның құрылымы.

ЭЕМ құрылымына жалпы сипаттама.ЭЕМ-нің  құрылымын оның жеке бөліктерінің атқаратын  қызмет бойынша топқа бөліп , әрқайсысына толық сипаттама беріледі.

Копьютерлер - информацияны өңдеу, тарату, жинақтауға арналган әмбебап электронды есептегіш машина. Қазіргі уақатта кеңінен таралған компьютерлер- жеке жұмыс істеуге арналған дербес компьютерлер. Дербес компьютерлер - кез-келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші габаритті есептегіш машиналар. Ең танымал дербес компьютерлерге IBM PC және MACINTOSH жатады.

Информация о работе Эклоогиялық мәселелер